Микроскоптың оптикалық сұлбасы және әсер ету принципі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 12:20, лекция

Описание работы

Зат тұратын үстелде орналасқан нысан жасанды жарықпен (шам және линзаколлектор),айнаның және конденсордың көмегімен жарықтандырылады. Нысанды үлкейту объективпен окуляр арқылы жүзеге асырылады.

Работа содержит 1 файл

Микроскоптың оптикалық сұлбасы.docx

— 332.40 Кб (Скачать)


 

Микроскоптың оптикалық сұлбасы


 және әсер ету принципі.


Зат тұратын үстелде орналасқан нысан жасанды жарықпен     

(шам және линзаколлектор),айнаның және конденсордың көмегімен жарықтандырылады. Нысанды үлкейту объективпен окуляр арқылы жүзеге асырылады. Объектив нысанның төңкерілген шын және үлкейтілген кескінін береді. Окуляр, әдетте, ең жақсы көрінетін қашықтықта (D=250 мм) нысанның екінші ретті үлкейтілген жорамал (жалған) кескінін түзеді. Егер окулярдыкескінді оның алдыңғы окуляры фокусының алдына келетіндей етіп ығыстырса, ондаокулярдың түзетін кескіні шын және оны экранда немесе фотопленкада алуға болады. Микроскоптың жалпы үлкейтуі объектив пен окуляр үлкейтулерінің көбейтіндісіне тең: Г=bЧГок, мұндағы Гок окуляр үлкейтуінің номинал мәні. Объективтің үлкейтуі: b=D/fўобформуласымен өрнектеледі, мұндағы D – объективтің артқы фокусы және окулярдыңалдыңғы фокусының ара қашықтығы; fўоб – объективтің фокусаралық ара қашықтығы.Окулярдың үлкейтуі лупаның үлкейтуі сияқты мына формуламен өрнектеледі: Гок=250/fўок, мұндағы fўок – окулярдың фокус аралық қашықтығы. Әдетте, Микроскоптың объективі 6,3-тен 100-ге, ал окуляры 7-ден 15-ке дейін үлкейте алады. Сондықтан Микроскоптың жалпы үлкейтуі 44-тен 1500-ге дейінгі аралықта жатады. Иристік далалық және апертуралық диафрагмалар жарық шоғын шектеу және оның шашырауын кеміту қызметін атқарады. Микроскоптың негізгі сипаттамасы оның ажыратқыштық шамасы (қабілеттілігі). Микроскоптың ажыратқыштық шамасы шектеулі болады, ол жарық дифракциясымен түсіндіріледі.

 

 

 

 

 



Информация о работе Микроскоптың оптикалық сұлбасы және әсер ету принципі