Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:01, реферат

Описание работы

Жалпы кәсіпкерлік құқық ұғымына сипаттама беретін болсам, кәсіпкерлік құқық – кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әркет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Кәсіпкерлік құқықтың әдістері.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Кәсіпкерлік құқықтың қазіргі заманғы ұғымы
2.Кәсіпкерлік құқықтың пайда болу және даму кезеңдері
ІІІ. Қорытынды

Работа содержит 1 файл

кәсіпкерлік құқық прреферат.doc

— 67.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

АТЫРАУ  МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ  ИНСТИТУТЫ 
 
 

                               

Гуманитарлық  факультеті

«Қазақстан  тарихы және құқық» кафедрасы 

Реферат 

Тақырыбы: «Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                      

Атырау  - 2010 
 

Жоспар 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім

1.Кәсіпкерлік  құқықтың қазіргі заманғы ұғымы

2.Кәсіпкерлік  құқықтың пайда болу және даму  кезеңдері

ІІІ. Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Менің бұл рефератымның тақырыбы «Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы»  деп аталады. 

     Жалпы кәсіпкерлік құқық ұғымына сипаттама  беретін болсам, кәсіпкерлік құқық – кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың  пәні кәсіпкерлік іс-әркет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкердің құқықтық субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу барысында міндетті орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтіретін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете алады. Бұндай мемлекеттік құзіретті органдар тарпынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тиым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін. Келесі әдістердің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір-біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кәсіпкерлік құқықтың қазіргі  заманғы ұғымы 

     Кәсіпкерлік құқықтың жетілуі сауда құқығының пайда болуына байланысты тарихи қалыптасты. Бастапқыда сауда құқығы Батыс Еуропа мен Азия арасындағы сауда-саттықтың дамуында делдалдық қызмет атқарған Италияда пайда болды. ХІ-ХІІІ ғасырларда консулдық соттар шешімдеріне негізделген қарапайым құқық болып табылатын итальяндық сауда құқығы қалыптасты. Сауда құқығының ары қарай дамуы Италияның сауда-саттық үстемдігін Франция, кейіннен Испания, Англия, Голландия сияқты елдер алмастырған ХV-XVIII ғасырларға жатады. 1673 ж. Францияда Сауда кодексі, ал 1681 ж. тарихқа Кольбер ордонанстары ретінде енген Теңіз кодексі қабылданады.

     1811 ж. Австрияда Жалпы азаматтық  кодекс, ал 1897 ж. Сауда кодексі  қабылданады. Германияда, сол сияқты  Францияда да, сауда-саттық заңдарын  бір жүйеге түсіру (унификация) азаматтық кодексті жүйелеуден бұрын іске асырылды.

     Сөйтіп, жеке құқық дуализмі тек континенталдық құқық елдеріне ғана тән. Сонымен  қатар дуалистік тұжырымдама  немесе жеке құқық дуализмі Азаматтық  және Сауда кодекстері бір мезгілде жұмыс істейтін елдерге, ал жеке құқықтың монистік жүйесі Азаматтық кодекс және арнайы заң қызмет ететін континенталдық құқық елдеріне тән. Жеке құқық дуализмі, атап айтқанда, Германияда Сауда жинағының арнайы заңы ретіндегі Азаматтық жинақпен қатар өмір сүретінінен көрінеді. Бұл сауда құқығы нормаларының азаматтық құқық жиынтығында бірге қаралуға тиіс екендігін білдіреді. Франция мен Германияның тәжірибесін ТМД елдерінің бірқатары, мысалы, 2003 ж. қаңтардың 16-сында Украинаның Шаруашылық кодексі және Украинаның Азаматтық кодексі бір мезгілде қабылданған және 2004 ж. қаңтардың 1-інен заңды күшіне енген Украина пайдалануда.

     Ағылшын-американдық  құқық жүйесі елдерінде азаматтық  кодекстер жок, бірақ арнайы сауда  заңы жұмыс істейді. Сөйтіп, іс жүзінде  АҚШ-тың барлық штаттарында АҚШ-тың Біртектес сауда кодексі негізінде әзірленген коммерциялық кодекстері қабылданды. Сол себепті жеке құқық дуализмі кең таралмады және шетелдік мемлекеттерде жеке құқықтың монистік жүйесі қалыптасқан деген қорытынды жасауға болады.

     Ресей империясында, батыс-еуропалық құқық жүйелерінен айырмашылығы, ешқашанда азаматтық құқықтың айрықша бөлігі саналатын оқшау сауда құқығы болған емес. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Ресей империясында ақыр соңында аяқталмай қалған азаматтық құқықты бір жүйеге келтіру жұмысы басталған. Демек, революцияға дейінгі Ресейде біртұтас жеке құқық тұжырымдамасы қалыптасқан.

       «Екі секторлы құқық» теориясы өз атауын экономикадағы екі сектор құқытағы екі сектордың (жеке сектор – азаматтық құқықтың болуы, ал мемлекеттік сектор – шаруашылық құқығының болуы) өмір сүруіне ықпал етуі себепті алған. Ол кезде экономиканың мемлекеттік секторының дамуы оның артықшылықтарға ие болуына және жеке секторды біртіндеп ығыстырып шығаруға жеткізеді және тиісінше, мемлекеттік секторға қызмет ететін шаруашылық құқығы азаматтық-құқықтық қатынастардың және азаматтық құқықтың жойылуына әкеліп соқтырады.

     Аталған теорияның кемшіліктерінің қатарына экономиканың жеке секторының болуын, және, демек, азаматтық құқықтың уақытша  құбылыс болып саналуын жатқызу  қажет, бірақ даусыз артықшылық ретінде алғаш рет экономика саласында қатынастарды арнайы құқытық реттеу қажеттілігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементі іспетті шаруашылық құқығының дербестігі негізделгенін атап өткен жөн.

     ХХ  ғасырдың 30 жылдарында кеңес мемлекетінің экономикадағы көп салалылықты жеңуге бағытталған өзгерген экономикалық саясаты жағдайында «екі секторлы құқық» теориясының орнын біртұтас шаруашылық құқығы басты, ал оның өкілдері (Л.Я.Гинцбург, Е.Б.Пашуканис және басқалары) социалистік шаруашылық қатынастардың арнайы құқытық реттеуді қажет ететінін, ол үшін Шаруашылық кодексін әзірлеу және қабылдау керек екендігін айтты. Бір жүйеге салынған заңның болуы, өз кезегінде, шаруашылық құқығы дамуының биік дәрежесіне және оның құқықтың салалары ретіндегі дербестігіне дәлел болады.

     ХХ  ғасырдың 60 жылдарында И.В.Сталиннің  жеке басқа табынушылығы әшкереленгеннен  кейін, елде орын алған түбегейлі  өзгерістер енді шаруашылық құқығының  үшінші мектебінің пайда болуына  ықпал етті.

     Шаруашылық  құқығының үшінші мектебінің негізін қалаушылар (В.В.Лаптев, В.К.Мамутов), сонымен бірге олардың алдындағылар да шаруашылық қатынастардың біртұтастығы туралы тезисті және оларды айрықша құқықтық реттеу қажеттілігін қорғап бақты, нәтижесінде шаруашылық құқығының монистік тұжырымдамасы әзірленді.

     ХХ  ғасырдың 60-80 жылдарында шаруашылық құқығы теориясы өркендеу шегіне жетті, іс жүзінде  барлық ғалым-заңгерлер шаруашылық құқығының жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен  ерекшеленетін және оны құқытың  дербес саласы ретінде сипаттайтын  қажетті белгілерге ие тұтас құқықтық білім болып табылатынын растады.

     ХХ  ғасырдың 90 жылдарынан бастап, ТМД-нің  жекелеген елдерінде саны көп  жақтастары тағы бір рет оның дербестігі мен біртұтастығын негіздеуге тырысқан кәсіпкерлік құқықтың жаңа (бұл жолы – төртінші) мектебінің қалыптасу  және даму үдерісі басталды. Қазақстанда кәсіпкерлік құқық саласында азаматтық-құқықтық ғылым аясыда арнайы зерттеулер жүргізіледі, ал кәсіпкерлік құқықтың жеке мектебі жоқ.

     Кәсіпкерлік құқықтың қазіргі заманғы тұжырыдамасы, дамыған социализм жағдайында болғандай, бүтін және біртұтас болып табылмайды. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы және тәуелсіз және егеменді мемлекеттердің құрылуы қоғамдық және экономикалық өмірде түбегейлі өзгерістер тууына жеткізді, сол себепті жабық тұрпатты экономикадан нарықтық экономикаға көшу және құқықтық мемлекет орнатуға бағытталған демократиялық түрлену орын алды.

     Кәсіпкерлік құқыққа қатысты оның мәні және құқықтық табиғатын түсіну үшін, негізгі уш көзқарасты бөліп айтуға болады:

     Сонымен, бірінші көзқарасқа сәйкес, кәсіпкерлік  құқық құқықтың дербес саласы болып  табылады. В.С.Мартемьяновтің пікірі бойынша кәсіпкерлік құқық саласына тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру үшін азаматтардың меншігін сату барысында пайда болған қатынастар көшті.

     Кәсіпкерлік құқықты зерттеудегі екінші бағыт  кәсіпкерлік заңының белгілі  тұтастығын тануға негізделген. Осыған байланысты Ю.Г.Басин кәсіпкерлік құқық азаматтық құқықтың қосымша саласы, ал кәсіпкерлік заң заңның кешенді саласы ретінде әрекет етеді дегенді айтады.

     Үшінші  бағыттың өкілдері (мысалы, Н.Ю.Круглова, П.Г.Лахно, С.П.Мороз) кәсіпкерлік құқық – бұл жеке-құқықтық және әр түрлі салаларға жататын көпшілік-құқықтық нормаларды біріктіретін құқықтың кешенді саласы дегенді мақұлдайды.

     Сөйтіп, кәсіпкерлік құқық – құқықтың әр түрлі салалары нормаларын біріктіретін жан-жақты саласы. Құқықтың жан-жақты саласы, бәрінен бұрын, өзіне тән салалық әдісі жоқ, бірақ арнайы, дегенмен көрнекті заңдық режим орын алатын құқықтық реттеудің біртұтас тақырыбы болып табылады.

     Батыстық  құқықтануда құқық жүйесіндегі  кәсіпкерлік құқықтың алатын орны туралы мәселені шешудің екі негізгі бағыты қалыптасқан.

     Бірінші бағытқа сәйкес, шаруашылық құқығы құқық саласы немесе заң саласы емес, себебі ол экономикалық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын әзірлейтін немесе қолданатын жаңа тәсіл болып  табылады.

     Шаруашылық құқығының екінші бағыты оны құқықтың дербес саласы деп танудан көрінеді. Сонымен бірге бұл тұжырымның аясында ғалымдардың пікірлері бөлінді де, шаруашылық құқығын тар және кең мағыналарында түсінуді жақтайтындар пайда болды.

     Тар түсінікті жақтаушылар шаруашылық құқыққа қатынастарды экономиканың мемлекеттік реттелуі бойынша реттейтін нормаларды енгізеді.

     Шаруашылық  құқығының кең түсінігі жан-жақты, яғни кәсіпкерлік құқытың көпшілік-құқытық  және жеке-құқықтық табиғатын тануға саяды.

     Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: шетелдік заң әдебиетінде шаруашылық құқығын кең мағынасында түсінуді жақтайтындар оған шаруашылық қызметін іске асыру барысында пайда болатын қатынастарды реттейтін құқықтың әр түрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, қаржы, еңбек, халықаралық, қылмыстық және т.б.) нормаларын сыйғызады. 
 

Кәсіпкерлік құқықтың пайда болу және даму кезеңдері 

     Сауда құқығы ешқашан Қазақстанның құқық  жүйесінде  оқшау өмір сүрмегенін есепке ала отырып, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың дамуында негізгі екі кезеңді бөліп атауға болады.

     Бірінші кезең-бұл экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының қатар өмір сүруімен және экономиканың  (социалистік) жаңа тұрпатын құқықтық реттеу қажеттілігімен, сонымен қатар социалистік құқық жүйесі және социалистік заңдар негіздерін құрумен сипатталады.

     ХХ  ғасырдың 20-30ж.ж. басталып, ал содан кейін 20-30 жыл үзілістен соң, ХХғ. 60-80ж.ж. ол құқықтың дербес саласы ретіндегі шаруашылық құқығын құрумен аяқталды. Бұл кезеңде шаруашылық құқығы социалистік құқық жүйесінде жетекші орындардың бірін иеленген-ді.

     Шаруашылық  құқығы теориясын зерттеуге Л.И.Абалкин, Г.Л.Знаменский, В.В.Лаптев, В.К.Мамутов, М.Г.Масевич, В.А.Рахмилович, М.К.Сүлейменов, И.А.Танчук, Р.О.Халфин сияқты белгілі  ғалымдар өздерінің маңызды монографиялық  еңбектерін арнады.

     Шаруашылықты  жүргізудің әдістерін жетілдіру, ғылыми-техникалық прогресті жетелдету, өнім сапасын көтеру, ғылыми-техникалық ынтымақтастык пен сыртқы экономикалық қызметті өркендету мәселелері алдыңғы жоспарға шыққан ХХ ғасырдың 80 жылдарының екінші жартысында басталған «қайта құру» дегеннің табысты жүзеге асуын дәл осы шаруашылық құқығы қамтамасыз етуге тиіс болды. Алайда бұл идеялардың іске асуына тағдыр жазбапты, өйткені КСРО ыдырап, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылу үдерісі басталды.

     Екінші  кезең-бұл шаруашылық құқығының іс жүзінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған сәтінен басталып, осы уақытқа дейін жалғасып келе жатқан кәсіпкерлік құқыққа айналу кезеңі. Қазақ КСР-інің 1990ж. желтоқсанның 11-індегі «Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерліктің дамуы туралы» Заңы Қазақстанның кәсіпкерлік туралы арнайы заңының тууына және кәсіпкерлік құқықтың қалыптасуына бастама болды.

Информация о работе Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу және даму тарихы