Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2012 в 16:22, реферат
Павлодар облысында жылына 600 мың тонна зиянды заттар қоршаған ортаға шығарылады. Оның сексен бес пайызы - ірі өнеркәсіп ошақтарының үлесінде. Елімізде ірі көлемде қалдық төгетін 43 зауыт болса, соның тоғызы Павлодар жерінде орналасқан. Осыдан кейін өңірімізде экологиялық қауіпсіздік мәселесі қаншалық өзекті екенін өзіңіз ойлай беріңіз.
Павлодар облысында жылына 600 мың тонна зиянды заттар қоршаған ортаға шығарылады. Оның сексен бес пайызы - ірі өнеркәсіп ошақтарының үлесінде. Елімізде ірі көлемде қалдық төгетін 43 зауыт болса, соның тоғызы Павлодар жерінде орналасқан. Осыдан кейін өңірімізде экологиялық қауіпсіздік мәселесі қаншалық өзекті екенін өзіңіз ойлай беріңіз.
Шын мәнінде, қазіргі кезде алпауыт кәсіпорындарға қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жете көңіл аударатын уақыт жетті. Басқаша айтқанда, экономиканың тамырына қан жүгіртіп отырған өндіріс орындары бәрібір залалды азайту шараларына белсенді кірісулері керек. Олай болмаған күнде, кезінде ядролық сынақтан зардап шеккені аз болғандай, аймақ жұртшылығы тағы да небір кеселдерге тап болуы әбден мүмкін. Табиғат-Ананы үздіксіз тұншықтырудың да азабы аз болмаса керек.
Бастысы - өнім көлемі ғана емес...
Ақсу ферроқорытпа зауыты қырық екі жылдан бері жұмыс істейді. Онда өндірілетін құрамында хром, кремний, марганец қоспалары бар қорытпаларға деген сұраныс әлем нарығында жылдан-жылға өсуде. Қазіргі кезде «Қазхром» трансұлттық компаниясының филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты жылына 1,2 млн. тонна өнім шығаратын, өз саласы бойынша әлемдегі жетекші металлургиялық кәсіпорын болып табылады.
Әрине, іргелі өндірістің жыл сайын қанатын кеңге жайып, дамығанын құптаймыз. Соның арқасында алты мыңнан астам ақсулыққа тұрақты жұмыс бар. Мамандар биыл алты ай ішінде өнім көлемін былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда екі есеге асырып алған. Ендеше зауыттықтарға жалақылары да еш кемітілмей есептелінеді, одан бөлек елдің қазынасына құйылып жатқан салықтық төлемдер де кешіктіріліп жатқан жоқ деуге толық негіз бар. Әлемнің елдері дағдарыстан басын ұстап, шулап жатқан тұста ферроқорытпа зауытының қайтадан өрлей бастағаны - шын мәнінде, қуаныш.
Дегенмен, жоғарыда айтып өткендей қазіргі заман өнеркәсіптен түсетін табысты ғана емес, өндірістен келетін экологиялық зиянды да есептеу керек. Қазірде Үкіметтің бұған барынша назар аударып отырған кезі. Ендігі жерде бізге кәсіпорын туралы сөз етер болсақ, оның қоршаған ортану қорғау жүйесі бойынша қол жеткен табыстары мен тың істерін қатар айтуымызға тура келеді. Сонымен, ақсулық зауыт экология мәселесін қаншалықты ескеріп отыр?
Айта кетелік, осыдан бірнеше жыл бұрын Ақсу ферроқорытпа зауытының OHSAS-18000 атты қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық менеджмент жүйесі енгізілгені мәлім. Кәсіпорын директоры А.Есенжоловтың айтуынша, бұл кезде ондай халықаралық сертификат алғандар ілуде біреу ғана болатын. Яғни, ферроқорытпа зауыты еліміздегі ірі кәсіпорындардың алғашқысы болып ондай мәртебеге қол жеткізді.
Бір есептен, зауытқа одан басқа тиімді жол жоқ еді. Себебі әлемдік нарыққа шығуды көздеген өндіріс орнына алдымен өнімнің халықаралық стандартқа сәйкес шыққанын дәлелдеу керек. Біздегідей емес, мынау Еуропада ондай мәселеге ерекше қарайды. Осы жерде электролиз зауытының да әлемге алюминий құймасын экспорттау үшін бірден халықаралық менеджмент жүйелерін тәжірибеге енгізгенін еске салайық.
Бірақ,
уақыт көрсеткендей, германиялық OHSAS-18000
сертификатын алғаны Ақсу ферроқорытпа
зауыты үшін экологиялық қауіпсіздік
мәселесіне қарай жасаған алғашқы бетбұрысы
болған тәрізді. Бұған аталмыш өндіріс
орнының қазірде мықтап қолға алған қоршаған
ортаны қорғауға арналған шаралары дәлел.
Тиімді әрі тың жоба
Үстіміздегі жылдың 28 маусымында Ақсу ферроқорытпа зауыты алаңында ерекше оқиға болды. «Елбасымен бірге ел қуатын еселейік!» жалпы республикалық телекөпір акциясы өткізіліп, оған Павлодар облысынан дәл осы ферроқорытпа зауыты қосылды. Аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа дәл осы күні облыста екі инновациялық жобаның іске қосылып отырғанын баяндады. Айта кетелік, бұл күні елімізде Индустрияландыру картасына енген 72 тың жобаның тұсауы кесілді. Соның қатарында жылына 2500 дана жүк вагонын құрастыратын екібастұздық «Таман» кәсіпорнының және он екі айда 250 мың тонна агломерат өндіретін Ақсу ферроқорытпа зауытының жобалары болды. Еліміздің теміржол саласында өзекті болып табылатын вагон құрастыру мәселесінің аз уақытта шешілетіні - шын мәнінде, жар салатындай жақсы жаңалық. Дей тұрғанмен, агломерат цехының да маңыздылығы одан бір мысқал кем емес. Бұл жоба экономикалық тұрғыдан ғана емес, экологиялық жағынан да тиімді болып есептеледі. Неге?
Ферроқорытпа зауыты әлемдік нарықта сұранысқа ие қорытпа өнімдер шығару үшін кен байлықтарын қолданады. Мәселен, Қарағанды облысындағы кеніш жылына 500 мың тонна руда береді. Бұл шикізаттар түгелдей қорытпаларға айналмайды, өндірістік қалдықтары шығады. Зауыт директоры Арман Есенжоловтың айтуынша, осы күнге дейін 5 млн. тоннадай қалдық үйілген. Ал бұл қалдықтардың жер бетінде еш залалсыз жатыр деуге ешкімнің аузы бармас. Адамға да, табиғатқа да оның қажеті шамалы.
Еуразиялық
табиғи қорлар корпорациясы құрамына
енетін «Қазхром» трансұлттық
Мамандардың
түсіндіруінше, агломерат цехы ең алдымен
өндіріс қалдықтарын қайта
Агломерат
цехының екінші бір тиімділігі –
оның экологиялық тұрғыдан алғанда
қауіпсіз болып саналатындығы. Мұнда
сүзгіштер мен желдеткіш
Жаңа
цехтың жылына 350 мың тонна агломерат
өндіруге қуаты жетеді, оның басым
бөлігі хром рудасы болса, 80 мың тоннасын
марганец шикізаты құрайды. Бүгінде алғашқы
кезегі іске қосылған Ақсу ферроқорытпасы
зауытындағы агломерат цехы – осы бағытта
құрылған елімізде алғаш құрылып отырған
өндіріс. Онда 100-ден астам жұмыс орны жасақталатын
болады.
Үкімет басшысының бағасы
Таяуда аймағымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ақсу ферроқорытпа зауытында болды. Мәртебелі мейман агломерат цехының құрылысын аралап, инновациялық жобаның мүмкіндіктерінен хабардар болды. Кейін қоршаған ортаны қорғау және ауыз сумен қамту мәселелері бойынша кеңес өткізген Премьер-Министр тың жобаның экологиялық тиімділігіне байланысты өзінің пікірін білдірді.
- Сіздердің
нысандарыңыз сияқты деңгейге
жету үшін көп еңбектену керек.
Сөз арасында Үкімет басшысы мемлекетіміз Ресейдің бір уран байыту зауытын сатып алу жөнінде ұйғарымға келгенін айтты. Бұл еліміздегі уран өндірісінің циклын түйіндеуге мүмкіндік береді. Аталмыш зауыт бір тонна руданың небары 0,7-0,8 пайызын пайдалы өнім ретінде өңдеп шығады. Соның өзінде бұл өндіріс тиімді деп есептеледі.
- Онымен
салыстырғанда агломерат
Сөз соңында
Дәл
осы жиында облыс әкімі Б.Сағынтаев
Үкімет басшысына соңғы кезде
аймағымыздың өнеркәсіп орындары қауіпсіздік
мәселесіне көңіл бөліп отырғанын
баяндады. Биыл жалпы алғанда 19 млрд.
теңгенің табиғат қорғау шараларын
өткізу жоспарланған. Бұл іске облыс бюджетінен
де қаржы берілуде. Дегенмен, облыста экология
департаментінің қызметін жандандыру
қажет. Қатаң талап пен қадағалау болмаса,
заң бұзышулықтарға жол берген ірі өндіріс
орындары айылын жияр емес. Соңғыда жүргізілген
477 тексеру шарасының барлығында дерлік
заң бұзушылықтар анықталған. Нәтижесінде
16 млн. теңге айыппұл салынғанымен, кәсіпорындар
оның тең жарымын да төлемеген. Бұл тексерістер
жүргізілген нысандардағы ахуал ғана.
Ал көзден таса болып жатқандары қаншама.
Облыста барлығы 3,5 мың табиғат пайдаланушы
бар деп есептеледі. Мұның бәрі экологиялық
мәселелерге бейжайлықпен қарауды доғаратын
мезгіл жеткенін мегзейді.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.