Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 11:33, реферат
Қазақстан Республикасының Парламенті елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган болып табылады. Парламенттiң бiрiншi сессиясы ашылған сәтте оның өкiлеттiгi сол кезден басталып, кейіннен бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезде аяқталады. Конституцияда өкілеттілік белгілі бір көзделген жағдайларға орай өз мезетінен ерте аяқталуы мүмкін. Депутаттардың құқықтық жағдайларды конституциялық заңмен белгiлеуі Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi болып табылады. Қазақстан Республикасының Парламенті екі палатадан тұрады: жоғарғы палата- Сенат және төменгі палата- Мәжiлiс.
«Конституциялық Кеңес конституциялық заңнаманы қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Оның қызметі – қазақстандық заңнаманың Негізгі Заңның рухына және әрпіне сәйкес келуінің берік кепілі.»
Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Парламенті елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган болып табылады. Парламенттiң бiрiншi сессиясы ашылған сәтте оның өкiлеттiгi сол кезден басталып, кейіннен бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезде аяқталады. Конституцияда өкілеттілік белгілі бір көзделген жағдайларға орай өз мезетінен ерте аяқталуы мүмкін. Депутаттардың құқықтық жағдайларды конституциялық заңмен белгiлеуі Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi болып табылады. Қазақстан Республикасының Парламенті екі палатадан тұрады: жоғарғы палата- Сенат және төменгі палата- Мәжiлiс.
Парламент мәселелердi өз палаталарының бөлек отырысында бірінші Мәжiлiсте, содан кейін Сенатта қарап, жағдайға байланысты белгілі бір заңдар қабылдайды. Онда талқыланатын негізгі мәселелер: бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгiлеп,оларды алып тастайды, Қазақстан Республикасының әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi, Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды, регламент қабылдайды және де тағы да басқа талаптарды жүзеге асырады.
Конституцияға өзгерiстерді Парламент бiрлескен отырыстарда тек Президенттiң ұсынысы бойынша ғана қабылдайды. Президент Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi яғни бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi; Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi;Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды толығырақ айтқанда, Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады; әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi және де тағы да басқа сан алуан елдің бірлігі үшін маңызды шешімдер қабылдайды.
Өкілдік принципі Қазақстан
Республикасы Парламентінің сайлау
жолымен құрылатындығынан көрінеді.
Жалпы алғанда, парламентаризм конституциялық
құқық теориясында мемлекетте биліктерді
бөлу принципіне негізделген заң
шығарушы билікті өкілдікті жүзеге
асыру тәжірибесі ретінде түсіндіріледі.
Мұндай Парламенттің болуы халықтық
егемендікке арқау болатын
Ал енді Парламентаризмнің негізгі идеяларының біздің елге енуіне не әсер еткеніне тоқталсақ. Ол Кеңес Одағының құлап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік және егемендік алған соң ғана мүмкіндік туды. Қазіргі заманғы демократияның мызғымас бір бөлігі ретіндегі басқарудың парламенттік нысаны мен парламентаризмді ажырата білу қажет. Республикадағы парламентаризм нысандары мен институттарын қалыптастыру барысында оларды басқарудың президенттік жүйесімен қабаттастыра жүргізуге де болатындығын айқын көрсетіп отыр. 1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің одан әрі дамуына үлкен мүмкіндік берді.
Парламент қызметінің конституциялық құқықтық негізі ҚР Конституциясының VI бөлімі, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, 1997 жылғы 11 сәуірде, 1999 жылы 12 наурызда Конституциялық заңмен енгізілген өзгертулер және толықтыруларымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңы болып табылады. Ал кейіннен ҚР Конституциясына 2007 жылдын 21 мамырында өзгертулер енгізілді.Эссе тақырыбым осы кейінгі өзгертулерді талдау болып табылғандықтан, өзгертулерге тоқталсақ.
Республика Парламентiнiң өкiлеттiк мерзiмi яғни 2-бапқа өзгерістер енгізілді. Онда Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi - бес жыл деп өзгертілді және де кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Ал 4-бапта яғни Республика Парламентiнiң құрамы мен құрылымына Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Республика Парламентiнiң сессиялары яғни 6-бапта Парламенттiң сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президентi өз бастамасымен, Палаталар Төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкiн. 9-бапта Республика Парламентi Палаталарының Төрағалары Парламент Палаталарының төрағалары:
1) Палаталардың
отырыстарын шақырып, оларға
2) Палаталардың
қарауына енгiзiлетiн
3) Палаталар
қызметiнде регламенттiң
4) Палаталардың
үйлестiру органдарының
5) Палаталар
шығаратын актiлерге қол қояды;
6) Палаталарға
Конституциялық Кеңестің екі
мүшесінің, Орталық сайлау
Мәжiлiс Төрағасы:
1) Парламент сессияларын ашады;
2) Палаталардың бiрлескен кезектi отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi деген өзгерістер енгізілген.
Республика Парламентiнiң үйлестірушi органдары яғни 10-бапта Палаталардың Бюролары:
1) Палаталардың
комитеттерi мен комиссияларының
жұмысын үйлестiрудi жүзеге
2) Палаталар
үшiн заңдардың жобаларын және
Парламент пен оның
3) бiрнеше
комитеттердiң құзыретiне
4) Осы Конституциялық
заңмен Парламенттiң басқа
Республика Парламентiнiң жұмыс органдары яғни 11-бапта-Палаталардың тұрақты комитеттерi заң жобалары жұмысын жүргiзу, Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшiн құрылады. Тұрақты комитеттер құрылған кезде Палаталар олардың тiзбесi мен сандық құрамын белгiлейдi, содан кейiн тұрақты комитеттердiң мүшелерiн сайлайды. Сенат пен Мәжiлiс құратын тұрақты комитеттердiң саны әр Палатада жетiден аспауға тиiс. 11-бапта Республика Парламенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар Парламент Палаталарының аппараттары Республика Парламенті мен оның Палаталары жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмыс органдары болып табылады. 13-бапта Қазақстан Республикасы Парламентiнiң актiлерi Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Республика Конституциясына қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi. 14-бапта Республика Парламентi мен оның Палаталарының Регламентi. Парламенттiң Регламентi, Сенат пен Мәжiлiстiң регламенттерi тиiсiнше Парламенттiң қаулысымен, оның Палаталарының қаулыларымен бекiтiледi . Парламент депутаттарының оның конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыруды мақсат етiп, регламенттермен белгiленген шарттар мен рәсiмдер сақталмай өткiзiлетiн кез келген отырысы заңсыз болып табылады. Мұндай жиналыс қабылдаған актiлер жарамсыз болып табылады деген сан түрлі өзгерістер болды.
III тарауға да өгерістер енгізілді Республика Парламентiндегi заң шығару процесi соның ішінде 16-бап. Парламенттiң заңдар қабылдау жөнiндегi құзыретi соның ішінде салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге; республикалық бюджетке; сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiне; бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға; кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге; айналадағы ортаны қорғауға; республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына; мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы. Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен реттеледi.
Қорытындылай келгенде Конституцияда 2007 жылдын 21 мамырында жасатылған өзгерістер Қазақстан Республикасы Парламенті қызметінің және құқықтық мәртебесінің сан түрлі қырларын аша білді. Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады. Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстанның жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзара ынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: