Кәсіпкерлік

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:46, реферат

Описание работы

Кейбір кәсіпорын болмасын өзінен - өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты бірінші жағынан - өндіріс факторы нарығы, екінші жағынан - өндіріс факторы нарығы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экононмикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын нарықпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесінжалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Содержание

Кіріспе 1
І – Тарау. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері 1
ІІ - Тарау. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері 2
ІІІ – Тарау. Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты 3
Қорытынды 4

Работа содержит 1 файл

касипкерлик.docx

— 23.46 Кб (Скачать)

Мазмұны:

Кіріспе 1

І – Тарау. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері 1

ІІ -  Тарау. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері 2

ІІІ – Тарау. Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты 3

Қорытынды 4

Пайдаланған әдебиет: Ошибка! Закладка не определена.

 

Кіріспе

Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен - өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты бірінші жағынан - өндіріс факторы  нарығы, екінші жағынан - өндіріс факторы  нарығы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын  экононмикасы жеке кәсіпорындардың  басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын  нарықпен зерделеуге тиіс. Сонымен  ол шаруашылық процесінжалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі  көзқарасты қарайды.

Кәсіпорын экономикасы микро  және макроэкономикамиен тығыз байланысты. Микроэкономика – бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономикалық  ғылымның бір бөлігі. Осы салалардағы  тауарлар және қаржы рыноктарын, банктерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды т.б зерттейді. Микроэкономика сол  сияқты жекелеген тауарларды өндірудің  көлемін қалай тағайындайтынын  және олардың бағаларын, халықтың жинақ  ақшаларына салықтар қалай ықпал  ететінін, т.б зерделейді. Ол кәсіпкерлік  қызметінің экономикасы мен ұйымдастыру  мәселелерін де зерттейді. Бұған  жататындар: бизнестінң ұйымдық нысаны және құқықтық негізі, фирмалалардың  қаржы және шаруашылық мәселелерін  жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды жұмылдыру тәсілі, рынокты  монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәсеілісі және өнімдерді  сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б жатады.  

І – Тарау. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері

 

Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың “өз ісіне” деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін  арттыра түседі. Ең соңында бұл  қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік  қайраткерліктің пайда болуына  соғады. Ең соңында бұл қызметтің  ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің  пайда болуына әкеліп соғады.

Кәсіпкерлік дегеніміз –  адамдар мен олар құрған бірлістіктердің  белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелшгше  бел буып, мүліктік жауапкершілікті  сақтай отырып, пайда табу жолын  көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш–жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті  жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай  екі жағдайға; біріншіден, коммерциялық бағыт–бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерджі  жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру  ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми – техникалық прогреске  жетуге тікелей қатысты.

Кәсіпкер қабылданған  заңға қайшы келмейтін қызметтің  қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда  – көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультация қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік  қызметтің субъектілері мыналар  бола алады: 

    • Қазақстан азаматтары;
    • Шетел мемлекетінің азаматтары;
    • Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).

Кәсіпкердің мәртебесі заңды  және заңды тұлғалары мемлекеттік

тіркеуден өткеннен кейін  күшіне енеді.

Құқығы, міндеті жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктерді  ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер:

    • кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы,кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып  алу;
    • барлық субъктілердің нарықтағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
    • меншік түрлеріне және ұйымдастыру - құқықтық формасына  қарамастан кәсіпорын қызметінің тендік жағдайы;
    • кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
    • кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;

- нарықтық монополия жағдайында  кәсіпкерлер мен кейбір тауар  өндірушілердін бәсекеге селқос  қарауына  жол бермеу. 

ІІ - Тарау. Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары  және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері

      

Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.

Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық  болып бөлінеді.  Осылардың әрбір формасы өзіндік  ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік  технологиясы болады.

 

Өндірістік кәсіпкерлік - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және  ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы басқаларға бағытталған қызметтер жатады.

Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурсьар, ал кейде  олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіру және оны  сату мүмкіндігі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкертлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар  – ақша қатынастары, тауар – айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда  өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі  тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта  сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының  өткізу бағысы жағдайында көтерме сатып  алу бағасы елеулі жоғары болуы керек  екеніне сүйіне қажет.

Қаржылық кәсіпкерлік  – коммерциялық кәсіпкерліктің бір  түрі, солай болғандықтан оның сатып  алу, сату объектісі айырмашылығы –  тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай  болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік  – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық  мәмілесі коммерциялық технология мәмілесін  ұқсас болады, айырмасы тек тауар  – қаржы активі болып саналады.

ІІІ – Тарау. Шағын кәсіпкерлік  – ұлттық экономиканы дамытудың  маңызды шарты

 

Кәсіпкерлік, жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық эклнлмиканы  одан әрі дамытуға да аса басты  ықпал етеді. Соңғысын мына жағдаймен  түсіндіруге болады: кәсіпкерлік  өзінің мәнін жете түсіне негізінде (әрбір азаматтың өзінің материалдық  жағдайын одан әрі жақсаотуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы  арқылы жалпы жағдайды тудырады.

Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса  үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі  кезде 90 % - ке жетеді.

2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет  бойынша республикадағы 372 мыңнан  астам шағын кәсіпкерлік субъектісі  тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс  істейтіндері – 29,1 мың болды.  Шағын кәсіпкерлік саласында  жұмыспен қамтылғандардың саны  – 1,4 млн. адамды құрады.

Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнім өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы – 45,9 млрд теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан  Республикасында “Шағын кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы”  бекітілді. Оның басты мақсаты шағын  кәсміпкерліктің өндірістік саласының  серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік  қолдау саясатын жетілдіру болып  табылады.

Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқыгндалған және олар мыналар:

  • Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
  • Қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселеріндегі рөлін күшейту;
  • Шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдалақты дамыту;
  • Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Шағын кәсіпорындардың ең басты  маңыздылығы – бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын  кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге  жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты  азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы  білімділігінің  артуы барысында  азаматтар арасында жаппай өздерінің  жеке қабілеттіліктерін көрсетулері  үдей түседі. Ең алдымен бұған қол  жеткізуде өз істерін ұнататындықтары  және бұған бейімділіктерінің сай  болуына қарай өздерінің жеке “ісін” ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның  өзі сондай – ақ, шағын кәсіпорындырдың  дамуына қажеттілігін тудырады.

Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы нарыққа өуінде шағын  кәсіпорындар “жанама”  өнім ретінде  болмайды. Олар  еліміздің ажырамайтын  саяси – экономикалық жүйесінің  бөлігі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай болғандықтан,  халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде  тартылады; екіншіден, нарықтың жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандыруда іске асыруда  және өндірісті  тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын  кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың  қызмет етуіне тиек болады.

Қазақстан Республикасында шағын  кәсіпкерлікті реттейтін негізгі   заңдық  актілер тізбесі:

- ҚР Азаматтық кодексі. 27.12.94ж. (жалпы   бөлім). 16.12.98.ж өзгерістер енгізілген.

- “Шағын  кәсіпкерлікке  мемлекеттік   қолдау туралы”  ҚР Заңы.  19.06.97ж. №  131-1 (26.07.99ж. өзгерістер  енгізілген).

“Жеке кәсіпкерлік туралы”ҚР  Заңы.19.06.97ж. № 135-1(29.11.99ж. өзгерістер енгізілген).

-“Жұмыстардың жеке түрлері  және қызмет нарығын  дамыту  туралы”ҚР Үкіметтің қаулысы.  31.03.99ж. №343 (14.02.2000ж. енгізілген).

-“Шағын  кәсіпкерлікті  қорғау  мәселелері  бойынша заңдық  актілерге   бірсыпыра қосымша өзгерістер  енгізу туралы” ҚР Заңы 29.11.99ж.  №489-1.

-“Адамдар мен заңды тұлғалардың  кәсіпкерлік қызметіндегі  бостандық   құқығын қорғау туралы” ҚР  Президентінің  Жарлығы . 27.04.98ж.  № 3928.

-“ҚР кейбір заңдық актілеріне  өзгерістер мен қосымшалар енгізу  туралы” ҚР Заңы. 10.07.98ж. № 283-1.

-“ҚР Агенттігінің шағын бизнесті  қолдау мәсәлелері жөніндегі”  ҚР Үкіметінін қаулысы. 26.04.99ж.  № 475.

- “Шағын кәсіпкерлік  мәселелері  жөніндегі” ҚР Үкіметінің қаулысы. 08.04.97ж. № 499.

- “Шағын кәсіпкерлікті дамыту  мен қолдаудың 2001–2002 жылдарға  арналған Мемлекеттік бағдарламасы”.  Қазақстан Республикасы  Президентінің  2001 жылғы  7 мамырдағы  Жарлығы.     

       

                                                   Қорытынды

 

  • Кәсіпкерлік – кәсіпорынның басшылары мен мамандарының  шаруашылық  қызметінің бір тұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде  ең  белсенді  нысанының  бірі болып табылады.
  • Кәсіпкерлік қызметінің көптеген  түрлерінің  ішінен  негізінен  төртке топтастыруға болады : өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консультативтік.
  • Өндірістік кәсіпкерлік  өнімді өндіруге, жұмыс істеуге  және  қызмет  көрсетуге. жинауға,  өңдеуге және  ақпарат беруге, рухани байлықты  жасауға  бағытталған қызмет.
  • Қызметтің коммерциялық түрінің мазмұны тауар-ақша қатынасы, сауда – айырбас операциясынан тұрады. Оны өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы сол, мұнда  өнімді  шығаруға  байланысты  едәір  өндірістік  ресурстарды қажет етпейді.
  • Қаржы   кәсіпкерлігі  коммерциялық  кәсіпкерліктің  бір түрі  болып  табылады. Солай болғандықтан оның объектісі сатып алу, сату  айрықшылығы  тауарға  шығады : ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акция, облигация, вексель, ваучер), яғни  тікелей  және  жанама  нысаны  түрінде  бір  ақшаны  басқа ақшаларға  сату  шығады.
  • Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар жасалу қажет.               

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Кәсіпкерлік