Конституциялық құқықтың негiздерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 15:40, лекция

Описание работы

“ Конституция ” сөзi негiзiнде латын тiлiнен шыққан, “соnstitutio” латын тiлiнен аударғанда “мекеме”, “бекiтiлiм” дегендi бiлдiредi. Мемлекеттiң негiзгi заңы ретiнде конституция буржуазиялық мемлекеттердiң өмiрге келген соң пайда болды. Конституцияны түрлi негiздермен жiктеуге болады. Конституцияны түрлi негiздермен жiктеуге болады. Олар өзгерiстер мен түзетулер енгiзу тәсiлi бойынша қатаң және өзгермелерi болып бөлiнедi Қатаң конституциялар референдум жолымен жаппай дауыс беру арқылы не арнаулы конституциялық iс-шаралар жолымен немесе Парламентпен қабылданады. Өзгермелелi конституциялар қатардағы зандарды қабылдау тәртiбiмен қабылданады және өзгертiледi.

Содержание

Конституция – мемлекеттiң негiзгi заңы
Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
Қазақстан – президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет
Қазақстан Республикасы сайлау құқығының негiздерi

Работа содержит 1 файл

3-конституциялык кукык.doc

— 40.50 Кб (Скачать)

    Дәрiс  № 3

    Тақырып:  Конституциялық құқықтың негiздерi

  1. Конституция – мемлекеттiң негiзгi заңы
  2. Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
  3. Қазақстан – президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет
  4. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының негiздерi
 

    Конституция – мемлекеттiң  негiзгi заңы

    “ Конституция  ” сөзi негiзiнде латын тiлiнен  шыққан, “соnstitutio” латын тiлiнен  аударғанда “мекеме”, “бекiтiлiм” дегендi бiлдiредi. Мемлекеттiң негiзгi заңы ретiнде  конституция буржуазиялық мемлекеттердiң өмiрге келген соң пайда болды. Конституцияны түрлi негiздермен жiктеуге болады. Конституцияны түрлi негiздермен жiктеуге болады. Олар өзгерiстер мен түзетулер енгiзу тәсiлi бойынша қатаң және өзгермелерi болып бөлiнедi Қатаң конституциялар референдум жолымен жаппай дауыс беру арқылы не арнаулы конституциялық iс-шаралар жолымен немесе Парламентпен қабылданады. Өзгермелелi конституциялар қатардағы зандарды  қабылдау тәртiбiмен қабылданады және  өзгертiледi.

       Формасы бойынша конституциялар  жазылған немесе жазылмаған болуы мүмкiн. Жазылғандар бiрыңғай нормативтiк құқықтық акт түрiнде болады. Жазылмағандар – конституциялық сипаттағы бiрқатар жүйеленбеген актiлер, соттық прецеденттер, құқықтық әдет-ғұрыптар

      Конституцияның болуы – заңдылықтың,  құқық тәртiбiнiң және билiк институтының тұрақтылығының мiндеттi шарты.

       Конституция өзiндiк заңдық ерекшелiктерге: жоғарға заң күшiне, тiкелей әрекет  етуге, құрылтайшылық сипатқаа, түзетулер  қабылдау мен енгiзудiң ерекше  тәртiбiне ие. Конституция қоғамда  пайда болатын күрделi қатынастарды реттейдi, ол барлық салаларды қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтiк және рухани. 

      Конституцияға  түзетулер Республика  Президентiнiң шешiмi бойынша өткiзiлетiн  республикалық  референдуммен  енгiзiлуi  мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтыруларды, егер президент оларды қарауды жоғарғы өкiлеттi  орғанға беруге ұйғарса, Парламент қабылдайды. Конституцияға енгiзiлуге тиiс түзетулер жобасы Парламенттiң екi Палатасының бiрлескен мәжiлiсiнде қаралады. өзгерiстер мен толықтырулар, егер оған Парламент депутаттары жалпы санының төрттен үш бөлiгi жақтап дауыс берсе қабылданады.   
     

    Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық

    және  әлеуметтiк мемлекет

      Конституциялық құрылыс деп мемлекеттiң  құыққа бағынуын қамтамасыз ететiн  және оны конституциялық мемлекет ретiнде сипаттайтын мемлекеттi ұйымдастыру әдiсi ұғынылады. Конституцияға Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысына негiз қалаған қағидаттар бекiтiлген: бұқаралық билiк, мемлекеттiк өмiрдiң барынша маңызды  мәселелерiн демократиялық жолмен шешу, бiртұтастық, мемлекеттiк егемендiк, билiктердi бөлу қағидаты, құқықтық үстемдiгi.

      Конституцияның 1-бабында Қазақстан  Республикасы демократиялық мемлекет  деп белгiленген. Бұл ҚР Конституциясында  мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр  ретiнде халықтың айқындалғаның бiлдiредi. Халықтық билiк республикалық рефенрендум және еркiн сайлау жолымен, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге мемлекеттiк органдарға беру жолымен жүргiзiледi. Демократия тек мемлекеттiк билiк органдарын халықтың құрғанынан ғана емес, сонымен бiрге жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жұмысына қатысуынан да көрiнедi.

      Конституция стратегиялық мақсатты  айқындады – Қазақстанда құқықтық  мемлекет орнату. Конституция, сонымен  қатар, бағдарламалық құжат болуына  байланысты, құқықтық мемлекет құру  барынша созылмалы процесс болып есептеледi. Әлеуметтiк  мемлекет деп басты мiндеттерiнiң бiрi теңдiкке, жалпыға ортақ ынтымақ және өзара жауапкершiлiкке негiзделген қоғамдық процесске қол жеткiзу  болып табылатын мемлекет ұғынылады. Бұл – саясаты адамның  салауатты өмiр мен еркiн дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.

      Қазақстан – зайырлы мемлекет. Бұл дiни бiрлестiктер мемлекеттен  бөлек дегендi бiлдiредi. Олар мемлекеттiк  саясатқа араласпайды, сондай-ақ  мемлекет те дiни бiрлестiктердiң  iсiне араласпайды.  Зайырлы мемлекетте  ресми, мемлекеттiк дiн болмайды және бiр де бiр дiңге басымдалдық берiлмейдi. Мемлекет дiни наным-сенiм мәселелерiнде аралық қалыпты ұстайды. Бiлiм мен дiн бiр-бiрiнен бөлек. ҚР Азаматтары зайырлы бiлiм алады. ҚР дiни бiрлестiктер Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы “Дiни наным-сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы “Заңы негiзiнде қызмет етедi.

      

    Қазақстан – президенттiк  басқару нысанындағы  бiртұтас мемлекет

     Тәуелсiз  Қазақстан мемлекетi құрылған кезден бастап Президент мемлекет басшысы деп жарияланды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елiмiздi президенттiк басқару нысанындағы мемлекет деп жариялады. 

      Президент мемлекеттiк билiктiң  барлық тармақтарымен байланасады.Парламент  қабылдаған заңға Президент қол кояды. Президенттiң тыйым салу хақысы бар, яғни ол заңды пысықтай түсу үшiн Парламентке қайтара алады. Президент өзiне белгiлi бiр мерзiмге арнап заң шығаратын өкiлеттiлiк беру жөнiнде Парламентке ұсыныс енгiзуге хақылы.Егер Парламент Президенттiң өтiнiшiн қанағаттандыратын болса, Президент заң қабылдай алады.

       Егер Параламент қалыпты жұмыс  iстей алмайтын болса немесе  Үкiметпен, Жоғарғы сотпен ымырасыз  алауыздыққа келетiн болса, онда  Президент Парламенттi таратып жiбере  алады. 

      Президент Парламенттiң келiсiмiмен премьер-министрдi және Републиканың Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындайды. Президент Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Бас прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындайды.

      Президент атқарушы билiк тармағына: үкiметке, жергiлiктi атқару органдарына тiкелей ықпал етедi. Президент:

  • премьер-  министр лауазымына адам ұсынады;
  • үкiметтiң құрылымын анықтайды;
  • министрлердi қызметке тағайындайды және қызметпен босатады;
  • министрлiктердi, мемлекеттiк комиттердi құрады және таратады;
  • үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды;
  • үкiметтiң ерекше маңызды мәселелер жөнiндегi отырыстарына төрағалық етедi;
  • Мәжiлiске заң жобаларын енгiзу жөнiнде үкiметке тапсырма бередi;
  • үкiмет шешiмдерiнiң күшiн жояды немесе тоқтата тұрады.

    Президент жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысына да басшылық етедi. Ол областық әкiмдердi тағайындайды және босатады, әкiмдердiң  шешiмiн тоқтата тұрады. Президент  әкiмдермен кеңес өткiзедi, олардың  жергiлiктi жердегi жұмысы  түралы, заңдарды қалай орындап, өз мiндеттерiн қалай атқарып жатқандары жайлы есептерiн тындайды.

      Президенттiң басқа  да өкiлеттiктерi болады. Солардың бiрi – мемлекет  өмiрiнiң аса маңызды мәселелерi  бойынша референдум өткiзу құқығы. Референдум – халықтың мемлекеттi  басқару iсiне  тiкелей қатысуының бiр түрi. Референдум – халықтың мемлекеттi басқаруға тiкелей қатысуының бiр нысаны.    

      Өзiнiң  өкiлеттiгiн орындау үшiн  Президент жарлықтар мен бұйрықтар  шығарып отырады. Президент жарлықтарының  нормативтiк және нормативтiк  е емес түрлерi болады.

      Президент – мемлекет басшысы,  елдiң де, халықаралық қатынастарда  да халық пен мемлекет атынан  сөйлеуге хақылы. Ондықтан Президенттiң  абыройды мен арнамысы қорғалады.  Халықтың қалаулысы ретiнде Президент  соның мүддесiне қызмет етедi.  

    Қазақстан Республикасы сайлау құқығының негiздерi

    Конституция азаматтардың өкiлеттi органдарға, сайланбалымемлекеттiк  қызметтерге сайлау және сайлану  құқығын, сонымен бiрге республикалық  референдумға қатысу құқығын бекiттi. Қазақстан Республикасы сайлау құқығы  мен сайлау жүйесiнiң негiзiн ҚР азаматтарының сайлау құқығы кепiлдiктерi құрайды.

      Сайлауларға және республикалық  референдумға он сегiз жасқа  жеткен, белсендi дауыс құқығына  ие ҚР ке-келген азаматы қатысуға  құқылы.

      Сайлау құқығы – объективтi  негiзде сайлау процессi кезiнде қалыптасқан қатынастарды, сайлаушылардың мәртебесiн, сайлау жүйесiн реттеушi нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы.

      ҚР сайлау төте және жанама  болады. Төте сайлау құқығымен  Президент, Парламент Мәжiлiсiнiң,  Маслихаттардың  депутаттары және жергiлiктi өзiн-өзi басқару мүшелерi сайланады. Жанама сайлау құқығы Парламент Сенаты депутаттарын сайлаған кезде қолданылады.

      Сайлау органдары жүйесiң ҚР  Президентiнiң  ұсынысы бойынша  Парламент Мәжiлiсi сайлаған орталық  сайлау комиссиясы басқарады. Сайлау органдарына участкелiк сайлау комиссиялары, аумақтық және  округтiк сайлау комиссиялары жатады.  

    Қолданылған  әдебиеттер:

  1. Амандыкова С.К. Конституционное право Республики Казахстан – Караганда, 1998.
  2. Баймаханов М.Т. Правовое государство. Основы государства и права Республики Казахстан. Алматы: Жетi Жарғы 1997.

Қазақстан Республикасының  Конституциясы (1995 ж 30 тамызда қабылданған, 2007ж 21 мамырдағы ҚР Конституциялық заңымен енгiзiлген өзгерiстерi және толықтыруларымен) 
 
 
 

Информация о работе Конституциялық құқықтың негiздерi