Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 13:58, реферат
Өсімдіктердің құрғақ затының көп бөлігін, яғни оның 85—90 процентін углеводтар құрайды. Молекуласының күрделілік дәре-жесіне қарай олар моносахаридтерге, олигосахаридтер мен поли-сахаридтерге бөлінеді. Гидролизге ұшырамайтын карапайым углеводтар моносахаридтерге жатады. Моносахаридтер қалдықта-рының шағын мөлшерінен тұратын қанттар олигосахаридтерге жатады, олар тиісінше ди-, три-, тетрасахаридтер деп аталады. Полисахаридтердің молекуласы моносахаридтердің көптеген мөл-шерінің қалдықтарынан тұрады, мұның үстіне олардың полимер-лену дәрежесі әр түрлі болады. Өсімдіктерде көп кездесетін угле-водтың түрлерін жекелей қарастырып көрейік.
Тотығу - тотықсыздану реакциялары
Arman апреля 24, 2009 - 04:28
Тотығу-
тотықсыздану реакциялары
ең
көп
тараған реакциялардың
бірі. Бұл реакциялардан,
электрондар бір атомдардан, молекулалардан
немесе иондардан басқаларға ауысады. Тотыққан
кезде атомдардың тотығу дәрежелері әрқашанда
жоғарлайды, ал тотықсыздаңғанда-
төмендейді.
Тотығу- тотықсыздану
реакциясын теңістіруге қолайлы
екі әдіс бар: электрондық
баланс әдіс, бастапқы
және
соңғы заттардың
тотығу дәрежелерін салыстыруға
негізделген және жартылау
реакция әдісі, тотықсыздандырғышты
тотықтыру процесінің
және
тотықтырғышты тотықсыздандыру
процесінің иондық
теңдейлерін құрастырып,
одан соң оларды бір жалпы
теңдеуге біріктіруге
негізделген.
Бірдей заттардың арасындағы
тотығу- тотықсыздану
реакциясының сипаты ортаға
байланысты өзгереді. Реакция
ортасы атомдардың тотығу дәрежелерінің өзгеруіне әсер
етеді.
Электролиздің мәні электр энергиясы
арқылы химиялық
реакцияны жүзеге асыру- катодта
тотықсыздану және
анодта тотығу процестерін
жүргізу.
Мұнда
катод катиондарға электрондарын
береді, ал анд аниондардан электрондарды қабылдайды. Электролиз балқымада да және
электролиттің ерітіндісінде
де жүреді.
Металдардың қалыпты электродтық
потенциалы белгiлi болса кез келген екi
металдан тұратын гальвани
элементiнiң электр қозғаушы
күшiн
(э.қ.к) есептеп шығаруға
болады.
Гальваникалық
элементте химиялық реакцияның
энергиясы электр энергиясына айналатын
болса, электролиз жүргенде, керiсiнше,
сыртқы ток көзiнiң
электр энергиясы химиялық энергияға
айналады. Электролиз кезiнде гальваникалық
элементтегi сияқты анодта тотығу,
катдта тотықсыздану процесi
жүредi.
Бiрақ , электролиз
процесi гальваникалық элементтiң
жұмыс
iстеу принципiне қарама-қарсы
болғандықтан электролиз
кезiнде терiс электрод катодының,
ал оң электрод анодтың қызметiн
атқарады.
Электролиздi iске асыру үшiн ваннаға
электролидтiң балқымасын немесе
ерiтiндiсiн құяды. Бұдан
кейiн екi электродың бiреуiн тұрақты
ток көзiнiң терiс полюсiмен
жалғайды-оны катод
деп атайды, екiншiсiн оң полюспен жалғайды,
оны анод деп атайды. Ендi осы электродтарды
электролиттiң балқымасына немесе
ерiтiндiсiне батырады.
Су
Arman апреля 24, 2009 - 02:33
Жоспар
1. Гомогендi және гетерогендi
жүйелердегi
химиялық реакциялар.
Гомогендi және гетерогендi
жүйедегi
реакция жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер
ететiн факторлар.
2. Әсерлеушi массалар
заңы. Реакция жылдамдығының
константасы. Реакция реттiлiгi мен молекулалығы.
Активация энергиясы. Вант-Гофор ережесi.
3. Гомогендi және гетерогендi
катализ. Каталитикалық процесстер
механизмi туралы түсiнiк. Тiзбектi
реакция.
1. Химиялық
реакциялардың жүру заңдылықтарын зерттеу
химияның негiзгi мәселесi.
Бiр заттар басқа бiр заттарға
айналу кезiнде оларды құрайтын атомдардың
электрондық орбитальдары қайтадан
топтасқандықтан екi байланыстар үзiлiп
жаға байланыстар
түзiлiп
отырады.
Раекцияның жүру механизмiн,
жылдамдығын және сол жылдамдықта әрекеттесетiн
заттардың концентрацияларының,
температураның, қысымның,
катализатордың әсерлерiн зерттейтiн
химияның бөлiмiн химиялық
кинетика дейдi.
Әр
түрлi
реакциялар әр түрлi жылдамдықпен
жүредi.
Кейбiр реакциялар өте жай жүредi,
ал басқа бiреулерi өте
тез қопарылыс бере
жүредi.
Бiр реакцияның өзi жағдайларға
байланысты әр түрлi жылдамдықпен
жүредi.
Сөйтiп,
химиялық реакцияның
жылдамдығын кесiмдi уақыт
iшiнде реакцияласушы заттардың концентрациясының өзгеруiмен өлшейдi.
Әрекеттесушi
және
түзiлетiн
заттардың агрегаттық
күйiне
байланысты химиялық реакциялар
гомогендiк деп, ал қатысатын заттар әр
түрлi
агрегаттық күйде болатын
реакцияларды гетерогендiк деп атайды.
Гомогендiк реакциялар белгiлi бiр көлемде
жүредi
және
ол реакция жүретiн ыдыстың
көлемiне
байланысты болады.
Гомогендiк реакцияның жылдамдығы
деп белгiлi бiр уақытта реакция
жүретiн
көлемде әрекеттесетiн
заттардың мөлшерiнiң өзгеруiн
айтады.
Мысалы; реакцияға қатысатын заттардың
концентрациясы 1 моль/л, ал реакция 1 млн
жүргеннен
кейiн 0,8 моль/л қалса, 1 млн iшiнде
жұмсалған
0,2 моль/л осы реакцияның жылдамдығын
көрсетедi.
Реакцияның орта жылдамдығы
белгiлi уақыт аралығы үшiн
t2-t1 концентрацияның өзгеруiмен С2-С1 өлшенедi.
Оның математикалық
көрiнiсi:
Гетерогендiк реакцияларды әрекеттесушi
заттар әр түрлi агрегаттық
күйде
болады да, химиялық процесс көбiне, қатты
заттың бетiнде жүредi. Әдетте қатты
заттың бетiнде жүретiн
негiзгi химиялық реакция тез
жүредi
де, ал сол реакцияға қатысатын заттардың
реакциялық ортаға жеткiзiлуi баяу
жүредi,
сондықтан көптеген гетерогендiк
химиялық реакциялардың
жылдамдығы диффузияның
жылдамдығына байланысты
болады.
Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы
Arman марта 3, 2009 - 09:46
Келешектің кешенін отандық және ше¬телдік инвесторлар бірігіп салып, бөлісе иеленетін болады. Ал оның жұмыс істеу жүйесі мен ұстанымдарын айтар болсақ, оның негізі 2010 жылға дейінгі уақытты қамтитын Мұнай-химия саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қаланып, ол Елбасы берген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асуда. Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ құрылмақшы.
Осы аймақта шағын және орта бизнесті дамыту ойда бар. Жоғарыда аталған зауыт 1,2 миллион тонна мұнай-химия өнімдерін шығарады да, өнімнің бір бөлігін арнайы экономикалық аймақтағы жеке кәсіпорындарға сатады. Ал олар өз кезегінде оны одан әрі өңдеп, дүкен сөрелеріне дейін шыға¬ратын дайын тауар дайындайды. Бұл – мұнай-химия саласын дамытудың басты тұжырым¬дамасы. Екіншіден, Атырау мұнай өңдеу зауытын одан әрі кеңейтіп, бензол шығару көзделіп отыр. Зауыт былтыр жыл бойы жаңартылды. Бензолды одан әрі өңдеп, одан стирол мен полистирол алады. Өнімнің бұл түрлері үлкен сұранысқа ие. Ақтаудағы ескі зауыттардың бірі жаңартылып, қазірдің өзінде полистирол шығаруда.
Аромат қосындыларын шығару жобасы қаралып жатыр. Одан бөлек тағы да бірнеше зауыт салу жоспарлануда. Оның ішінде битум шығаратын зауытты айта кеткен жөн. Көлік және коммуникация министрлігіндегі әріптес¬теріміз жол құрылысы бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Әлемдік сапаға сай жол салу үшін битум¬ның да сапасы жоғары болуы тиіс. Еліміз барлық жол инфрақұрылымын жаңартуды қолға алып отыр. Себебі, біз Еуразия құрлығы¬ның ортасында орналасқанбыз. Жүк және жолаушы тасымалы үшін өте қолайлы географиялық жағдайымыз бар. Еуропа мен Азия ортасындағы транзиттік әлеуетіміз жоғары. Бұдан басқа да жобалары бар. Оларға әзірге техникалық зерттеулер жүргізілуде.