Қазақстан Республикасының сайлау жүйес

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 19:12, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы жүзеге асырылатынын, ал, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігін белгілейді.
Демократиялық сайлау – негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау процесінен, яғни азаматтар үшін заңмен белгіленген мерзім ішінде олардың мүдделерін білдіруге ғана емес, сайлаушы азаматтармен бекітілген деңгейде дербес даму саясатын жүргізуге ниетті әртүрлі тұлғалар, партиялар арасынан таңдауды мүмкін деп қарастыратын және заңды негізде таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін процестен тыс іске асырыла алмайды.

Работа содержит 1 файл

Сайлау туралы заң.docx

— 18.93 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  сайлау жүйесі

 
Қазақстан Республикасының 
Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы жүзеге асырылатынын, ал, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігін белгілейді.

Демократиялық сайлау – негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау процесінен, яғни азаматтар үшін заңмен белгіленген мерзім ішінде олардың  мүдделерін білдіруге ғана емес, сайлаушы азаматтармен бекітілген деңгейде дербес даму саясатын жүргізуге ниетті әртүрлі тұлғалар, партиялар арасынан таңдауды мүмкін деп қарастыратын және заңды негізде таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін процестен тыс іске асырыла алмайды.

Заң шығарушы (өкілді) мемлекеттік органдарды сайлау кезінде негізгі екі сайлау жүйесі қолданылатыны белгілі. Олар – барабар  және мажоритарлық жүйелер. Олардың  белгілі бір үйлесімі негізінде  дауыс берудің аралас жүйесі қалыптасады.

Қазақстанда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын  сайлауда барабар сайлау жүйесі қолданылады.Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы  сайлайды.

Барабар жүйе бойынша сайлау партиялық тізімдер үшін дауыс беру дегенді білдіреді. Барабар сайлау жүйесінің негізгі  мақсаты көппартиялық жағдайында партиялардың барабар өкілдігін қамтамасыз ету  болып табылады. Сайлау партиялық  тізімдер бойынша жүргізіледі. Бұл  ретте Парламентке өту үшін партияның  міндетті түрде алуы тиіс сайлаушылар  дауысының проценті түріндегі заңнамалық тосқауыл қолданылады. Қазақстанда  ол 7% құрайды.

Мінсіз сайлау жүйесі жоқ. Кез келген жүйенің өз артықшылықтары және өз кемшіліктері бар. Сайлаудың халықаралық стандарттары да мемлекеттерге сайлау жүйесін  таңдау бойынша қандай да болмасын талаптар қоймайды.

Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды  өткізудің ережелері, рәсімдері  мен негізгі ұстанымдары ең алдымен  Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен, Қазақстан  Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңымен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында Қазақстан азаматтары тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік  органдар мен жергілікті өзін-өзі  басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық  референдумға қатысуға құқылы делінген. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас  бостандығынан айыру орындарында  отырған азаматттардың  сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. 

Қазақстан Республикасында  сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте  Президентті, Парламен Мәжілісі мен  мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары  мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде  жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика Парламеті Сенатының  депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.

Республика  азаматтарының сайлауға қатысуы  ерікті болып табылады. Азаматтарды  сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжібүрлеуге, сондай-ақ оның ерік білдіруін  шектеуге ешкімнің құқығы жоқ. 

Сайлау құқығының  түрлері:

Жалпыға бірдей сайлау құқығы –  Қазақстан азаматтарының он сегіз жасқа толғаннан кейін тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан, немесе кез келген өзге жағдаяттардан тыс, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

Бәсең сайлау құқығы  - Қазақстан азаматтарының, оларға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттарының депутаты, немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқығы.

Тең сайлау құқығы дегеніміз сайлаушылардың Президентті, Республика Парламенті Мәжілісі мен  мәслихаттары депутаттарын сайлауға тең  негізде қатысады және олардың әрқайсысы  тиісінше бір сайлау бюллетені бойынша  бір дауысқа ие дегенді білдіреді. Сайлаушылар жергілікті өзін-өзі  басқару органдары мүшелерін  сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы тең дауыс  санына ие. Кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»  Конституциялық заңмен белгіленген  шекте сайлауға қатысуға құқылы.

Төте сайлау құқығы - Президентті, Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауы.  

Жанама сайлау құқығы - Парламент Сенаты депутаттарын сайлауға таңдаушылардың - мәслихаттар  депутаттары болып табылатын  Қазақстан азаматтарының қатысуы. Таңдаушылар сайлауға тең негізде  қатысады және олардың әрқайсысы  бір дауысқа ие. 

Президентті, Парламент пен мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары  мүшелерін сайлауда дауыс беру сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да болмасын бақылау  жүргізілуіне жол берілмейіндей  жасырын болып табылады.   

Арал теңізінің  экологиясы 
 
Арал тенізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. 
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-эконо-микалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынгыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қаркындап дамыды (Шардара). 
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құргап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға: 
-   жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; 
-   ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; 
-  суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; 
-  жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; 
табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. 
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. 
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялык апаттар нышаны жыл өтксн сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы түрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінсн көтерілгсн улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60 %, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарьш бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. 
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жүмыссыз қалған балықшылар әлеуметгік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. 
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар рсспубликаның басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. 
Арал теңізінің болашағы дүнис жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптегнн ШЫРЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шелге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
 
 
 
 
 

 

Информация о работе Қазақстан Республикасының сайлау жүйес