Азаматтық құқықтық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:51, лекция

Описание работы

Азаматтық заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шар еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеуге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

Работа содержит 1 файл

Азаматтық құқықтық қатынастар.docx

— 15.50 Кб (Скачать)

Азаматтық  құқықтық қатынастар

     Азаматтық  заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шар еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеуге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.

    Азаматтық құқықтық  қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.

               Азаматтық құқықтық субъектілері.

     Азаматтық  заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне : жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық,бөліністер жатады.

    Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.Азаматтың құқықтың қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі.Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.

 Құқықтың қабілеттілігінің  негізінде азаматтар:

-    өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;

-    мүлікті мұрагерлікке  беріп және өсиет ете алады;

-    заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;

-    заңды тұлға құра алады;

-    заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;

-    тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;

-    әдебиет пен  өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да  заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;

-    басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.

     Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады.Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

     Азаматтық  әрекет қабілеттілігі - азаматтың  өз әркеттерімен азаматтық құқықтарға  ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда,яғни 18 жастан пайда болады.

      Жасы 18-ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:

-    он төрт жасқа толмағандар;

-    он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер.

     Он төрт  жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды.Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы.Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды.Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы.

      Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.

     Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тәртіппен шектеуі мүмкін.Оған да қамқоршы белгіленеді.Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.

     Заңды тұлға  құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап,азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады.Түрлері: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік.Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырады.


Информация о работе Азаматтық құқықтық қатынастар