Маркетингтің жалпы сипаттамасы. Маркетингтің фармация саласында ұйымдастырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 14:14, контрольная работа

Описание работы

Маркетинг (ағылшын сөзі- marketining) “нарықты жасау” деген ұғымды білдіреді. Маркетинг капиталистік кәсіпорынның өндірісті өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде ХІІ-ХХ ғасырлар арасында пайда болды.

Содержание

1. маркетинг анықтамасы.
2. Маркетингті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жолдары.
3. Фармацевтикалық ұйымның маркетингтік қызметі

Работа содержит 1 файл

Маркетингтің фармация саласында ұйымдастырылуы..doc

— 61.00 Кб (Скачать)


Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

 

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

              Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы             

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

ДӘРІС

 

Тақырыбы: Маркетингтің жалпы сипаттамасы. Маркетингтің фармация саласында ұйымдастырылуы.

 

 

 

 

 

 

051103- Фармация мамандығы

 

5 курс

 

1сағат уақыт (ұзақтығы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2011ж .



Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

    25 .04. 2011ж. № __9__ Хаттама

Кафедра меңгерушісі, б.ғ.к.  ________________  Лосева И.В.

 



 

Тақырыбы: Маркетингтің жалпы сипаттамасы. Маркетингтің фармация саласында ұйымдастырылуы.

 

Мақсаты: Маркетингті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жолдарымен таныстыру.

 

 

Дәрістің жоспары:

1.       маркетинг анықтамасы.

2.       Маркетингті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жолдары.

3.       Фармацевтикалық ұйымның маркетингтік қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Маркетингтік қызметтің мазмұны.

Маркетинг (ағылшын сөзі- marketining) “нарықты жасау” деген ұғымды білдіреді. Маркетинг капиталистік кәсіпорынның өндірісті өткізу және сауда істерін басқаруды ұйымдастыру әдісі ретінде ХІІ-ХХ ғасырлар арасында пайда болды.

              Маркетинг- фармацевтикалық фирма, кәсіпорынның сауда өткізу іс-әрекеттерін реттейтін, өндірістік процестерде және дәрі-дәрмектерді сатуда және фармацевтикалық қызмет көрсетуде фармацевтикалық тауар өндірушілерді жақындатуға, жылжытуға әсер ететін кешенді шаралар жиыны. Бүгінгі күні маркетинг және маркетингтік жұмыс бәсекенің стратегиясы мен тактикасын және фармацевтикалық тауарларды сатып алушыларды фармацевтикалық фирма, кәсіпорындардың өздеріне тарту тәсілдерін, нарықты билеу әдістерін жасайтын, жұмыс тиімділігін және пайда деңгейін қамтамасыз ететін, фармацевтік нарықпен дәрі-дәрмектердің бағаларына бақылау орнататын жан-жақты ғылым мен іс-әрекет салаларына айналып отыр. Осыған байланысты маркетинг- фармацевтикалық фирма, кәсіпорындардың шаруашылық жұмыстарының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

              Маркетингтік жұмыстың фармация саласындағы басты міндеті- фармацевтикалық өндірісті дұрыс бағдарлау және фармацевтикалық нарықты терең зерттеу болып табылады.

              Фармацевтикалық фирма, кәсіпорын жұмысындағы маркетингтің мақсаты- тұрғындардың басқа тұиынушылардың сұранысы мен талаптарына сәйкес керекті дәрі-дәрмектермен басқа фармацевтикалық тауарлармен қамтамасыз етуді нарық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізу.

              Тұтыну қажеттілігінің дәрежесін өлшеу өте қиын жұмыс, 1-н, экономика ғылымы саласында нақты тауарлардың немесе нақты маркетингтік жұмыстың тұтыну қажеттілігін толық қамтамасыз етудің өлшенуін ешбір экономист ойлап тапқан жоқ. 2-н, белгілі тұтынушының тауарларға деген сұранысын, талаптарының қанағаттануы, қандай қайшылықтарға байланыстығы ескерілмейді.

              Жалпы маркетингтің дамуын 3 кезеңге бөлуге болады:

1 кезеңі- тауарларды артық өндіріуден, яғни  тауарлардың ұсынысы сұраныстан артық бола бастағаннан байланысты. Бұл кезеңдегі маркетингтің мақсаты- тауарлардың өндірісін көбейту және өндіретін тауарларды барлық әдіс, тәсілдерді қолдана отырып оларды сатып алуға тұтынушыларды мәжбүр ету.

2 кезеңі- тауар өндірушіден тұтынушыға және нарыққа бағдарлауғ бағыттау.

3 кезеңі- қоғамдық экономика ресурстарын бағдарлап, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың өзара үйлесімді, тиімді қамтамасыз ету негізінде жүргізіледі. Фармацевтикалық жүйеге маркетингтік жұмысты нақты түрде енгізу- экономиканың басқа да салалары сияқты маркетингтік концепциялары негізінде ұйымдастырылады. Дамыған елдер тәжірибелерін талдай отырып анықтайды.

 

Классикалық тұрғыдағы маркетингтік жұмысты ұйымдастырудың 5 концепциясы бар:

1.өндірісті жақсарту концепциясы

1.       тауарлардың сапасын жақсарту концепциясы

2.       коммерциялық күшті интенсификациялау концепциясы

3.       маркетингтік жұмысты концепциялау концепциясы

4.       әлеуметтік- этикалық маркетинг концепциясы

Қазіргі кездегі маркетингтің түйінін қалыптастыру: тұтынушы қажеттілігі ұйымның табысына айналады (Сурет 1)

Қажеттілікті қанағаттандыру жолымен табысқа жету

 

Қажеттілік

 

Маркетинг

 

 

 

Сурет 1. Маркетингтік концепция схемасы.

 

Маркетинг қызметі ұйымның келесі мақсаттарына жетуді қамтамасыз ету керек:

-   көп тауар санын сату мүмкіндігі және қажетті пайданы алу;

-   тұтынушы сұранысын максимальды қанағаттандыру, ұйым ұсынған тауарларды болашақта да алу тілегін қалыптастыру;

 

 

Маркетинг қойылған мақсаттарға жету үшін бірқатар функцияларды орындау қажет. Сурет 2.

 

 

Ұйым маркетингі

 

 

Зерттеу функциялары:

тұтынушылар, тауарлар, бәсекелестер, жалпы экономикалық тенденциялар, нарық коньюктурасы, нарықты сегменттеу

 

 

 

Стратегиялық функциялар:

- баға түзілу саясатын өңдеу,

- өткізу және тауар жүру стратегиясын өңдеу,

- ұйымның (фирма) жалпы нарықтық стратегиясын өңдеу. 

 

Орындаушы функциялары:

-        тауар жүруді ұйымдастыру,

-        өткізуді ұйымдастыру,

-        сервистік қызмет көрсету

 

Ұйым қызметінің нәтиежелерін бағалау

 

Маркетингтік саясатты өңдеу

Ұйым әкімшілігі үшін ақпаратты құрастыру

Сурет.2. Ұйымдағы маркетингтің функционалдық мақсаттары.

Фармацевтикалық ұйымның маркетингтік қызметі

Фармацевтикалық ұйымның маркетингтік қызметі стратегия және тактиканы өндіруге, ұйымның тауар нарығы және қызмет көрсетудегі бет алысын қалыптастырады. Қандай да фармацевтикалық ұйымның маркетингтік қызметі тұтынушылар сұранысына және қажеттілігін қанағаттандыру қызметіне бейімделу керек.

Маркетинг

 

Тауар саясатын қалыптастыру

 

Баға саясатын қалыптастыру

 

Ынталандыру және сұранысты қалыптастыру


 

Сурет. 3 Фармацевтикалық ұйым маркетингі біртұтас жүйе ретінде.

 

 

 

Фармацевтикалық ұйым маркетингінің қызметі

Бас маман

 

Тауарлы қалыптастыру секциясы

 

саясатын қалыптастыру секциясы

 

өткізу саясатын қалыптастыру

секциясы

саясаттың

баға түзілу

маман

 

Рис. 4. Фармацевтикалық ұйымның маркетингтік қызметінің құрылымы.

 

Сонымен, маркетинг қызметін ұйымдастырудың әртүрлі варианттары бар. Сол және басқа варианттарын таңдай отыра, міндетті түрде негізгі екі вариантын ескеру керек.

Информация о работе Маркетингтің жалпы сипаттамасы. Маркетингтің фармация саласында ұйымдастырылуы