Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:08, реферат
Оттекті 1772 жылы швеция ғалымы Карл Шееле ашты. Оттек табиғатта ең көп тараған элемент. Жер қыртысы массасының 47,2% оттектің үлесіне келеді. Оттек табиғатта бос күйінде де, қосылыс күйінде де кездеседі. Бос күйінде ол ауада болады. Ауада көлемі жөнінен 21% немесе массасы жөнінен 23% оттек болады. Қосылыс түрінде оттек судың (88,8%)> толып жатқан минералдардың (SіО2, СаСО3, СаSО4*2Н2О, NaNOз) кұрамында, өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде (60— 70%) болады.
ОТТЕК (лат. Охуgenium), О, О2 — элементтердің периодтық жүйесінің VI тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 8, атомдық массасы 15,9994.
КІРІСПЕ.......................................................................................................3
Оттегінің жалпы сипаттамасы...........................................................4
Оттегінің физикалық қасиеті..............................................................5
Оттегінің химиялық қасиеті..............................................................6
Оттегінің алынуы, қолданылуы........................................................10
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................13
ҚОРЫТЫНДЫ
Химия бізді
қоршаған материялық дүниені зерттейтін
жаратылыстану ғылымдарына
Қазақстанда Қарағанды ("Испат Кармет"), Балқаш ("Балқаш-мыс"), Шымкент ("Южполиметалл" АҚ), Өскемен (Үлбі) металлургия комбинаттарында, Алматы ауыр машина жасау зауыты АҚ-нда ауадан оттегіні өндіру цехтары бар. Металлургияда таза оттегі немесе оттегі қосылған ауаны қолданғанда көп отын үнемделеді, өнімнің сапасы жақсарады. Дүние жүзінде отын жағу үшін жылына 9109т оттегі жұм-салғанымен, фотосинтез құбылысының нәтижесінде оттегі мөлшері қалпына келіп отырады. Бұл процесс тек күн сәулесі қатысында ғана жү-реді. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша көмір қышқыл газының құрамындағы оттек атомдары крахмалдың кұрамына еніп, судың құра-мындағы оттегі жай зат ретінде бөлініп шығады. Тіршілік үшін өте маңызды параметр — оттектің парциал қысымы. Тамақтың құрамындағы элементтер организмге тыныс алу кезінде енген оттектің әсерінен тотығып, қажетті заттарға айналады. Таза оттектің бір көлемін жұту, ауаның бес көлемін жұтқанмен тең. Оттекті өнеркәсіпте технологиялық процестердің және медицинада тыныс алудың қарқындылығын арттыру үшін, металдарды кесуде немесе біріктіруде қолданылады. Сұйық оттек реак-тивтік қозғалтқыштарда жанармай және оксиликвит деген атпен қопарғыш зат ретінде пайдаланылады. Оттегі химия өнеркәсібінде азот, күкірт қышқылдарын, метанол, т.б. заттар алуда жұмсалады екен.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ