Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 19:10, доклад
Гидравликалық машиналар — механикалық энергияны қабылдау және қайтару немесе түрлендіру үшін қолданьшатын машиналар. Гидравликалық машиналар сорғылар, гидравликалық қозғалтқыштар, гидравликалық берілістер, гидравликалық қозғауыштар болып сараланады.[1]
Гидравликалық қозғалтқыш — су ағынының кинетикалық энергиясын (гидравликалық турбина, су доңғалағы, бағаналы қозғалтқыш) біліктің механикалық энергиясына айналдыратын машина.[
Гидравликалық беріліс— механикалық энергияны және қозғалысты сұйықтық арқылы жетекші біліктен жетектелуші білікке жеткізетін құрылғы.
Гидравликалық машиналар
Гидравликалық машиналар — механикалық энергияны қабылдау және қайтару немесе түрлендіру үшін қолданьшатын машиналар. Гидравликалық машиналар сорғылар, гидравликалық қозғалтқыштар, гидравликалық берілістер, гидравликалық қозғауыштар болып сараланады.[1]
Гидравликалық қозғалтқыш — су ағынының кинетикалық энергиясын (гидравликалық турбина, су доңғалағы, бағаналы қозғалтқыш) біліктің механикалық энергиясына айналдыратын машина.[
Гидравликалық беріліс— механикалық энергияны және қозғалысты сұйықтық арқылы жетекші біліктен жетектелуші білікке жеткізетін құрылғы. Ол теплоходта, тепловозда, автомобильде, ұшақта, станоктарда, желдеткіш және сорғы жетектерінде қолданылады. Жұмыс қағидасына қарай гидравликалық беріліс көлемдік (гидростатикалық) және гидродинамикалық болып бөлінеді. Көлемдік берілісте энергия жетекші біліктен жетектелуші білікке гидростатикалық қысым көмегімен, ал гидродинамикалық берілісте гидродинамикалық қысым арқылы беріледі. Көлемдік беріліс гидроқозғалтқыштан, гидросорғыдан және оны айналдыратын қозғалтқыштан тұрады. Сұйықтық гидросорғыдан қысыммен гидромоторға беріледі, ал гидроқозғалтқыш жетектік механизмді қозғалысқа түеіреді. Сүйықтықтың ағыс бағытын және мөлшерін реттей отырып, гидроқозғалтқыштың жылдамдығы мен айналу бағытын өзгертуге болады. Гидродинамикалық беріліс гидромуфта және гидротрансформатор ретінде машина трансмиссияларында қолданылад
Манометр (гр. manos — сирек, тығыз емес) — сұйықтық пен газ қысымын өлшеуге арналған прибор. Манометр қысым шамасын нөлден (вакуумнан) бастап есептелетін абсолюттік қысымды өлшейтін манометр және артық, яғни абсолют қысым мен атмосфералық қысым айырмасын өлшейтін манометр (абсолют қысым атмосфералық қысымнан артық болған жағдайда) және екі түрлі (атмосфералық қысымға тең емес) қысымның айырмасын (төмендеуін) өлшейтін дифманометр (дифференциалдық манометр) болып ажыратылады. Атмосфералық қысым барометрмен, нөлге жуық қысым вакуумметрмен өлшенеді. Манометр шкалалары әр түрлі бірліктерде (кгк/м² немесе кгк/см², бар, мм сынап бағаны, мм су бағаны, т.б.) градуирленген. Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) қысым бірлігіне паскаль (Па) алынған. Жұмыс істеу принципі мен сезімтал элементінің (алғашқы түрлендіргіштің) құралымына байланысты манометрлер сұйықтық, піспектік (поршенді), деформация немесе серіппелі (түтікті, мембраналық, сильфондық) болады. Сондай-ақ, көрсетуі тікелей саналатын немесе тіркелетін, жұмысы әр түрлі заттардың физикалық қасиеттерінің қысым әсерінен өзгеруін өлшеуге негізделген манометрлер де қолданылады. Әр түрлі технологиялық процестерді бақылау, автоматты реттеу және басқару жүйелерінде пневматикалық немесе электрлік шығу сигналдары үйлестірілген шкаласыз манометрлер пайдаланылады.[1]
Мазмұны[жасыр]
|
1-сурет.
Манометр - қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым ашық сұйық манометр латын әрпі U пішінді шыны түтіктен тұрады (1,а-сурет). Түтікке қандай да бір сұйық, мысалы, аз қысым айырымын өлшеу үшін май сияқты тығыздығы аздау, ал үлкен қысым айырымын өлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады. Түтіктің бір тармағы ашық қалдырылып, екінші тармағы резеңке түтікшемен жалғасады. Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір деңгейде болады, себебі ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек атмосфералық қысым ғана әсер етеді. Енді резеңке түтікшені бір бетіне резеңке қабықша қапталған дөңгелек қорапшамен жалғастырайық та, қорапшаны ақырын қолымызбен басайық (1,ә-сурет). Бұл кезде қорапшамен жалғасқан манометр тармағындағы сұйықтың деңгейі төмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың деңгейі жоғары көтеріле бастайды. Қорапты неғұрлым күштірек бассақ, соғұрлым манометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің айырымы үлкен болады. Себебі резеңке қабықшаны басқан кезімізде қорапшадағы ауаның қысымы артады. Паскаль заңы бойынша қысымның осы артуы манометрдің қорапшамен жалғасқан тармағындағы сұйыққа да беріледі. Сығылған ауаның артық қысымы манометрдің екінші тармағындағы сұйықтың артық бағанының түсіретін қысымымен теңелген кезде, сұйық тепе-теңдік қалыпқа келеді.
2-сурет.
3-сурет.
Техникада көбінесе сұйықтың, газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін металл манометр қолданылады, кейде оны Бурдон манометрі деп те атайды. Оның жұмыс істеу принципі үрлеген кезде түзулене түсетін сыбызғы тәрізді ойыншыққа ұқсайды (2-сурет). Металл манометрдің негізгі бөлігі - доға тәрізді иілген металл түтікше (3-сурет). Оның бір жағы бітеу болады да, екінші жағы кран (4) арқылы қысым артқан кезде түтік түзулене бастайды да, оның бітеу ұшының қозғалысы иіндіктің (5) және тісті тегершіктердің (3) көмегімен аспаптың шкаласы бойымен жылжитын меңзерге (2) беріледі- қысым кеміген кезде, түтік өзінің серпімділік қасиетінің арқасында бастапқы қалпына келеді де, меңзер шкаланың нөлдік бөлігін көрсетіп тұрады.
4-сурет.
Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигмоманометрмен (гр. сфигмос - жүрек соғуы) немесе сфигмотанометрмен өлшенеді (4-сурет). Бұл құрал сынапты немесе металл манометрден (1), манжеттен (2) және манжетке ауа айдайтын алмұрт пішінді үрлеуіштен (3) тұрады. Манжет дегеніміз - жалпак резеңке камера, сыртында матадан істелген қапшығы болады. Манжет резеңке түтіктер арқылы манометрмен және үрлеуішпен жалғасады. Қысымды өлшеу үшін манжетті әдетте білекке орайды. Осыдан кейін манжетке ауа айдалады, ол қолды қысып, салатамырға (артерия) қанның келуі тоқтағанға дейін жүргізіледі. Стетоскоптың көмегімен осы салатамырдың соғуы тыңдала отырып, манжеттегі ауа біртіндеп босатылады. Манжеттегі қысым салатамырдағы қысымнан аз (немесе тең) болған кезде стетоскопта қанның соққаны естіледі, ал манометр жүректің қызметін сипаттайтын қан қысымының жоғарғы мәнін көрсетеді. Осыдан кейін манжеттен ауа жайлап шығарыла бастайды. Дыбыстың өзгерісі қанның айналуына манжеттің бөгет болмайтынын білдіреді. Салатамырдың қызметін сипаттайтын бұл қан қысымын да манометр көрсетеді және ол қан қысымының төменгі мәні болады. Жүрек жұмысы және қан қысымының салатамырдағы және көктамырдағы айырымы - қан айналымның негізгі себебінің бірі. Ал қан қысымы оны өзгеріске ұшырататын ауруларды танып білуге себептеседі. Дені сау адамның қанының жоғары қысымы 110-120 мм сын. бағ., төменгісі 70-80 мм сын. бағ. шамасында.[2][3][4]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Барометр
Мазмұны[жасыр]
|
Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) — атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) және сифонды-табақшалы (б) болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі — 1 Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады.[1]
Барометр (грекше ауырлық өлшеу) — атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. Сынапты барометр, анероид және дифференциалды барометрлер деп бөледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр шыны аяқты және сифондық болып бөледі. Барометрлік нивелирлеу - барометр арқылы жер бетінің белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеп және ауа температурасын ескере отырып нүктелердің биік айырымын анықтау әдісі. Үйлесімді байқау әдісін екі байқаушы жүргізеді. Бастапқы нүктеде барометрлердің, термометрлердің және сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып, бір байқаушы сонда қалады да, уақыттың тең аралығы сайын, мысалы, 30 мин. сайын барометрден, термометрден және сағаттан есептеу алады және жазады. Екінші байқаушы анықталатын нүктелерде өлшеу уақытында осындай есептеулер алады және жазады. Биік айырымын есептеу үшін бірінші байқаушының барометрінің және термометрінің көрсеткіштері екіншінің өлшеу мерзіміне интерполяцияланады. Аудандарды нивелирлегенде аудан ортасында таңдалған станцияда келіскен мерзімде байқаулар жүргізіледі, одан анықталатын нүктелерге дейін бағытжолдар салынады да, аспаптардың көрсеткіштерін тексеру мақсатымен станцияға қайтып келеді. Нивелирлеудің ең дәл әдістерінде изобаралық беттердің еңістігін және температуралық градиенттің өзгеруін ескереді.[2]
1-сурет.
Э. Торричелли тәжірибесіндегі
сынапты түтікке вертикаль
Метеорологиялық ракеталар (Метеорологические ракеты) — атмосфераның метеорологиялық жағдайын айқындауға арналған ракета. Метеорологиялық ракеталардың қысымды, температура мен ылғалды өлшеуге арналған құралдары, сондай-ақ қабылдау пунктіне хабар жеткізуге арналған телеметрикалық құралдары бар контейнері болады. Ол берілген биіктікке дейін көтеріліп, парашютпен төмен түсіріледі.[1]