Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 08:54, реферат
Мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі. Әкімшілік құқық бұзушылық қарым-қатынастардың бір тарабы мемлекеттік басқару органдары немесе осы органның лауазымды адамы, ал екінші тараптан мемлекеттік орган мен лауазымды адамы, сонымен қатар жекелеген адамдар (еліміздің азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар), қоғамдық ұйымдар, ұжымдық қоғамдар болуымен сипатталады. Адамдардың қызметі, олардың мінез-құлқы, сонымен қатар белгілі бір мүлкі әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады.
Мемлекеттік басқару саласында қоғамдық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесі. Әкімшілік құқық бұзушылық қарым-қатынастардың бір тарабы мемлекеттік басқару органдары немесе осы органның лауазымды адамы, ал екінші тараптан мемлекеттік орган мен лауазымды адамы, сонымен қатар жекелеген адамдар (еліміздің азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар), қоғамдық ұйымдар, ұжымдық қоғамдар болуымен сипатталады. Адамдардың қызметі, олардың мінез-құлқы, сонымен қатар белгілі бір мүлкі әкімшілік-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.
Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.
Әкімшілік
жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды
адамдардың өздерінің әкімшілік құқық
бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы
жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар
өзі құқық бұзған уақытта және территорияда
қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік
жауапкершілікке тартылады. Қазақстан
Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған
(1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер
мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады.
Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған
сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады.
Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға
шақырылатындар, ішкі істер органдарының
қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған
ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады.
Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын
— сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті
мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті
органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын
Әкімшілік кодекс — әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту, жаза шараларын белгілеу, т.б. мәселелерін айқындаушы құқық нормаларын біріктіретін, бірегей жүйеленген заңдар актісі. Қазақстан Республикасында “ Қазақ КСР-нің әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексі” қолданылып келді (1998). Ол КСРО республикалары арасында алғашқылардың бірі болып, 1984 жылы 22 наурызда 10-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-сессиясында қабылданған. Кейін оған бірнеше түзетулер мен толықтырулар енгізілді. 1995 жылы 1 сәуірде әкімшілік кодекстің өзгертулері мен толықтыруларын толықтай қамтыған ресми мәтіні жарияланды. Әкімшілік кодексте материалдық және іс жүргізуге қатысты бөлімдер біріктірілген; 5 бөлімнен, 31 тараудан, 450-ден астам баптан тұрады. Оның көптеген қағидалары бүгінгі күннің, нарықтық қарым-қатынастардың жаңа талаптарына сай келмейді, ескірген. Жалпы, әкімшілік кодекс жеке тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін айқындайтын ең басты акт болып саналады.
Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері:
Әкімшілік-территориялық құрылым — мемлекеттің территориялық ұйымдастыру жүйесі; соның негізінде мемлекеттік билік пен басқару органдары құрылып, қызмет атқарады. Әкімшілік – территориялық құрылымның құқықтық нормалары мемлекет аумағындағы әкімшілік-территориялық бірліктердің (бөліністердің) тізімін, мемлекеттің әкімшілік-территорялық бірліктерге бөлуге қатысты құзыретін, осы бөліктердің өзгертілу тәртібі мен осыған тікелей байланысты мемлекет органдардың құзыретін, елді мекендердің қандай тұрпатқа жатқызылатындығын, олардың аталуын және аттарының өзгертілу тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының әкімшілік – территориялық құрылымында мынадай бөліктерге: астанаға, облысқа, респ. маңызы бар қалаға, қаладағы ауданға, ауданға, қалаға, ауылға, кентке бөлу көзделген. Әрбір әкімшілік-территория бірліктің аумағында өкілетті, атқару органдары, сот, прокуратура және т.б. органдар құрылады.