Авторлық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 16:21, творческая работа

Описание работы

Работа содержит презентацию по дисциплине "Гражданское право"

Работа содержит 1 файл

Авторлық құқық.pptx

— 96.44 Кб (Скачать)

Авторлық  құқық

Авторлық құқық  шығармашылық қызмет нәтижесі болып  табылатын ғылым,әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына,мазмұны  мен маңызына,сондай-ақ оларды білдіру  әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады

Авторлық  құқықтың   нысандары

 

1)Жазбаша

(қолжазба,машинаға басылған,нота  жазбасы т.б)

 

3)Дыбыс немесе бейне  жазу

(механикалық,цифрлық т.б)

 

5)Көлемдік-кеңістіктік

(мүсіндеме,модель,құрылыс  т.б)

 

2)Ауызша

(көпшілік алдында айту,орындау  т.б)

 

4)Бейнелеу

(сурет,эскиз.картина,сызба  т.б)

 

Өзге де нысандарда қолданылады

Авторлық құқық объектілері

 

Әдеби туындылар

 

Драмалық және музыкалық-драмалық шығармалар

 

Сценарийлік туындылар

 

Хореография және пантомима туындылары

 

Мәтінді және мәтінсіз музыкалық туындылар

 

Аудио-бейне туындылар

 

Графика туындылары мен бейнелеу өнерінің туындылары

 

Қолданбалы өнер туындылары

 

ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар

 

Өзге де туындылар

Авторлық құқық  объектілері болып табылмайтын  туындылар

 

1)Ресми құжаттар (заңдар,сот шешімдері,әкімшілік,дипломатиялық  сипаттағы өзге де мәтіндер)

 

2)Мемлекеттік  рәміздер мен белгілер (жалау,елтаңба,орден,ақша  белгілері)

 

3)Халық шығармашылығының  туындылары

 

4)Ақпараттық сипаттағы  оқиғалар мен фактілер туралы  хабарлар

Авторлық құқықты қорғау белгісі

 

1)Айырықша авторлық құқық иесі  өз құқықтары туралы мәлімдеу  үшін туындының әрбір данасына  салынған және үш элементтен:

1)Қоршауға алынған латынша  “С” әрпінен;

2) Айырықша авторлық құқықтар  иесінің есімімен;

3)Туындының бірінші жарияланған  жылынан тұратын авторлық құқықты  қорғау белгісін пайдалануы мүмкін

Автордың жеке мүлiктiк емес құқықтары

 

 

1) туынды авторы ретiнде танылу және оны пайдалану кезiнде осы туындыға басқа адамдардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық)

 

 

 

2) туындыны өз атынан, бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (авторлық атқа құқық)

 

 

3)туындыға қол сұқпаушылық құқығы

 

 

Автордың  мүлiктiк құқықтары

 

 

1. Авторға туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға айрықша құқықтар берiледi

2. Автор  туындыны пайдалану кезiнде үшiншi тұлғалардың мынадай iс-әрекеттердi жүзеге асыруына:

1) туындыны қайта жаңғыртуына (қайта жаңғырту құқығы);

2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар жасауына (тарату құқығы);

3) туындыны көпшiлiк алдында көрсетуiне (көпшiлiкке көрсету құқығы);

4) туындыны көпшiлiк алдында орындауына (көпшiлiк алдында атқару құқығы);

5) жалпыға бiрдей мәлiмдеу үшiн эфирге немесе кабель арқылы хабарлауды қоса алғанда туындыны көпшiлiкке хабарлауына (көпшiлiкке хабарлау құқығы) құқылы.

 

 Авторлық құқықтың қолданыла бастауы

 

 

Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыға үшiншi тұлғалардың қабылдауына қолайлы объективтi нысан берiлген кезден бастап қолданыла бастайды. Ауызша туындыға авторлық құқық оны үшiншi тұлғаға хабарлаған кезден бастап қолданылады.

 

 

Егер туынды осы Кодекстiң 980-бабының қолдануына келмейтiн болса, мұндай туындыға авторлық құқық, егер ол Қазақстан Республикасында жүзеге асырылса, туынды алғаш рет жарияланған кезден бастап қорғалады.

 

 

Авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi

 

 

 

1. Авторлық құқық автордың бүкiл өмiрi бойына және ол қайтыс болғаннан кейiн, автор қайтыс болғаннан кейiнгі келесi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде, жетпіс жыл бойы күшiнде болады.

 

 

 

2. Бiрлесiп шығарылған туындыға авторлық құқық серiктес авторлардың бүкiл өмiрi бойына және басқа да серiктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшінде болады.

 

 

3. Бүркеншiк атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде жетпіс жыл бойы күшiнде болады.

 

 

4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiм iшiнде авторлық құқық автордың мұрагерлерiне тиесiлi болады және мұрагерлiк бойынша ауысады

 

 

 

5. Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жылдың ішінде алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiнгi жетпіс жыл бойы күшiнде болады.

6. Авторлық, автордың есiмi және туындыға қол сұқпаушылық мерзiмсiз қорғалады.

 

 

Туындының қоғам игiлiгiне ауысуы

 

 

1. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн ол қоғамның игiлiгiне айналады.

2. Қоғамның игiлiгi болып табылатын туындыларды кез келген тұлға авторлық сыйақы төлеместен еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiне құқық және туындыға қол сұқпаушылық құқығы сақталуға тиiс.

 

Авторлық  құқықтарды басқару

 

1. Құқық иеленушi өзiне тиiстi құқықтарды өз қалауы бойынша жеке жүйеге асыруға құқылы. Өзге адамдар авторлық құқықтарды тек құқық иеленушiнiң келісімi бойынша және, өкiлдiктi заңды өкiл жүзеге асыратын осы Кодекстiң 977-бабында көзделген құқықтарды қоспағанда, оларға берiлген өкiлеттiк шегiнде ғана басқара алады

 

2. Авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушiлер заң актілерінде белгiленген тәртiппен авторлық және сабақтас құқықтарды басқару жүктелетiн ұйымдар құра алады.

 


Информация о работе Авторлық құқық