Атом-молекулалық ілім негіздері. Х имияның негізгі заңдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:28, лекция

Описание работы

Мақсаты: Атом молекулалық ілімді естеріне түсіру. Химияның негізгі іргетасты жалпы заңдарына жататындар: зарядтың сақталу заңы, масса мен энергияның сақталу заңы және дамудың периодтылығы заңы. Ал стехиометриялық заңдарға жататындар: құрам тұрақтылық заңы, зат массасының сақталу заңы, еселік қатынас заңы, көлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы эквивалент заңдары жайлы білімдерін толықтырып, эквивалент жайлы оны анықтау әдістері туралы түсінік қалыптастыру.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 305.50 Кб (Скачать)

Модуль  №1: Атом-молекулалық ілім негіздері. Х имияның негізгі заңдары.

Тақырыптар: «Атом молекулалық ілім», «Химияның негізгі заңдары. Стехиометрия. Химиялық эквивалент»

Мақсаты: Атом молекулалық ілімді естеріне түсіру. Химияның негізгі іргетасты жалпы заңдарына жататындар: зарядтың сақталу заңы, масса мен энергияның сақталу заңы және дамудың периодтылығы заңы. Ал стехиометриялық заңдарға жататындар: құрам тұрақтылық заңы, зат массасының сақталу заңы, еселік қатынас заңы, көлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы эквивалент заңдары жайлы білімдерін толықтырып, эквивалент жайлы оны анықтау әдістері туралы түсінік қалыптастыру.

Нгізгі сұрақтар:

  1. Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары
  2. Химияның негізгі заңдары
  3. Стехиометрия, стехиометрия заңдары
  4. Химиялық эквивалент, эквивалент заңы

Химия заттардың құрамы мен құрылымы өзгеру арқылы өтетін процестерді және осы процестердің ішінде, сол сияқты материя қозғалысының басқа формалары арасындағы өзара айнылымдар мен ұштасатын заттардағы өзгерістерді зертейді. Химияның негізгі зерттеу нысаны зат және оның өзгерістері. Химияның негізгі іргетасты жалпы заңдарына жататындар: зарядтың сақталу заңы, масса мен энергияның сақталу заңы және дамудың периодтылығы заңы. Ал стехиометриялық заңдарға жататындар: құрам тұрақтылық заңы, зат массасының сақталу заңы, еселік қатынас заңы, көлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы эквивалент заңы.

Құрам тұрақтылық заңы бойынша заттардың құрамы алу әдісіне байланыссыз тұрақты болады.

Зат массасының сақталу  заңы – реакцияға дейінгі заттардың массасы ракциядан кейін заттардың массасына тең болады.

Еселік қатынас заңы – екі элемент бір-бірімен бернеше қосылыс түссе, сол элементтердің бірдей етіп алынған салмақ мөлшеріне сай келетін, сол бөлігінің өзара қатынасы кішкентай бүтін сандардың қатынасындай болады.

Авогдаро заңы – кез келген газдың бірдей температурада, бірдеу қысымда алынған бірдей көлемінде біркелкі молекула саны болады.

Эквивалент заңы бір-бірімен әрекеттесуші заттардың массаларының  (немесе көлемдерінің)  қатынастары олардың эквиваленттік массаларына (көлемдеріне) тура пропорционалды. Элементтер бір-бірімен өздерінің эквивалентіне сай келетін салмақ мөлшерінде қосылысады.

Негізгі әдебиет: [2] 5-22 бет.

Қосымша әдебиет: [11] 11-45 бет.

Тақырып: «Газ заңдары. Негізгі газ процестері.»

Газ көлемімен қысымының байланысын зерттеуге арналған тәжрибелер мынаны көрсетеді. Тұрақты  температурадағы берілген газдың көлемі қысымына кері пропорционал, яғни көлем мен қысымның көбейтіндісі тұрақты шама. PV=const. Бұл теңдік Бойль заңын түсіндіреді. Химиялық бір-бірімен әректтеспейтін газдар қоспасының қысымы осы қоспаны құрап тұрған парциальды қысымдар қосылыстарына тең. Идеальды газ күйін сипаттау үшін Менделеев Клапейрон теңдеуін қолданамыз: . Біріккен газ күйінің теңдеуін теңдеуін Бойль-Мариотт және Гей-Люссактың біріккен газ теңдеуі дейміз. Кез келген газдың тығыздығын теңдеумен анықтаймыз.

Негізгі газ процестері. Изохорлы процесс. Көлем тұрақты болады. Изобарлы процесс.   Қысым тұрақты болады. Изотермиялы процесс. Температура тұрақты болады. Адиабаттық процесс - .

Негізгі әдебиет: [2] 11 бет.

Қосымша әдебиет: [11] 26-29 бет.

 

    1. БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫ

Мақсаты: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі қосылыстары туралы білімдерін дамытып, бейорганикалық қосылыстар туралы білімдерін толықтыру.

Негізгі сұрақтар:

    1. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі типтері
    2. Бейорг. қосылыстардың жіктелуі
    3. Бейорг. қосылыстардың аталуы.
    4. Бейорг. қосылыстардың құрылымдық формуласы

Бейорганикалық қосылыстардың  номенклатурасы олардың құрамы мен  байланыс типіне қарай аталады. Бинарлы  гетероатомды қосылыстар орыс тілінде  бинарлы ковалентті немесе электрооң  бөлігі ионды қосылыстарда бірінші  болып электротеріс бөлігі соңынан электро оң бөлігі аталады, және элементтің латынша атына – ид жұрнағы қосылып, тәуелдік жалғау жалғанады.

PbS – қорғасын сульфиді

CaS – кальций карбиді

CO – көміртегінің (ІІ) оксиді.

Оттекті қосылыстар. Оттекті қосылыстардың  халықаралық атауы оксидтер. Оттегі барлық элемент атомдарымен қосылыс түзеді және электротерістік бөлігін құрайды.

  • О – О – атом тобы бар пероксидтер кездеседі. Na2O2 – натрий пероксиді. Сонымен қатар супероксидтер болады, мысалы КО2 калий супероксиді.

 

  Галогенді қосылыстар

 

Халықаралық номенклатура бойынша галогендерді галидтер деп атайды. Мысалы NaJ – натрий галиді, КВr – калий галиді. Сонымен қатар галидтердің жеке аттары бар.

AgCl –  күміс хлориді; 

KJ –  калий иодиді;

NaBr – натрий бромиді.

Егер галидтің құрамына айнымалы валенттілік көрсететін элемент кірсе, онда атауының алдына префикс (грек сандары) қойылады.

 

Кесте 3

Формула

Электр теріс бөлігінің аталуы

ЭF

Монофторид

ЭCl2

Дихлорид

ЭBr3

Трибромид

ЭJ4

Тетраиодид

ЭB5

Пентабромид

ЭF6

Гексафторид

ЭF7

Гептафторид

ЭF8

Октафторид


 

 

 

 

  Басқа бейметалл қосылыстары

 

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің VІ тобының негізгі топша элементтерімен (электротеріс бөлшек) қосылыстар –  сульфидтер, селенидтер, теллуридтер  деп аталады немесе оларды жалпы  түрде халькогенидтер деп атайды.

V топтың негізгі топшасы элементтері мен қосылыстар пниктогенидтер деп жалпы атпен аталса, азот қосылыстары нитрид, фосфор қосылыстары фосфид, мышьяк қосылыстары арсид (арсенид), сурьма қосылыстары стибид (антимонид) деп аталады.

IV топтың негізгі топшасы элементтердің қосылыстары: көміртегі – карбид, кремний – силицид (силид) деп аталады. Бор қосылыстары борид деп аталады.

 

Кесте 4

Формуласы

Халықаралық номенклатура бойынша  аталуы

Формуласы

Халықаралық номенклатура бойынша  аталуы

Li3N

Литий нитриді

OsSi2

Осмий силициді

Na3P

Натрий фосфиді

Fe5Si3

Темір силициді

Mg3As2

Магний арсиді

MgB2

Магний бориді

Ni5Sb2

Никель стибиді

Ta2B

Тантал бориді

W2C

Вольфрам карбиді

   

 

  Бейметаллдардың сутегімен қосылыстары

 

Егер бейметалдардың сутекті қосылыстарының судағы ерітіндісі қышқыл болса, оларды атағанда бейметалл атына сутек деген сөз қосып атайды:

HCl – хлорсутек;                                       НBr – бром сутек;

HJ – иод сутек;                                         Н2S – күкірт сутек;

H2Te – теллур сутек.

Бұлардан басқа  бейметаллдардың сутекті қосылыстары  дәстүрлі атаулармен аталады.

Н2О – су;                           СН4 – метан;

NH3 – аммиак;                  SiH4 – силан;

РН3 – фосфин;                  В2Н6 – диборан;

С2Н6 – этан;                      Si2H8 – дисилан;

AsH3 – арсин;

Металдардың сутекті қосылыстары  гидрид деп аталады. Себебі сутегі бұндай қосылыстарда электротеріс.

LiH – литий гидриді;

СаН2 – кальций гидриді.

  Үш және одан да көп элементтерден тұратын қосылыстар

 

Оксоқышқылдарды дәстүрлі немесе жартылай жүйелік атауды ең алғаш Лавуазье ұсынған.

Оттекті қышқылдар (оксоқышқылдар)

Қышқылдардың аталуы қышқыл түзуші элементтің қандай тотығу дәрежесінде  болуына байланысты жұрнақ қосылады:

Ең төменгі тотығу дәрежесінде  болса, -лылау жұрнағы, орта тотығу дәрежесінде –лы, -ты, -ті, жоғарғы тотығу дәрежесінде жұрнақсыз қышқыл деген сөз қосылып айтылады. Егер қышқыл түзуші элемент бір тотығу дәрежесінде бірнеше (байланысқан су молекуласы саны әр түрлі) қосылыс түзсе, онда қышқыл деген сөзге перфикстер жалғанады:

Мета – байланысқан су молекуласы аз болса;

Мезо – байланысқан су молекуласы орташа болса;

Орто – байланысқан су молекуласының  саны максимальды болғанда.

Көпшілік элементтер үшін тотығу дәрежесі екіден көп болуына байланысты «гипо», «пер» деген қосымшалар қолданылады. Мұндай жүйенің қолайсыздығы қанша оттегі атомы болатынын, сутегі атомы оттегі атомымен байланыса ма, жоқ па көрсете алмайды.

Қазіргі кезде дәстүрлі атау тек  кейбір өте жиі қолданылатын қышқылдар  үшін ғана сақталған:

H2SO4 – күкірт қышқылы;

H2SO3 – күкіртті қышқыл;

H3PO4 – фосфор қышқылы;

H2CO3 – көмір қышқылы.

Негізінен қышқылдарды атауда жүйені қолдану тиімді. Мұндай атау екі  сөзден тұрады. Алдымен сутек деген  сөз аталып, оған керегіне байланысты «ди», «три» және т.б. сандық қосымшалар қосылып, ал екінші болып координациялық номенклатура бойынша құрылған анион аты беріледі. Ол төрт бөліктен құралады. Бірінші барлық орталық атоммен байланысқан радикалдар аты, оған орталық атомның латынша атын – ат жұрнағы жалғанып беріледі. Егер бірнеше лиганда болса, олар алфавиттік ретпен аталады.

Кесте 5

 

Дәстүрлі немесе жартылай жүйе бойынша

Жүйе бойынша

H2MnO4

 

 

НСlO4

 

HClO3

 

HClO2

 

HClO

Марганецті қышқыл

 

 

Хлор қышқылы

(хлорная кислота)

Хлорлы қышқыл

(хлороватая кислота)

Хлорлау қышқылы

(хлористая кислота)

Хлорлылау қышқылы

(хлоноватистая кислота)

Сутек тетраоксоманганат (VI)

Сутек тетраоксоманганат (2-)

Дисутек тетраоксоманганат

Сутек тетраоксохлорат (VII)

 

Сутек триоесохлорат (V)

 

Сутек диоксохлорат (ІІІ)

 

Сутек монооксохлорат (І)


 

Кесте 6

Формула

Аталуы

Формула

Аталуы

HClO

Хлорлылау қышқылы

H3BO3

Ортобор қышқылы

HClO2

Хлорлау қышқылы

H2SiO3

Метакремний қышқылы

HClO3

Хлорлы қышқыл

H4SiO4

Ортокремний қышқылы

HClO4

Хлор

қышқылы

H3JO5

Мезоид

қышқылы

HNO3

Азот

қышқылы

H2MnO4

Маргенцті

қышқыл

HNO2

Азотты

қышқыл

HMnO4

Марганец

қышқылы

H2SO4

Күкірт

қышқылы

HAsO3

Метамышьяк қышқылы

H2SO3

Күкіртті

қышқыл

H3AsO4

Ортомышьяк қышқылы

H2SeO4

Селен

қышқылы

HPO3

Метафосфор қышқылы

H2CO3

Көмір

қышқылы

HPO4

Ортофосфор қышқылы


 Бір-бірінен қышқыл түзуші элемент санымен айырылатын қышқылдар полиқышқылдар деп аталады.

H2S2O7 – қос күкірт қышқылы;

H4P2O7 – пирафосфор (қосфосфор) қышқылы;

H2B4O7 – төрт бор қышқылы.

НЕГІЗДЕР. ОН – тобын халықаралық номенклатура бойынша гидроксид деп атайды. NaОН – натрий гидроксиді, Са(ОН)2 – кальций гидроксиді.

Егер металл бірнеше  гидроксид түзсе, онда гидроксид  деген сөздің алдында грек сандары  аталады немесе металл атынан соң  цифрімен валенттілігі қойылады.

Информация о работе Атом-молекулалық ілім негіздері. Х имияның негізгі заңдары