Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызметі, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:29, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.

Содержание

Кіріспе.
1. Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
Өкілетті органдар.
Атқарушы органдар
Сот билігі.
3. Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының принциптері
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (7).docx

— 28.24 Кб (Скачать)

     Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында  орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің жанындағы өзге де   мемлекеттік басқару органы юолып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге  асырады .

    Республика Премьер-Министрі Үкіметтің жұмысын  ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік  міндеттерді бөледі; Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; Үкімет мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді атқарады.

Сот билігі

     Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады.  Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында   Қазақстан   Республикасының Әскери соттары болады.

Республиканың тәуелсіздік  алуына байланысты 1993 жылы қабылданған  Республикалық Конституцияда сот  билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы  Сотқа және Жоғарғы Төрелік  Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын  төменгі соттарға тиесілі екені  көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік  биліктердің  қатарында екендігіне кепілдік берілді. Аталған Конституция  судьялардың сайлануы мерзімін  10  жылға  дейін  ұзартты.

1995 жылы 30 тамызда референдумда  қабылданған мемлекетіміздің жаңа  Конституциясының дүниеге келуінен  басталды.   Жаңа кезең бойынша  сот құрылымына тек Республика  Жоғары Соты  және жергілікті  соттар жататындығы белгіленіп, бұл соттар тұрақты судьялардан  тұратын болды. Сөйтіп, бұрынғы  Конституциялық Сот және Жоғарғы   Төрелік  Сот таратылды.

2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі  Қазақстан Республикасының Президентінің  «Қазақстан Республикасындағы сот  жүйесінің тәуелсіздігін күшейту  жөніндегі шаралар туралы»    Жарлығымен байланысты. Жарлықпен  Республикадағы соттар қызметін  материалдық-техникалық  және өзгедей  қамтамасыз етуді жүзеге асыратын  уәкілетті орган ретінде Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Соты  жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі  комитет құрылып, сот билігі  атқарушы  биліктің  ықпалынан   толығымен  шығарылды.

Республикадағы сот билігінің  тәуелсіздігін бекітудегі тарихи  маңызы бар келесі тағы бір оқиға  – 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен  судьялардың мәртебесі туралы»  Конституциялық Заңның қабылдануы. Бұл  Заң судьялардың құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы  Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілдіктерін кеңейтті /8, 10б./. 

Республиканың сот жүйесі Конституциямен және Республиканың  конституциялық заңымен белгіленеді. Республиканың Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың, лауазымды  тұлғалардың немесе басқа тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға  хақысы жоқ.

Сонымен қатар Конституция  қандай да бір атаумен арнаулы  және төтенше  соттар құруға  жол бермейді.

Сот билігі Қазақстан Республикасының  атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен  ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық  актілерінің,  халықаралық  шарттардың  орындалуын  қамтамасыз  ету.

Соттар шешімдердің, үкімдері мен өзге де қаулылардың Республиканың  бүкіл аумағында міндетті күш  болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері  заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.

Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция  мен заңға ғана бағынады.

Сот төрелігін іске асыру  жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке  әкеп соғады. Нақты істер бойынша  судьялар есеп бермейді.

Заңды қолданған кезде  судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:

-   адамның кінәлі  екендігі заңды күшіне енген  сот үкімімен танылғанша ол  жасалған қылмысқа кінәлі емес  деп есептеледі;

-   бір құқық бұзушылық  үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық   немесе әкімшілік жауапқа тартуға  болмайды;

-  сотта әркім өз  сөзін тыңдатуға құқылы;

- жауапкершілікті белгілейтін  немесе күшейтетін, азаматтарға  жаңа міндеттемелер жүктейтін  немесе олардың жағдайын нашарлататын  заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан  кейін ол үшін жауапкершілік  заңмен алынып тасталса немесе  жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады; 

-   айыпталушы өзінің  кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті  емес;

- ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген  шектегі жақын туыстарына қарсы  айғақ беруге міндетті емес. Діни  қызметшілер өздеріне сеніп сырын  ашқандарға қарсы куәгер болуға  міндетті емес;

-     заңсыз тәсілмен  алынған айғақтардың заңды күші  болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы  негізінде ғана сотталуға тиіс  емес;

-    адамның кінәлі  екендігі жөніндегі кез келген  күдік айыпталушының пайдасына  қарастырылады;

-      қылмыстық  заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің  тәуелсіздігін күшейту жөніндегі  шаралар туралы» Жарлығымен республикадағы сот тәуелсіздігінің жаңа бір  кезеңі басталды. Жарлықпен репсубликадағы сот тар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде    Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі  Комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен  шығарылды.

Республикадағы сот билігінің  тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы  сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі  туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.

3 .   Мемлекеттік аппарат  қызметінің және ұйымдастырылуының  негізгі  қағидалары

Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды  адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске  асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне  қатысуының демократиялық жолдары  – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты  құрады, азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік  аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-бабында «Азаматтардың  тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің  өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі  әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі»  делінген. Қатысудың түрлері былай  деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару  органдарына жеке және ұжымдық өтініштер  жолдау; мемлекеттік органдар мен  өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.

Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары –  бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет етуінің негізгі  бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар жатады:

1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;

2) демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын білдірді;

3) биліктің тармақтарға бөліну қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға негізделген;

4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін білдіреді;

5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің ақпараттармен танысуын білдіреді;

6) кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;

7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;

8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл қағида мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді байланысын білдіреді;

9) бағыныстылық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік  органдардың мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қарастырып өткен тақырыпты  қорытындылай келсек,  мемлекеттік  аппарат дегеніміз – бұл мемлекеттік  билік пен мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар жүйесі, басқаша айтқанда, мемлекеттік  басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.

Сонымен, мемлекеттік аппарат  өкілетті, атқару жане сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік  органдар төменгі және жоғарғы органдарына  бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық жане жергілікті органдарға бөлінеді.

Ал, мемлекеттік органдар деп мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық элементін айтамыз.  Мемлекеттік  аппарат ұғымы мемлекеттік органдар түсінігінен ауқымды болып келеді. Екеуін шатастыруға болмайды.

Кез келген елдің мемлекеттік  аппарат өз құрылымымен ерекшеленеді. Біздің Республикамыз егеменді, құқықтық мемлекет, демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, тәуелсіз деп танылғаннан бері мемлекеттік  аппаратта біршама өзгерістер болды. Осы өзгерістердің енгізілуімен мемлекеттік аппарат құрылымының  әр элементі дербес, тәуелсіз кең өкілеттіктерге ие болды.

Осы тақырыпта, жоғарыда айтылып  кеткен ерекшеліктер мен өзгерістер  кеңірек ашылды деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н.

1. Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы, ҚазМу баспа орталығы.  1999. 320б.

2.  Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңы. 27б.

3. Булгакова Д.А. «Мемлекет  және құқық теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті» 2004ж. 106б.

4. Ағдарбеков Т. «Мемлекет  және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328б.

5. Қазақстан Республикасының  «Парламенті және оның депутаттарының  мәртебесі туралы» Конституциялық  Заңы. //Егемен Қазақстан. 1995ж.   21 қазан.  3-5б.

6.  Қазақстан Республикасының  Конституциясы. –Алматы, «Жеті  жарғы».

2000ж. 48б.

7. «Қазақстан Республикасының  Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақтан 1999ж.  15 мамыр. 3-4б.

8. Қазақстан Республикасының  соттарының қысқаша тарихи кезеңдері.  Зерттеу нәтижесі. //Тураби. 1/2001 10-11б.

9. Амандықов С.К. «Қазақстан  Республикасының Конституциялық  құқығы». Оқу құралы. – Астана. 2001ж. 348б.

10. Мемлекет және құқық  негіздері. Оқулық. Алматы. 574б.

11. Қазақстан Республикасының  «Соттар және судьялардың құқықтық  жағдайы туралы» Конституциялық  Заңы. //Егемен Қазақстан. 2000ж.     28 желтоқсан. 3-4б.


Информация о работе Мемлекеттік аппараттың түсінігі, нысандары, қызметі, түрлері