Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 13:48, реферат
Дисперсті жүйе- газ, сұйық не қатты ортада біркелкі таралған көптеген ұсақ бөлшектерден тұратын жүйелерді айтады.
Дисперсті жүйелерге, мұнан басқа, түтікшелі-кеуек денелер (топырақ, тау жыныстары, нығыздалған ұнтақтар, сіңіргіш заттар, катализаторлар т.б.) - да жатады. Дисперсті сөзі латынның «dispersus» - ұнтақталған, майдаланған сөзінен туындайды.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
А) Дисперсті жүйелер.
Ә) Дисперсті жүйелердің жіктелуі
Б)Дисперсті жүйелердің негізгі түрлері
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Коллоидты жүйелерін алу әдістері мен сипаттамасы. Кремнеземнің коллоидтық формалары. Гетерогенді жоғарыдисперсті жүйе табиғатта кең таралған және техникада маңызды рол атқарады. Коллоидты жүйе қатты дисперсті фазамен сипатталады. Жоғарыдисперсті жүйе келесі факторлармен сипатталады; әртүрлі химиялық құрамы бар компоненттер, дисперсті фаза бөлшектерінің өлшемі, агрегаттық күйіне байланысты, фазалар арасындағы молекулалы күштер және де қасиеттеріне байланысты. Диспергационды әдіс. Бұл әдіс бойынша жүйеде молекула аралық күш және бос энергияны жинауға арналған. Механикалық дисперсті әдіс материалды бөлшектеу механикалық күштің әсерінен болады.
Жоғарыдисперстік күйдегі силикаттар
Кремнеземнің еруі
Б)Дисперсті жүйелердің негізгі түрлері
№ |
Дисперсті фаза |
Дисперсті орта |
Дисперсті жүйе белгісі, түрі |
Дисперсті жүйелер мысалы |
1 |
газ |
газ |
-- |
болмайды |
2 |
сұйық |
газ |
с/г, аэрозоль |
Тұман, бұлт, сұйық дәрі аэрозолі; |
3 |
қатты |
газ |
к/г, аэрозоль |
Шаң , түтін, ұнтақ қатты аэрозолі; |
4 |
газ |
сұйық |
г/с, газ эмульсиясы |
Көбіктер; |
5 |
сұйық |
сұйық |
с/с, эмульсия |
Сүт, мұнай, сары май, маргарин; |
6 |
қатты |
сұйық |
қ/с, золь суспензия |
Бор суспензиясы, металл зольдері; |
7 |
газ |
қатты |
г/қ кеуек түтікшелі жүйе |
Қатты көбік, нан пемза.силикагель, активтелген көмір |
8 |
сұйық |
қатты |
с/қ, гель, кеуек денелер |
Інжу-маржан, адсорбент, топырақ минерал (опал); |
9 |
қатты |
қатты |
қ/қ қатты коллоид ерітінді |
Түсті шыны, минералдар, балқымалар; |
Қан, плазма, лимфа, жұлын сұйықтықтары сияқты биологиялық сұйықтарды коллоидты жүйелерге жатқызуға болады, ондағы заттардың көпшілігі, мысалы, ақсыл заттар, холестерин, гликоген және тағы басқалары коллоидты жүйелер түрінде болады.
Маңызды тағам өнімдері – нан, сүт, май – коллоидты жүйелер.
Өте ұсақталған заттар терінің тесіктері арқылы оңай өтіп ағзаға ықпалды әсер етеді, сондықтан медицинада дәрілі к заттар коллоидты жүйелер түрінде қолданылады (суспензия, эмульсиялар, жағатын майлар, пасталар және аэрозольдар).
Металдардың коллоидтық дәрілерін терапияда қолданғанда, олар өте баяу және аз мөлшерде ұзақ мерзімде әсер етуге негізденген.
Өкпенің жұқпалы ауруларын емдегенде, сонымен қатар, тынысалу жолдары ауырғанда әртүрлі антибиотиктердің аэрозольдері мен ингаляциясы қолданылады.
Санитариялық жұмыста ішетін суды тазарту адсорбция және өзара коагуляция процестеріне негізделген: ауаны зиянды түтіндерден және тұмандардан тазарту аэрозольдарды зерттеудегі заңдылықтарға негізделген.
Өндірісте коллоидтар елеулі роль атқарады, негізінен, мұнайды игеру және өңдеуде, металлургиялық өндірісте, құрылыс материалдарының өндірісінде, мата, бояу және тағам өндірісінде қолданылады. Сондықтан коллоидты химияны реалды денелердің химиясы деп атайды.
Информация о работе Дисперсті жүйелердің жіктелуі мен түрлері