Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 19:59, реферат
Кокстелу деп - көмірлерді 900 – 10000 С температурада,оларды ауа қатысынсыз қыздырып,кокс деп аталатын қатты көмір қалдығын алу арқылы, сонымен қоса химиялық қосылыстар және заттар ұшқыш булы газды өнімдерден кондицсирленіп және айырылып алынатын көмірлерді (көмірлі қоспаларды) өңдеу процесін атайды. Көрініп турғандағыдай, кокстелу жоғары температуралық процесс, сондықтан да оны кейде жоғары температуралық кокстелу деп те атайды, төменгі температуралық немесе жартылай кокстелуден де айырмашылығы да осында.
Кокстелу көмірлерді термиялық өңдеудің неғұрлым өте кең масштабты саласы болып табылады. Кеңес одағы кокс өндiрiсi бойынша әлемде бiрiншi орын алған, жылдық өндірісі 80 – 85 млн.т . Бұл үшін кокстелетін деп аталатын жылына 150 млн.т тас көмір қайта өңделеді. Бұл көмірлер нақтылы қасиеттерге ие болуы керек, оның ішінде негізгісі болып табылатыны – жымдасуы.