Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – аталған саланың маңызды институты

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 08:16, доклад

Описание работы

Халықаралық еңбек заңнамасының негізгі ережелері әлбетте әлемдік жаһандану жағдайында жаңа мәнге ие болды. Аса әділетті экономикалық ережелер әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін де жеткіліксіз болады. Осыған байланысты әлеуметтік бағытталған экономикалық дамытуды күшейту мақсатында, барлық елдердің қабылдайтын шараларын қолдауда, сол елдің жағдайын, оның мүмкіндіктері мен ықыласын ескеру қажет.

Работа содержит 1 файл

New Документ Microsoft Word (3).doc

— 45.50 Кб (Скачать)


Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – аталған саланың маңызды институты

Бөлісу…

 

 

 

Көптеген елдерде қоғамды дамытудың стратегиялық мақсаты азаматтардың негізгі құқықтарын жүзеге асыру және әлеуметтік теңсіздікті азайту болып табылады.

 

Халықаралық еңбек заңнамасының негізгі ережелері әлбетте әлемдік жаһандану жағдайында жаңа мәнге ие болды. Аса әділетті экономикалық ережелер әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін де жеткіліксіз болады. Осыған байланысты әлеуметтік бағытталған экономикалық дамытуды күшейту мақсатында, барлық елдердің қабылдайтын шараларын қолдауда, сол елдің жағдайын, оның мүмкіндіктері мен ықыласын ескеру қажет.

 

Әлеуметтік сала қоғамдағы өзекті мәселе болып табылатындықтан, азаматтардың әлеуметтік қорғалуына басты назар аудару қазіргі заманға лайық мемлекеттің негізгі міндеті болып отыр. Нарықтық экономиканың айқын сипаты ол әрбір адамның өзінің өмір жағдайын қалыптастыруға деген жоғары жауапкершілік дәрежесі болып табылады. Сонымен бірге, әрбір адамның өмірінде ол жалғыз-жарым жеңе алмайтын, оның өміріне қауіп төндіретін жағдайлар туындауы мүмкін болатынын ескерген жөн.

 

Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында Қазақстан тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде барлық бағыттағы құқықтық база, экономика, социум құруда қиын жолдан өтті. Осы жылдарда жүргізілген реформалар өтпелі кезеңнің жағымсыз салдарларын жеңуге мүмкіндік берді және негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатын кең ауқымды әлеуметтік реформаға ауысу базасын құрды.

 

Әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделінің ерекшелігі базалық мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыруды, міндетті әлеуметтік сақтандыруды, жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыруды және әлеуметтік көмекті бір-бірімен қиюластыру болып табылады.

 

Жоспарлы түрде жүргізілген әлеуметтік реформалар нәтижесінде халықтың әл-ауқаты жақсаруда. Қазақстандық қоғамның өмір сүру сапасының жақсаруына еліміздің бүгінгі күні жеткен жетістіктері дәлел бола алады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ақпаратына сәйкес, 2005-2010 жж. табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 31,6 %-дан 6,5 %-ға төмендеген (1-сурет).

 

 

 

Әртүрлі саяси және экономикалық құрылымдағы барлық мемлекеттер үшін салдарлары жартылай және толықтай еңбек ету қабілетінен айырылу, сонымен қатар, тұрақты еңбекақы алу мүмкіндігінен айрылу болып табылатын жағдайлардың туу тәуекелдерінің болуы сипатты. Әлеуметтік сақтандыру – ерекшелігі материалдық және әлеуметтік жағдайының өзгеруінен, оның ішінде қолдан келмейтін жағдайларға байланысты, жұмыс істейтін азаматтарды сақтандыру болып табылатын, халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесінің бөлігі ретінде айқындалады. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қоғамдық ынтымақтастық нысанындағы қайта бөлу принципіне негізделген.

 

Әлемдік тәжірибе нарық жағдайында жұмыс істейтін азаматтардың мүддесін қорғау мен қамсыздандыру мәселесінде басты және өзекті рөлді міндетті әлеуметтік сақтандыру алатынын мойындап отыр.

 

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтылған халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жұмыс iстейтiн зейнеткерлердi қоспағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтiретiн қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзi жұмыспен қамтыған адамдар жатады. Жұмыс беруші және (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) ай сайынғы әлеуметтік аударымдарды төлеушілер болып табылады.

 

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі принциптері:

 

1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;

 

2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;

 

3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;

 

4) әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;

 

5) әлеуметтiк төлемдердiң мiндеттiлiгi;

 

6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;

 

7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.

 

Қазіргі заманғы әлемде бизнесті жүргізу толықтай және уақытында салықтар, әлеуметтік аударымдар (сақтандыру жарналары) және басқа да міндетті төлемдерді төлеуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және сақтауға, жұмысшылардың құқығын қамтамасыз етуге және қорғауға, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға және уақытында еңбекақысын беруге, қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер беруді міндеттейтін оның әлеуметтік жауапкершілігімен үзіліссіз байланысты екенін атап өткен жөн.

 

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі (МӘСЖ) тұрақты немесе уақытша, толықтай немесе жартылай еңбек ету қабілетінен айырылған МӘСЖ қатысушысы­ның жоғалтқан табысын барынша қайтару мүмкіндігін қарастыруды мақсат етеді.

 

МӘСҚ сақтандырушы ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар алдында әлеуметтік міндеттерін тұрақты орындауға кепілдік береді. Осыған байланысты төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды толықтай және уақытында төлеуі осы қаржыны МӘСҚ тиімді шоғырландыруға және әлеуметтік тәуекел пайда болған жағдайда жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғау мақсатында жұмсауға мүмкіндік береді.

 

Қазіргі уақытта МӘСҚ еңбек ету қабілетінен айырылуы бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша, жұмысынан айырылуы бойынша, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылуына, бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемдер төленеді.

 

2005-2010 жж. аралығында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының және МӘСҚ түскен әлеуметтік аударымдар сомаларының өсу динамикасы байқалады. Сонымен қатар, МӘСҚ тағайындалған әлеуметтік төлемдер сомалары мен алушылар санының өсу динамикасы байқалады. 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 8%-ға және әлеуметтік төлемдер сомасы 24%-ға артып, нәтижесінде, 55,8 млрд.теңгені құрады (2-сурет).

 

2005-2010 жж. МӘСҚ тағайындалған әлеуметтік төлемдердің негізгі үлесі (93%) Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында енгізілген ана мен баланы қолдауға жүргізілді (3-сурет).

 

Әлеуметтік саланы тікелей жұмысшыларға, олардың отбасыларына және еңбек ұжымдарына жақындата отырып, әлеуметтік сақтандыруға құқық іс жүзінде қоғамды тұрақтандырады. Осы институттың қызметін басқаруға жұмыс берушілер мен жұмысшылардың бірігіп қатысуы, олардың өзара сенімділігі мен ынтымақтастығы өркениетті қоғам құруда екі базалық принциптерді жүзеге асыруға – жеке жауапкершілікті және ынтымақты өзара көмекті үйлестіреді.

 

МӘСҚ басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде, оның ішінде өңірлерде жұртшылық үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

 

МӘСҚ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (ЕХӘҚМ) бірігіп Қазақстандағы және басқа да әлем елдеріндегі халықты әлеуметтік қорғаудың ағымдағы жағдайы мен даму болашағын талқылау бойынша шаралар өткізеді. Оған 2009 жылғы қазан айында Бурабай кентінде «Қазақстан Республикасындағы зейнеттік және әлеуметтік сақтандырудың дамуы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел мен 2010 жылдың маусым айында Астана қаласында «Әлемдік дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік қамсыздандыру: заман талабына ұлттық көзқарас» тақырыбында өткен халықаралық конференция дәлел бола алады. Бұл шараларда талданған мәселелердің өзектілігін Халық­аралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдатығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски мырза, Халықаралық зейнеттік және әлеуметтік қорлар қауымдастығының төрағасы А.В.Куртин мырза және басқа да қатысушылар өздерінің сөйлеген сөздерінде атап өтті. Конференцияға қатысушы елдердің әлеуметтік ұйымдарының мамандары, ғалым-экономистер, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде әлемнің бірқатар елдерінің әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жетекші мамандарының жасаған баяндамаларын белсене талқылады.

 

Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде өткізілген халықаралық конференция осы процестің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі үшін ағымдағы және алда тұрған міндеттер тұрғысынан ұлттық экономикаға әсерінің бағасын берді. Айтылған шаралар қорытындысы бойынша қатысушылар әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру және халықтың қорғалмаған бөлігін қолдау бойынша қабылданған Шешімге және Ұсыныстарға қол қойды. Сонымен қатар, көрсетілген құжаттарда дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізу жолымен әлеуметтік бағдарламаларды дамытудың жолдары мен жалпы тенденциясы мәселелері бойынша халықаралық пікір алмасуды одан әрі жалғастыру ұсынылды.

 

Мақсатты түрдегі өңіраралық пікір алмасудың мұндай түрі әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық оң тәжірибені қолданудың пайдалылығын көрсетті және МӘСҚ өзінің тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша жоспарына осындай шараларды өткізуді енгізді. Осыған орай, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қазіргі заманғы стандарттарға және Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне сәйкестігін кең көлемде талқылау мақсатында, МӘСҚ ағымдағы жылдың 20 мамырында ЕХӘҚМ бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің дамуы: ағымдағы жағдайы мен даму болашағы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр. Дөңгелек үстел аясында Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардағы халықты әлеуметтік қорғау саласында жүргізген реформалары және басты басымдықтарының бірі «әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясат» болып табылатын Мемлекет басшысының 2011 жылдың 28 қаңтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында Елбасының алға қойған міндеттеріне сәйкес әлеуметтік қамсыздандыруды одан әрі дамыту мәселесі талқыланатын болады.

 

Дөңгелек үстелдің форматы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығы мен басқарудың тиімділігі, әлеуметтік төлемдер деңгейінің тепе-теңдігі бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қатысты тақырыптық баяндамалар мен талқылауларды қарастырады.

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес әлеуметтік қорғалу мәселесі таяу онжылдықтағы ел дамуының басым бағыттарының бірі болғандықтан, дөңгелек үстелдің тақырыбы аса маңызды болып отыр және әлеуметтік қамсыздандыру әлем елдеріндегі күн тәртібінде басты орында тұр.

 

Халықаралық тәжірибеде әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа жүйелері кедейлікпен күресудің, экономикалық өнім­ділікті арттырудың және әлеуметтік тұтастықтың, сонымен қатар тұтастай алғанда әлеуметтік-экономикалық дамудың ең күшті құралы болып табылады.

 

Тәуелсіздік жылдары Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру өзінің халықты әр түрлі әлеуметтік тәуекелдерден қорғауға қабілеттілігін көрсетті. Ол экономикалық өсуге, әлеуметтік әділеттілік және халықтың әл-ауқатын жақсартуға өзінің теңдессіз үлесін қосып келеді.



Информация о работе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – аталған саланың маңызды институты