Жоспар:
Кіріспе.........................................................................................................................
2
I.Негізгі
бөлім.
1. Меншікке
қарсы қылмыстардың түсінігі........................................................3
2. Бөтеннің
мүлкін талан -таражға салудың түсінігі.........................................5
3. Меншікке
қарсы қылмыстардың, талан-тараждың нысандары
және түрлері……………………………………………………………………………..…6
а) Ұрлық
.......................................................................................................................7
б) Сеніп
тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу
немесе ысырап ету...................8
в) Алаяқтық................................................................................................................10
г) Тонау.......................................................................................................................13
д) Қарақшылық
.........................................................................................................17
ж) Ерекше
құнды заттарды ұрлау............................................................................19
4. Меншікке
қарсы пайдакүнемдік
қылмыстар.
а) Қорқытып
алушылық............................................................................................20
б) Алдау
немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлікті
залал келтіру.........................................................................................................................22
в) Көрінеу
қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе өткізу....................................23
г) Интелектуалдық
меншік құқықтарын бұзу...................................................23-25
д) Автомобильды
немесе өзге де көлік құралдарын талан
- таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену.....................................................................................25
ж) Жерге
заттай құқықтарды бұзу...........................................................................26
5. Меншікке
қарсы пайдакүнемдік емес
қылмыстар.
а) Бөтен
адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.......................................27
б) Бөтен
адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру....................................28
II.
Қорытынды.........................................................................................................29
Ш.Пайдаланған
әдебиеттер...................................................................................30
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінің
Ерекше бөліміндегі қылмыстарға теориялық
талдау берілген. Ерекше бөлім қылмыстың
нақты құрамына қолданатын қылмыстық
- құқықтық ұғымдармен, Жалпы бөлімнің
санаттарымен тығыз байланысты қылмыстардың
тізімін ұсынады. Меншікке қарсы қылмыстар
- адамның құқықтары мен бостандықтары
жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны
ерекше, себебі ол адамның жеке басының
сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл
құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді,
сондықтан да олардың атқаратын міндеті
көп. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан
қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің негізгі міндеттерінің бірі
болып табылады.Меншікке қарсы қылмыстарды
кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды.1922
және 1926жылдардағы Қылмыстық кодекстердің
тиісті тарауларының тақырыптары солай
деп аталған. Қылмыстың объектісін дұрыс
анықтаудың маңызы зор. Меншікке қарсы
жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс
қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген
қатынастарды бұзады. Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің «Меншікке қарсы қылмыстар»
тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының
мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың
тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігін
көрсетеді. Меншікке қарсы жасалған кейбір
қылмыстарда құрамының объективтік жағының
міндетті түрдегі элементі қылмыс жасаудың
тәсілі болып табылады.Қылмыстарды дұрыс
саралау үшін қылмыс ұғымы, қылмыс объектісі
мен көздеп откан заты анықталады. Меншікке
қарсы қылмыстың субъектісі заңда белгіленген
жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады.
Осы тақырыпты игеруде қылмыстың берілген
құрамының бір - біріне жақын қылмыстармен
ұқсастығын табуға мүмкіндік беретін
белгілерін аша білуге, табылған белгілер
бойынша оны жақын құрамдардан дұрыс ажырата
былу керек. Қылмыстық құқықтың Ерекше
бөлімініңің «меншікке карсы қылмыстар»
тарауын толық жеткілікті түрде игеруге
мүмкіндік береді.
1.Меншікке
қарсы қылмыстардың түсінігі. Меншікке
қарсы қылмыстарды қасақана немесе
абайсызда қылмыстық заңымен анықталған
тәсілдермен жасалған және меншік иесінің
мүлкіне шығын келтіретін қоғамдық
қауіпті әрекеттер деп түсінген дұрыс.
Қылмыстық заңда жеке меншік, мемлекеттік,
коммуналдық және меншіктің басқа да түрлеры
“бөтен” ұғымды білдіреді. Меншікке қарсы
қылмыстар арасында мемлекетке,
мемлекеттік емес ұйымдарға, азаматтарға
елеулі мүліктік шығын келтіретін ұрлық
маңызды орын алады.Ұрлық пайдақорлық
мақсатпен жасалған құқыққа қарсы қайтарылмайтындай
етіп алып қою және (немесе) айыпкердің
бөтеннің мүлкін немесе меншік иесіне
немесе осы мүліктің өзге иесін меншіктік
шығын келтірген өзге бір адамдардың мүлікті
өздеріне иеленумен түсіндіріледі.
Ұрлықтың түрлеріне нәтижесінде айыпкер
ұрлағанын өзінің немесе үшінші біреулердің
пайдасына жарату мақсатымен меншік
иесінің иелігінен мүліктерін құқыққа
қарсы және қайтарылмайтындай етіп алып
қоятын қоғамдық қауіпті әрекеттерді
іске асыру тәсілдері, нақты әдістері
жатады. Қылмыс объектісіне қылмыстық
заңмен қорғалатын меншіктің қоғамдық
қатынастары жатады. Жақын (родтық) объект
- өндірістің қоғамдық қатынастар, ұжымға
немесе жеке тұтынуға арналған материалдық
игіліктерді бөлу және айырбастау. Тікелей
объектіге меншікті нақты тұрінің
қоғамдық қатынастары, сонымен қатар меншік
иесінің мүліктік мүдделері жатады.
Орман түбірімен, ормандағы жабайы жануарлар
мен кұстар, судағы балық, олардың өңдеу
аймақтарынан тыс пайдалы қазбалар
- мемлекет меншігі. Бірақта оларға
адамның еңбегі сіңбегендіктен, оларды
талан- таражға салуға болады деп есептеуге
болмайды. Жоғарыда аталған объектілер
ҚР ҚК “Экологиялық қылмыстар” 11-
бөлімде қарастырылған. Азаматтардың
жеке құжаттардың: төлқұжаттар, оқу орнын
бітіргені туралы дипломын, жеке бастың
куәліктері т.б.; кәсіпорындардың мөр таңбаларын,мөрлерін,
бланклерін, ұрлап кету меншік қатынастарын
бұзбайды. Сондықтан да заң шығарушы осы
заттарды ұрлап кетуді басқару тәртібіне
карсы қылмыстар қатарына жатқызады (ҚР
ҚК.14-б). Сондай-ақ зираттан немесе мәйіттен
ұрланған заттар меншіктік қатынастарды
бұзғанға жатпайды. Өлген адамды ата-анасы
мен туысқандары қандай да бір заттармен
бірге коме отырып, ол заттарды олар өз
мүліктерінің құрамынан өз еріктерімен
шығарып тастаған болады. Сондықтан да
көрдегі мәйітпен бірге көмілген заттарды
ұрлау объектісі қоғамдық тәртіп
болып табылатын қылмыстың өзіндік құрамынан
(ҚР ҚК. 14-бөлімі). Сондықтан да, ұрлық
объектісі меншіктің: мемлекеттік,
коммуналдық, жеке сияқты алуан
түрлерынде көрінетін меншіктік
қатынастар болып табылады. Ұрлықтың
көздегені - адам еңбегінің нәтижесінде
жасалған, ұрлықшы үшін бөтеннің
заты болып табылатын мүлік.Қылмыстық
объективті жағы құқыққа қарсы күштеп
немесе күштеусіз меншік иесінің мүлкін
иелену, қарамағындағы немесе сақтауға
берілген мүлікті қасақана немесе
абайсызда бүлдіру болып табылады. Аты
аталған қылмыстардың объективті
жағы негізінен белсенді әрекеттермен
іске асырылады(мүлікті тонауда құпия
ұрлау, мүліті қасақана жою немесе бүлдіру
және басқалары). Тек кейбір қылмыстарда
көп жағдайда абайсызда мүлікті жою
немесе бүлдіру (ҚК. 188 - б) әрекетсіздік
жолымен іске асырылуы мүмкін. Меншікке
қарсы қылмыстардың көпшілігі материалдық
құрамы бар қылмыстарға жатады. Мекеменің
меншігіне тиесілі немесе оның
қарамағындағы бөтеннің мүлкін талан-
таражға салу, алаяқтық, иелену, жұмсап
қою жолымен жасалған ұсақ - түйек ұрлау
қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.Ұсақ-түйек
ұрлық жасаған адам әкімшілік жауапкершілкке
тартылады. Егер де ұрланған мүліктің
кұны он есе мөлшердегі айлық есептік
көрсеткіштен асып кетпесе, ҚР бекітілген
заңымен әрекет жасаған адам қылмыстық
жауапкершілікке тартылады. Мүліктің құны
немесе шығын мөлшері ҚР заңында
бекітілген айлық есептік көрсеткіштен
бес жүз есе асып кетсе, қылмыс жасалған
сәттен бастап ол ірі мөлшерлі немесе
ірі шығынды ұрлық деп танылады.Бірнеше
мәрте жасалған ұрлық ҚК. 175-181 баптарына
сәйкес , егер бұрын да осы баптарда, сондай-ақ
248,255,260 - баптарда қарастырылған бір немесе
одан да көп қылмыстарды жасаған болса,
қылмыстың қайталануы деп танылады.
ҚК-тің 175-181, 248,255,260- баптарында қарастырылған
бір немесе бірнеше қылмыстары үшін
бұрын сотталған адам ұрлық үшін немесе
қорқытып алғаны үшін бұрын сотталған
адам деп танылады. Меншікке қарсы
қылмыстардың субъективті жағы қасақана
да, абайсызда да жасалған әрекеттер.Меншікке
қарсы қылмыстарды жасаған айыпкер
өз әрекеттерінің сипатын ұғынады,
қоғамдық қауіпті зардаптардың
болатынын күні бұрын біледі., соны
тілейді немесе тілемейді. Пайдақорлық
және заңсыз олжа табу мақсат - меншікке
қарсы қылмыстардың көпшілігінің міндетті
белгілері.
Ұрлық тонау,қарақшылық,қорқытып алу,автомобильді
немесе басқа да көліктік құралдарды
иеленуші (ұрлау мақсатынсыз), қасақана
немесе абайсызда жою немесе бүлдіру
ауырлатылған жағдайларда (ҚК.175, 178,179,185
және 187-б. 2- бөлімі) қылмыстық жауапкершілік
14 жастан басталады. Алаяқтық , иелену
немесе талан-таражға салу, аса құнды
заттарды ұрлау, алдау немесе сенімге
киянат ету жолымен мүлікті шығын
келтіру, қасақана мүлікті жою немесе
бүлдіргены үшін ауырлатылмайтын
жағдайлармен және абайсызда
мүлкті жою немесе бүлдіргені үшін (ҚК.176,177,180,
182, 187, 188-б )16- жастан бастап жауапқа
тартылады. ҚК 176 - бапта қарастырылған
иелену немесе талан-таражға салу сияқты
ұрлық түрлері тек қана арнайы субъектімен
іске асырылады. 2.Бөтеннің мүлкін талан
таражға салудың түсінігі. Заңға сәйкес
талан - тараж деп пайдакунемдік мақсатта
айыптының бөтен мүлікті осы мүліктің
меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне
залал келтіре отырып өзінің немесе басқа
адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз,
тегін алып қоюын және айналдыруын айтамыз.
Талан - тараждың топтық объектісі меншік
нысандары қатынастарының жиынтығы, ал
тікелей объектісі болып меншіктің нақты
нысандары, мемлекеттік, жеке,қоғамдық
ұйымдардың меншігі болып табылады. Талан
- тараждың заты болып адам еңбегі арқылы
істелген материалдық тұрғыдағы бұйымдар
мен заттар, рухани игіліктер, сондай -
ақ ақша, басқа да бағалы қағаздар жатады. Талан
- тараждың объективті жағының белгілеріне:
а) мүлікті алу, б) мүлікті заңсыз алу,в)
мүлікті тегін алу жатады.Бөтеннің мүлкін
алу деп осы мүлікті меншік иесінің немесе
өзге заңды иеленушінің иелігінен шын
мәнінде кінәлінің өзінің немесе басқаның
иелігіне алуын айтамыз. Талан -тараждың
тағы бір белгісі оның заңсыз істелуі,
яғни бөтеннің мүлкін заңға қайшы, негізсіз,меншік
иесінің немесе өзге де заңды иеленушінің
келісімінсіз басқаның иелігіне көшіру,
өткізу болып табылады. Талан - тараждың
елеулі белгісі бөтеннің мүлкін тегін
алу болып табылады. Тегін алуға мүліктің
ешқандай құнын төлемей алу немесе
болмашы құнын төлеу арқылы, құны бағалы
мүлікті әдейі құнсыз мүлікке алмастыру
арқылы алулар жатады. Бөтеннің мүлкін
тегін алу арқылы - меншік иесіне немесе
өзге де заңды иеленушіге тікелей материалдық
залал келтіріледі. Осы залал келтірілген
уақыттан бастап қылмыс құрамы аяқталған
деп танылады. Келтірілген залалдың мөлшері
талан - таражға ұшыраған мүліктің, заттың
құнымен есептелінеді. Талан - тараждың
міндетті белгілерінің бірі - негізінен
заңға қайшы іс - әрекетімен келтірілген
қауіпті зардаптың арасын жалғастыратын
себепті байланыс болып табылады. Талан
- тараждың субъективтік жағы кінәлінің
тікелей қасақаналық нысанымен сипатталады.
Субъективті жақтың міндетті белгілеріне
- пайдакүнемдік ниет және пайдакүнемдік
мақсат жатады. Пайдакүнемдік ниет пен
мақсаттың орын алмауы - іс әрекетті талан
- таражды қылмыс құрамына жатқызуға жол
бермейді. Талан - тараждың субъектісі
- 14 ке толған адам, ал иеленіп алу немесе
ысырап ету арқылы талан - таражға салудың
субъектісі болып 16-ға толған арнаулы
(сеніп тапсырылған мүлікті иеленген,
ысырап еткен) адам танылады.Талан - тараждың
осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы
өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы
өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады.
Сондықтан да талан - тараждың әрбір нысанына
жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін
дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды
дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып
табылады. 3.Меншікке
қарсы қылмыстардың, талан - тараждардың
нысандары және түрлері. Меншікке қарсы
қылмыстық қастандықтар құрамының ерекшеліктерін
, олардың заңды қасиеттерін және белгілерін
(көп жағдайда, әрекетті іске асырудың
тәсілдері мен себептері) есепке ала отырып,
бұл әрекеттердің барлығы мынадай
жүйеге келтірілген: 1)заңсыз мүлікті пайда
түсірумен байланысты пайдақорлық
қылмыстар; 2) бөтеннің мүлкін ұрлау (ҚК,
175, 176, 177, 178,179,180,181- баптар); 3)ұрлықпен байланысты
емес, бірақ онымен жанасатын мүліктік
немесе басқа да шығын келтіру (ҚК. 182,183,184,187,188-
баптар); 4)мүліктік пайда түсірумен байланысты
емес меншікке қарсы қылмыстар (ҚК. 185,186-
баптар); Сонымен қатар, ҚК 176- бабында қарастырылған
ұрлықтың жеке тұрлерін (иелену немесе
жұмсап қою) тек қана арнайы субъект іске
асырылады.Ұрланганның мөлшерін және
басқа да мән-жайларды ескере отырып, заң
ұрлыұтың төмендегі түрлерін айқындайды: Ұрлық(175-
бап).Ұрлық - бөтен біреудің мүлкін
кұпия түрде ұрлау.Ұрлықтың мәні айыпкердің
өзге адамдарға білдіртпейтін тәсілдермен
мүлікті ие болуға ұмтылуында. Сондықтан
да, ұрлыұтың астарында иемдену
мақсатымен бөтеннің мүлкін қасақана,
ұрлыққа қарсы,құпия және күштеп иелену.
Үй - жай мүліктерді орналастыруға
және сақтауға арналған жер. Қойма
- онда орналастырылған құндылықтарды
сақтауға арналған арнайы құрылғылардың
барлық түрлері: ақшалы сейфтер, контнйнерлер
, жүк тиелген вагондар, күзетілетін
темір жол платформалары, су кемесінің
трюмдары, темір жол станцияларының
тауарлық аулалары ,қамба, мұнай базасы,
малға арналған қаша, ақылы автотұрақ
және басқалары. Ұрлық объектісіне
қылмыстық заңмен қоғалатын меншіктің
қоғамдық қатынастары жатады.Қылмыстың
объективтік жағы мүлікті құпия түрде
талан- таражға салумен сипатталады.
Ұрлық тек қана айыпкердің меншік иелігінен
бөтеннің мүлкін белгілі бір әдіс -
тәсілдермен әдейі алып қою жолымен
жасалған әрекеттерімен іске асырылуы
мүмкін. Ұрлық әрекетсіздік жолмен жасалуы
мүмкін емес. Сондықтан да ұрлықтың
объективті жағы әрекет , зардап және
әрекет пен зардап арасындағы себепті
байланыс.Ұрлықтың субъективті жағы
тек қана тура қасақаналықпен болады.
Мүлікті заңсыз иеленуде пайдақорлық
мақсаттың болмау ұрлық үшін жауапкершілікке
жатпайды. Мұндай жағдайларда өз бетінше
билегены үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Пайдақорлық мақсатты көздемей автомобильді
айдап кету ұрлық құрамына жатпайды. Мұндай
жағдайларда ҚК. 185- бабы бойынша
қылмыстық жауапкершілікке тартылуы
мүмкін. Көліктік құралдарды ондағы
заттарды (ақшасы бар сөмкелер , сырт
киімдер , магнитафон ж т.б ) немесе көліктің
бөліктерін иелену мақсатымен айдап
кеткен адамның әрекеттері ҚР. ҚК.175 және
185-баптарында қарастырылған қылмыстың
жиынтықтары бойынша саралануға жатады.Ұрлық
субъектісі - жасы 14-ке толған, ақыл есі
сау жеке адам. Меншік иесі мүліктерін
ұсақ - түйек ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік
16 - жастан басталады. Сеніп тапсырылған
бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап
ету (ҚК.176-б). Қылмыс объектісі - заңмен
қорғалатынменшік қатынастары. Иелену
айыпкердің өзіне сеніп тапсырған
мүліктерді алып қоюынан, және оған заңсыз
иелік етуінен, яғни оны пайдақорлық мақсаттарға
қолдануынан тұрады.
Талан-таражға салу қандай да бір құқықтармен
айыпкерге сеніп тапсырылған мүлікті
айыпкердің талан-таражға салу, ысырап
ету, тұтыну ж.т.б. әрекетін білдіреді.
Қастандықтың осы түрлерінің кез келгенінде
тек меншіктік қатынастар ғана емес,мүлікке
билік ету, басқару сақтау сияқты сеніп
тапсырылған қатынастарда бұзылады.
ҚК- тің жеке 176- бабында заңнамалық сипаттары
анықталған талан-таражға салу түрлерінің
аса қауіптілігі мен ұқсастығы және
ұрлауға қарағанда барынша қатал жазалануы
міне осында.Көлік жүргізулерінің
немесе басқа да адамдардың бір реттік
құжат (сенімхат,тіркеме құжат ж.т.б.) бойынша
материалдық жауапкершілікті мойнына
алған мүліктерді талан- таражға салуы
иелену,жұмсап қою арқылы жасалған ұрлық
ретінде сараланады. Лауазымды адамның
қызмет бабын пайдалана отырып
жасаған талан - таражы пайдакүнемдік
мақсатта өзінің немесе басқа адамдардың
пайдасына меншік иесінің мүлігін
заңсыз, қайтарылмайтындай алып қоюы
ҚР. ҚК 176 және 307- баптарымен сараланды.
Дәл осы жағдайда лауазымды адамның қызмет
бабын пайдалануы мүлікті өзінің немесе
үшінші бір адамның меншігіне құқыққа
қарсы алып қою құралы болып
табылады.Қарастырылып отырған қылмысты
сипаттайтын негізгі белгілер мынадай: 1)мүліктерді
иеленe, жұмсап қою,қызмет бабын пайдалану
жолымен талан-таражға салуды арнайы субъект-мүлікті
сеніп тапсырған адам іске асырады,ал
ұрлық субъектісі бөтеннің мүлкіне
қол сұғушы кез-келген адам болуы мүмкін. 2)иелену,
талан - таражға салу кезіндегі қылмыстық
қастандықтың көздегені мүлік иесінің
ұрлықшыға белгілі мақсаттармен
сеніп тапсырған кез- келген мүлік болуы
мүмкін; 3)ұрлық жасағаны үшін қылмыстық
жауапкерщілік 14- жастан бастап жүктеледі;
ал ҚК. 176- бабында қарастырылған қылмыстар
үшін 16- жастан бастап жауапқа тартылады. Қылмыстың
объективті жағы - айыпкерге сеніп тапсырылған
мүлікті иеленуінде немесе талан -таржға
салуында не болмаса аты аталған әрекеттерді
адамның қызмет бабын пайдалана отырып
жасауы. Ұрлау айыпкердің мүлікті нақты
алып қойған сәтінен және оларды өзінің
меншігі ретінде өз қалауы бойынша иемдену
немесе пайдаланудың нақты мүмкіндіктері
туған сәттен бастап (ол заңды түрде болса
да) аяқталған қылмыс болып саналады. Иеленудің,
жұмсап қоюдың немесе өзінің қызмет
бабын пайдалана отырып , талан - таражға
салудың субъективті жағы тура қасақана
түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпкер
бөтеннің мүлкін заңсыз алып қойғанын
түсінеді, жәбірленушіге материалдық
шығын келтіретінін күні бұрын
біледі және соны қалайды. Пайдақорлық
себептер мен мақсат -
қарастырылып отырған қылмыстың субъективті
жағының міндетті белгілері. Пайдақорлық
себептің мәні айыпкердің өзінің материалдық
жағдайларын қызмет бабымен өзіне
сеніп тапсырылған мүліктерді иеленуінен
немесе талан - таражға салуынан тұрады.
Пайдақорлық мақсат-ұрланған мүлікті
өз меншігіне айналдыру.Қылмыс субъектісі-
арнайы, қылмыс жасалған сәтте жасы
16- ға толған есі дұрыс, жеке адам. Жасалған
әрекеттердің сараланатын белгілері (ҚК.
176-б. 2- бөл.): а)алдын - ала сөз байласқан
топпен; б)бірнеше мәрте; в)қызмет жағдайын
пайдалану мен жасалған; ҚК.176-б 3- бөлімі
бойынша жасалған әрекеттер: а) ұйымдасқан
топпен; б) ірі мөлшерде; в) ұрлық немесе
қорқытып алу үшін бұрын екі немесе одан
да көп сотталған адам жасаған; г) мемлекеттік
қызметті орындауға уәкіл етілген
адаммен немесе оған тең адаммен
егер де олар өзінің қызметтік жағдайын
пайдалануымен ұштасқан болса. Алаяқтық
(ҚК. 177-б). Алаяқтық, яғни бөтеннің
мүлкін ұрлау немесе алдау не сенімге
қиянат ету жолымен бөтеннің мүлкіне
иелік ету құқығын алу меншігіне қарсы
қылмыстар қатарына жатады. Қылмыс
объектісі - қылмыстық заңмен қорғалатын
меншіктік қатынастар. Алаяқтықтың
көздегены - мүлік немесе мүлікке құқық.
Алаяқтық және алдау не сенімге қиянат
ету жолымен жасалатын , бірақ (алаяқтықтан)
жеке қылмыс түрлерінен тұратын қылмыстардың
басқа да түрлері экономикалық қызмет
аясында ең көп тараған. Қылмыстың объективті
жағы бөтеннің мүлкін заңсыз иеленумен
немесе алдау не сенімге қиянат ету
жолымен бөтеннің мүлкіне иелік ету
құқығымен сипатталады.Алаяқтықтың
объективті жақтарының міндетті белгілері
ұрлықтың басқа түрлерінен ерекшеленетін
алаяқтықтың иелену тәсілдері болып
табылады (алдау және сенімге қиянат ету). Алдау-
адастыру, жалған хабар хабарлау немесе
жәбірленуші білуге тиісті отырыстар
туралы айыптау. Сенімге
қиянат ету - мүлікті иелену кезіндегі
айыпкердің пайдаланатын алаяқтық тәсілі.
Айыпкердің сенімге қиянат ету негізіне
жәбірленушінің мүлікке не мүлікке
құқыққа қатысты өзінің өкілеттіліктерін
(сатып алу-сату, айырбастау,тапсыру, мердігерлік
ж.т.б. келісім - шарттарын ) беруде айыпкерге
деген сенімді көзқарастары жатады. Сенімге
қиянат жасау деп кінәлі адамның меншік
иесімен немесе мүліктің өзге де заңды
иеленушісімен пайда болған әр түрлі сенімге
негіз боларлық қатынастарды пайдалану
арқылы олардың мүлкін заңсыз иеленуі
немесе иеленуге құқық алуы болып табылады. Алаяқтың
құрамы - материалдық. Оның субъективті
жағының міндетті белгілерінің бірі қылмыстың
зардабы - меншік иесіне мүліктік залал
келтіру болып табылады. Бұл қылмыс кінәлі
адамның иелігіне мүліктің заңсыз өтуіне
байланысты немесе кінәлінің жәбірленушінің
мүлкіне заңсыз құқық алған уақытынан
бастап аяқталған деп сараланады. Алаяқ
жағынан алдау әр түрлі келісімдерді
жүргізу кезінде болады: автокөліктерді
сатып алуда, сатуда; қолдан жасалған теміржол
басқа да билеттерді сатуда; жалған қымбат
металдарды немесе олардан жасалған бұрымдарды,
қолдан жасалған азық - түлік тауарларды,
суретші туындыларын, ескі құнды бұйымдарды
(антиквариат) сатуда; емшілік, балгерлік
алдау, тапшы тауарларды ұтуға қолдан
жасаған лоторея билеттерін сату; күйеу
жігіт, сатушы, тінту жүргізетін адам ж.т.б.
ретіндн әрекет ету, мемлекеттік мекемелердің
өкілдері ретінде қандай да бір қайырымдылық
қажеттіліктеріне, тұрғын үй беруге
ж.т.б қаражаттар жинау өздерін Парламент
және маслихат депутаттарымыз деп алдау. Алдау
немесе сенімге қиянат етудегі алаяқтықтың
ең көп тараған түрлері: Жалған құжаттармен
банктен несие алу; тұрғындардың қаражаттарын
төмендегіше алдап алу мақсаттарымен
жалған фирмалар құру; тұрғын - үймен жалған
келісімдер (сату - сатып алу; жалға беру,
кепілге қою туралы)жасау; банкоматтан
ақша алуға немесе сауда нұктелерінен
тауарлар алуға бөтен біреудің немесе
қолдан жасалған несие пластикалық карточкаларын
қолдануы; волюта айырбастауда, шетелдік
куәліктер, бұрыштамалар дайындауда алдау,
қамтамасыз етілмеген акциялар мен жалған
құнды қағаздар ж.т.б. сату. Қастандық
объектісі мен оның көздегены бойынша
экономикалық қызмет саласындағы жасалатын
алаяқтық әрекеттердің мынадай түрлерін
атап өтуге болады: Қаражаттық -несие саласында
(несие қаражаттарын заңсыз алу және қолдану,
жалған кәсіпкерлік ж.т.б); кәсіпкерлікте
( тауарларды сатып алу, сатуда алдау, әртүрлі
өнім ресмилендіру кезіндегі жалған делдалдық
ж.т.б.); өндірістік қызметте (жұмыс, құрылыс
және басқа да өндірістік қызмет орындалды
деген желеумен төлемақы алу); тұрғындардың,
ұйымдардың қаражаттарын түрліше қызықтыра
отырып алаяқтылықпен иелену; әлеуметтік
төлемаөылармен байланысты (зейнетақы,
еңбек ақыны заңсыз алу және т.б) тұрмыс
саласындағы алаяқтық. Қаражаттық - несие
саласындағы алаяқтық әрекеттердің тәсілдеріне
мыналар жатады: несие алу және соңынан
оны иелену мақсатымен көп жағдайда өтірік
біреулердің атына жалған кәсіпорындар
құру; жалған келісім - шарттар даярлау,
қаржылық қызметті, несие алушының несие
алуға мүмкіншілігі бар екендігін көрсететін
басқа да кұжаттар (көп жағдайларда жалған
теңгерімдер) ж.т.б. құрастыру; несие сауалдары
негізінде жалған құжаттар даярлау; болмаған
келісімдер туралы келісім - шарттар, күмәнді
кәсіпкерлік - жоспарлар, несие қаражаттары
есебінен болатын инвестициялардың техникалы
- экономикалық негіздер; жеңілдетілген
жағдайлармен, төмендетілген пайыздық
ставка бойынша несие алу құқығына ие
болу үшін жалған құжаттарды беру; тиісті
мемлекеттік немесе коммерциялық құрылымдар
атынан несие қаражаттарын қайтарып беруді
қамтамасыз ететін жалған немесе заңсыз
жолмен алынған кепілдемелік хаттар беру;
толық емес немесе кепілде тұрған, сондай
- ақ несие алушыға тиісті емес мүлікті
кепіл ретінде ұсыну; шығынға ұшыраған
кәсіпорынды инвестициялауға деген желеумен
несие алу үшін рентабельды емес кәсіпорындарды
сатып алу, бірақ шын мәнісінде сатып алынбайды,
ақша иеленеді немесе пайдакүнемдік мақсаттарда
жеке қажеттіліктер үшін жұмсалады; несие
алуы кезінде жалған делдалдық; Кәсіпкерлік
қызметтегі алаяқтық:
Келісім -шарттың шарттарын орындауды
ниет етпей - ақ қандай да бір тауарды жеткізу
үшін келісім - шартқа отыру (ұрланатын
тауарға алдын ала жүз пайыз немесе басқаша
төлем төлеуді талап етумен); тауарды өткізуде
жалған делдалдық көрсету; жоғарғы жарна
кірістерін (дивиденд) беруге уәде ете
отырып, тұрғындардан, кәсіпорындардан
ақша жинау; соңынан оны иемдене отырып
, тауарды өткізуге уәде беру; жалған
кепіл бере отырып , қарызға ақша алу; Тұрмыс
саласындағы (күнделікті
өмірдегі) алаяқтық бөтеннің мүлкін
иеленудің көптеген нысандары мен түрлерінен
тұрады; жалған құжаттармен заңсыз зейнетақы
және басқа да әлеуметтік төлемақылар
алу; орындалмаған жұмыс үшін заңсыз төлемақы
алу; жалған құжаттармен нисиеге тауар
сатып алу; тауарларды сатып алу кезінде
ақшаны айырбастау немесе ақшаның бір
бөлігін жымқырып қалу (алдаудың бұл түрі
қылмыстық ортада “сындыру”деп айтады);
аса тапшы тауарды сатып алу кезінде жалған
делдалдық көрсету; Ойын және карталық
алаяқтық және қандай да бір ойында тек
ұтумен байланысты басқа да тәсілдер (оймақтар,
үш карта ж.т.б.); жөндеу бойынша қызмет
көрсетуді желеу етіп алдау; жылжымайтын
мүлікті сату, сатып алуда алдау; шетелге
баруға қызмет көрсету бойынша алдау,
солардың қатарында туристік сапарларға,
дем алуға, шетелде тұрақты тұруға, қажылыққа
апару (Меккеге қажылық сапарға бару) және
тағы басқалары бар.Бөтеннің мүлкін немесе
мүлікке құқықты иеленген сәттен бастап
аяқталған қылмыс деп есептеледі. Қылмыстың
субъективті жағы тура қасақаналықпен
сипатталады. Қылмыс субъектісі жасы
16-ға толған ақыл есі сау адам. Тонау
(ҚК. 178-б). Қылмыс объектісіне меншіктік
қатынастар жатады. Ұрлыққа, алаяқтыққа
сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп
алу немесе ысырап етуге қарағанда тонау
талан - таражға жататын қылмыс нысандарының
қаіпті түрі болып табылады.Объективті
жағы бөтеннің мүлкін ашық түрде күштеп
тонауға бағытталған әрекеттерден тұрады.
Мүлікті иеленудің ашық тәсілі - меншік
иесінің немесе бөтен адамдардың көзінше
не болмаса олардың қатысуынсыз жәбірленушінің
еркінен тыс тонау. Айыпкер өзінің қылмыстың
әрекеттерінің сипатын аталған адамдардың
ұғатынын саналы тұрде түсінеді, бірақ
та осы мән - жайды елемейді.Тонау объективті
жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің
мүлкін ашықтан ашық талан - таражға салу
арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан да
тонаудың объективті жағының ерекшелігі
- қылмыстың істелу тәсіліне, кінәлінің
бөтеннің мүлкін ашықтан ашық талан - таражға
салуымен ерекшеленеді. Ашықтан - ашық
талан - таражға салу деп танылу үшін біріншіден
меншік иесі немесе өзге де иеленуші, сондай
- ақ басқа да адамдар кінәләнәі құқыққа
қайшы әрекеттерін көріп тұру мен бірге
оның қылмыстық мәнін сезінуі қажет,екіншіден
кінәлі адам осы жағдайларда сезіп, көріп
тұра отырып, соған қарамастан қылмысты
әрекет істеуі қажет.Тонау мен қарақшылық
шабуыл құрамдарының объективті жақтары
бойынша осы қылмыстарды бір - ұқсас ететін,
ортақ дүниелер көп. Оларды мүлікті ұрлаудың
ашық тәсілі, күш қолдану немесе күш , сондай
-ақ жауапкершілікті ауырлататын бірқатар
мән - жайлар (тұрғын үйге немесе бөтен
қоймаға заңсыз ену, бірнеше мәрте, алдын
- ала сөз байласқан топпен және басқалары)
біріктіреді. Қарақшылықтың тонаудан
айырмашылығы қару ретінде қаружарақтар
мен заттарды қолдану сияқты жауапкершілікті
ауырлататын жағдайы. Ұрлықтың басқа түрлерінен
ерекшеленетін тонау мен қарақшылық- тың
негізгі белгілері ашық сипат пен өрескелдік.
Қылмыстарды іске асыру ерекшеліктерімен
елеулі дәрежеде анықталатын қылмыстың
осы түрінің өзіндік ерекшелігі бар. Тонаулар
мен қарақшылықтар ашық жерлерде, кіре
берістерде, сатыларда, ұйымдардың үй
- жайларында, көлікте, азаматтардың пәтерлерінде
және басқа орындарда іске асырылады.
Қылмыскерлер көп жағдайда ашық жерлерде,
жарығы аз көшелерде, иен далада, саябақтарда,
ормандарды жолдарда, сүрлеу жолдарда
ж.т.б. жерлерде алдын ала біреуді күтіп
тұрып, топ болып қимылдайды. Ашық жерлердегі
тонау мен қарақшылық көп жағдайларда
қараңғы уақытта немесе таса жерлерде
жәбірленуші үшін кенеттен болады. Тарпа
бас салудың өзі әдетте көзді ашып жұмғандағы
сәт. Жәбірленушілер қылмыскерлердің
белгілерін әрқашан көріп, естерінде сақтап
қала алмайды. Оның үстіне қылмыскерлер
өздерінің сырт келбеттерін өзгертіп
алады (бас кимдерін маңдайына түсіріп
киеді, күңгірт көзілдіріктер киеді, беттерін
көлегейлеп алады ж.т.б). Тарпа бас салу
адамдар сирек болатын жерлерде болатындықтан,
осы категорияның істері бойынша болған
оқиғаның нақты мән - жайларын хабарлай
алатын куәгерлерді де табу өте сирек.
Азаматтардың мүлкін иелену мақсатында
жасалатын тарпа бас салулар кіре беріс
жерлерде, саты алаңдарында жиі болады,
ал пәтерлерде, басқа да үй - жайларда сирек
болады. Тонау тәсілдерінің бірі, қылмыскерлердің
жәбірленушінің мас күйін пайдаланып,
оны үйіне апарып салуды ұсынады да, оны
шалғайлау жерге апарып, оның құнды заттарын
тартып алады, ал кейде жәбірленушінің
қарсыласа алмайтындығын пайдаланған
қылмыскерлер өз әрекеттерін жасырмай
тонайды. Дөрекі тонау тікелей қоғамдық
орындарда жүзеге асырылуы мүмкін.Басқа
жағдайларда әлдекімнің бағалы заттарын
немесе ірі ақша сомасын көріп калған
қылмыскерлер құрбанмен танысады, оны
әдейі араққа тойдырып, мүлкін тартып
алады . Егер де құрбанмен танысу іске
аспаса, онда оны артынан андиды да, оңтайлы
жерде оған тарпа бас салып, ақшасы мен
құнды заттарын тартып алады. Тұрғын
үйлерге ену тәсілдерін екі негізгі топқа
бөлуге болады: тұрғын - үйге кылмыскерлердің
кедергілерді бұза отырып, құпия енуі
(сыртқы есіктерді және оны бекіткен құлыптарды
бұзу жолымен, әйнектерді алу немесе шагу,
ғимараттардың басқа да құрылыс элементтерін
қирату) немесе бұзбай - ақ, алдын - ала
жәбірленушіден ұрлап алынған немесе
олардың қолы жететін жерде қалып қойған
сыртқы есіктің кілтімен, сонымен қатар
шахталар арқылы, желдету каналдары және
ашық тұрған кіретін есіктер, балкон, терезе
арқылы енеді. Екінші топқа тұрғындар
үшін ойдан шығарылған сылтаумен не болмаса
тонауға дейін жәбірленушімен орнатқан
сенімді қарым - қатынастар арқылы қылмыскерлердің
пәтерге ену тәсілдері жатады. Қылмыскерлер
пәтерлерге коммуналдық қызметтердің,
байланыс кәсіпорындарының жұмыскерлері,
милиция және басқа да құқық қорғау органдарының
қызметкерлері кейпінде кіреді. Мұндай
жағдайларда олар тонайтын объектілердің
алдын ала таңдайды, дайындайды, мыналарды
анытай: белгіленген объектіде қандай
құндылықтар барын, пәтер тұрғындарының
өмір сүру салтын игереді, қылмыстық ниетті
жүзеге асыруы үшін керекті қару - жарақтар
мен басқа да заттарды табады шабуыл жасаудың
орны мен уақытын белгілейді, қатысушылардың
не істейтіндерін бөледі, өздерін көлікпен
қамтамасыз етеді және оқиға орнынан жылдам
жасырынуға және ұрланған заттарды жасыруға
мүмкіндік беретін ең қауіпсіз жолдарды
алдын ала белгілейді. Авттомобиль көліктерінде
көбінесе такси жүргізушілеріне тарпа
бас салады. Қылмыскерлер машинаға отырады
да, тонауды іске асыру үшін жиналатын
мекенжайды айтады, және сол жерге келгеннен
кейін күш қолдануға қорқытумен немесе
күш қолдана отырып, жүргізушінің табысын
тартып алады да жасырынады. Такси жолаушыларына
тарпа бас салу сирек кездеседі. Қазіргі
жағдайда, жүргізішінің “тығында” тұрған
қауқарсыз жағдайын немесе өзге де жағдайды
пайдалана отырып, мәшиненің ішіндегі
немесе жүк салғыштағы заттарды (құнды)
ашықтан - ашық ұрлайтын “барсеточники”
деп аталатын құбылыс кең етек алуда. Қылмыстық
тарпа бас салуларға кейде қылмыскерлердің
айдап әкеткен немесе өзіне меншікті автомобильдері
қолданылады. Көздеріне түскен құрбанның
жанында тоқтай қалып, қылмыскерлер құндылықтарын
тартып алады да, автокөлікте жасырынады. Ұрлық
ретінде басталып, соңынан жәбірленушінің
не өзге адамдардың тапқан және айыпкердің
мүлікті иелену мақсатындағы жалғастырған
әрекеттері немесе оны ұстау тонау ретінде
саралануы тиіс екенін сот тәжірибесінен
көруге болады.Көбінесе жәбірленушілер
егде жастағы әйелдер, жасөспірімдер,
мас күйіндегі адамдар, яғни қылмыскерлерге
қарсылық көрсете алмайтын адамдар. Сонымен
қатар ірі ақша қаражаттары, соның ішінде
валюта, зергерлік бұйымдары, басқа да
құндылықтары, қымбат бағалы заттары және
сән - салтанатты заттары бар дәулетті
азаматтардың тобы да болуы мүмкін. Мүлікті
нақты иелену мүмкіншіліктері пайда болған
сәттен бастап тонау аяқталған болып есептеледі.
Субъективті жағы тура қасақаналықпен
сипатталады. Тонау пайдақорлық мақсатты
көздейді.Қылмыс субъектісі - жасы
14- ке толған, ақыл - есі сау адам. Қарақшылық
(ҚК.179- б) Қарақшылық, яғни бөтеннің
мүлкін тонау мақсатында шабуылға ұшыраған
адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті
күш қолданумен немесе осындай күш көрсетумен
тікелей қорқытумен ұштасқан шабуыл.Қарақшылықтың
қауіптілігі бөтеннің меншігіне қол сұғумен
бірге, осы қол сұғудың өте қауіпті тәсілі
- шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі
мен денсаулығына қауіпті күш қолдануымен
немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен
ұштасқанында болып табылады. Қылмыс объектісі
- меншік қатынастар.Қосымша объекті -
адам денсаулығы.Тонаудың объективті
жағы олардың өмірі мен денсаулығына қауіпті
күш қолданумен немесе осындай күш көрсетуге
тікелей қорқытумен азаматтарға шабуыл
жасаумен сипатталады. Шабуыл - оның мүлкіне
ие болу мақсатымен жәбірленушіге кенеттен,
күтпеген жерде, физикалық, күш көрсету.
Физикалық күш көрсетуді қолданған сәттен
бастап, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына
қауіп - қатер төнеді (мысалы, аяқпен басқа,
бауырға, өмір сүруге маңызды дене мүшелерін
тебу, суға батыру, буындыру әрекеттері,
көп қабатты үйдің терезесінен, жылжып
бара жатқан вагоннан итеріп жіберу ж.т.б).
Жәбірленушінің ағзасына өмірге және
денсаулыққа қауіпті, күшті әсер ететін
улы және есеңгіртетін заттарды жіберу
физикалық күш көрсетуге жатады.Ол қарақшылық
ретінде сараланады.Шабуыл күндізгі немесе
түн мезгілдерінде ашық немесе кұпия көрінбейтіндей
жасалынуы мүмкін. Психикалық күш көрсету
- өмірге және денсаулыққа қауіпті физикалық
күш көрсетуге қорқыту арқылы жәбірленушіге
ықпал ету (денсаулыққа орта ауырлықта,
аса ауыр зиян келтірумен немесе өлтіруге).
Өмірге және денсаулыққа қауіпті күш көрсетемін
деп қорқыту қыылмыскердің сөздерінен,
ишаратарынан, қорқытатын қимылдарынан
білінеді. Банктерге, кассирлерге және
инкассаторларға қарақшылық шабуыл ерекше
қауіпті. Осындай қастандықтарды іске
асыруға қылмыскерлер миұқият әзірленеді:
инкассацияның жұмыс уақытын, кәсіпорындар
мен мекемелердің ақша алатын уақыттарын,
кассирлердің баратын бағыттарын анықтайды,
өздерін көлік құралдарымен қамтамасыз
етеді, қаруланады, кейде каладан лезде
кетіп қалу үшін темір жол немесе әуе билеттерімен
қамданады, сырт келбеттерін және киімдерін
өзгертеді. Қылмыстық топ қатысушылары
жылдам және батыл қимылдауға ұмтылады,
шабуыл жасайтын объект қызметкерлерінің
азғантай болса да күдікті әрекетін сезе
қалса, жүйке қысымы жағдайында қаруды
қолдана алады. Кейде қылмыскерлер өздерінің
топтарына жас әйелдері тартады, оларды
би кештерінде, мейрамханада, казинода
және басқа қоғамдық орындарда еркектермен
танысуға мәжбүр етеді. Танысқаннан кейін,
әйел шарттасқан орынға құрбанды алып
келеді, сол жерде ол адамды тонайды. Пәтерге
қарақшылық шабуыл жасағанда қылмыскерлер
қатқыл қимылдайды: жәбірленіушілердің
қол - аяқтарын байлап, ауыздарын кергішпен
тартып жатқызып тастайды, немесе барлықтарын
бір бөлмеге қуып тығады (жуынатын бөлмеге,
ас үйге, бөлмеге) , милицияға арызданатын
немесе біреуге айтатын болса ондырмайтындарын
айтып қорқытады. Қарсыласқан немесе біреулерді
көмекке шақыруға ұмтылған жағдайда күш
көрсетеді, тіпті жәбірленушінің денсаулығына
ауыр зиян келтіруге дейін барады. Күш
көрсете отырып, қарақшылық жасаушы қылмыскерлер
физикалық күшті, оқ - дәрімен атылатын
қаруды немесе суық қаруды, сусымалы заттарды
( темекі, кұм), байлап тастау үшін арқандарды
немесе сымды ж.т.б қолдана. Тергеу тәжірибесінің
талдаулары көрсеткендей қарақшылық шабуылдарға
көбінесе екі, үш, кейде төрт адамнан құралған
қылмыстық топ қатысады, ал көп адамнан
құралған қылмыстық топ өте сирек кездеседі.
Ұсақ және өзге де қылмыстардың бірқатарын
жасайтын өте тұрақты, қылмыскерлердің
тобы жиі кездеседі. Мұндай топтардың
басында бұрын сотталған, қылмыстық, тәжірибесі
бар адам тұрады. Көбінесе жәбірленушілер
егде жастағы әйелдер, жасөспірімдер,
мас күйіндегі адамдар, яғни қылмыскерлерге
қарсылық көрсете алмайтын адамдар. Сонымен
қатар ірі ақша қаражаттары, соның ішінде
валюта, зергерлік бұйымдар, басқа да құндылықтары,
қымбат бағалы заттары және сән - салтанатты
заттары бар дәулетті азаматтардың тобы
да болуы мүмкін. Қарақшылық көп жағдайда
мүлікті иелену мақсатында, қару - жарақтар
мен қару ретінде қолданылатын заттарды
қолдану арқылы жасалады. Қаруларға оқ
- дәрімен атылатын және суық қарулардың
барлық жүйелер мен түрлері және қару
ретінде ыңғайластырылған түрлі заттар
жатады. Қарақшылық шабуыл жасаған сәттен
бастап аяқталған қарақшылық деп есептеледі,
тіпті айыпкер мүлікке ие бола алмай қалса
да.Субъективті жағы - тура қасақаналық.
Мақсат - пайдакүнемдік. Субъектісі-
жалпы (14 жас). Жасалған қарақшылықтың сараланатын
белгілері (ҚК. 179-б, 2- бөл): а) алдын ала сөз
байласқан топпен; б) бірнеше мәрте; в)
тұрғын үйге, қызмет, өндіріс орнына немесе
қоймаға заңсыз енумен жасалған; г) қару
қолдануымен немесе қару ретінде қолданылатын
заттарды қолданумен жасалған; д) денсаулыққа
ауыр зиян келтірумен жасалған; Жасалған
қарақшылықтың аса ерекше сараланатын
белгілері (ҚК.179-б. 3-бөл): а) ұйымдасқан
топпен; б) ірі мөлшерде; в) ірі мөлшерде
мүлікті ұрлау мақсатында; г) ұрлық немесе
қорқытып алу үшін бұрын екі немесе одан
көп сотталған жасаған. Осы белгілердің
ішіндегі денсаулыққа ауыр зиян келтіру
мен мүлікті ірі мөлшерде талан - таражға
салу мақсатында қарақшылық құрамдарының
өзіндік ерекшеліктері бар. Денсаулыққа
ауыр әсер келтірумен ұштасқан қарақшылық
деп, меншік иесіне меншіктің өзге де иеленушісіне
немесе басқа адамдарға мүлікке байланысты
олардың қарсылығын жою мақсатымен Қылмыстық
кодектің 103- бабында тізбектелген жарақаттардың
біреуін келтіруді айтамыз. Ерекше
кұнды заттарды ұрлау (ҚК. 180- б).Қылмыс
объектісі - меншіктік қатынастар. Ерекше
құнды заттарға және құжаттарға мемлекеттің
қоғам мен халықтың тарихи, көркем, ғылыми
немесе мәдени құндылықтары жатады: әдетте
аты аталған құндылықтар мемлекет мұражайларында
және жеке жинақтамаларда (коллекцияларда)
сақталады. Тарихи, көркем және ғылыми
заттардың және құжаттардың ерекше құндылығы
ақшалай құнында емес, олардың бірегейліктерінде,
қайталанбас ерекшеліктерінде. Қылмыстың
объективті жағы - ұрлаудан, яғни кез келген
тәсілдермен мүлікті иелену (ұрлық, иелену,
тонау, қарақшылық ж. т.б), сонымен қатар
заттарды жою, бүлдіру немесе қиратудан
тұрады. Жою - мемлекеттің, қоғам мен
халықтың тарихи,көркем, ғылыми немесе
мәдени құнды заттары мен құжаттарын қирату,
өртеу немесе оларды жарамсыз етудің басқа
тәсілі, олардың алғашқы сапаларын бірегейліктері
мен құндылықтарын жоғалту. Бүлдіру
- заттар мен құжаттарға зақым келтіру,
бірақ олар өздерінің құндылықтарын толық
жоғалтпайды және оларды бұрынғы қалпына
келтіруге немесе өндіруге болады.Қылмыстың
субъективті жағы тура қасақаналықпен
сипатталады.Қылмыс субъектісі - жасы
16- ға толған, ақыл - есі сау адам. Сараланатын
белгілері (ҚК.180-б. 2-бөл.) - төмендегі
әрекеттер: а) алдын ала сөз байласқан топпен
немесе ұйымдасқан топпен; б) бірнеше мәрте
жасалса; в) осы баптың бірінші бөлімінде
аталған заттарды жою, бүлдіру немесе
қиратуға әкеліп соқтырса. 4.
Меншікке қарсы пайдакүнемдік
қылмыстар. Қорқытып алушылық (ҚК.181-
б)Мемлекеттік немесе жеке меншікке,
сондай -ақ азаматтардың жеке мүдделеріне
қарсы қастандықтардың аса қауіпті түрлерінің
бірі қорқытып алушылық болып табылады.Қылмыс
объектісіне меншіктік қатынастар жатады.
Азаматтардың қоғамдық және мемлекеттік
ұйымдардың мүліктерін иеленуге бағытталған
қорқыту үшін екі жақты бағыттылық тән:
жәбірленушінің жеке басына және мүлікке.
Мұнда да тонаудағы сияқты бөтеннің мүлкін
немесе оған құқықты қылмыстық жолмен
иелену үшін адамның ең жоғарғы игіліктеріне
- оның өмірі мен денсаулығына өрескел
қастандық жүзеге асырылады.Қорқытып
алу кезіндегі қылмыстық қастандықтың
көздегені: үйлер пәтерлер, саяжайлар
, жер учаскелері, кәсіпорындар, цехтар,
базарлар немесе оларды қорқытып алушының
меншігіне беретін құқық: ақша және бағалы
қағаздар; автомобильдер, қымбат әшекейлер;
теле радио, бейне таспа құрал - жабдықтары;
фирмалық киімдер, аяқ киімдер ж.т.б. Қорқытып
алудың объективті жағы мүлікті немесе
мүлікке құқықты беруді талап етумен сипатталады. Қорқытып
алу, яғни бөтеннің мүлкін немесе мүлікке
ұүұықты беруді талап ету, немесе күш көрсетумен
не бөтеннің мүлкін жою, бүлдірумен, жәбірленушіні
не оның жақын адамдарын масқаралайтын
не болмаса жария ету жәбірленуші мен
оның туысқандарының мүдделеріне елеулі
түрде зиян келтіретін өзге де мәліметтерді
таратуға қорқытумен мүлікті сипаттағы
өзге әрекеттерді іске асыру. Масқаралайтын
мәліметтерді таратумен қорқыту - бопса
(шантаж) деп аталатын қорқытулардың
бір түрі. Масқаралайтын
мәліметтерге жәбірленушінің немесе оның
жақын адамдарының ар - намысы мен қадір
- қасиеттерін аяққа таптамайтын кез келген
мәліметтер жатады (нақты немесе ойдан
шығарылған).Қорқытып алуға ең алдымен
коммерция, кооператив және жеке еңбек
қызметімен айналысатындар душар болады;
қорқытып алуға аса душар болатындар такси
жүргізушілері мен жеке тасымалдаушылықпен
айналасатындар; ал қалғандары қорқытып
алудың барлық объектілеріне жатады: фотографтар
- индивидуалдар, мәдени - көпшілік мекемелердің
басшылары мен ұйымдастырушылары, құмар
ойындармен айналысатын алаяқтардың бірлестіктері,
жезөкше әйелдер және өзге де адамдар,
мысалы, базарларда әртүрлі заттарды сатушылар
ж.т.б Объективті жағы қорқытып алушылықтың
тәсілдерінен тұрады. Олар қылмыстың осы
түрлерінің сараланатын белгілері негізінде
үш топқа бөлінеді. Жәбірленушіге ықпал
ету құралдарына мыналар жатады: а)жәбірленушіге
немесе оның жақын адамдарына күш көрсетумен
қорқыту; б)оны немесе оның жақындарын
масқаралайтын мәліметтерді жариялауға
қорқыту. в)мүлікті бүлдірумен не жоюмен
қорқыту. Осы негіздерге сәйкес, тәсілдердің
бірінші тобына күш қолдана отырып, қорқыту
және ең алдымен - психикалық күш қолдану
жатады. Олар: а)сөзбен қорқыту (бұл тәсілде
қорқытып алушы жәбірленушімен көзбе
көз кездесіп, оның еркін жығады және аталған
талаптарды орындауға мәжбүрлейді); б)байланыс
құралдары арқылы қорқыту ( телефон, телеграф,
радио,ж.т.б бойынша); в)хат және дыбыс жазылған
құралдар арқылы қорқыту( қорқытып алушылар
бұл тәсілді төлем алу мақсатында кепілге
тұтқындарды ұстауда жиі қолданады). Қылмыскерлер
алдарына қойған мақсаттарына тезірек
жету үшін құрбандарын туған - туыстарына
хат жазуға мәжбүрлейді немесе өздеріне
көмек көрсетулерін өтінген жәбірленуші
тұтқындардың сөздерін үн таспаға жазып
алып, хаттар деп дыбыс жазылған кассеталарды
тиісті мекен - жайларына жеткізеді. Қорқытып
алу тәсілдерінің осы тобында техникалық
құралдар ақылы психикалық зорлық -зомбылық
көрсетумен сипатталатын тәсілдер маңызды
орын алады. Қылмыстың
субъективті жағы тура қасақаналықпен
сипатталады.Қылмыс субъектісі -жасы
16-ға толған, ақыл - есі сау адам. Алдау
немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүлікті
залал келтіру (182- бап).
Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен
меншік иесіне немесе өзге мүлік иеленушіге
талан - тараж белгілерінсіз мүліктік
залал келтіргены үшін қылмыстық жауаптылық
182- бапта арнайы көрсетілген. Осы қылмыстың
тікелей объектісі меншік қатынастары
болып табылады. Объективті жағынан
бұл қылмыс белсенді әрекет күйінде - алдау
және сенімге қиянат жасау арқылы жасалады.
Қылмыс істелу тәсіліне қарай алаяқтық
құрамына көп ұқсас, бірақ алаяқтықта
кінәлі адам бөтеннің меншігін заңсыз,
тегін өзінің не басқаның иелігіне аударса,
алдау немес е сенімге қиянат жасау жолымен
мүліктік залал келтіруде кінәлі адам
бөтеннің мүлкін меншік иесінен немесе
өзге де иеленушінің иелігінен айырмайды.Меншік
иесіне немесе өзге мүлік иеленушісіне
онша елеулі емес зиян келтірген жағдайда
, іс - әрекеттер теріс қылық деп саналып,
қылмыс болып танылмайды. Бұл қылмыстың
субъектісі болып есі дұрыс, жасы 16-
ға толған жай адамдар танылады. Қылмыс
субъективті жағынан
тікелей қасақаналықпен және пайдакүнемдік
мақсатпен істеледі. Кінәлі адам алдау
арқылы меншік иесіне немесе өзге де мүлік
иеленушісіне мүліктік залал келтіретінін
алдын ала біледі және дәл осындай жолмен
өзіне материалдық пайда келтіруді тілейді. Көрнеу
қылмыстық жолмен мүлікті алу немесе
өткізу (183- бап)Қылмыстық кодекстің
183- бабында көрнеу қылмыстық жолмен табылған
мүлікті алдын ала уәделеспей алғаны немесе
өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық
көзделген. Қылмыстың тікелей объектісі
меншік қатынастарына (қылмыстық жолмен
табылған мүлікті алу немесе өткізуге)
байланысты қоғамдық қатынастар болып
табылады. Қылмыстың заты - қылмыстық жолмен
табылған мүлік.Объективтік
жағынан қылмыстық жолмен табылған
мүлікті алу немесе өткізу әрекеттерінің
біреуін істеу арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық жолмен табылған мүлікті алу
деп - кінәлінің осы мүлікті біле тұра
күні бұрын уәделеспей заңсыз, қылмыстық
тәсілмен иеленген адамнан әртүрлі келісімдер
арқылы - ақы немесе ақысыз, тегін, сыйға,
айырбасқа, қарызының өтемі үшін немесе
басқа да кез келген нысанда алуын айтамыз.
Қылмыстық жолмен табылған мүлікті өткізу
деп - кез келген тәсілмен ақылы немесе
тегін (сату, айырбастау, сыйға беру) осы
мүлікті немесе оған құқықты басқаға (жеке
тұлғаға немесе заңды ұйымға ) беруді айтамыз.
Қылмыс құрамы құрылысы жөнінен формальдық
құрамға жатады, сондықтан да оның аяқталу
сәті қылмыстық жолмен табылған мүлікті
алу немесе өткізу әрекеттерінің бірін
жүзеге асырған уақыттан бастап есепке
алынады. Қылмыс субъективтік жағынан
тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі
адам мүліктің көрнеу қылмыстық жолмен
табылғанын біледі, соған қарамастан осы
мүлікті алуды немесе өткізуді тілейді.Жалпы
алғанда бұл қылмыс құрамы пайдакүнемдік
ниетпен жүзеге асырылады. Қылмыстың
субъектісі болып 16 -ға толған кез келген
есі дұрыс адам танылады.Егер кінәлі адам
көрінеу қылмысты жолмен табылған мүлікті
алдын ала уәделеспей алса немесе өткізсе,
онда оның әрекеті ҚК - тің 183 -бабы бойынша
сараланады. Егер кінәлі адам көрінеу
қылмыстық жолмен табылған мүлікті алдын
ала уәделесіп алса немесе өткізсе, онда
кінәлі адамның әрекеті істелген қылмыстың
қатысушысы ретінде сараланады. Интеллектуалдық
меншік құқықтарын бұзу (184-бап).
Қазақстан Республикасының Конститутциясы
(20-бап) әрбір азаматқа сөз бен шығармашылық
еркіндігіне кепілдік береді. Осыған орай
Азаматтық кодексте тұңғыш рет интелектуалдық
меншік деген түсінік енгізілді және бұл
заңмен қорғалады. Интелектуалдық меншік
- шығарманың бағыты мен абыройына қарамастан
ғылыми, әдеби, музыкалық, көркемдік, әртістік
және өзге де саладағы адамның шығармашылық
қызметінің нәтижелері. Интелектуалдық
қылмыстың заты болып авторлық құқық немесе
сабақтас құқықтар, өнертабыс, автордың
(әртіс, композитор, жазушы ж.т.б ) дыбыстауы
немесе орындауындағы және өзге адамдардың
иеленген көркем, әдеби, музыкалық шығармалары
болып табылады. Қылмыс объективтік
жағынан бірнеше балама іс - әрекеттерді
істеу арқылыжүзеге асырылады: а) авторлық
құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін
заңсыз пайдалану. Бұл жерде заңсыз деген
ұғым автордың немесе оның мүрагерінің
келісімінсіз және қолданып жүрген құқық
нормасына қайшы түрде оның шығармасын
шығару немесе тиражын көбейту, пьесасын,
басқа да шығармаларын қоюды немесе орындалған
шығармалардың жазба нұсқасын немесе
кассеталарын таратуды айтамыз; б) өнертабысты,
пайдалы үлгіні немесе өнеркәсіптік үлгіні
заңсыз пайдалану - бұл нормативті актілердің
немесе келісім шарттардың талаптарына
қайшы түрде автордың келісімінсіз немесе
оған хабарласпай, авторға тиесілі ақыны
төлемей оның жоғарыда көрсетілген шығармаларын
өндіріске немесе пайдалануға беру немесе
заңмен, нормативтік актілермен тыйым
салынған өзге де мақсаттарға пайдалануды
білдіреді. в) ғылыми жаңалықтың, өнертабыстың,
пайдалы үлгінің немесе өнеркәсіптік
үлгінің мәнін жариялау дегеніміз объектілер
туралы мәліметтерді автордың немесе
жариялаушының келісімінсіз ресми түрде
жұртқа жою болып табылады. г) авторлықты
иелену дегеніміз - бөтеннің шығармасын
өз атынан толық немесе ішінара түрде
шығару болып табылады. д) қосарлас авторлыққа
мәжбүрлеу деп - шын авторға әртүрлі тәсілдер,
амалдар қолдану арқылы оны, басқа біреуді
өз шығармасына автор етіп қосуға мәжбүр
ету, көндіруді айтамыз. Интелектуалдық
меншік құқықтарын бұзу қылмыс құрамының
объективтік жағының міндетті белгілерінің
бірі болып, қылмыстың зардабы - ірі зиян
келтіру болып табылады. Субъективтік
жағынан қылмыс тікелей немесе жанама
қасақаналықпен жасалады.Қылмыстың
субъектісі болып 16-ға толған есі дұрыс
кез келген адам танылады. Автомобильді
немесе өзге де көлік
құралдарын талан - таражға салу мақсатынсыз
заңсыз иелену (185- бап). Бұл қылмыс
құрамы көп объектілі болып табылады.Қылмыстың
негізгі тікелей объектісіне - меншіктің
нақты нысаны,ал қосымша тікелей объектісіне
адамның денсаулығы жатады. Объективтік
жағынан қылмыс әрекет арқылы - автомобильді
немесе өзге де көлік құралдарын талан
- таражға салу мақсатынсыз заңсыз иелену
(айдап кету) арқылы жүзеге асырылады.
Көлік құралдарын оларды тұрған жерінен,
оның иесінің немесе өзге де иеленушінің
иелігінен, уақытша кінәлінің пайдалануына
немесе иелік етуіне өтуін иелену дейміз.
Иелену әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге
асырылуы мүмкін: ашық немесе жасырын,
алдау арқылы, күш қолдану немесе қолданбай,
қолмен итеріп әкету, басқа көлікке тіркеп
алу т.б. Автомобильды немесе өзге де көлік
құралдарына иелік ету аса қажеттілік
жағдайында, қылмыскерді ұстау барысында
немесе ауыр науқасқа көмек көрсету үшін
пайдаланылса онда бұл әрекет қылмыс деп
саналмайды. 185- баптың бірінші тармағында
қылмысты істегены үшін субъекті болып
16 - ға толған, ал калған бөліктерінде қылмыс
үшін 14 - ке толған есі дұрыс адамдар танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей
қасақаналық арқылы жүзеге асырылады.
Кінәлі адам өзінің әрекетінің қоғамға
қауіптілігін және құқыққа қайшылығын
сезеді және осы істеуді тілейді. Егер
адам бөтеннің көлік құралына иелік етуді
сезбеген жағдайда, онда ол көлікті айдап
әкеткені үшін жауаптылыққа тартылмайды.
Заңда автомобильды немесе өзге де көлік
құралдарын талан - таражға салу мақсатынсыз
айдап әкету деп көрсетілген. Егер кінәлінің
ниеті автомобильді немесе өзге де иелік
құралдарын талан - таражға салуға бағытталған
болса,онда оның әрекеті иелік етудің
тәсіліне қарай меншікке қарсы қылмыстардың
(6- тарау) тиісті баптары бойынша (185- баппен
қосымша емес) тікелей саралануға жатады.
Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын
айдап әкетумен бірге оның детальдарын,
агрегаттарын, жекелеген бөлшектерін
немесе онда болған басқа да бұйымдарды
кінәлінің иелік етуі орын алған жағдайда,
онда мұндай қылмыс айдап кету және бөтеннің
мүкін ұрлау бойынша, яғни қылмыстардың
жиынтығы ретінде сараланады. Жерге
заттай құқықтарды бұзу (186-бап).
Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары
немесе заңмен қорғалатын мүдделеріне
не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге
әкеп соққан бөтен жер учаскесіне заңсыз
кіріп кету (186- бап) қылмыс болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясына
сәйкес жер мемлекеттің меншігінде, сондай
- ақ жеке тұлғалардың меншігінде де болады.
Заң бойынша өзіне бекітілген жер учаскесіне
бөтеннің заңсыз кіріп кетуі егер ол елеулі
зиянға әкеліп соғатын болса қылмыс құрамын
құрайды. Қылмыстың объектісі жерге байланысты
қоғамдық қатынастарға қол сұғу. Объективтік
жағынан қылмыс әрекет арқылы заңда
белгіленген зардапты келтірумен ұштасады.
Бұл жерде әрекет бөтеннің жер учаскесіне
заңсыз кіріп кету арқылы көрініс табады.
Заңсыз кіру дегеніміз жерге меншік иесінің
немесе жерді заңды иеленушінің келісімінсіз,
оның заңды құқықтарын жер учаскесіне
басып кіруді айтамыз. Басып кіру азаматтардың,
ұйымдардың, қоғамның мемлекеттің мүддесіне
елеулі зиян келтірумен ұштасуы керек.
Елеулі зиян бұл бағалау категориясы болып
табылады. Оны нақты жағдайларда тергеу,
сот органдары анықтайды. Субъективтік
жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен
және пайдакүнемдік ниетпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі бойынша 16- ға
толған кез келген есі дұрыс адамдар, ал
осы баптың 3- бөлігіндегі қылмысты істегені
үшін арнаулы субъект - лауазымды адамдар
танылады. Осы баптың 2- тармағында күш
қолдану не күш қолданумен қорқыту арқылы
немесе адамдар тобымен немесе заңсыз
тінтумен ұласып жасалған нақ сол әрекеттер,
сол сияқты бөтеннің заңды учаскесін заңсыз
басып алғаны үшін жауаптылық белгіленген.
5. Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес
қылмыстар. Бөтен адамның мүлкін
қасақана жою немесе бүлдіру (187- бап).
Бөтен адамның мүлкін едәуір зиян келтіру
арқылы қасақана жою немесе бүлдіру ғана
қылмыстық іс - әрекет деп танылады. Едәуір
зиян деп айлық есептік көрсеткіштен жүз
есе асып түсетін зиян мөлшерін айтамыз.
Осы қылмыстың затына кез келген мүлік:
қозғалатын немесе қозғалмайтын, оның
ішінде азаматтық айналымнан алынған
мүліктерде жатады. Көрсетілген баптағы
қылмыс объективтік жағынан бөтеннің
мүлкін жою немесе бүлдіру әрекеттері
арқылы жүзеге асырылады. Бөтеннің мүлкін
жою деп оны мақсатты пайдалануға мүлдем
жарамсыз етіп тастауды, нәтижесінде ол
түкке жарамсыз болып өзінің шаруашылық
- экономикалық құндылығын толық жоюын
айтамыз. Бөтеннің мүлкін бүлдіру деп
оны ішінара жарамсыз ету, соның нәтижесінде
мүлік өзінің мақсатты пайдаланылуының
бір бөлігін жоғалтады, сөйтіп ол өз қалпына
келтірмесе немесе толық жөнделмесе пайдалануға
жарамсыз болады. Қылмыстың субъектісі
болып 16- ға толған, есі дұрыс азамат танылады,
ал ауырлататын мән - жайлар негізінде
мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргены
үшін қылмыстық жауаптылыққа 14жасқа толған
адам тартылады. Субъективтік жағынан
қылмыс кінәлінің қасақаналық нысаны
арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте қасақаналық
тікелей немесе жанама да болуы мүмкін.
Кінәлі адам бөтеннің мүлкін құқыққа қайшы
қасақана жою немесе бүлдіру арқылы өз
іс - әрекетінің қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, оның меншік иесіне едәуір мүліктік
зиян келтірілуі мүмкін екенін алдын ала
біледі және осы зардаптардың болуын тілейді
немесе осы зардаптардың болуын тілемесе
де, оған саналы түрде жол береді. Абайсызда
адам өліміне, тарих, мәдениет ескерткіштерін
немесе мемлекет қорғау алған объектілерді,
сондай - ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік
немесе мәдени құндылығы бар заттарды
немесе құжаттарды жоюға немесе бүлдіруге
әкеп соққан осы іс - әрекеттер бөтен адамның
мүлкін қасақана жою немесе бүлдірудің
аса ауырлататын түріне жатады. Бөтен
адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру
(188- бап)Заңға сәйкес бөтен адамның
мүлкін ірі зиян келтіріп абайсызда жою
немесе бүлдіру ғана қылмыс болып табылады.
Қылмыс объективті жағынан
құқыққа қайшы іс - әрекеттерден мүлікті
жою немесе бүлдіру, сондай - ақ іс әрекет
пен одан туындаған зардаптың арасындағы
себепті байланыстан тұрады. Қылмыстық
заңда көрсетілген зардап орын алған уақыттан
бастап аяқталған деп танылады. Субъективті
жағынан қылмыс тек қана абайсыздықпен
жүзеге асырылады. Қылмысты менмендікте
адам өз іс - әрекетімен қоғамға қауіпті
зардап бөтеннің мұлкін жою немесе бүлдіру
болуы мүмкін екенін алдын ала біледі,
бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
жеңіл ойлылықпен болғызбау мүмкіндігіне
сеніп, қылмысқа жол береді. Қылмыстың
субъектісі болып 16- ға толған кез келген
азамат танылады.
Қылмыс құрамының екі ауырлататын түрі
көрсетілген: а) отпен немесе өзге де аса
қауіпті көздермен абайсыз жұмыс істеу
арқылы жасалған; б) не ауыр зардаптарға
әкеп соққан әрекеттер арқылы бөтен адамның
мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру.
Ауыр зардаптарға - адамның денсаулығына
орта, ауыр зиян келтіру, оларды уландыру,
ауруға шалдықтыру, сондай - ақ кәсіпорын
қызметін тоқтатуға немесе доғаруға, міндеттемелік
шарттарын орындамауға әкеліп соғатын
экономикалық зардаптар жатады. Абайсызда
адам өлтіру осы қылмыс құрамы бойынша
қамтылмайды сондықтан мұндай іс - әрекеттер
орын алғанда қылмыс жиынтығы бойынша
(188-бап, 101- бап) сараланады.
Осы
«Меншікке қарсы қылмыстар»тақырыбына
курстық жұмыс жаза отырып, бірнеше мағлұматтар
мен меншікке қарсы қылмыстардың түсінігін,
түрлерін игердім. Меншікке қарсы
қылмыстардың жалпы түсінігі және
түрлері Қазақстан Республикасының Конституциясы
бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік
меншік пен жеке меншік танылыды және
қорғалады. Меншік субъектілері мен объектілері,
меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге
асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау
кепілдіктері заңмен белгіленеді. Меншік
иелерінің заңды құқықтары азаматтық
құқықтық нормамен, сондай - ақ меншік
құқығына қоғамға қауіпті іс әрекет арқылы
қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы
арқылы да қорғалады. Меншікке қарсы қылмыс
мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне
залал келтіру қаупін тудырумен байланысты
Қылмыстық кодексте көзделген нысандар
арқылы жасалатын қасақаналық немесе
абайсыздық іс - әрекеттерді айтамыз. Бұл
тарауда меншікке қарсы қылмыстардың
заты болып - азаматтық құқық бойынша
меншік объектісі деп танылған кез келген
бұйымдар мен мүліктер танылады. Меншікке
қарсы қылмыстардың объективті жағынан
кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің
немесе басқа адамның пайдасына заңсыз
тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде
алып қоюы арқылы сипатталады. Ал субъективтік
жағынан міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік
ниет және мақсат жатады. Меншікке қарсы
қылмыстар іс - әрекетінің істелу тәсіліне
және қылмыстық ниетке қарай меншікке
карсы қылмыстардың пайдакүнемдік және
пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Осы
тарауды қортындылай келе Қазақстан Республикасының
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің
жетінші тарауында «Меншікке қарсы қылмыстар
» туралы түсініктің мағынасын анық берілген.
1.
Қазақстан Республикасының Конституциясы
- 2010 ж; Конституция республикалық референдумда
қабылданды 1995 жылдың 30 тамызында. 2.Ағыбаев
А. Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім - Алматы:
Жеті жарғы, 2000 ж. 139 - бет. Кітап 1997 жылы
қабылданған Қылмыстық кодексінде жазылған
оқу материалдарды Ерекше бөлімнің жүйелеріне
сәйкес баяндалады. Ерекше бөлімнің әрбір
тарауы бойынша оларға жалпы сипаттама
беріле отырып, сол тарауға кіретін жекелеген
құрамдарға талдау жасалады, бұрынғы Қылмыстық
кодексте болмаған жаңа құрамдардың мазмұнын
ашуға ерекше мән беріледі. 3. Нұрмашев
Ү.Ө., Тілеубергенов Е.М. Қылмыстық құқық.
Ерекше бөлім. Қысқаша курс: Оқу құралы
- Алматы: 2 “Арда ”. - 2007. 105 - бет. 4.Алауханов
Е. Қылмыстық құқық (Ерекше бөлім): Оқу
құралы. - Алматы: Жеті жарғы, 2001. 88 - бет.