Оксидтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 10:42, реферат

Описание работы

Оксидтердің жіктелуі. Бейметалдардың оксидтері - қышқылдық оксидтер, ал белсенді металдардың оксидтері - негіздік болып келеді.

Содержание

Оксидтер
Оксидтердің жіктелуі.
Оксидтердің алынуы

Работа содержит 1 файл

оксидтер.doc

— 58.50 Кб (Скачать)

     Жоспар

  1. Оксидтер
  2. Оксидтердің жіктелуі.
  3. Оксидтердің алынуы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Күрделі қосылыстардың үлкен бір тобы (класы) - оксидтер. Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі).

Қышқылдық оксидтерге - қышқылдар, негіздік оксидтерге - негіздер сәйкес келеді. Р2О5→Н3РО4; SО3→H24; Na2О→NaОH; СаО→Са(ОН)2. Ал екідайлы оксидтерге кышқылдар да, негіздер де сәйкес келеді, мысалы, H2ZnО2← ZnO→Zn(OH)2

Оксидтердің жіктелуі. Бейметалдардың оксидтері - қышқылдық  оксидтер, ал белсенді металдардың оксидтері - негіздік болып келеді.

Егер  металл айнымалы валенттілік  көрсетсе, оның төменгі валенттілігіне сәйкес оксиді - негіздік, аралық валенттілігіне сәйкесі - екідайлы, ал жоғары валенттілігіне сәйкесі қышқылдық оксид болады.

Оксидтердің аталуы

Кейбір оксидтер үшін қарапайым (үйреншікті) атаулары бар, олар ертеден қолданылып келеді. АІ2О3 - глинозем, SiО2 - кремнезем.

Оксидтердің алынуы

Оксидтердің алынуының  екі үлкен тәсілі бар.

Жай және күрделі заттарды жағу аркылы:

бейметалдарды:

C+O2=CO2

S+O2=SO2

металдарды:

2Cu+O2=CuO

2Mg+O2=MgO

күрделі заттарды:

CH4+2O2=CO2+2H2O

2H2S+3O2=2H2O+2SO2

Ерімейтін негіздер, тұздар, қышқылдарды  айыру аркылы:

2Fe(OH)3→Fe2O3+3H2O

CaCO3→CaO+CO2

H2SiO3→H2O+SiO2

Оксидтерді  өрі карай тотыктыру  аркылы:

2SO2+O2=2SO3

4FeO+O2=2Fe2O3

  Оксидтердің физикалық  қасиеттері

Оксидтер үш агрегаттық күйде болады: мысалы,

CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;

CO2, SO2, NO2 - газдар;

H2O, N2O3(t<0) - сұйық.

Оксидтердің түстері де әр түрлі: Ғе2О3 - қызыл-қоңыр, CuO - кара, Сr2O3 - жасыл, ZnO, MgO - ақ, МnO2 - кою қоңыр, SnO - кою көк түсті, т.б.

Иістері де әр алуан түрлі болып келеді. SО2, SО3, NО2, Р2О5 - тұншықтырғыш иісті. CO, NO, СО2 - иіссіз.

  Оксидтердің химиялық  қасиеттері

Оксидтердің касиеттері олардың, қандай элементтердің оксидтері екендігімен анықталады.

Қышқылдық оксидтердің қасиеттері

Кейбір  қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп  қышқылдар түзеді:

Р2O5+ЗН2O=2Н3РO4;

SO2+H2O=H2SO3;

СO22O=Н2СO3

Мысалы, күлгін лакмус ерітіндісі тамызылған суға көмірқышқыл газын жіберсек, оның түсі күлгіннен біртіндеп қызыл түске өзгереді. Нәтижесінде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі.

қышқылдық оксид + су = қышқыл

Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен  әрекеттесіп тұз  түзеді

CO2+CaO=CaCO3

P2O5=2Na3PO4

қышқылдық оксид + негіздік оксид = тұз

Қышқылдық оксидтер сілтілермен  әрекеттесіп тұз  және су береді

SO3+2NaOH=Na2+H2O

Cr3+Ca(OH)2=CaCrO4+H2O

қышқылдық оксид + сілті = тұз + су

Негіздік  оксидтердің қасиеттері

Белсенді  металдардың оксидтері  сумен әрекеттесіп сілті түзеді

Na2O+H2O=2NaOH

CaO+H2O=Ca(OH)2

Осы реакциялардың ішінен екіншісін тәжірибе жасап көрсек, яғни сөндірілмеген әкке су құйып, үстіне бір тамшы фенолфталеин тамызсақ, оның түсі таңкурай түске өзгереді, ол әрине сілтінің ерітіндісі түзілгендігіне дәлел болады.

белсенді  металл оксиді + су = сілті

Негіздік  оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп тұз  және су түзеді

CaO+2HCl=CaCl2+H2O

CuO+H2SO4+H2O

негіздік  оксид + қышқыл = тұз + су

Екідайлы  оксидтердің қасиеттері

Олар негізінен қатты күйде кездеседі.

1) Қышқылдармен  әрекеттескенде негіздік оксидтің  қасиетін көрсетеді:

ZnO+2HCl=ZnCl22O

2) Сілтілермен әрекеттескенде қышқылдық оксидтің қасиетін көрсетеді. Түзілген тұздың формуласын жазу үшін оксид формуласына ойша бір молекула су қосып, сәйкес қышқылдың формуласын шығарып аламыз. (ZnО+H2О=H2ZnО) әрі қарай қышқыл мен негіз әрекеттескен сияқты болады. Олардың қолданылу аясы өте кең:

ZnО+2NaОH=Na2ZnО2+H2О

cy + тұз = сілті + екідайлы оксид

Оксидтердің қолдануы

CO2 - тамақ өнеркәсібінде (копсытқыш ретінде); өрт сөндіруде; газдалған сусындар өндірісінде

CaO - сөндірілмеген  әк, құрылыста

ZnO - мырыш бояуларын алуда

Н2О - негізгі әмбебап еріткіш

Сr2O3 - жасыл бояу алуда

SiO2 - шыны өндірісінде[1]

 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиет

  1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет. ISBN9965-34-887

Информация о работе Оксидтер