Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2012 в 16:11, реферат
Адам өмірінде қорғасынның маңызы және оның қорытпаларынан, темірден кем саналды. Бұған себеп қорғасынның ауада тотығып, өзінің жылтырақ қасиетін тез жоғалтуы. Қорғасынның өзінің мықтылығының, қаттылығының төмендігінен әр түрлі бұйымдар жасауға және жұмыс құралын жасауға жарамсыз болады. Осыған қарамастан қорғасын өзінің басқа қасиеттерінің арқасында түстң металдар арасында ерекше орын алады.
КІРІСПЕ..................................................................................3-4
НЕГІЗІ БӨЛІМ
Қорғасынның физикалық және химиялық қасиеттері........5-6
Қазақстан қорғасыны...........................................................7-10
Қорғасын және оның қосындыларымен улану...............11-16
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................17
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................18
Қозғалмалы бөлшектер мысалы, желдеткіш қанаттары, араластырғыштар, айналмалы барабандар қорғасын мен сурьманың қорытпаларынан жасалады. Қорғасын жалатылған болат бөлшектері де қолданылады. Қорғасынның коррозияға беріктігін жалғыз қышқыл өндіргенде ғана пайдаланбайды, бұл қасиет электрохимиялық өндірісінде де кеңінен өріс алып, сонда пайдаланылады. Электролиз жүргізетін ванналар көбінесе ішкі жағынан қорғасынмен қапталады. Кейбір қорғасынның қосындылары лакты бояу түрінде металды коррозиядан сақтайды. Мысалы, қорғасынның негізгі көмірлі қышқыл тұзы / қорғасын әгі 2PbCO3* Pb(OH)2/ олифта жаншылған түрінде пайдаланады. Мұндай әк өте жұғымтал, төзімді, көпке дейін ауаның және судың әсерлеріне шыдамды қабыршық құрайды. Қазіргі жағдайда қорғасын әгі сурет бояуларында және кеменің сыртын бояғанда қолданылады. Қорғасын әгі – түрі ақ бояу, егер де оны отқа қыздырса, төрт оттегі қорғасын тотығын алуға болады /Pb3O4/, бұның атын сурик дейді /қызыл жоса бояу/, қорғасынның едәуір бөлігі қорытпа түрінде кабель өндірісінде /кабельдің сыртын қорғау үшін өрмем жасауға/ пайдаланылады.
Қорғасын міндетті түрде хрустальдың құрамына кіреді. Қорғасынды шыны кедергісіз балқиды, оңай үрленеді, қырланады және өңделеді. Мұндай шынылар жарық сәулелерін жақсы шағылыстырады, оптикалық приборларда кеңінен қолданылады.
Жалпы айтқанда қорғасынның пайдалы әсері де зиянды жағы да өте көп.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
ЖОСПАРЫ: