Алкалоидтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 21:31, реферат

Описание работы

Алкалоидтар — (араб.: alkali‎ – сілті және гр. eіdos – түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т.б.). Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.[1]

Работа содержит 1 файл

Алкалоидтар.docx

— 35.51 Кб (Скачать)

Алкалоидтар — (араб.: alkali‎ – сілті және гр. eіdos – түр) — құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер; құрамында азоты бар сілті қасиетті органикалық зат; улы және емдік қасиеттері бар. (хинин кофеин никотин эфедрин анабазин т.б.). Қазіргі уақытта өсімдіктерден мыңдаған алкалоидтар бөліп шығарылған. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.[1]

Олар көптеген өсімдіктердің  құрамында  кездеседі  және  аминқышқылдарынан  синтезделеді.Биологиялық   қасиеттері  көп  мөлшерде улы,ал аз  мөлшерде  емдік зат ретінде  байқалады.

  Қазіргі  кезде 5000 нан   астам алкалоидтар  белгілі.Олардың  құрылымының   негізінде  қандай  да бір гетероцикл  болады.Алкалоидтарды   химиялық  жіктеу осы жағдайға  жіктелген.Алкалоидтардың  бастауы  ретінде  орнитин,лизин, аспарагин  қышқылы,фенилаланин,тирозин,триптофан   болып  саналады.Физиологиялық   ең қарапайым  туындысы ретінде   эферинді  қарастыруға  болады.

Эфедрин  кеңірдекті  кеңітетін  зат. Оған құрылысы ұқсас  адреналин  жақын  тұр.Ол  мпңызды биологиялық  процестерді  реттейтін гормон ролін  атқарады.Өсімдіктерде  алкалоидтар  органикалық немесе минерал тұздар ретінде шамамен  1-2%  мөлшерінде  кездеседі.Қазіргі  кезде белгілі алкалоидтардың барлығының бірдей құрылысы анықталмаған.Химиялық қасиеттері  әртүрлі  болып келетін алкалоидтарды жіктеу олардың құрамына  кіретін гетероциклді  сақиналардың  табиғатына негізделген. Пиридин тобына жататын алкалоид  никотин.Ол көп мөлшерде  темекі  жапырағында кездеседі.Өте улы зат,адам үшін қауіпті дозасы 20-40  мг.Хин ағаштарының қабығында кездесетін  алкалоид  хинин.Ол  безгекке  қарсы қолданылады,өте улы қатты зат түрінде болады.Морфин  апиының құрамында 8-12% шамасында кездеседі. Оның құрамына   негізінен  изохинолин  ядросымен   конденсацияланған  фенантрен сақинасы  кіреді. Морфин  молекуласында   екі OH   топтары бар,оның  біреуі  фенолдардың  ал  екіншісі  спирттердің  қасиеттерін  көрсетеді.Морфин аз мөлшерде  қолданғанда  ұйықтататын   және  ауруды  жансыздандыратын  қасиет көрсетеді.Жиі  қолданғанда   ағза  қатты  уланып, адам жаны оған үйреніп кетеді.

Есірткі дақылдары – құрамында орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш заттары бар өсімдіктер. Есірткі дақылдарының көбі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады. Негізгі есірткі дақылдарына — апиын көкнәр, кокаинды бұта, тау қылша, үнді кенепшөбі, сасық меңдуана, т.б. жатады. Апиын көкнәр (Papaver somnіferum) — көкнәр тұқымдасына жататын ылғал сүйгіш, суыққа төзімді шөптесін өсімдік. Биіктігі 80 — 115 см, сабағы тік, аз бұтақтанған. Өсіп-өну кезеңі 85 — 135 күн. Айқас тозаңданады. Тұқымында 46 — 56% май, 20%-тей белок болады. Майы кондитер, консерві және парфюмерия өнеркәсіптерінде, дәні нан пісіруде қолданылады. Қауашағынан медицинада қолданылатын алкалоидтар (морфин, папаверин, кодеин, т.б.) алынады. Батыс Еуропада және Қазақстанда өседі. Кокаинды бұта (Erythroxylum coca) — кокаин тұқымдасына жататын мәңгі жасыл бұта. Биіктігі 2 — 3 м. Жапырағының құрамында кокаин болады. Кокаинды бұта Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Азияда өседі. Тау қылша (Ephedra eguіsetіna) — қылша тұқымдасына жататын бұташық. Биіктігі 1,5 м. Жапырағының түрі өзгерген, қылқан тәрізді. Құрамында медицинада қолданылатын эфедрин алкалоиды болады. Еуразияда өседі. Үнді кенепшөбі (Cannabіs іndіca) — кенепшөп тұқымдасына жататын, бір жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 1 — 1,5 м, сабағы тік, бұтақталған. Өсіп-өну кезеңі 65 — 160 күн. Айқас тозаңданады. Үнді кенепшөбінен гашиш (марихуана) алынады. Үндістан, Иран, Түркия, т.б. елдерде өседі. Сасық меңдуана (Datura stramonіum) — алқа тұқымдасына жататын ылғал, жылу сүйгіш өсімдік. Жапырағында атропин, гиосциамин, скополамин алкалоидтары болады. Еуропада, Батыс Сібірде және Орта Азиядаөседі. 

 Атропин  доланада кездеседі.Қатты   зат.Ол  тропин  спиртімен   троп қышқылының  күрделі  эфирі.Медицинада  аз  мөлшерде   адам  көзінің   қарашығын  үлкейту  үшін  қолданылады.

 Кокаин  күшті  жергілікті  жансыздантыратын  зат,сондықтан  оны көз, тамақ  аурулары,ауыз,мұрын   қуыстарының  кілегей  қабаттарын  емдегенде  жергілікті  анестезия   үшін  қолданылады.Бейбірекет  қолданғанда   кокаинизим  деп  аталатын  өте ауыр нашақорлыққа  соқтырады.Резерпин  қан қысымын  төмендетеді.Ол  Rauvolfia  Serpentina өсімдігінен  бөлінәп  алынған.Қан қысымы  көтерілгенде (гипертония) кейбір  психикалық  науқастарды емдегенде қолданылады,қылмысы өте күрделі.Раувольфия (лат. Rauvolfia) — қолдан өсірілетін өсімдік (СССР-де). Тамыры гипертониялық ауруларды емдейтін (резерпин, раунатин,раувазан, рауседил т. б.) және тыныштандыратын дәрілер жасау үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Аймалин препараты аритмияғақарсы қолданылады.

Алкалоид молекуласында С, Н, N атомдарынан  басқа S, Cl және Br атомдары болуы мүмкін. Алкалоидтар алынатын зат атауының түбіріне “ин” жалғауы жалғанып аталады. Мыс., атропин (Atropa belladonna өсімдігінен алынған), стрихнин (Strychnos nux Vomіca өсімдігінен алынған). Көбінесе Алкалоидтар жіктелімі молекуланың көміртек-азотты құрылымына негізделеді. Алкалоидтардың өсімдіктердегі мөлшері өте аз (0,001-2%), бірақ кейбір өсімдіктердегі олардың мөлшері 10-18%-ке дейін жетеді. Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Олар өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Кейбір Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. Алкалоидтар туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған байланысты медицинада әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде кеңінен қолданылады (мыс., морфин, эфедрин, атропин, папаверин т.б.).[2]

 

Азық қосындыларын қоректік және биологиялық әсерлі заттарға тек шартты түрде бөлуге болады.Мысалы, минералды элементтер, айталық, кальций-сүйек, фосфор-аденозинфосфат қышқылдары, темір-гемоглобин, кобальт-цианкобаламин, йод-тироксин құрамына кіріп, бір жағынан,құрылымдық қызмет атқарса, екінші жағынан, организмдегі буферлік жүйе, осмостық қысым, қышқыл-сілтілік қатынас, иондық теңдікті қалыптастыруға,ферменттерді белсендіруші хелаттық металэнзимдер  қызметіне қатысып, биологиялық  әсерлі қызмет те атқарады.  
Зат алмасу барысына ішкі бездер гормондарымен қоса азықтың түрлі қосындыларының да гормоналдық әсері болатынын ескеру қажет. Мысалы, турнепс, соя, азықтық капустадағы струмогендік қосындылар қалқанша безінің жұмысын бұзып, тироксин гормонының түзілуіне кедергі туғызады. Гормондық қосындылардың қасиетін қажетті бағытта, айталық, жүйке қозушылығын тежеп, мал мен құсты стресстен сақтандыруға, бордақылаудағы малдың салмақ қосымын жеделдетуге, т.б. қолдануға болды. 
Гормон тәріздес заттармен қоса ас қорытуына, оның ішінде, әсіресе құстың ас қорытуында біршама деңгеиде азықтыңөз ферменттерінің де қатысатынын ескеру қажет. Ферменттермен қатар өсімдік азықта олардың әсеріне кедергі келтіретін фермент ингибиторларының болатынын да ескереді. Мыысалы, соя мен басқа да бұршақ тұқымдастарда трипсин әсерін әлсірететін трипсин ингибиторы түріндегі белок болады.Оның күшін жою үшін  
сояны мал азығына пайдалану алдынды жоғары температурамен өңдейді. 
Қажетті жағдайда жемшөп қоректік заттарының, оның ішінде, жасунықтың ыдырауын өсіретін фермнттік және микробтық препараттарды қолдануға болады.  
 
Оларды ыдыратушылық қасиеттері боынша глюкавоморин, авоморин секілді амилолитикалық,яғни көмірсуларды ыдратушы, проторозин, протосубталин секілді протеолитикалық, яғни протеинді ыдыратушы, целловиридин, roxsasym секілді целлюлозлитикалық, яғни жасунықты ыдыратушы топтарға бөледі. 
Төл мен ауру малдың ас қорытуын реттеу үшін пепсин, панкреатин секілді мал дәрігерлікте қолданатын ас қорытуға көмектесетін ферменттік препараттарды қолдануға болады.  
Ферменттік препараттармен қатар медицина мен ветеринарияда түрлі аурулар туғызатын зиянды микробтарды жоюға антибиоз құбылысын кеңінен қолданады. Мысалы, мал дәрігерлік мақсатта барлық жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы түрлі антибиотиктер қолданылады. Мал мен құс азықтандыруында ас қорыту жолындағы пайдасыз және зиянды микроорганизмдерді жойып, ас қорыту барысының қызметін реттеп, қоректік заттар пайдаланымын арттыратын жиырмадан астам антибиотиктік препараттар пайдаланылады. Ас қорытуы қалыптаса қоймаған төлді іш өтуден (тышқақтан) сақтандыру мақсатында антибиотиктердің «Биовит-40» түріндегі, т.б. қосындыларын қолданады. 
Мал азығының қоректілігін жан-жақты сипаттау үшін оның қоректілік қасиеттерін төмендететін антиқоректік заттарының әсерін де біліп ескеру қажет. Мысалы, тиаминаза ферменті тиамин, яғни B1 витаминін ыдырататын болса, соя құрамындағы уреаза, липооксиадаза ферменттері мен гемоглютенин, соланин, трипсин ингибиторы, т.б. бірқатакр антиқоректік қосындылары оның желінуін шектеп, мал денсаулығына зиянын тигізеді. олар бұзауды диареяға шалдықтырып, шошқаны тіпті жем жеуден бас тарттырады. 
 
 
Бұл келтірілген антиқоректік қосындылардың бәрі жоғары температурада заласыздандырады. Сондықтан да мал азығына, айталық, сояны жұмсар алдында шығардағы температурасы 105 С болатын ыстық өңдеуден өткізеді. Жоғары температурада соя протейнінің ерігіштігі төмендеп, месқарынындағы ыдыраушылығы кемиді де, ішектегі қорытылуы мен сіңірілуі өседі. 
Антиқоректік заттарға өсімдіктерде түзілетін азоттық негіздер алкалоидтар да жатады. Олар жеңіл еритін органикалық қышқылдар мен тұздар құрамында ас қорыту барысында тез сіңіріліп, организмді уландырады. Алкалоидтардың түрлі өсімдіктерде кездесетін редин, папаверин, хелидонин, аконитин, бұршақ тұқымдастар дәнінде жиналатын гемаглютиннен түрінен уланудан мал басынан сақтандыру қажет. Ол үшін жайылымдарды улы алкалоидтар жиналатын өсімдіктерден арылтып немесе алкалоидтар көп жиналатын өсу кезеңінде малды жаймай, ол кезеңі өтіп не кептірілген жемшөптің уландыру күші тарағанда барып, сол алкалод уына төзімді мал түлігіне жегізеді. Улы қасиеті күшті өсімдіктері көп кездесетін жердің шөбін шауып, пішенге кептіреді. 
Өсімдіктерде судың қатысуымен глюкозамен (глюкон) және де бірқатар басқа қосындыларға (аглюкон) ыдырайтын эфир тәріздес глюкозидтер болады. Олардың көбі малға заласыз, тек кейбіреулерінің ғана уландырғыш қасиеті күшті болады. Мұндай улы глюкозидтерден қант қызылшасы мен картоп қабығында жиналатын сапониндерді, мақта күнжарасындағы госсиполды атауға болады. Олардың шамадан тыс мөлшері мал қарынында пайда болған газдардың шығуына кедергі келтіріп, қарнын кептірсе, қандағы көп көлемі қан қызыл түйіршіктері эритроциттерді сусызданып, солуына соқтырады. Малдың тыныстануын бұзып, тұншықтырады. Кейбір глюкозидтер ыдырауынан улы эфир майлары пайда болады. Әдетте олар өсімдікті кептіргенде ұшып кетеді. 
 
Қысқа мерзімде молынан пайда болған іш газдары кекірікпен шығарылып үлгермей месқарынды кептіреді. Бұл жағдайда, әсіресе, сапониндер,пектиндер, гемицеллюлозалар, ұшпайтын май қышқылдары секілді химусты көбіктендіргіш қосындылар ықпалынан көбігі жарылмайтын газдар түйіршігінің көптеп пайда болуы аса қауіпті. Газдар көбігінің пайда болуына сілекей құрамы мен мөлшері, қарын кілегей қабатының сұйығы, олар қалыптастыратын буферлік сыйымдылық, pH, т.б. жағдайлар жан-жақты ықпал етеді. Осыны ескеріп малды қауіпті мезгілде, жаңа көктеген жайылымдарда жайғанда қаіпсіздік шараларын сақтау қажет. 
Азықтың қоректілігін кешенді бағалау 
 
Мал азығының қоректілігі мен құнарлығын физиологиялық-биохимиялық тұрғыдан жан-жақты сипаттай отырып, кешенді түрде бағалау керек. Азықтың қоректену барысында тиімді пайдаланылуы биологиялық тұрғыдан сапалық көрсеткіштері болып табылатын оның энергетикалық, протеиндік, майлық, көмірсулық, минералдық, витаминдік және биологиялық құнарлылығымен пайымдалады. Малға жегізілген азық қосындыларын қажетті өнім қосындыларына жоғары дәрежеде айналдыру, яғни конверсияландыру үшін азықтың жалпы, яғни энергетикалыққоректілігімен (қуаттылығымен) қатар сапалық корсеткіштерінде жете қадағалап, зат алмасу барысындағы қорытылған қоректік заттардың қажетті бағытта тимді игерілуіне ықпал етуге болады. 
Мал азығының қоректілігін сипаттағанда тірі организмде зат пен энергия сақталу заңдылықтарының орын алатынын ескеру қажет. Бұл заңдылықтарға сүиене отырып малға жегізілген жемшөп қоректік заттар жоғары дәрежеде өндірілетін өнім қосындыларына айналдыруға болады. Жоғарыды келтірілгне мал азығының қоректілігі көрсеткіштерінің әрқайсысы азық қоректілігі мен құнарлылығының жеке қырларын сипаттайды.Олардың әрқайсысының қоректенудегі өзіндік маңызы зор.  
Мұны Н.Мак-Коллум мен М.Девистің лабораториялық жәндіктермен жүргізген тәжірибе деректерінен көруге болады. Тәжірибедегі жәндіктерді тек бидай дәнімен қоректендіргенде олар жөнді өспей, қысқа мерзім өмір сүрген. Бидайға тазартылған сүт казеинін немесе сары май қосқанда да олардың өсіп-өмір сүрулері жөнді оңалмаған. Тек бидайға сүт құрамындағыдай тұздар қосындысын қосқанда жәндіктердің біршама өскені байқалған. Бидай мен казеинге не бидай мен сары майға осы тұздар қосындысын қосқанда, жәндіктердің өсуі біршама мерзімге созылып, олар аздап күшіктеп, бірақ өмірлері қысқа болған.  
Бидайға осы қосындылардың бәрін біріктіріп қосқанда жәндіктер тез арада өсіп жетіліп, көп күшіктеп, өмір сүру мерзімі біршама ұзарған. Бұл тәжірибе нәтижелері бидайдың энергетикалықп протеиндік, майлық, минералдық және витаминдік қоректілігі жоғары екеніне қарамастан оның тек өзін жегізгенде жалпы құнарлығы мен қоректілік сапасы төмен болатынын корсетеді.  
Мал организміндегі зат алмасуына ең күшті ықпал ететін сыртқы орта факторы болғандықтан қоректену деңгейі мен сапасы, яғни қоректілігі мен құнарлығын дұрыс бағаламау жемшөп қорының ұқсата пайдаланылуын төмендетіп, азықтандыру тиімділігін кемітеді. Сапасыз азықтандыру малдың ас қорытуын нашарлатып, зат алмасуын зақымдап, өсіп-өнуі мен көбеюшілігін тежеп, өнімділігін кемітіп, денсаулығын бұзып, түрлі ауруларға шалдықтырады. 
Азықтың энергетикалық, протеиндік, көмірсулық, липидтік, минералдық және витаминдік құнарлығының кемістігінен мал зат алмасуы бұзылып, түрлі ауруға ұшырайды.Ол аурулардың сыртқы, клиникалық белгілері ауру әбден ұшқынып, дамып, мүше не жүйенің қызметі мен құрылымы әбден, қайта орнына келместей бұзылғанда ғана айқындалатынын ескеріп, күнделікті азықтандыру барысындағы қолданылатын азықтар құндылығы мен сапасын мұқият қадағалау қажет. Қоректік заттар мен минералдық элементтердің мал азығындағы жеткіліктілігін қандағы мөлшерімен бақылауға болады.  
Мал азығының қоректілігі мен құнарлығын бұл көрсеткіштермен қатар азықтандырудың малға тигізген ықпалы мен дұрыс азықтандырудың сыртқы белгілерімен де бақылайды. Мұны, әсіресе, геохимиялық эпизоотияларға жататын биогеохимиялық аймақтарда туындайтын эндемиялық аурулардан байқауға болады.  
 
Өсімдіктің (эпифитотия), малдың (эпизоотия) және адамның (эпидемия) эндемикалық аурулары жергілікті биогеоценздардағы биохимиялық қоректік тізбекке тікелей байланысты туындайды. 
Сыртқы ортада агробиоценозымен ландшафттағы геохимиялық жағдайлардың тепе-теңдігінің, химиялық элементтердің биотикалық айналымының бұзылуынан туындаған геохимиялық эпифитотия, эпизоотия және эпидемия адамзаттың бүгінгі күн тәртібіндегі күрделі мал дәрігерлік және экологиялық мәселе болып отыр. Қоршаған орта оптималдық көрсеткіштерінің шектік шекарасынан шығып, биологиялық үрдіске кедергі туғызатын заттар деңгейін лимитті фактор деп атайды. Сол лимитті факторлардың, бір жағынан, мал қорегімен қамтамасыз етілмеуі немесе екінші жағынан, организмге ластанған сыртқы ортадан шектен тыс енуі қалыптасқан жергілікті экологиялық жүйені бұзып, аймақтық биогеоценоздағы тіршілік иелерінің қарым-қатынасына кедергі тудырып, дамуын нашарлатады. 
Іс жүзінде малға жегізілген азық қоректілігінің объективті көрсеткіші оның қоректік заттарының ас қорыту барысында игеріліп, өнім заттарына конверциялану (айналдыру) дәрежесі болып табылады. Оны жұмсалған (шығындалған) азық бірлігіне өндірілген өнім(сүт,ет,жүн,жұмыртқа,жұмыс секілді) бірлігімен өлшейді. Неғұрлым аз азық шығынымен мол да сапалы өнім өндірілсе, соғұрлым өндірілген өнім бірлігіне жұмсалған тікелей шығын (прямые затраты) көлемі кемуінен оның өзіндік құны (себестоимость) азайып, мал шаруашылығының экономикалық тиімділігі (рентабельдігі) жоғарылайды. Бұл тұрғыдан алғанда, азық қоректілігін дұрыс бағалап, шаруашылықта мықты (жеткілікті) жемшөп қорын дайындап, мал басын құнарлы азықтандыруды жолға қоюды нарықтық қатынастарда мал шаруашылығын жемісті дамытудың шешуші факторы ретінде қарауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Жоспар:

 

Кіріспе:               Алкалоидтардың  таралуы

 

Негізгі  бөлім:     Алкалоидтардың  табиғатта  кездесуі

 

Қорытынды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

1. Ә.Қ.Патсаев  Биоорганикалық  химия.

2.  Ә.Қ.Патсаев,К.Н.Дауренбеков.  Биоорганикалық  химия

 


Информация о работе Алкалоидтар