Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 00:01, лекция
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық меншiк құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары болады.
Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң
негiзгi мазмұны
Азаматтың Қазақстан Республикасы шегiнде
де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, соның
iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi
мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика
аумағында еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты
жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге
еркiн шығып кетуге және оның аумағына
қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым
салынбаған кез келген қызметпен айналысуға;
дербес өзi немесе басқа азаматтармен
және заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар
құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған
кез келген мәмiле жасасып, мiндеттемелерге
қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет
және өнер шығармаларына, интеллектуалдық
қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық
меншiк құқығы болуға; материалдық және
моральдық зиянның орнын толтыруды талап
етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк
және жеке құқықтары болады.
Азаматтық құқықтардың субъектілері
Жеке тұлға ұғымы
Қазақстан Республикасының азаматтары,
басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ
азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар
болып ұғынылады. Азаматтық құқыққа ие
болып, мiндет атқару қабiлетi (азаматтық
құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға
бiрдей деп танылады. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi
ол туған кезден басталып қайтыс болған
соң тоқтатылады. Азаматтың есiмi. Азамат
тегi мен есiмiн, сондай-ақ қалауы бойынша
- әкесiнiң атын қоса отырып, өз атымен құқықтар
мен мiндеттер алады және оларды жүзеге
асырады. Азаматтың
туған кезде берiлген есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс. Азамат өз есiмiн заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы. Есiмiн өзгерту оның бұрынғы есiмiн, жасырын немесе бүркеншiк атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды. Азаматтың тұрғылықты жерi және заңды мекенжайы. Азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жерi олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жерi болып танылады. заматтың жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ мемлекетпен қарым-қатынастарында пайдаланатын заңды мекенжайы болады. Азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады. Заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады. Егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабiлеттiлiгi тең болады. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар
мәмiлелердi ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар үшiн мәмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы.
Заңды тұлға ұғымы
Меншiк, шаруашылық
жүргiзу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкi бар және
сол мүлiкпен өз
талапкер және жауапкер
бола алатын ұйым заңды тұлға деп
танылады. Азаматтық кодекстің 34-бабында көрсетілген заңды тұлғалардың
түрлерi мен нысандары:
1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде
табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық
ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре
алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына
үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым)
ұйым заңды тұлға бола алады.
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық
серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк
кооператив нысандарында ғана құрылуы
мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын
заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк,
акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi,
қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында
және заң құжаттарында көзделген өзге
де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен
өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне
қарай ғана айналыса алады.
3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын
және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана
ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк
мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады
5. Заңды тұлға Азаматтық Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.
Реферат
Азаматтық құқықтық қабілеттілік, субъектілері
Информация о работе Азаматтың құқық қабiлеттiлiгiнiң негiзгi мазмұны