Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 23:52, лекция
Пиридин молекуласының электронды құрылысы бензол құрылысына ұқсас. Көміртегі және азот атомдары sp2-гибридтелген күйінде болады. Барлық s-байланыстар C–C, C–H және C–N арасындағы бұрышы 120° болатын гибридтелген орбиталь түрінде кездеседі. Сондықтан циклдің құрылуы жазық болып келеді. Гибридтелмеген р- орбиталдағы алты электрон, p-электронды ароматты жүйені құрайды.