Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 16:34, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасында адам жәнен азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылғы Конституцияның ІІ “Адам және азамат” бөлімінде белгіленген. Адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:
а) адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;
ә) адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы және конституциялық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.

Содержание

Жоспар
I Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесі ұғымы және принциптері.
Адам мен азамат құқығы мен бостандығының кепілдігі мен оны. қорғау институттары.
Адам құқығы – азаматтың басты игілігі.
II Адам мен азаматтың конституциялық–құқықтық мәртебесі.
III. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы .
IV ҚР адам және азаматтарының конституциялық міндеттері
Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары.docx

— 32.64 Кб (Скачать)

          Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

 

                                            Мазмұны

 

 Жоспар

    I Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесі ұғымы және принциптері.

    1. Адам мен азамат құқығы мен бостандығының кепілдігі мен оны. қорғау институттары. 
    2. Адам құқығы – азаматтың басты игілігі.

    II Адам мен азаматтың конституциялық–құқықтық мәртебесі.

   III. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы .

   IV ҚР адам және азаматтарының конституциялық міндеттері

Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі.

 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесі ұғымы және принциптері

        Қазақстан Республикасында адам жәнен азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылғы Конституцияның ІІ “Адам және азамат” бөлімінде белгіленген. Адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:

 а) адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;

 ә) адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы және конституциялық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Адам мен азамат құқығы мен бостандығының кепілдігі мен оны. қорғау институттары.  

      Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттік өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлкеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (12-бап, 2-тармақ). Бұл адамның табиғи құқын мемлекеттік тану және бастау алар қайнар көзі болып табылады және Конституция «Адам және азамат» деген ІІ тарауының мазмұнын белгілейді. Мұнда адам құқымен бірге азаматтық да құқы мен міндеті туралы айтылады. «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады» (12-бап, 3-тармақ). Сөйтіп, аталған бөлімде Қазақстанның конституциялық заң тарихында бірінші рет азаматтардың құқықтары және міндеттерімен бірге «адам құқы» ұғымы бірінші рет танылды. Сөз жоқ, «адам құқы» мен «азамат құқы» ұғымы бір-біріне жақын және табиғи түрде ұштасқан ұғымдар. Азамат деген – адам. Сондықтан, адамға қатыстының бәрі де азаматқа да қатысты. Адамға тумысынан жазылған, абсолютті деп танылған және олардан ешкім айыра алмайтын құқық пен бостандық Қазақстан Республикасының азаматына да тән. Сонымен бірге табиғи құқықтар мен бостандықтар шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да берілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Адам құқығы – азаматтың басты игілігі.

        БҰҰ 1995–2004 жылдарды Адам құқықтары саласындағы ағарту онжылдығы деп жариялаған болатын. Міне, бұл үлкен бастама. Әр мемлекет, әрбір азамат осынау ізгі бастамаға өз үлесін қосатын болса нұр үстіне нұр. Адам құқықтары туралы білімді өрістету – адам құқықтарының сақталуына кепіл болады. Өз құқықтары мен міндеттерін жете білген адам еш уақытта жаңсақ баспайды.

           Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір-сүріп, бай рақатты тұрмыс кешуіне ахуал қалыптастыру – әлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған асыл мұраты. Ендеше, әрбір азаматтың экономикалық, мәдени-әлеуметтік және саяси да жеке құқықтарын еркін пайдалана алатындай ахуал қалыптастырып, халықаралық конвенциялар мен пактілерге ат қосар, абырой таластырар күн де алыс емес шығар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Адам мен азаматтың конституциялық–құқықтық мәртебесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы

        Конституция  жеке тұлғаның аса маңызды, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын бекітеді. Олар оның ерікті адами тұлғаға тән ар-ожданы мен қадір-қасиетін қамтамасыз етеді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар қоғамды құру және басқару ісі мәселелерін шешуге қатысуға табиғи құқықтарды бекітеді. Сонымен қоса конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру мемлекеттің конституциялық екендігін дәлелдейтін демократиялық бастауларды іске асыруды қамтамасыз етеді.Конституциялық құқықтар мен бостандықтар бастапқы сипатқа ие, олар аласталмайды және әркімге тумысынан тиесілі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа бекітіледі және тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. ҚР адам және азаматтарының конституциялық міндеттері

       Адам және азаматтың міндеттерінің конституциялық-құқықтық институты тұлғаның конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретіндегі міндеттер көлемін бекітеді.

 Адам және азаматтың негізгі міндеттері жалпыға ортақ сипатқа ие, тұлғаның нақтылы мәртебесіне қатысты емес және жоғары, конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституциялық міндеттер тиянақталған талаптар тізімін құрайды, оларды орындаудан тұлғаның қоғам алдындағы, азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігі көрініс табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі

         Қазақстан Республикасының аумағында республиканың азаматтарымен қатар шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар тұрады.

 Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы “Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы” заң күші бар Жарлығымен реттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

 Нормативтік актілер:

       1 Республикасы Парламентінің Жаршысы. – 1998. - №20.

       2 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2248

     3 Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2338

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         КІРІСПЕ

 

 Қазақстан  Республикасы Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан  халқына   жолдаған  жолдауларында    адам  құқығын  сақтау, Қазақстанды  одан  әрі  жаңарту  мен  демократияландыру  күн  тәртібіндегі  мәселе  екендігі айтылған.  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз, егеменді  мемлекет, өзін  әлеуметтік, құқықтық мемлекет  ретінде орнықтырып, қоғамның  бүгінгі  таңдағы  әлеуметтік, саяси, экономикалық  өзгерістеріне, яғни нарықтық  экономикаға  көшу, көп партия  құру, қоғамда  демократиялық  және  құқықтық  институттарды  дамыту  мәселелеріне  көп көңіл  бөледі. Өткізілген  реформалардың  сәтті  шығуы  ең алдымен  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға негізделетін  құқықтық  сана  деңгейіне  әсер  етеді, одан  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтары да  шет  қалмайды.

 Мемлекетте  демократияның  басты  негізі  жеке  тұлғаның  құқықтық жағдайы  болып  табылады. Барлық  қазіргі  заманға  сай  конституциялар, оның ішінде  Қазақстан Республикасының  Конституциясы да бұл мәселеге  ерекше  назар  аударады. Көпшілігінде  адам  мен азамат құқықтары  мен  бостандықтары  алғашқы  бөлімдерде  келтірілген, бұл мемлекеттің жеке  тұлғаның  құқықтық жағдайына  қаншалықты  қарым-қатынаста болатындығын  көрсетеді. Көпшілік  мемлекеттер  Конституциясымен қатар оның құрамдас  бөлігі ретінде негізгі  құқықтар мен бостандықтарды  жеке құжаттарда көрсету орын  алады. Бұған, атап  айтқанда 1789 жылғы  француздың  Адам  мен  азамат құқығы  Декларациясын, 1982 жылғы канадалық  Құқық пен бостандық  хартиясын, 1992 жылғы  Негізгі құқықтар мен бостандықтар  Хартиясын  жатқызуға  болады. Бұл қадам  басқа да конституциялық жағдайлардан  жеке  тұлғаның  құқықтары  мен  бостандықтарын  бөліп алып  қарастыруға мүмкіндік  береді.

Қазақстандық  заңдық  ғылымдарда  конституциялық  әділет  органдарының  қызметі, олардың  жеке  аспектілері, сонымен  бірге  адам  құқықтарын  қорғаудың  жағдайлары  зерттеушілердің  назарын тек  кейінгі  уақытта  ғана  өзіне  бұрды.

 

 


Информация о работе Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары