Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 11:55, лекция
1. Құрамында карбоксил тобы – СООН бар органикалық қосылыстарды карбон қышқылдары дейміз.
Карбон қышқылдарының классификациясы:
бір негізді, бір карбоксил тобы болса
Анықтамасы, классификациясы, номенклатурасы.
Алу әдістері.
Химиялық қасиеттері
Маңызды қышқылдар (қаныққан, қанықпаған, бір және көп негізді).
Ароматты карбон қышқылдары.
Карбон қышқылдары
1. Құрамында карбоксил тобы – СООН бар органикалық қосылыстарды карбон қышқылдары дейміз.
Карбон қышқылдарының классификациясы:
НООС – СООН қымыздық қышқылы
НООС – СН2 – СООН малон қышқылы
НООС – СН2 – СН2 – СООН янтар қышқылы
СН3 – СН = СН – СООН кротон қышқылы
СН2 = СН – СООН акрил қышқылы
С17Н33СООН олеин қышқылы
Номенклатурасы, изомериясы – С қаңқасының құрамына байланысты. ИЮПАК номенклатурасы көптеген қышқылдардың тривиалды атауларын сақтауға рұқсат етеді.
Н – СООН құмырсқа қышқылы метан қышқылы
СН3 – СООН сірке қышқылы этан қышқылы
СН3 – СН2 – СООН пропион қышқылы пропан қышқылы
СН3 – СН2 – СН2 – СООН май қышқылы бутан қышқылы
Қышқыл радикалы немесе ацил деп қышқыл молекуласынан -ОН тобын алып тастағанда қалатын 1 валентті қалдықты айтады. Олардың аттарынан алынған:
формил ацетил пропионил бензоил
метаноил
этаноил
пропаноил
2. Алу әдістері.
1) Спирттерден (тотықтыру арқылы)
2) Күрделі эфирлерді гидролиздеу арқылы
3) Нитрилдерді қышқылдық немесе сілтілік гидролиздеу:
этилцианид
Физикалық қасиеттері.
Алғашқы үшеуі сұйық, түссіз, өздеріне тән (жағымсыз) иісі бар, суда жақсы ериді. > С10 жоғарғылары қатты заттар суда ерігіштігі жоғарылаған сайын төмендейді. С1 – С3 сұйық, С4 – С9 май тәріздес, ³ С10 қатты, суда ерімейді.
3. Химиялық қасиеттері. – СООН тобының қасиеттерімен анықталады.
осы эффектілердің нәтижесінде гидроксилдегі О-Н байланысы әлсірейді, нәтижесінде гидроксилдік сутегінің қозғалғыштығы артады. Диссоциацияланады, химиялық реакцияларға түседі.
Қышқылдың диссоциациялану дәрежесі, яғни күші көмірсутек радикалының табиғатына байланысты:
Радикал үлкейген сайын қышқылдың күші әлсірейді.
Н – СООН 2,14 * 10-4
СН3СООН 1,76 * 10-5
СН3СН2СООН 1,50 * 10-5
Радикалға, әсіресе a-, b- орынға электротерістігі жоғары топтың (Cl, F т.с.с.), қос байланыстың енуі қышқылдықты күшейтеді.
Ароматты қосылыстар алифатты қосылыстардан күшті.
Мысалы, СН3СООН - нан С6Н5СООН күшті.
Қышқылдар үшін көбінесе қышқылдық қасиеттерге байланысты реакциялар (Н+) және ОН - тобын орынбасу реакциялары тән. Әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді (индикаторлардың түсін өзгертеді). НСООН басқасы орташа күшті қышқылдар.
Бейорганикалық (минералдық)
қышқылдар түсетін
2-ші әдіс әмбебап
5) Тотықсыздану. Қиын тұзданады, LiAlH4 немесе диборан (В2Н6) әсерімен қышқылдар біріншілік спиртке дейін тотықсызданады.
б) HI – пен алканға дейін тотықсызданады:
6) Тотығу. Қаныққан қосылыстардың тотығуы қиын. Ауытқу НСООН:
III – лік көміртек атомы бар қосылыстар a - оксиқосылыстар түзеді:
Н2О2 әсерімен b - оксиқышқылдар түзеді:
Құмырсқа қышқылы НСООН, құмырсқаның кейбір түрлерінің бездерінен бөлінеді (қызыл орман құмырсқасы). Тұздары формияттар.
Өткір иісті және күйдіргіш дәмді сұйық зат. Қазіргі кезде алынуы:
Техникада тоқыма өнеркәсібінде, органикалық синтезде қолданылады. Мал азығының тамаша консерванты (шырынды және дымқыл мал азық), бал арасының ауруларына қарсы қолданылады.
Сірке қышқылы СН3 – СООН, шарап ашығанда түзіледі, өте көп мөлшерде адам организмінен бөлінетін қалдықтарда – теріде, зәрде кездеседі, сондай-ақ өсімдіктерде эфирлер күйінде кездеседі.
Тұздары – ацетаттар.
Ет және балық өнімдерін консервілеу үшін, жемістер мен көкеністерді маринадтау үшін, синтетикалық талшық алуда, былғары, тоқыма өнеркәсібінде және т.с.с. қолданылады. Негізінен өнеркәсіпте Кучеров реациясы арқылы алынады:
Пальмитин қышқылы С15Н35СООН, стеарин қыщқылы С17Н35СООН табиғи майлардың құрамында кездеседі.
С17Н33СООН – олеин қышқылы, С17Н31СООН – линоль қышқылы, С17Н29СООН –линолен қышқылы табиғи майлар құрамында кездеседі.
Синтетикалық полимерлер (пластмасса, синтетикалық талшықтар) алу үшін қолданылады.
Дикарбон қышқылдары:
НООС-СООН –қымыздық қышқылы
НООС-СН2-СООН – малон қышқылы
НООС- СН2-СН2-СООН – янтар қышқылы
НООС- СН2-СН2-СН2-СООН – глутар қышқылы
Қанықпаған дикарбон қышқылдар:
НООС – СН = СН – СООН – этилендикарбон(бутенди-) қышқылы
цис-изомер транс-изомер
Организмде зат алмасу процесінде пайда болады.
5. Бір немесе бірнеше сутек
атомдарын карбоксил тобы
орын басқан ароматты
Өнеркәсіпте толуолдан алады:
С6Н5СН3 + 3О → С6Н5СООН + Н2О
Бензой қышқылы – ақ түсті кристалды зат, tбалқу=122 0С. Суда нашар ериді.
Жақсы антисептик, әлсіз концентрациялары консервілеу үшін қолданылады.
Практикалық маңызы бар туындыларының бірі – салицил қышқылы:
Алынуы:
Кристалды зат, салқын суда нашар ериді.
Ацетилсалицил қышқылы (аспирин):
Медициналық препарат:
Параминсалицил қышқылы (ПАСҚ) :
Бағалы туберкулезге қарсы препарат.