Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 02:39, реферат
Құқықтанушылар Конституцияның негізгі заң ретіндегі ерекше белглерін анықтай келіп мынаған тоқталады. Жоғарыда атап көрсетілгеніндей тек Конституцияда ғана мемлекеттік және қоғамдық өмірдің негізгі қағидалалары, Қазақстан Республикасының біртұтас демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде құрылғаннын, мемлекеттік билгінің заңды түрде нақтыланғандығы белгіленеді.
Конституцияның заңдық қасиеттері, түрлері, конституциялық құрылысының негіздері
Құқықтанушылар Конституцияның негізгі заң ретіндегі ерекше белглерін анықтай келіп мынаған тоқталады. Жоғарыда атап көрсетілгеніндей тек Конституцияда ғана мемлекеттік және қоғамдық өмірдің негізгі қағидалалары, Қазақстан Республикасының біртұтас демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде құрылғаннын, мемлекеттік билгінің заңды түрде нақтыланғандығы белгіленеді.
1. Қазақстаи Республикасы Конституциясының мемлекеттік және қоғамдық органдардың өзге өкілдеріне де, соның ішінде басқа заңдарға да қатысты ең жоғары заңдық күші болады. Мемлекеттік: органдардың өзге актілері, барлық заңдар Қазақстан Рсспубликасы Конституциясының негізінде және соған сәйкес, сол белгіленген рәсім бойынша қабылданады. Мемлекетіміз жасасатын халықаралық келісімдер (шарттар) де Қазақстан Республикасына сәйкес жасалынуы тиіс. Қолданылып жүрген нормалар Конституциялық қалыптармен сай келмеген жағдайда соңғысы қолданылады, өйткені басқа нормалар осыған сай келтірілуге тиіс Конституцияның қағидаларына қайшы келетін заңдар және өзге актілердің заңдық күші болмайды. Яғни, кез келген демократиялық құқықтық мемлекеттегі ағымдагы заңдар құқықтың базалық көзі ретінде Конституцияға негізделеді және оның әдісі мен рухына сай келуге тиіс. Конституцияның нормалары ағымдағы заңдармен ұштастырылуы мүмкін. Алайда, ағымнан заңдар Конституцияның шеңберінен шығып кетпеуге тиіс және Конституциялық нұсқамалар мазмұнын өзгертпеуге тиіс. Кез келген құқықтық актінің Конституцияға сай келмеуі немесе оған қайшы келуі бұл құқықтық актіні заңдық күшінен айырады, оны жарамсыз етеді. Бұл Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың заңы.
2. Қазақстан Республикасы Констнтуциясының жоғары тұратындығын айрықша қорғауын арнайы мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қамтамасыз етеді. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында құқықтың барлық субъектілері үшін міңдетті болып табылады, бұл шешім түпкілікті және оған шағым жасауға болмайды. Конституциялық Кеңестің қорытынды шешім қабылдауы жеке және заңды тұлғалар үшін заңдық салдар тудырады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабына сәйкес Қазақстан Рсспубликасының Конституцкясына сай келмейді деп танылған заңдар мен халықаралық шарттар қол қойылуға жағдайды немесе тиісінше бекітілуге және күшіне енгізілуге тиісті емес. Заңдарды Конституцияга сай келеді деп тану оларға қол кою мерзімінің басталғандығын білдіреді. Конституцияда баянды етілгеи адам мен азаматтың құқықтыры мен бостандықтарын тарылтады деп танылған заңдар немесе өзге нормативтік құқықтық актілер күшін жояды және қолданудан алынып тасталады. Осындай заңға немесе өзге нормативтік құқықтық актіге негізделген соттар мен өзге де құқық қолдануды органдардың шешімдері орындадуға жатпайды. Конститудияның 40-бабына сәйкес, Республиканың Президенті Конституциянық мызғымастығының нышаны әрі кепілі болып табылады. Ол өзінің антында Қазақстан Реслубликасының Конституциясын қатаң сақтатуға міндеттенеді (42 - бап, 1 - тармақ). Ол Үкіметтің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкімдері актілерінің күшін жоюға не толық немесе ішінара тоқтата тұруға хақылы.
3. Ақыр аяғында, Қазақстан Республикасының Конституциясы тұрақтылық қасиетімен ерекшеленеді. Негізін заң ретінде оған өзгеріс енгізу тәртібі де ерекше сипатта болады, бұл тәртіп Конституцияиың өзінде белгіленеді. Мәселен, 91-баптың 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республнкасының Конституциясыиа өзгерістер мен толықтырулар енгізу Республика Президентінің өз бастамасымен, парламенттің немесе Үкіметтің ұсынысы мен қабылданған шешімі бойынша өткізілетін республикалық референдумда жүзеге асырылуы мүмкін. Егер Президент өзгерістер мен толықтырулар енгізуді Парламенттің қарауына беруді ұсынса, өзгерістер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға тарылмайды. Бұл жағдайда Парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен, яғни әр палата депутатары жалпы санының 3/2 даусымен қабылданады. Ал, егер де Республика Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселелері бойынша республикалық референдумға шығару туралы Парламенттің ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент палаталарының әр қайсысының депуттары жалпы санының кемінде бестен төртіне көпшілік даусымен Парламент осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті осы заңға қол қояды немесе оны референдумға қатысуын құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, ол өткізілді, деп есептеледі, ал егер де осылардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы Республиканың бүкіл аумағында тікелей және тура қолданылады. Бұл конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік құқықтық актілер нормаларынан үстемдігін белгілейтін Конституциядағы 4-баптың 2-тармағының конституциялық нормаларынан туындайды. Осындай констигуинялық ережеге, сәйкес, соттар іс қарағаңда барлық қажетті жағдай да Республика Конституциясын тікелей күші бар акт ретінде қабылданғаны дұрыс. Өйткені конституциялық қағидалар күшін әрі қарай дамытып немесе басқа да құқықтық актілерді тәптіштеуге байланысты қосымша нормативтік актілерді қабылдауға болмайды. Мұндай тәртіпті барлық құқықтық субъектілер орындауға тиісті. Егер олай істемесе онда олардың іс-әрекеттері құқық бұзушылық деп есептелінеді, кінәлі адамдар тиісті жазаға (шараларға) тартылуы мүмкін. Бұл Конституцияның басқа құқықтық актілерге қатысты және заңдармен салыстырғанда республиканың бүкіл аумағында жоғары тұратындығын білдіреді.
5. 1995 жылғы ҚР Конституциясы құқықтық жүйенің ядросы болып табылады. Констиуцияның принцнптері мен ережелері бүкіл құқық жүйесі мен заңдар жүйесі үшін багыт беруші рөлін атқарады. Сондықтан Конституция құқық шығармашылық істерін (процесін) өзі анықтайдьі, яғни әртүрлі органдардың қандай негізгі актілерді қабылдайтындығын, заңдық күштерін, эаңдарды қабылдау тәртібі мен жолдарын белгілейді. Конституциның өзінде қабылданатын көптеген конституциялық заңдар мен ағымдағы заңдар көрсетілген. Жаңа Конституцияны қабылдау, әдетте, көптеген ағымдағы заңдарға өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер және оларды қайтадан өңдеуді тудырады.
Конституциялық құкық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер бойыиша топтастыруға бірнеше мәрте әрекет жасалды. Айталық, мемлекетгік құрылыс нысанына қарай Конституцияны біртұтас (унитарлық) және федерациялық, саясн режимнің сипатына қарай демократиялық, және демократиялық емес, қолданылу ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша деген түрлері ұсынылада, уақыт сайын көрсеткеніндей, өткен ғылым қазіргі күнге дейін қодданылып келе жатқан ескі топтастыру тұрақты екендігін байқатты.
Конституцияны: 1) нысанына, 2) қолданылу тәртібіне; 3) өзгертілу әдісіне қарай осындай түрлерге, бөлімдерге бөлу қабылданған.
Нысанына карай Конституцияның екі түрі бар олар: жазбалы және жазбалы емес конституциялар. Жазбалы Конституция – бұл тұтас жинақталған кодификациялық акт (мысалы, Финляңдияда, Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында), бұлар осы елдердің негізгі заңдары деп ресми түрде жарияланған, Әдетте, жазбалы конституциялар кіріспеден, негізгі мәтіннен және өтпелі кезең ережелерінен тұрады.
Жазбалы Конституция бұл бірыңғай тұтас, американдар бейнелеп айтқанындай, “қалтаға салуға болатын құжат”. Кейбір жағдайларда жазбалы Конституция белгілі бір жүйеге келтірілген бірнеше құжаттан тұруы мүмкін. Осындай жазбалы Конситуция - бұл актілер жиынтығынан (Израиль. Сауд Арабиясында) немесе конституциялық әдет – ғұрыптардын жиынтығынан да құрылуы мүмкін.
Жазбалы емес Конституция - сирек қолданылатын әртүрлі заңдардың, сот үрдістерінің және әдет - ғұрыптардың жиынтығы. Қазіргі кезде ол Ұлыбританияда және Жаңа Зеландиада бар. Жазбалы емес Кокституция жазбалы Конституция сияқты басқару нысанын, мемлекеттік құрылыс нысанын, мемлекеттің жоғары және жергілікті органдарының құрылымын, жеке адамның құқықтық жағдайын және т.б. белгілейді, бірақ сол елдердің негізгі актілері деп формальды түрде болса да жарияланбаған. Өйткені казіргі кезде тұтастай жазбалы емес конституция ешбір елде жоқ.
Конституцияларды өзгерістер мен түзетулер енгзілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлуге болады. Қатаң конституцияларды сайлаушылар қауымы тікелей референдумда (Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында арнаулы құрылтай жиналыстарында мақұлдап, қабылдайды. Мұнда, кез келген өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі мүмкін, тек ерекше жағдайларда ғана тиісті өзгерітер күрделі регламенттелінген тәртіппен енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Конспггуциясы 91-бабының тармағына сәйкес жоғарыда айтылып кеткендей, Конституцияға осындай түзетулерді республикалық референдум не Парламентің шешімімен енгізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысымен енгізіледі.
Ал енді осыны парламенттің олқы заңдарымен салыстырып көрелік. Ондай заңдарды қабылдау немесе оған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен өткізіледі егер Конституцияда өзгеше көзделмесе.
Олқы конституцияларды әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді енгізу жай заңдарға тәріздес тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен заң оргаңдары енгізеді. Саяси тәжірибнеі басшылықка ала отырып конституцияларды қабылдау мен бекітудің демократиялық тәсілі құрылтай жиналысы екенін атап айтуға болады.
Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субьектілердің коистиуциясы болып та бөлінеді. Ресей Федерациясының ерекшелігі сол, оның барлық республикаларының өз конституциясы бар, ал қалған субьектілер конституциялық мәні бар жарғыларға ғана ие (Ресей Федерациясы Конституциясының 5- бабы).
Конституциялар өмірде болып жатқан шындықты бейнелейді, сол күйінде қоғамдық қатынастар жүйесінде, іске асырылады. Бұл жағдайда олар шыншыл болып табылады. Конституциялардың кейбір тұжырымдары Декларативтік түрінде беріледі олардың прннциптері мен нормалары қоғам өміріндегі өзгерістерді қамти алмайды. Ондай конституциялар жалған деп аталады. Кей жағдайларда бұларға кеңестік конституциялар жатады.
Констмтуциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік - экономикалық ұйымындағы жеке адамдардың Ата Заң нормаларымен бекітілген қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл ұғым Конституцияны, конституциялық және жәй заңдарды жоғары санайтын мемлекеттерге ғана тән болмақ. Конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамының қарым -қатынастарынан туыңдайтын негізгі қағидаттарға жататындар: 1) Қазақстан халқының толық билігі, егемендігі; 2) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы; 3) мемлекеттік билікі жүзеге асыру барысында пікір алуандылығы; 4) Конституцияның үстемдігі (жоғарылығы); 5) мемлекет билігінің бөлінісі; 6} адам ққұықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдылығы; 7) мемлекеттік тіл саясатының кепілдігі және өзгелер.
Бұл қағидаттар Қазақстан Республикасы Конституциясының “Жалпы ережелер” деп аталатын 1 бөлмінде баяндалған. Азаматтық қоғам мемлекеті адам мүддесі үшін жұмыс істеуге мәжбүр ете отырып, оны мемлекеттік илікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе - теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырудың қатаң талаптарын қояды. Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының мазмұнында саяси экономикалық негіздер, әлеуметтік саясат негіздері, ішкі саясат негіздері енеді.
Еліміздегі саяси режим демократиялық болып жариялануына орай Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабы халық егемендігінің конституциялық қағидатына арналған. Мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы – халық, онда былай баяндалған; “Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің хақы бар. Өкілді демократия мен тікелей демократияның арасында орасан зор алшақтық болғанымен халық осы екі нысан аркылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай — ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. Және де республика азматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға, сондай — ақ республикалық референдумға қатысуға, бірлестіктерге бірігуге құқығы бар. Және де республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарын сайлауға және сайлануға, сондай – ақ республикалық референдумға қатысуға, бірлестіктерге бірігуге құқығы бар.
Халық конституциялық құрылысты өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға бағытталған күштеу әрекетнің кез-келгеніне қарсы тұра алады. Бұл жеке – дара билікті орнатуға қайта оралмастың кепілі болып табылады. Конституцияның 2-бабының 2-тармағында: “Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамассыз етеді”, - делінген.
Мемлекеттің бүкіл экономикалық саясаты бәсекелестікті, еркін экономикалық қызметті қолдауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 28 – бабы: Әркімнің кәсіпкерлік еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды, кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады деп баяндалған. Мұның барлығы, яғни мемлекет иелігінен айыру, жекешелендіру және акционерлік қоғамға айналдыру инвестициялық бәсекелесткті арттыра түспек.
Қазақстан Республикасында ең қымбат қазына – адам және адамның өмір, денсаулығы, абыройы мен ар – намысы, қадір – қасиеті, жеке басына ешкімнің тимеуі, оның қауіпсіздігі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады және олардың танылуы, сақталуы мен қорғалуы мемлекеттің ең басты, негізгі міндеті болып саналады, оған ешкімнің де күмәні болмауы тиіс. Өйткені, мемлекет тек жеке адамға емес, бүкіл қоғамға қызмет аткарады және ол адамның, азаматтың алдында жауапты. Оны бір жақты түсінбеуіміз керек, себебі жеке азаматтың, адамның өздері де мемлекеттің алдыдағы жауаптьшығын ұдайы сезініп тұруы тиіс және оны іс жүзіне асыруға белсеңділік көрсетулері қажет. Осыған байланысты айта кететін бір жайт - жеке адамның, тұлганың жан -жақты дамуы үшін барлығына біркелкі және әділетті жағдайларды тудыруға мемлекет міндетті. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызыет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, олардың қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемітусіз сыйақы алуына, сондай - ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға кепілдік беруге мемлекет міндетті.
Информация о работе Конституцияның заңдық қасиеттері, түрлері, конституциялық құрылысының негіздері