В6 дәрумені (антидерматитті)-пиридоксин

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 19:04, реферат

Описание работы

Көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады. Коферменттер – табиғаты ақуыздақ емес молекулалық органикалық заттар болып табылады. Олар ферменттің ақуыздақ компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға тікелей қатысады. Қазіргі кезде липой қышқылы, парааминобензой қышқылы, фолий қышқылы, биотин, В тобының дәрумен тәрізді заттардың коферменттік қызметі анықталған.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім:

I - В1 дәрумені (антиневриттік)

II - В2 дәрумені –рибофлавин

III - В6 дәрумені (антидерматитті)-пиридоксин.

IV - В12 дәрумені (антианемиялық)

V - В5 немесе РР дәрумені- никотин қышқылы.

VI - Н дәрумені – биотин

VII- С дәрумені – аскорбин қышқылы

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

биохимия.docx

— 302.43 Кб (Скачать)

                                          Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

I - В1 дәрумені (антиневриттік)

II - В2 дәрумені –рибофлавин

III - В6 дәрумені (антидерматитті)-пиридоксин.

IV - В12 дәрумені (антианемиялық)

V - В5 немесе РР дәрумені- никотин қышқылы.

VI - Н дәрумені – биотин

VII- С дәрумені – аскорбин қышқылы

Қорытынды  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                     Кіріспе

  Көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады. Коферменттер – табиғаты ақуыздақ емес молекулалық органикалық заттар болып табылады. Олар ферменттің ақуыздақ компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға тікелей қатысады. Қазіргі кезде липой қышқылы, парааминобензой қышқылы, фолий қышқылы, биотин, В тобының дәрумен тәрізді заттардың коферменттік қызметі анықталған. Суда еритін дәрумендер тобына:

  1. В1 дәрумені (антиневриттік)
  2. В2 дәрумені (рибофлавин, өсу дәрумені)
  3. В6 дәрумені (антидерматитті)
  4. В12 дәрумені (антианемиялық)
  5. РР дәрумені (антипеллагралық)
  6. Фолий қышқылы (антианемиялық)
  7. Пантоген қышқылы (антидерматиттік,дәрумен В3)
  8. Биотин (дәрумен Н,антисеборейлық,бактериялардың ашытқының және саңылауқұлақтың өсу факторы)
  9. С дәрумені (антискорбуттық)
  10. Р дәрумені (өткізгіш дәрумені)
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                    В1 дәрумені (антиневриттік)

       В1 дәрумені – тиамин. Антиневриттік дәрумен. 1912 жылы Функ алғаш рет кристалл түрінде бөліп алып. В1 дәруменінің құрамында аминотоптан басқа күкірт атомы болғандықтан, тиамин деп аталады.

        

              В1 дәрумені –тиаминохлорид

     В1 дәруменінің  биологиялық белсенді түрі тиаминдифосфат (ТДФ) болып табылады.

     тДф күрделі  екі ферменттік жүйенің – пируват   және а – кетоглутаратдегидрогеназалық  комплекстің құрамына кіреді. Пируватдегидрегиназалы  полимерфттік комплекс ацетил  –SkoA және СО2 түзілетін пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилденуін катализдейді.

    а – кетоглутаратдегидрогеназалы  полимерфтік комплекс  сукцинил- SkoA және СО2  түзілетін а – кетоглутараттың тотыға декарбоксилденуін катализдейді.

В1 авитаминозының алғашқы  белгілеріне тәбеттің төмендеуі ішек-қарын қабырғаларының толқын тәрізді жиырылу қасиетінің кемуі, мінез-құлықтың өзгеріп, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, көзге елес пайда болуы жатады. Тиамин авитаминозында пирожүзім қышқылының мөлшері қанда, бұлшық ет ұлпаларында бірсыпыра көбейеді, нерв жүйесі зақымданып, полиневрит «бери-бери» ауруы пайда болады. «Бери-бери» ауруының белгісі бірнеше түрлі, құрғақ «бери-бери» шеткі нерв жүйесін зақымдағанда, бұлшық еттер тартылып, солып қалады, ауырған жердің сезіну қабілеті нашарлайды, сал ауруы пайда болады. «Бери-беридің» істіктік түрінде полиневрит пен қатар жүрек және қан тамырлары зақымданып, ақыры өлімге дейін әкеледі. Бұл аурумен адамдардан басқа құстар, иттер, егеу- құйрықтар және т.б. жануарлар да аурады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

В2 дәрумені –рибофлавин.

Өсу дәрумені 1953 жылы Кун бөліп алған. Рибофлавин молекуласының  негізгі гетероциклді қосылыс- изоаллоксизиннен тұрады. Ондағы 9-Nтомына бес атомды рибитол байланысқан.

   Рибофлавин 

В2 дәруменінің биологиялық  белсенді түрі флавинмононуклеотид (ФМН) және  флавинадениндинуклеотид (ФАД). ФМН- рибофлавиннің фосфатпен комплексі, ал ФАД рибофлавиннің аденил қышқылымен  комплексі болып табылады.

   

В2 авитаминозының белгілері

Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу процесін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын төмендетеді.  В2 витамині авитаминозында адам шаршағыш келеді, бұлшық еттерден әл кетеді, жүрек еті әлсірейді, балалардың бойының өсуі тежеледі, салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп (алопеция), бас терісі қабыршақтанады (дерматит).  Адам организмінде рибофлавин жетпегенде көздің мөлдір қабығы мен бұршағында кератит, катаракта сияқты аурулар пайда болады, көз қызарып, жас ағып, көру процесі нашарлайды. Тілдің кілегей қабаты қабынады (глоссит), ауызы уылады, екі езудің терісі жарылып, қабынады (ауыздық ауруы).

В2 гипервитаминоз белгілері

Бойдың өспей қалуы, бойдың буылтып қалуы, терінің өзрегуі, ангулярлық стоматит. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

              В6 дәрумені (антидерматитті)-пиридоксин.

    Антидерматиттік дәрумен. 1934 жылы Дьерди ашқан. В6 термині дәрумендік қабілеті бар 3 –оксипиридиннің үш туындысы: пиродиксин (пиродоксол), пиридоксаль  және пиридоксаминге қолданады.

     

 

Бірақ, заттар алмасуына  фосфорланған түрлері пиридоксальфосфат  пен пиридоксаминофосфат қытсады.

Пиридоксаль және пиридоксаминнің фосфорлануы ерекше киназа ферментінің көмегімен жүзеге асады. Пиридоксальфосфаттың синтезі ми ұлпаларында пиридоксалькиназа ферментінің  қатыусымен белсенді түрге өтеді.

Пиридоксаль+АТФ => Пиридоксальфосфат + АДФ

Пиридоксальфосфат амин  қышқылдарының трансминаза мен  декрбоксилаза ферменттерінің простетикалық  топтары болып табылады. Трансминаза  – кетоқышқылға NH2- тасымалдануын катализдейтін фермент, декрбоксилаза –биогенді аминдер түзілуімен  жүретін аминқышқылдарының карбоксил топтарының СО2 қайтымсыз үзілуін қамтамасыз етеді. Осыдан басқа, пиридоксальфосфат құрамында кқкірт бар амин  қышқылдарының өзгерісіне, серин, треониннің тотықпай дезаминдену, триптофанның тотығу реакцияларына қатысады.    

В6 авитаминозының белгілері:

  Пиридоксин авитаминозында амин қышқылдары мен белок¬тардың алмасуы бұзылады, қанның түзілуі нашарлайды, жалпы мөлшері азайып, анемия ауруы пайда болады. Жас балалар мен мал төлінің бойларының өсуі баяулап, салмақтарын жоғалтады. Жас сәби балалар пиридоксині аз жасанды тамақпен тамақтанғандықтан, В6 авитаминозымен жиі ауырады, ондайда балалардың терісі қабынып, нерв жүйесі зақымданады.

В6 гипервитаминоз белгілері:

Сезім мүшелеріне зақым  келу, дене мүшелері тырыс қалу. 
 
 

      

                 В12 дәрумені (антианемиялық)

      В12 дәрумені -  кобаламин. Антианемиялық дәрумен. 1948 жылы кристалды түрде бауырдан бөліп алған. В12 дәруменін кейде цианокобаламин деп атайды. Себебі: молекуласы коррин ядросын түзетін төрт тотықсызданған пирролды сақинаның азот атомымен, 5-6 диметилбензимидазолдың азотымен және цианид-атомымен байланысқан орталық үш валентті кобальт атомынан тұрады. Сонымен қатар, В12 дәруменінде CN- тобының орнына ОН-тобы (оксикобаламин), хлор (хлоркобаламин), Н2О (аквокобаламин) және азот қышқылы (нитрокобаламин) сияқты туындылары болады.

       

Алмасу процестерінде  В12-кофермент немесе кобаламидтік коферменттер деп аталатын коферменттері қатысады. Кобаламидтік коферменттерде екі түрлі  лигандалар: метильді және 5-дезоксиаденозилкобаламин болады. Осыған орай, метилкобаламин (СН3-В12) және дезоксиаденилкобаламин деп аталады. Метилкобаламин трансметилдену реакциясларына қатысады.

В12 витамині авитаминозы

В12 витамині авитаминозында организм қатерлі анемия (пернициоздық анемия) Аддисон-Бирмер ауруына шалдығады. Пернициоздық анемияда қанда мегалоциттер – көлемі үлкен жетілмеген қызыл түйіршіктер көбейіп, олардың қан айналымындағы жалпы саны азаяды. Ауру адам күніне 100-200 мкг В12 витаминін қабылдаса, екі жұмадан соң сауығады. В12 витамині организмде гомоцистеиннен метиониннің синтезделу процесін тездетеді, авитаминозында зәрде гомоцистеин көбейеді де, метионин азаяды. Бұл витамин метилмалонил-КОА-ның сукцинил-КОА-ға айналуын тездетеді. Авитаминозында метилма¬лон қышқылы организмде жиналып, нерв ұлпаларына улы әсер етеді, жұлында дегенерациялық өзгерістер байқалады, асқазан сөлінің қышқылдығы төмендейді.

В12 витамині гипервитаминозы:

Өкпе қызметінің бұзылуы, жүрек-қан тамырына кері әсерін тигізеді. Және т.б 
 
 
 
 

        В5 немесе РР дәрумені- никотин қышқылы.

Антипеллагралық дәрумен. 1937 жылы Эльвегей бауыр сығындасынан бөліп алған. Никотин қышқылы карбоксильді тобы бар пиридиндік қатардың қосылысы никотинамид оның амиді.

 

 Никотин қышқылы                   Никотинамид 

Биологиялық белсенді түрі никотинамидадениндинуклеотид (НАД) және никотинамидадениндинуклеотидфосфат (НАДФ*Н+). Олар тотыққан субстраттан флавопротеидке протондар мен электрондарды тасымалдайды көптеген дегидрогеназа ферменттері болып саналады.

В5 авитаминозының белгілері

 В5 авитаминозында адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Пеллаграның алғашқы белгілері төмендегідей: ішек-қарынның кілегей қабаты қабынады, іш өтеді (диаррея), кейіннен тері қабынып, кедір-бұдырланады (дерматит), асқынған түрінде ми зақымданып, ойлау қабілеті төмендейді (деменция). Бұл дертке балалар шалдыққанда бойларының өсуі баяулап, салмағын жоғалтады, анемияның жеңіл түрі пайда болады. Организмде никотин қышқылының 5% В6 витаминінің қатысуымен триптофаннан синтезделетіні анықталды, сондықтан пеллагра В5 витаминінің ғана авитаминозы емес, бірнеше витаминдердің жетіспеуінен болатын поливитаминоз.  Егер никотин қышқылы мен никотинамид организмге шамадан көп түссе, адам уланады, іші өтіп, бұлшық еттері ретсіз жиырылып, аллергия, астения аурулары пайда болады. Никотин қышқылының метаболиттері метил тобын өзіне қосып алып, холин сияқты липотропты факторларды азайтудың нәтижесінде бауырда май жиналып, семіреді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                       Н дәрумені – биотин.

Антисеборейлық дәрумен. 1935 жылы жұмыртқаның саруызынан бөліп  алынған. Биотиннің молекуласы –  молекуланың гетероциклдық бөлімін  құрайтын имидазол мен тиофен сақинасынан, ал бүйір тізбегі валериан қышқылынан тұрады.

биотин 

Биотин кофермент  ретінде екі түрлі реакцияны  катализдеуші ферменттер құрамына кіреді.

  1. Карбоксилдену
  2. Транскарбоксилдену реакциясы

  Н дәруменінің  авитаминозының белгілері:

Н дәрумені жетіспегенде адамдарда тері қабыну процесі, тырнақтың  зақымдалуы, бұлшықеттің ауруы, шаршау, ұйқы басу, депрессия, анемия сияқты аурулар  байқалады. БҰл құбылыстар күнделікті биотин енгізгенде тез жазылып кетеді. 
 
 
 

              С дәрумені – аскорбин қышқылы

  Антискорбуттық  дәрумен.  С дәрумені (аскорбин  қышқылы, антискорубтық дәрумен). Химиялық  құрылысы бойынша   аскорбин қышқылы L- глюкозаның құрылысына  жақын қышқылдың лактоны болып табылады. 

С дәруменінің биологиялық  рөлі: көптеген тотығу- тотықсызданыу  реакциялары, бүйрекүсті безінің гормондары, амин қышқылы  отиптофан коллаген синтезі, пролин мен лизиннің реакциясы, ұлпалардағы  гемоглобин мен тирозиннің ыдырауы- осы дәруменнің қатысауымен  жүреді.

С авитаминозының белгілері:

 Аскорбин қышқылы  адамдар, маймылдар, теңіз шошқалары,  кейбір жоғары сатыдағы құстар  организмінде синтезделмейді, сондықтан  адам организміне ол тағаммен  ғана түседі.

 С витамині авитаминозының  басты белгісі – ол клетка  аралық бекітуші, дәнекер заттардың  жиналуының нашарлауы. Бұл жағдай  қан тамырлары қабырғаларының  беріктігін және дәнекер ұлпаның  синтезін төмендетеді. Витамин  организмде жетіспегенде құрқұлақ  ауруы пайда болады, қан азаяды, ішек зақымданады, ет пен теріге  қан кетеді, бауыр мен сүйектер  де өзгеріске ұшырайды.

 Құрқұлақ ауруында  қызыл иек қанталап, тіс ұнтақталып, босап, түсе бастайды, асқазан  қызметі нашарлап, қарында бөлі¬нетін  шырынның шамасы азайып, қарын  мен ішектің функциясы нашарлайды, сондай-ақ, кейбір гормондардың қызметі  төмендейді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе В6 дәрумені (антидерматитті)-пиридоксин