Азаматтық кодекс

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 19:35, реферат

Описание работы

1. Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады.
2. Мүлiкке билiк жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариат куәландыруға тиiс.
3. Нотариат куәландырған сенiмхаттарға:
4. Хат-хабар, соның iшiнде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және азаматтар мен
5. Үшiншi жақтар сенiм бiлдiрiлген адамға сенiм бiлдiрушi факсимилелiк және өзге де байланыстар бойынша, ресми байланыс органдарының қатысуынсыз жолдаған өздерiне қатысты әрекеттер жасау үшiн берiлген сенiмхатты түпнұсқа деп санауға құқылы.
6. Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi.
7. Ақша және басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға тиiс.
8. Банкiде операциялар жасауға берiлетiн сенiмхатты және сауда саласында мәмiле жасауға берiлетiн сенiмхатты беру тәртiбi мен нысаны арнайы ережелермен белгiленуi мүмкiн.

Работа содержит 1 файл

Азаматты_+кодекс+сенімхат.doc

— 50.50 Кб (Скачать)

АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС. 167-бап. Сенiмхат 
1. Бiр адамның (сенiм бiлдiрушiнiң) өз атынан өкiлдiк ету үшiн екiншi адамға (сенiм бiлдiрген) берген жазбаша уәкiлдiгi сенiмхат деп танылады. 

2. Мүлiкке билiк жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететiн мәмiлелер жасауға берiлетiн сенiмхатты, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, нотариат куәландыруға тиiс. 

3. Нотариат куәландырған сенiмхаттарға:  
1) госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлердiң және өзге де адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған сенiмхаттар;  
2) мемлекеттiк нотариалдық кеңселер мен басқа да нотариалдық әрекет жасайтын органдары жоқ әскери бөлiмдер, құрамалар, мекемелер және әскери-оқу орындары орналасқан мекендердегi осы бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған әскери қызметшiлердiң сенiмхаттары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерi мен әскери қызметшiлер отбасы мүшелерiнiң сенiмхаттары;  
3) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған сенiмхаттары;  
4) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi кәмелетке толған әрекет қабiлеттiгi бар азаматтардың осы мекеменiң немесе тиiстi халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшысы куәландырған сенiмхаттары теңестiрiледi.  

4. Хат-хабар, соның iшiнде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және азаматтар мен заңды тұлғалардан өзге де төлемдер алуға сенiмхатты сенiм бiлдiрушi тұратын қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi аппараты, ол жұмыс iстейтiн немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жерi бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол емделiп жатқан тұрақты емдеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi, сондай-ақ әскери қызметшiлерге сенiмхат берiлгенде тиiстi әскери бөлiмдердiң командованиесi куәландыруы мүмкiн. Құжат жiберудi байланыс қызметкерi жүзеге асырған кезде телеграф арқылы, сондай-ақ байланыстың басқа да түрлерi арқылы жiберiлетiн сенiмхатты байланыс органдары куәландырады.  

5. Үшiншi жақтар сенiм бiлдiрiлген адамға сенiм бiлдiрушi факсимилелiк және өзге де байланыстар бойынша, ресми байланыс органдарының қатысуынсыз жолдаған өздерiне қатысты әрекеттер жасау үшiн берiлген сенiмхатты түпнұсқа деп санауға құқылы.  

6. Заңды тұлға атынан сенiмхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылып берiледi және сол ұйымның мөрiмен бекiтiледi. 

7. Ақша және басқа бағалы мүлiктi алуға немесе беруге мемлекеттiк органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берiлетiн сенiмхатқа сол ұйымның бас (аға) бухгалтерi де қол қоюға тиiс.  

8. Банкiде операциялар жасауға берiлетiн сенiмхатты және сауда саласында мәмiле жасауға берiлетiн сенiмхатты беру тәртiбi мен нысаны арнайы ережелермен белгiленуi мүмкiн. 

 

АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС.

 

168-бап. Сенiмхат мерзiмi 
1. Сенiмхат үш жылдан аспайтын мерзiмге берiлуi мүмкiн. Егер сенiмхатта неғұрлым ұзақ мерзiм көрсетiлсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзiмi көрсетiлмесе, берiлген күннен бастап бiр жыл бойы жарамды болады.  

2. Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат жарамсыз болады. 
 
169-бап. Сенiм ауысуы 
1. Сенiм бiлдiрiлген адам өзiне уәкiлдiк берiлген әрекеттi өзi жасауға тиiс. Алған сенiмхат бойынша сенiм ауыстыруға уәкiлдiк берiлген не сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерiн қорғауға мәжбүр болған ретте ғана ол осы әрекеттердi жасау сенiмiн басқа адамға аудара алады.  

2. Сенiм бiлдiрiлген адамның өз өкiлеттiгiн басқа адамға беруi жөнiндегi сенiмхатты, осы Кодекстiң 167-бабының 4-тармағында көзделгеннен басқа реттерде, нотариат куәландыруға тиiс. 

3. Сенiм ауыстыру жөнiнде берiлген сенiмхаттың қолданылу мерзiмi ол негiзге алынып берiлген алғашқы сенiмхаттың қолданылу мерзiмiнен аспауы керек. 

4. Өз өкiлеттiгiн басқа бiреуге берген сенiм бiлдiрiлген адам бұл жөнiнде сенiм бiлдiрушiнi дереу хабардар етуге және оған әлгi адам туралы, оның тұрғылықты жерi туралы қажеттi мәлiметтердi хабарлауға тиiс. Бұл мiндеттiң орындалмауынан, сенiм бiлдiрiлген адамға нақ өз әрекеттерi үшiн жауапкершiлiк жүктелетiнi сияқты, өз өкiлеттiгiн берген адамның әрекеттерi үшiн де жауапкершiлiк жүктеледi. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС.

 

170-бап. Сенiмхаттың тоқтатылуы 

1. Сенiмхаттың қолданылуы: 
1) сенiмхат мерзiмiнiң өтуi; 
2) сенiмхатта көзделген әрекеттердiң жүзеге асуы; 
3) сенiмхатты берушi адамның оның күшiн жоюы; 
4) сенiмхат берiлген адамның одан бас тартуы; 
5) өз атынан сенiмхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы; 
6) атына сенiмхат берiлген заңды тұлғаның таратылуы; 
7) сенiмхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы;  
8) сенiмхат берiлген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылуы салдарынан тоқтатылады.  

2. Сенiмхатты берген адам сенiмхаттың немесе сенiм ауысуының күшiн кез келген уақытта жоя алады, ал сенiмхат берiлген адам одан бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келiсiм жарамсыз болады. 

 

 

 

171-бап. Сенiмхаттың тоқтатылу  салдары 

1. Сенiмхат берушi сенiмхаттың күшiн жойғандығы туралы (осы Кодекстiң 170-бабы) сенiмхат берiлген адамға, сондай-ақ сенiмхат берiлгендердiң алдында өкiлдiк ету үшiн өзiне белгiлi үшiншi жаққа хабарлауға мiндеттi. Сенiмхат осы Кодекстiң 170-бабының 5 және 7-тармақтарында көрсетiлген негiздерге сүйенiп тоқтатылған реттерде дәл сондай мiндет сенiмхат берушi адамның құқықты мирасқорларына да жүктеледi. 

2. Сенiмхат берiлген адамға сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлгенге дейiн немесе бiлуге тиiс болған кезге дейiн оның жасаған әрекеттерi нәтижесiнде пайда болған құқықтар мен мiндеттер сенiмхатты берген адам және оның құқықты мирасқорлары үшiн үшiншi жақтарға қатысты күшiн сақтайды. Егер үшiншi жақ сенiмхаттың тоқтатылғанын бiлсе немесе бiлуге тиiс болса бұл ереже қолданылмайды. 

3. Сенiмхат берiлген адам немесе оның құқықты мирасқоры сенiмхат тоқтатылысымен оны дереу қайтаруға тиiс. 

4. Сенiмхаттың тоқтатылуына байланысты осы сенiмхат бойынша басқа адамға өкiлеттiк беру де (сенiм ауысуы) күшiн жояды.


Информация о работе Азаматтық кодекс