Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 20:24, доклад
Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.
Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
АҚ «Қаржы академиясы»
CӨЖ
Астана 2012
Жеке меншік құқығы
Жеке меншiк азаматтардың
және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар
мен олардың бiрлестiктерiнiң
Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға
немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын
жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген
мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен
құны шектелмейдi.
Жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншiк
Жер, оның қойнауы,
су, өсiмдiк және жануарлар
Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтар
Тұрғын үйге меншiк
құқығы мен өзге де заттық
құқықтарды жүзеге асыру
Меншiк иесi болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары
1. Меншiк құқығымен қатар
заттық құқықтарға:
1) жердi пайдалану құқығы;
2) шаруашылық жүргiзу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) осы Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде
көзделген басқа да заттық құқықтар.
2. Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше
көзделмесе немесе осы заттық құқықтың
табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы
туралы нормалар қолданылады.
Жалпы меншiк құқығы дегенiмiз
субъектiнiң заң құжаттары
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы оған
мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен кейін
жүзеге асады
Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты
өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер
жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа
адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға,
өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға
мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк
ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға,
мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа
да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға
өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
Азамат өлген жағдайда
оған тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне
құқық, мұрагерге немесе заңға сәйкес
басқа тұлғаларға өтеді.
Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған
тиесілі жылжымайтын мүлік меншігіне
құқық, қайта құрылған заңды тұлға құқық
мұрагері заңды тұлғаларға өтеді.
Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік
құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен
бастап жүзеге асады.
Мүлік иегерінің қалауынсыз, иегердің
мүлігін басқа тұлғаға меншікке беру жол
берілмейді, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексінде көрсетілген жағдайлардан
басқа (бұдан әрі ҚР АК)
Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға,
гаражға, басқа да жайға өзінің пай жарнасын
толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен
қолдануға берілген тұтынушы кооператив
мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы
немесе гаражды) және басқа да тұлғалар
көрсетілген мүлікке меншік құқығына
иелікті алады.
Меншiк құқығына ие болу негiздерi
1. Егер шартта немесе заңдарда
өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншiк құқығы
оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға
тиедi.
Мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған
жемiстерге, өнiмге, табысқа меншiк құқығы
осы Кодекстiң 123-бабына сәйкес алынады.
2. Меншiк иесi бар мүлiкке меншiк құқығына
басқа адам сатып алу-сату, айырбастау,
сыйға тарту немесе осы мүлiктi иелiктен
айыру туралы өзге мәмiленiң негiзiнде ие
болуы мүмкiн.
Азамат қайтыс болған ретте оған тиесiлi
мүлiкке меншiк құқығы өсиетке немесе заңға
сәйкес мұрагерлiк бойынша басқа адамдарға
көшедi.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте
оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы қайта
құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына
- заңды тұлғаларға көшедi (осы Кодекстiң
46-бабы).
Меншiк иесiнiң мүлкiн меншiк иесiнiң еркiнен
тыс басқа тұлғаға беруге осы Кодексте
көзделгеннен басқа реттерде жол берiлмейдi.
3. Осы Кодексте көзделген реттер мен тәртiп
бойынша тұлға меншiк иесi жоқ мүлiкке,
меншiк иесi белгiсiз мүлiкке, не меншiк иесi
бас тартқан немесе өзге негiздер бойынша
ол меншiк құқығын жоғалтқан мүлiкке меншiк
құқығын алуы мүмкiн.
4. Тұтыну (тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс,
саяжай, гараж немесе өзге) кооперативiнiң
мүшелерi, жарна жинақтауға құқығы бар,
пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы
адамдардың пайдалануына берген өзге
де үй-жай үшiн өзiнiң үлестiк жарнасын толық
төлеген басқа да адамдар аталған мүлiктiң
меншiк құқығына ие болады.
Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi
1. Меншiк құқығы меншiк иесi
өз мүлкiн басқа адамдарға берген, меншiк
иесi меншiк құқығынан бас тартқан, мүлiк
қираған немесе жойылған және заң құжаттарында
көзделген өзге де реттерде мүлiкке меншiк
құқығынан айрылған жағдайда тоқтатылады.
2. Мүлiктi меншiк иесiнен ықтиярсыз алып
қоюға жол берiлмейдi, бұған мына реттер:
- меншiк иесiнiң мiндеттемелерi бойынша
мүлiкке өндiрiлiп алынған ақы айналымға
түскен;
- заң құжаттарына сәйкес белгiлi бiр адамға
тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз
иелiктен айырған;
-реквизицияланған;
- тәркiлеген;
- жер учаскесiн алып қоюға байланысты
қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айырған;
- күтiмсiз ұсталған мәдени немесе тарихи
қазыналар сатып алынған реттер;
- осы Кодексте көзделген өзге де реттер
кiрмейдi.
3. Жекешелендiру туралы заң құжаттарында
көзделген реттер, жағдайлар мен тәртiп
бойынша мемлекеттiк меншiктегi мүлiк азаматтар
мен заңды тұлғалардың жеке меншiгiне берiледi.
4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке
меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке
айналдыру туралы Қазақстан Республикасының
Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне
алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген
тәртiп бойынша оларға шығындары өтеледi.
Мемлекеттік меншік құқығы
Мемлекеттік меншік құқығы дегеніміз мемлекеттің заң актілерімен танылған және қорғалатын, өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Дамыған елдер экономикасындағы мемлекеттік сектордың өзіндік салмағы әрқашан қомақты болған, әсіресе ол энергетика, көлік, космонавтика, әлеуметтік сала және инфрақұрылым, жазалау аппаратын ұстау және с.с. қаржыны көп керек ететін салаларда. Кез келген мемлекеттің қалыпты өмір өмір сүруі үшін қандайда бір төтенше жағдайларға (әскери әрекеттерге, табиғи апаттарға, техногендік сипаттағы апаттарға, эпидемияға,т.б.) арналған материалдық резерв (азық – түлік, отын т.б.) болуы керек. Сондықтан материалдық ресурстардың мемлекеттің қолына шоғырлануы және тіптен мемлекеттік кәсіпкерлік – қалыпты жағдай. Мәселе мемлекеттің өз мүліктік қызметін қалай атқаратындығында, ол қоғамның жкономикалық дамуының әмбебап реттегіші болып табылатын рынокка қатты теріс әсер етпеуі тиіс.
Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
Мемлекет меншік құқығының ерекше субъектісі болып табылады. Бұл оның жоғарғы абстрактілігімен және формальділігімен анықталады. Көптеген әртүрлі сипаттағы функцияларды жүзеге асырудың қажеттігі және бірдей бағынышты мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесі мемлекеттік меншік құқығын іске асыратын субъектілердің көп болуын алдын ала анықтады. Қазақстан Республикасының заңнамасының заңнамасы өз атынан әрекет ететіндей құқығы бар мемлекеттік меншіктің екі субъектісін қарастырады: бүтіндей Қазақстан Республикасы және әкімшілік аумақтық бөліністер. Яғни, азаматтық айналымда бұл субъектілер мемлекеттік меншік құқығын көтеретіндер болып саналады. Атқарылатын міндетке қарай мемлекет аталған субъектілердің біреуінің атынан меншік иесінің құқық өкілеттігін жүзеге асырады.
Мемлекеттік меншік құқығының объектілері
Мемлекет өз меншігіне кез келген объектіні ала алады. Мемлекеттік меншік объектілері республикалық немесе коммуналдық меншікке кіреді. Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі — әкімшілік-аумақтық бөлініс. Мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық деп бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екінші түріне аудару мәселесін Үкімет немесе ол өкілеттік берген орган шешеді.
АК-ның 192-бабының 2-тармағына сәйкес қазынаға алтын-валюта қоры мен алмаз қоры кірді. 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкы туралы» Заң (ары қарай – Ұлттық Банк туралы Заң) бұл қорды «алтын-валюта активтері» деп атайды (10,15,41, 56, 58 және 60-баптар). Қазақстан Ұлттық Банкының алтын-валют қоры қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалады және пайдаланылады, ол: тазартылған алтыннан; Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі Қазақстан Ұлттық Банкы есебіндегі банкнот түріндегі шетел валюталарынан, мәнеттерден және қаражат қалдықтарынан; шет елдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздардан; өтімпаздығы және сақталуы қамтамасыз етілген, шетел валютасында ірілендірілген басқа сыртқы активтерден тұрады.
Ұлттық Банк алтын-валюта активтерінің құрылымы мен оларды орналастыру төртібін анықтайды. Алтын-валюта активтерін Қазақстан Республикасы резиденттері мен резидент еместерінің несие (қарыз) беру және кепілдіктер беру немесе басқа міндеттемелер формасыңда пайдалануына, Ұлттық Банк туралы Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, жол берілмейді. Алтын-валют активтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді Ұлттық Банк жүргізеді (Ұлттық Банк туралы Заңның 58-бабы).
Қазақстан Республикасының коммуналдық меншігі жергілікті қазынадан және заң актілеріне сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджеттің қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлікжергілікті қазынаны құрайды (АК-ның 192-бабының 3-тармағы).
Мемлекет қатысқан мәміленің объектісі – қазына мүлкі, тек ғана мемлекет меншігінде болатын объектілер және оның мүліктік құқықтармен байланысты мүліктік емес құқықтары, сондай-ақ жекешелендіру туралы заңнамада көзделген арнаулы объектілер бола алады. Жекешелендіру кезінде мемлекет өзі немесе құқық берілген мемлекеттік орган арқылы кәсіпорынды түгелдей, акциялардың мемлекеттік пакетін немесе таратылған кәсіпорын мүлкін сатушы болады.
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, ағаш отырғызу үшін берілген (берілетін) жерлер, сондай-ақ құрылыс салу үшін берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер, олардың кешендері тұрғызылып қойған жерлер, ғимараттарға (құрылыстарға) қызмет көрсету үшін қажетті жерлер болуы мүмкін.
Мынадай жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін емес (олар тек мемлекет меншігінде болады):
1) қорғаныс және мемлекеттік
қауіпсіздік, қорғаныс
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
3) орман және су қорлары;
4) магистралдық темір жол тараптары мен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары орналасқан;
5) елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын аумақтар (Жер кодексінің 26-бабының 2-тармағы).
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
Жекешелендіру дегеніміз – мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.
Жекешелендірудегі мақсат – мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек нарық ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар.
Жекешелендіру КСРО кезінде-ақ басталды. КСРО-ның 1991 жылғы 1 маусымдағы «Мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы» Заңы мен Қазақ КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы» Заңы экономиканың мемлекеттік секторын екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік емес) формаларына негізделген кәсіпорындарға айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы және мемлекеттік мүлікті азаматтардың және олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне беру (жекешелендіру) арқылы.
Қазақстанда жекешелендіру
төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан
Республикасында мемлекеттік
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен «Қазақстан Республикасыңда мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы» (2-кезең) бекітілді. Ол мынадай міндеттер атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру; жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркөсіп кешеніңде жекешелендіру. Президенттің «Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құруды ұйымдастыру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес еңбек ұжымының қызметкерлері акциялардың он пайызына дейін ақысыз алуға құқылы болды; жаппай жекешелендіру объектілері бойынша акциялардың кемінде 51 пайызы купондар аукционында халықтың ЖИК-і үшін инвестициялық жекешелендіру қорларына сатылуға тиіс еді; акциялардың 39 пайызы қор биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылуға тиіс болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 11 наурыздағы «Акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін мемлекеттік акционерлік қоғам басшыларына бөлу туралы» №1589 Жарлығына сәйкес кәсіпорындардың басшылары бес пайызға дейін акцияларды атаулы құн бойынша иемденуге мүмкіндік алды.