Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:50, реферат
Құқық қорғау қызметі дегеніміз - бұл заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, қоғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңдық ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің атынан оның арнаулы өкілетті органы жүзеге асыратын қызмет.
7- дәріс: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
1. Құқық қорғау қызметі дегеніміз - бұл заңдылықты, құқық тәртібін, қоғамның, мемлекеттің, қоғамдық және өзге де бірлестіктердің, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, заңда белгіленген тәртіппен заңға қатаң сәйкестікте заңдық ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мемлекеттің атынан оның арнаулы өкілетті органы жүзеге асыратын қызмет.
Құқық қорғау қызметінің төменде көрсетілген бағыттарын бөліп қарастыруға болады: 1) конституциялық бақылау;2) сот төрелігі;3) соттарды ұйымдық қамтамасыз ету;4) прокурорлық қадағалау; 5)қылмыстарды анықтау және тергеу;6)заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау.
Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыттарын құқық қорғау органдары жүзеге асырады, олардың қатарына:
1.соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын органдар (Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет және оның облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы сот әкімшілері);
2.прокуратура органдары;
3.қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді және тергеуді жүзеге асыратын органдар (Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Әділет Министрлігі, Қаржы полициясы қызметінің кейбір алдын ала тергеу және анықтау органдары);
4.құқықтық көмек пен
құқықтық қамтамасыз етуді
2. Құқықтық қамтамасыз
ету саласында мемлекеттің
Адвокатура - азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету үшін құрылған кәсіптік, өзін-өзі басқаратын ұйым. Ол құқық қорғау органы болып табылмайды, заңды бұзуға жол берген адамдарға мемлекеттік мәжбүрлеу құқығы жоқ, оның іс-әрекеті мен шешімі жалпыға міндетті сипатта емес, алайда, адвокатураның қызметінің азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, ұйымдардың мүдделерін қорғауда маңызы зор. Адвокат - Қазақстан Республикасының азаматы, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін адам.
Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәләндіруге, сонымен қатар, заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі. Жоғарғы заң білімі, әдетте, заң мамандығы бойынша кем дегенде екі жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік немесе жеке нотариуста тағылымдамадан өткен, әділет біліктілік алқасына біліктілік емтиханын тапсырған және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады.
Прокурорлық қадағалау дегеніміз - мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілеттік берілген адамдардың - прокурорлардың - заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуы мен бірыңғай қолданылуын қадағалауды жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.
Прокуратура мемлекет атынан:- Конституцияның, заң актілерінің және Президент актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын жүзеге асырады;- жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;- сотта мемлекет мүддесін білдіреді;- Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;- заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;- статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік - құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін - Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соған теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды. Мамандандырылған прокуратураларға әскери, әскери бөлімдердегі, көлік (темір жол, су, әуе), табиғат қорғау және Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде (колонияларда және түрмелерде) заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.
3. Құқық қорғау органдары - прокуратура, ішкі істер органдары, ҰҚК, кеден органдары, салық полициясы органдары және басқалары қылмысқа қарсы күрес саласындағы ортақ мақсаттары мен міндеттері бола тұрып, өз қызметін бір-біріне қарамастан, өз құзыретінде белгіленген шектерде өздерінің өзгешелік нысандары мен әдістері бойынша жүзеге асырады. Бас прокурор мен оған бағынышты прокурорларға қылмысқа қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының іс-әрекетін үйлестіру, яғни басқа да құқық қорғау органдарымен қылмыстарды анықтау, ашу, тергеу, еңсеру және алдын алу бойынша, оларды шешуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдау бойынша бірлескен келісілген шараларды әзірлеу және оны іске асыруды ұйымдастырушы рөлі берілген.
Қылмыстарды анықтау және тергеу - бұл арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың қылмыс белгілері болуы мүмкін әрекеттер немесе әрекетсіздіктер туралы мәліметтер алу, қылмыс оқиғасы мен құрамын анықтау, оны жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу, қылмыстың салдарынан туған залалдарды өндіру жөнінде шаралар қабылдау, қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау бойынша қызметі. Қылмыстарды анықтау және қылмыстың жолын кесу жедел іздестіру шаралары, анықтау, алдын ала тергеу жүргізу, өзге қызмет барысында жүзеге асырылады.
Жедел іздестіру қызметі - жеке адамның өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, ұйымдардың қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мақсатында, жедел іздестіру шараларын өткізу арқылы, мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелерінің жария не жасырын жүзеге асырылатын қызметі.
Анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіру қызметі дегеніміз - міндеттері қылмыс жасаудың мән-жайларын анықтау және кінәлі адамдарды әшкерелеу, яғни сотта қылмыстық істерді кейіннен қарау үшін дәлелдемелерді жинау қызметтері. Қылмыстарды тергеу екі нысанда: анықтау және алдын ала тергеу әрекеті ретінде Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Алдын ала тергеу - қылмыстық іс жүргізу заңнамасы негізінде регламенттелген қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, қылмыстың салдарынан келтірілген материалдық зиянды қамтамасыз ету мақсатында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша уәкілетті органдардың қызметі. Тергеуші - өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам, ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының және қаржы полициясының тергеушісі. Анықтаушы- өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттілік берілген мемлекеттік лауазымды адам.
4. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбi негізінде қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан, берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді.Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актілері мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін сот билігін жүзеге асыру бойынша арнайы белгіленген заңдармен өзара қарым-қатынастағы және бір-бірімен тығыз байланысты республиканың Жоғарғы соты мен жергілікті соттары құрайды. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. Республиканың сот жүйесі үш буыннан тұрады: - жоғарғы буын - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;- орта буын - облыстық және оларғы теңестірілген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған соттар - Қазақстан Республикасының Әскери соты және басқалары);- негізгі буын - аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, аудандық мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалары). Негізгі және орта буындағы соттар жергілікті соттар немесе жалпы заң құзырындағы соттар деп аталады. Әрбір буын құзыретінің көлемі мен мазмұны әртүрлі.
Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi. Қазақстан Республикасының Конституциясында және Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот билiгiн жүргiзушi болып табылады. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзуге болмайды.
Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негiзде өкiлеттiктерге ие болады. Судьяның өкiлеттiгi тек қана Конституциялық заңда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
Судьяның тәуелсiздiгi: 1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен; 2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен; 3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен; 4) Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және тоқтата тұру тәртiбiмен, судьяның орнынан түсу құқығымен; 5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.
Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады. Егер судьядан тиісті өтініш түссе, ішкі істер органдары судья мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қабылдауға міндетті. Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.
Судьяны, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиіспеушілік оның жеке басына, меншігіне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтік үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтік көлік құралдарына, оған тиесілі құжаттарға, жол жүгіне және өзге де мүліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.
Судьяға қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін. Судьяға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi.
Судьяға қойылатын талаптар: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға; 2) сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтілігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға; 3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға; 4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
Информация о работе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот