Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 20:46, реферат
Аумақтық әділет органдары, құрылымдық бөлімшелер, Комитеттер және ведомстволық бағынысты кәсіпорындарда мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары жолға қойылған. Жұмыс жоспарында мемлекеттік тілге қатысты мәселе міндетті түрде енгізіледі. Талдау және қорытындылау жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Сонымен қатар, атқарылған жұмыс бойынша Ішкі әкімшілік департаментіне тоқсан, жартыжылдық, жылдық ақпарат және айына бір рет шығыс және кіріс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолдану үлесін анықтау негізінде есеп беріп отырады.
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" ҚР Заңын (бұдан әрі - Заң ), Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру, сондай-ақ әділет органдары жүйесінің іс қағаздарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда.
Заңға және Бағдарламаға сәйкес ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 31 наурыздағы № 99 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттерінің, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының іс қағаздарын мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру кестесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әділет органдары жүйесінің іс қағаздарын жүргізу толығымен мемлекеттік тілге көшірілді. Ал Министрліктің орталық аппараты ҚР Әділет министрінің «Мемлекеттік тілдің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 343 бұйрығына сәйкес 2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшірді. Сондықтан Әділет министрлігінде заң жобалары мемлекеттік тілде дайындалады.
Құжат тілінің мемлекеттік тілде болуын қамтамасыз ету жөнінде 2005 жылғы 20 тамыздағы, 2007 жылғы 30 мамырдағы және 2008 жылғы 16 шілдедегі арнайы тапсырмалары берілген.
Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын одан әрі жетілдіру мақсатында, ҚР Әділет министрінің 2009 жылғы 18 наурыздағы № 28 бұйрығына сәйкес әділет органдары жүйесіндегі барлық бөлімшелердің басшыларына мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің түпнұсқалығын қосқанда, құжаттардың сапалы дайындалуына дербес жауапкершілік жүктелген.
Осы жылғы наурызда қолданыстағы заңнамаға тіл мәселесі бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесі Заңнама департаментіне жолданды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы салалық терминологиялық комиссияның жұмысын жандандыру мақсатында оның құрамы қайта қаралып, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 69 бұйрығымен оның жаңа құрамы бекітілді.
Әділет жүйесінде мемлекеттік тілді оқыту жолға қойылған. Мемлекеттік тілді оқыту 2001-2002 оқу жылында республика бойынша қазақ тілін оқытатын 64 топ 566 адам тартылған болатын. Бұл көрсеткіш 2002-2003 оқу жылында 2220 қызметкерге жетті. Ал 2006-2008 оқу жылында 12 500, 2008-2009 оқу жылында 12 573 тыңдаушы қамтылды.
Республика бойынша 2009-2010 оқу жылында 7033 тыңдаушы типтік бағдарламаға сәйкес аптасына үш рет қазақ тілі сабағына қатысуда.
Орталық аппараттың, Құрылымдық бөлімшелер, аумақтық әділет органдарының, Комитеттер (ҚАЖ комитетінен басқа), ведомстволық бағынысты ұйымдардың 679 қызметкерлері үшін сабақ арнайы жабдықталған лингафон кабинеттерінде өтеді, 2010 жылы «Астана тіл академиясы» ЖШС-і мен жасасқан келісім-шарт бойынша 70 қызметкерлер 7-топқа (бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген) бөлініп оқытуға тартылған.
Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің аумақтық басқармаларында
2009-2010 оқу жылы – 6354, ал орталық аппаратында
– 43 тыңдаушы 7-топқа (бастауыш, жалғастырушы
және тереңдетілген) бөлініп
Аумақтық әділет органдары, құрылымдық бөлімшелер, Комитеттер және ведомстволық бағынысты кәсіпорындарда мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары жолға қойылған. Жұмыс жоспарында мемлекеттік тілге қатысты мәселе міндетті түрде енгізіледі. Талдау және қорытындылау жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Сонымен қатар, атқарылған жұмыс бойынша Ішкі әкімшілік департаментіне тоқсан, жартыжылдық, жылдық ақпарат және айына бір рет шығыс және кіріс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің қолдану үлесін анықтау негізінде есеп беріп отырады.
ҚР Әділет министрлігі құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық әділет органдарындағы (қала мен аудандарды қосқанда) келіп түскен мәліметтер негізінде 2010 жылдың қаңтар айынан бастап әр ай сайын шығыс құжаттарының есебі алынып мониторингі жасалып, нәтижесі Әділет министрлігінің құрылымдарына жолданып тұрады.
Шығыс құжат айналымындағы тілдердің қолданылуының 2010 жылдың І, ІІ тоқсанындағы және І-жартыжылдықтағы сандық, пайыздық көрсеткіштері және сипаты, тілі бойыншажасалған мониторингтің нәтижесі бойынша алда тұрған міндеттер айқындалды.
Талдау көрсеткендей Орталық аппараттан, комитеттерден және түскен мәліметтерге сай 2010 жылғы І жартыжылдықтағы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100% пайызды құрады.
Облыстық және Астана, Алматы (80,8 %) қалаларының әділет департаменттерінен түскен мәліметтерге сай 2010 жылғы І жартыжылдығында құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 98,5 % құрады.
Егер, өткен жылдармен салыстырар болсақ, құжат айналымын талдау негізінен құжаттың тіліне назар аударылса, биылғы жылы құжаттың түрі мен сипаты да қамтылып, орталық және облыстық департамент аппараты ғана емес облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әділет органдарының (қалалық, аудандық әділет басқармалары) көрсеткіштері қоса, оның ішінде азаматтардың арыз-шағымдары да толық есепке алынып жасалды.
2010 жылғы 1 жартыжылдықта барлығы – аударма саласы бойынша 464 беттегі 166 құжат редакцияланды, 905 беттегі 96 құжат аударылып, әдістемелік көмек көрсетілді.
Демек, қазақ және орыс тіліндегі мәтіндердің сауаттылық, көркемдік сапасын қамтамасыз етуге, қажет болған жағдайда редакциялау мен түзету жұмыстарын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын табуда.
Осы мәліметтер мемлекеттік тілдің жұмыста және іс қағаздарында қолданылуының негізгі көрсеткіші болып отыр.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту үшін қызметкерлердің дербес компьютерлеріндегі іс қағаздар үлгілері базасын жаңартылды.
ТІл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында және жұмыста басшылыққа алу үшін «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңын орындау және мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленіп құрылымдық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық әділет органдарына жолданды.
Қызылорда облысының
әділет департаменті мемлекеттік тілді
қолдану және дамыту бойынша 2010 жылға
арналған іс-шаралар жоспарын бекіткен.
Жоспарда қарастырылған іс-шаралардың
мәні мен өзектілігіне баса назар аударылған.
Елбасының мемлекеттік тіл мәселесі бойынша қойып келе жатқан талаптарын іске асыру мақсатында мемлекеттік тіл дамыту саясатын жүйелі, оның қолдану аясын кеңейте отырып насихаттау мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану шараларымен үндес болуы тиіс болғандықтан әділет жүйесінің ресми WEB-сайтында тіл дамыту саясатына арнайы «Мемлекеттік тіл мәртебең» атты айдар ашылды. Бүгінгі таңда тиісті мәліметтер жарық көруде.
Министрліктің көздеген мақсаты – ресми WEB-сайтта қазақ тілінде жарияланатын мемлекеттік тілдегі ақпараттық толықтыру жұмыстарын жетілдіру.
Осыған орай Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық органдарында 2010 жылғы 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында мемлекеттік тілді қолдану мәселесі бойынша айлық өткізілді. Сондай-ақ, аумақтық әділет департаменттерінің осы айлық жөнінде ұсынған ақпараттарына шолу жасалып, құрылымдық бөлімшелер, ведомстволар, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен аумақтық әділет органдарына жіберілді.
2010 жылдың қаңтар айынан бастап әділет органдары жүйесінде тілге байланысты заңдарды жетілдіру және түсіндіру жұмыстарын жандандыру мақсатында БАҚ-да осы тақырыпта сөйлеп, арнайы жоспарға сәйкес дәріс оқу, тағлымдамалар, «дөңгелек үстел» және т.б. өткізу жұмыстары жаңа сапада жалғасын тапты.
Сонымен қатар, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» және «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тақырыптарда, Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық органдарында бірінші басшылардың қатысуымен ашық сабақтар, семинар, конференциялар өткізілді.
Мемлекеттік тілді дамыту және аударма басқармасының ұсынымы бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын жалпы ұлттық жоспарды іске асырудағы тіл туралы заңнамаларды насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде», «Ана тілім-ақыл ойым, ардағым», «Ана тілім-ардағым» және «Қазақ тілінің болашағы жастардың қолында» деген тақырыптарда әділет басқармаларының бірінші басшыларымен қатысуымен ашық сабақтар өткізіліп, Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңының 4-бабына сәйкес өзара және іскерлік қарым-қатынас жасауды, қазіргі заманға сай іс-қағаздарын жүргізуді жүзеге асыруда мүмкіндік беретін мемлекеттік тілді оқыту деңгейін жан-жақты қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.
Нәтижесі 2010 жылдың І-жартыжылдығында Министрлікті
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік, Батыс, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстары насихат жұмыстарын ұдайы жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдарына жиі шыққан.
Сонымен бірге Басқарма бастығы С. Әлібаев БАҚ-та және WEB-сайтта 4 мақала жариялады және сарапшысы А. Байзахов Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастырған 2 ғылыми-конференциясының жұмысына қатысты.
Сонымен қатар, Басқарманың қызметкерлері Б. Тұрғанбаева мен А. Байзахов қоғамдық «Тіл жанашыры» төсбелгісімен марапатталды.
Басқармаға жүктелген басқа да міндеттер дер кезінде орындалуда.