Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:14, курсовая работа
Мемлекет механизмiнiң өзiне тән белгiлерi:
реттелген мемлекеттiк органдар;
оларды бiрлiгiн қамтамасыз ететiн алдына қойған мақсаты;
оның негiзгi элементi болып мемлекеттiк органдар тұрады;
ол ұйымдық және материалдық күш жүйесi, осының арқасында мемлекеттiк билiктi жүргiзедi, алдына қойған мақсатына жетедi.
Екiншi заңдылығы—бiрiнiң қызметiн бiрi қайталамайтын органдардың болмауы.
I. Кiрiспе
II. Негiзгi бөлiм
а) Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi.
ә) Мемлекеттiк аппарат және орган анықтамасы және олардың белгiлерi мен жiктелуi, принципi.
б) Қазақстан Республикасының Үкiметi (министрлiктер).
в) Заңды қорғау органдарының түсiнiгi мен мiндеттерi.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
6. Ұйымдық-құқық қызметтерi түрiне байланысты:
Принциптерi.
Құбылыстың, заттың жұмыс жасауының, ең басты идеясы, талабы, бастауы.
Мемлекеттiң механизмiнiң принципi дегенiмiз—бұл механизм жұмыс iстеуiнiң ең басты идеалары, талаптары.
Мемлекеттiң механизмiнiң принципi екiге бөлiнедi:
1. Жалпылық
2. Арнайы
1) Заңдылық—бар адамдар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар заңды бұлжытпай орындауы керек ал егер орындамаған жағдайда жауапқа тартылуы керек.
2) Халықтың билiгiн қамтамасыз ету принципi.
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша мемлекет билiгiнiң қайнар көзi халық. Сондықтан ең маңызды мәселелер шешiлгенде халық тiкелей қатысты болады. Ол: Референдум немесе бүкiл халықтық дауыс беруi арқылы.
3) Гуманизм принцiпi—мемлекеттiк орган заңға сүйенуi керек және онеге имандылық талаптарына сәйкес болуы керек.
4) Заң алдында барлығы тең принцiпi.
5) Мемлекет қызметкерлерiнiң құзiретi жоғарғы кәсiби принципте болуы.
Арнайы принциптер.
Кейбiр мемлекет органдарына қойылатын талаптар мен бастаулар.
1) Кiнәсiздiк принципi: адамның кiнәсi жоқ деп есептелiнедi, егер адамды кiнәлi деп тапса онда адамның кiнәсi сотпен дәлелденуi керек, және үкiмiмен анықталуы керек. Сотта туысқандар куә бола алмайды. Егер сот кiнә туралы күмән тапса онда адам кiнәсiз деп есептелiнедi.
б) Қазақстан Респуб-ның Үкiметi (министрлiктер).
Министрлер Кабинетi (Үкiмет)
Қазақстан Республикасының Үкiметi жиырма шақты министрлiктен (өнеркәсiп, денсаулық сақтау, бiлiм, iшкi iстер, қорғаныс т. б.), он шақты мемлекеттiк комитеттен (мемлекеттiк мүлiк, жастар iстерi жөнiндегi, монополияға қарсы саясат т. б.), 4 комитеттен (тiл, статистика жөнiндегi т. б.) және 4 бас басқармадан (атом энергиясы т. б.) тұрады.
Министiрлiк атқарушы өкiметтiң орталық органы болып табылады, ол өзiне жүктелген қызмет саласына басшылық жасайды. Министрлiк басшысы министр, ол лауазымы бойынша Министрлер Кабинетiнiң құрамына кiредi, өзiне жүктелген қызмет саласын дара басшылық негiзiнде басқарады және министiрлiктiң жұмысына жеке жауап бередi. Мемлекеттiк комитет те атқарушы Үкiметтiң орталық органы болып табылады. Ол саларалық мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады. Мемлекеттiк комитеттiң төрағасы да Министрлер Кабинетiнiң құрамына кiредi. Ал, бас басқарма, инспекциялар Үкiметтiң орталық органдары ретiнде өздерiнiң құзырына жататын мәселелердi басқарады.
Мемлекеттiк басқару iсiн жүзеге асыру үшiн Республиканың аумағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлшектерге бөлiнедi. Әкiмшiлiк аумақтарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар құрылады. Жергiлiктi өкiлдi органдар – аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттар. Кеңестердi азаматтар бес жыл мерзiмге сайлайды. Жергiлiктi маслихаттар – халықтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жатады. Олардың негiзгi атқаратын қызметi:
Өзiне жүктелген мiндеттердi қалай атқаратынын жергiлiктi мәслихаттардың қызметiнен байқауға болады.
Жергiлiктi басқарушы орган әкiмшiлiк деп аталады. Әкiмшiлiктiң басшысы – әкiм Президенттiң тiкелей өкiлi болып есептеледi.
Облыстық әкiмдi президент тағайындайды, ал аудандық әкiмдi Президенттiң келiсiмi бойынша облыстық әкiм тағайындайды.
Жергiлiктi әкiм: заңдардың орындалуын, қоғамдық тәртiптi сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерiн қорғауды, нарықтық қатынастарды дамытуды, меншiктi мемлекет иелiгiнен елмен жекешелендiрудi жүзеге асырып отыруға мiндеттi. Осындай аса маңызды мiндеттердi жергiлiктi әкiм, әкiмшiлiк тиiмдi орындай алса, халық алдында өз борышын ақтаған болады. Орындай алмаса, халық өз пiкiрiн айтып, әкiмшiлiктiң қызметiн жөнге салуы хақылы.
Өзiн-өзi билеу тек әкiмшiлiк аумақта емес, әрбiр мекемеде, ұйымда жүзеге асырылуға заңды негiз хақы салған. Мәселен, мектеп ұжымы да өзiнiң iшкi өмiрiнiң мәселелерiн өзi шешуге хақылы. Ол үшiн әдетте, мектеп кеңесi құрылады. Мектеп кеңесiнiң құрамына оқушылар, мұғалiмдер, ата-аналар, мектеп әкiмшiлiгi өкiлдерi сайланады. Әр мектептiң ерекшелiгiне байланысты мектеп кеңесi мектеп өмiрiнiң негiзгi мәселелерiн қарап, шешуге ат салысады.
Барлық мемлекет органдары, лауазым иелерi жастардың ерекше әлеуметтiк топ ретiнде мүдделерi мен мұқтаждықтарын мойындап, рухани дамуына, дене шынықтыруына, кәсiби даярлығына, оқуда, еңбекте, ғылымда, қоғамдық қызметте өздерiнiң қабiлетiн жүзеге асыруына қажеттi экономикалық, құқықтық және әлеуметтiк жағдайлар жасауға мiндеттi.
Әдiл сот қызметiн жүзеге асыру – мемлекттiк өкiмет билiгiнiң ерекше түрi. Сот iсiне басшылық күшiн Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Жоғарғы төрелiк сот құрылған. Сот билiгiн аудандық, облыстық соттар да жүзеге асырады.
Демек, сот билiгiн Жоғарғы Кеңес те, Президент те, Үкiмет те, басқа да мемлекет органдары атқара алмайды. Бiрақ, Жоғарғы Кеңес сотталған адамдарға рақымшылық жасау туралы құжаттар шығаруға хақылы. Президент сотталған азаматтарға кешiрiм берудi жүзеге асырады. Дегенмен, бұл әректтер сот билiгiн жүргiзуге жатпайды.
Ерекше айта кететiн жағдай, Конституция сот iсiн жүргiзудiң төтенше түрлерiн құруға жол бермейдi. 30- 50-жылдары елiмiзде заңда көрсетiлмеген органдар («Үштiк», «бестiк») төтенше сот қызметiн жүргiзiп, мыңдаған кiнәсiз адамдарды жазалаған болатын. Ендi ондай озбырлыққа тыйым салынды.
Судьялар тәуелсiз болуға тиiс, олар тек Конституция мен заңдарға бағынады.
«Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.» (ҚРКон. 77-бап. 2-тарау.)
Жаңадан құрылған Конституциялық соттың орны ерекше.
в) Заңды қорғау органдарының түсiнiгi мен мiндеттерi.
Заңды қорғау дегенiмiз бұзылған құқықты орнына келтiруге, заң бойынша мiндеттiң орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет органың мәжбүрлеу қызметi. Демек, бұл қызметтiң жүзеге асырылуы үшiн бiреудiң заңда белгiленген құқықты бұзылуы қажет. Мәселен, бiреудiң мүлкiне зиян келтiруге болмайды. Егер кiм болса да қасақана немесе абайсызда бiреудiң меншiгiне зиян келтiрсе (ұрласа, бүлдiрсе, жоғалтса) кiнәлi адам оның орнын толтыру керек. Заң азаматтарға, лауазымды адамдарға көптеген мiндеттердi жүктейдi. Егер олар осындай мiндеттердi орындамаса немесе тыйым салынған iстердi жасаса жауапқа тартылады.
Келтiрген зиянды кiнәлi адам мүмкiндiгiнше өз еркiмен орнына келтiруi тиiс. Мәселен, машина жүргiзушi абайсызда бiреудiң сиырын басып кеткен бiрақ, оның құнын өз еркiмен төлейдi. Мұндай жағдайда зардап шеккен адам соттан зиянын өтеу туралы көмек сұрамайды.
Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды да заң қорғайды оларды орнына келтiру жолдарын белгiлейдi.
Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа да қатiгездiк немесе адамдық қадыр қасиетiн қорлайтындай жәбiр көрсетуге не жазалауға болмайды. (17-бап)
Егер заңның осы талабы бұзылса, қиянат көрген адам мемлекет органының көмегiн сұрауға құқылы.
Сонымен, бұзылған құқықты орныныа келтiру үшiн де, заңда белгiленген мiндеттi орындамаған үшiн кiнәлi адамға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Осы шараларды қолдану үшiн ерекше заң қорғау органдары құрылады. Мемлекеттiң мәжбүрлеу кiнәлi адамға әсер етудiң қатаң құралы болғандықтан, ол мүлтiксiз заң негiзiнде қолданылуы қажет. Былайша айтқанда, мәжбүрлеу шараларын мемлекет органдары тек заңға сәйкес және заңның көлемiнде қолдануға тиiс.
Заңды қорғау үшiн мемлекетiмiзде мынадай органдар құрылған:
СОТ. Сот билiгi Қазақстан республикасы атынан жүзеге асырылады. Оның алдына қойылған мақсат азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, шындылық пен әдiлеттiлiктi қамтамасыз ету. Сот iстердi аттасушы жақтардың тiклей қатысуымен жүргiзедi. Сотта iс қағаз тiлiнде немесе қатысушыларға түсiнiктi нұсқа тiлде жүргiзiледi. Сот iсi жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адам ана тiлiнде сөйлеуге хақы бар. Мұндай адамның сөзiн сот аудармамен қамтамасыз етедi. Соттың iс ашық жүргiзiледi. Тек мемлекеттiң құпиясын, отырысының сырын сақтау керек болса, iс соттың жабық мәжiлiсiнде қаралады.
Соттың шешiмдерi мен талаптарын барлық органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және азаматтар орындауға мiндеттi. Орындамаса, кiнәлi адам жауапқа тартылады.
Судьялар iс қарағанда тәуелсiз болып саналады. Сот iсiне ешкiмнiң араласуға хақы жоқ. Сот iсiне араласқан, сот әдiлдiгiне қол сұққан адам жауапқа тартылады.
Судьяға ешкiмнiң тиiсуге хақы жоқ. Оны қамау үшiн, күштеп әкелу үшiн судяны сайлаған орган келiсiмiн беру керек.
Қазақстанда сот қызметiн атқаратын Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Жоғарғы төрелiк сот, жергiлiктi соттар құрылған.
ПРОКУРАТУРА. Заңның дәлме-дәл және бiркелкi орындалуын қадағалайтын орган. Кейде мемлекет органдары, лауазым иелерi заң өмiрдiң барлық ерекшелiктерiн ескермейдi деген сылтау мен заңның талаптарын бұрмалауға, дәлме-дәл орындамауға тырысады. Немесе заңды ашықтан-ашық бұзатын әрекеттер жасайды. Осындай сәттерде прокуратура органдары бұзушы мемлекет органынан, лауазым иесiнен заңды бұрмалауды, бұзуды тоқтатуын, заңның қағидаларын дәлме-дәл орындауын талап ете алады. Сонымен қатар прокуратура органдары қылмысты қудалауды жүзеге асырады.
Қылмыс бойынша iс қозғайды, қылмыс жасағандарды жауапқа тартады, тергеу жүргiзедi. Ал, соттарда iстердi қарағанда мемлекет атынан айыптаушы ретiнен қатысады.
Прокуратура органдары, онда iстейтiн қызметкерлер өкiлеттiгiн жүзеге асырғанда ешкiмге тәуелдi емес, тек қана заңға бағынады. Прокуратура органдары қоғам өмiрiнiң барлық салаларында заңның дәлме-дәл және әркелкi орындалуын қадағалайды. Сондықтан, Қазақстан республикасы прокуратурасының құрамында облыстық дәрежедегi 21 прокуратура, 39 қалалық, 243 аудандық, 13 әскери прокуратура, еңбекпен түзеу мекемелерiн қадағалау жөнiнде 7, 11 табиғат қорғау, 22 көлiк прокуратуралары бар. Бұл органның мақсаты – қайтадан күнде де заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, осы шараларды жүзеге асырудың негiзiнде тәуелсiз мемлекетiмiздiң нығаюына жәрдемдесу.
Iшкi iстер органдары. Заң бойынша iшкi iстер органдарының мiндеттерi мыналар: