Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 17:32, реферат
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын.
КІРІСПЕ ..............................................................................................................3
I-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ......4
1.1 Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ......................4
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары ...................7
II-тарау. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ ............................................15
2.1 Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық саясаттарының экономиканы реттеудегі маңызы мен жүргізілу механизмі .................15
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының жаңа бағдарының маңызы мен қызмет ету механизмі ..........................19
Қорытынды ..........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................26
Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, бүгінде қаржы секторының барлық сегменттерінде құрылымдық реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының банк жүйесі банк қызметтері бойынша әлемдік стандарттарға өтуді қолға алды. Еліміздің зейнетақы және төлем жүйелері ТМД елдері ішіндегі ең дамыған жүйелер болып отыр. Біздің қаржы жүйеміздегі Ұлттық банк басқа елдерге үлгі ретінде алынуда. Осылайша Қазақстан Ұлттық банкі ТМД елдерінің жалғыз орталық банкі қызметін атқаруда.
Еліміздің Ұлттық банкі бүгінде осы деңгейде сапалы түрде қысқа мерзім аралығында ақша-несие саясатының дамыған елдердегі стандарттарына өтуіне байланысты болып отыр. Оның негізі 2004 жылы 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі басты мақсаты бағаның тұрақтылығын сақтау, яғни ақша-несие саясатының басқа түрлері (айырбас бағамы, ақша агрегаттары) бастапқы мақсат болып табылмайды.
Ұлттық банк негізгі мақсатын орындаудағы міндеттері мемлекеттік ақша-несие саясатымен ұштасып, елдің төлем балансының функционалды дамуын қамтамасыз ету, валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүргізу, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Ұлттық банктің ақша-несие саясатындағы негізгі мақсаты ретінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өзінің алдағы уақыттардағы саясаттарын алдағы жылдарға белгіленген шамалар негізінде қатаң түрде жүргізуге бағытталып отыр. Осы саясат негізінде инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін және Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу бойынша Еуропалық кеңістіктің стандарттарына өту барысындағы шараларын айтып кетуге болады.
Қазіргі таңда ақша-несие саясатын жүзеге асыруда онымен бірге орын алып отырған мәселелер тобын айта кету қажет, олар өздеріне ерекше оларға экономиканың перегреві, шетел капиталдарының жоғары ағылымы, қаржы рыногының өтімділігінің азаюы. Осыған байланысты инфляция тек қана Ұлттық банк бақылауында ғана анықталып қоймай, ол кең мақсатта еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларына тәуелді болып отыр. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция арасындағы байланысты есеке отырып Ұлттық банк оларды реттеудегі трансмиссионды механизм – комплексті шараларға әсер ету әдістерін қолдануда. Сондықтан жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ақша-несие саясаты құралдарының бірі пайыз саясатын қысқа мерзімдегі негізде өсіру қолға алынып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк 2005 жылы ақша-несие саясаты арқылы реттеуді кеңейтті. Оларға: ақша-несие саясаттарын оптимизациялау, салымдардың тартылу мерзімдерін белгілеу, қысқа мерзімді ноталардың айналысқа шығуы, қайта қаржыландыру операциялары. Осы қайта қаржыландыру елдегі инфляцияны төмендету мақсатында пайыздарды өсіруді қолға алды. Қаржы рыногын қайта қаржыландыру пайыздары арқылы кварталдар бойынша бақылап, оны реттеп отыруа ақша-несие саясатының белгіленген бағыттары бойынша қызмет етуге мүмкіндік береді. Еліміздегі жоғары экономикалық өсуге байланысты Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясатын қолдануға мәжбүр болуы, ол 2005 жылы қайта қаржыландыру пайыздарының біртіндеп өсуімен байланысты: 2005 жылы 1 ақпанда 7%-дан 7,5%-ға және 1 шілдеде 8%-ға өсуімен байланысты. Алайда инфляциялық процестердің аяқталуына байланысты Ұлттық банктің алдағы уақыттарда ақша-несие саясаты бойынша басқа да пайыздардың өсуін қарастырады.
Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясатын атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты құрал болып Ұлттық банктегі банктердің депозиттары болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің өңдеу салаларының құлдырауы, шаруашылық байланыстарының нашар дамуы және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген сұраныс арта түсуде.
Сондықтан алдағы уақыттарда еліміздің есеп айырысудың қолма-қолсыз түрлерімен жүргізілетін опрерацияларға сұраныстың өсетіндігін және осыған орай еліміздің қаржы саласы мен Ұлттық банкі бірлесе отыра шетелдік тәжірибелер негізінде отандық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін дамытуы тиіс.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР