Кеңселік жиһазды жасау цехын құру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:34, реферат

Описание работы

Қазіргі уақытта кеңселік жиһазды олардың интерьері мен дизайндық сапаларын ескере отырып, практикалық, сенімділік және функциональдық тұрғыдан қарастырады, өйткені біз таңдаған жиһаз жалпы стильге сәйкес келуі және нақты кеңсенің жалпы идеясына сай болуы тиіс.
Кеңселік жиһаз жұмыс істеуі және түрі мінсіз болуы тиіс. Осы тұжырымның өзектілігін өсе түсіп отырған өмір деңгейі елеулі растайды. Ал өзіне және өзінің қызметкерлеріне құрметпен қарайтын әрбір басшы кеңсеге арналған жиһаздардан үнем жасамайды. Бұдан басқа, өз компаниялары үшін жиһаз сатып алуды жүзеге асыратын менеджерлердің кәсіби шеберліктері мен құзыреттілігінің елеулі түрде арта түскенін атап көрсету қажет.

Содержание

Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламасы 11
4. Маркетингілік жоспар 12
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 12
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 19
4.3 Нарықтың дамуының болжамды бағалауы, күтілетін өзгерістер 20
4.4 Маркетинг стратегиясы 20
5. Техникалық жоспарлау 22
5.1 Технологиялық үдеріс 22
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 23
5.3 Жабдық және мүкәммал (техника) 23
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 23
6. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер 24
7. Жобаны іске асыру 25
7.1 Сату жоспары 25
7.2 Жобаны іске асыруға арналған шығындар 25
8. Пайдалану шығыстары 26
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 27
10. Қаржыландырудағы қажеттілік 29
11. Жобаның тиімділігі 30
11.1 Cash-flow проекциясы 30
11.2 Пайдалар мен шығындар есебі 30
11.3 Теңгерім проекциясы 30
11.4 Қаржылық индикаторлар 30
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері 32
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы 32
12.2 Қоршаған ортаға әсері 32
Қосымшалар 33

Работа содержит 1 файл

BiznesZhosparKenselikZhihazdyZhas.docx

— 1.05 Мб (Скачать)

 

                                                                                          Көзі: ҚР Статистика агенттігі

Сонымен, ҚР-ның жиһаз импорттайтын елдерінің арасында 2007 жылдан бері бірінші орында Ресей тұр. Екінші орында 2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде  Қытай болды. 2010 жылы Қытай үшінші орынға төмендеді. Украина екінші орынға шықты. Төртінші, бесінші және алтыншы  орындарды тиісінше Белоруссия, Италия және Түркия алады.

Пластикпен немесе қағазбен әрленген шайырлар сіңдірілген немесе сіңдірілмеген сүректен жасалған тақталар импортының азайғаны байқалады: 2011 жылдың қаңтар-сәуірінде өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 58,8%, ағаштан жасалған тақталар бойынша – 43,5% және жиһаз  бойынша – 79,7% (6-кесте).

 

6-кесте - ТН СЭҚ  ағаш өңдеу өнімінің 4 таңбасы бойынша Қазақстан Республикасынң экспорты мен импорты

Көрсеткіштің атауы

2011 жылдың қаңтар-сәуірі

Экспорт

Импорт

Саны

мың АҚШ доллары

Саны

мың АҚШ доллары

Пластикпен немесе қағазбен әрленген шайырлар сіңірілген немесе сіңірілмеген сүректен жасалған тақталар, м3

553,1

146,1

1 894 532,2

15 346,2

Ағаштан жасалған тақталар, өзгелер, м2

6,0

0,5

1 077 497,3

5 073,8

Өзге де жиһаз және оның бөліктері, тонна

-

-

18 823,3

52 975,0


 

Көзі: ҚР Өнеркәсіп  комитеті

 

11-суретте Қостанай  облысында кеңселік ағаш жиһаз  өндірісінің серпіні келтірілген.

 

 

 

 

 

 

11-сурет – Заттай мәндегі Қостанай облысында кеңселік ағаштан жасалған жиһазды өндіру, дана

                                                        Көзі: ҚР Статистика агенттігі

Суретте көрсетілгендей, кеңселік жиһаз өндіру көлемі  2006 жылдан бастап  2009 жыл кезеңінде   ұдайы ұлғаып отыр.  2010 жылы өндіріс көлемі 2 538 данаға (немесе 15,7%-ға) азайды.

 

12-сурет – Республикада өндірілген жиһаздың жалпы көлеміндегі Қостанай облысының кеңсе жиһазын өндірудің үлесі (2010 жыл), %

                                                      Көзі: ҚР Статистика агенттігі

Қостанай облысының кеңселік жиһаздар өндірістерінің республикада өндірілген жиһаздардың жалпы көлеміндегі  үлесі 2010 жылы 3,5%-ды құрады. Салыстыру  үшін, 2009 жылы осы көрсеткіш 3,8%-ды, 2008 жылы – 2,8%-ды құрады.

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Қостанай облысында кеңселік жиһазды өндіруші компаниялар кәсіпорынның негізгі бәсекелестері болып  табылады.

 

 

 

 

7-кесте - Қостанай облысының кеңсе жиһазын өндіру жөніндегі компаниялары

Компаниялардың атауы

Мекенжайы

«Кохана» ЖШС

Алтынсарин ауданы, Қызыл Кордон кенті, тел./факс: 8(71445) 39-6-44

«Поиск-11» ЖШС

Қостанай қаласы,  Уральская көшесі, 29А тел.: 8(7142) 28-00-90,

«Махаббат» жиһаз салоны

Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Ленин  көшесі, 9 тел./факс: 8(71441) 3-13-67, 3-29-90

«Қазлесстрой» ЖШС

Қостанай қаласы, Узкоколейная көшесі, 9

тел./факс: 8(7142) 56-42-66, 56-60-82

«Альянс-жиһаз» ЖШС

Қостанай қаласы,Текстильщиков көшесі, 12 тел.: 8(7142) 55-08-80


 

Көзі: Қостанай облысының  ақпараттық сайты

Құрылатын кәсіпорынның негізгі  артықшылықтары мыналар болып табылады: 

- уытты заттары жоқ  табиғи шикізаттарды пайдалану  есебінен шығарылатын өнімнің  сапалылығы;

- өндірістің икемділігі;

- әділетті және өзара  тиімді өткізу саясаты;

- бәсекелестік бағалар,  жеңілдіктердің пайдалы саясаты;

- кәсіпорын қызметкерлерінің  кәсіби шеберліктері;

- тұрақты дамуы. 

4.3 Нарықтың дамуының болжамды бағалауы, күтілетін өзгерістер

Қазақстанда жиһаз өнеркәсібін  дамыту үшін отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудің салалық  бағдарламасын әзірлеу және инвестициялық  шығындарды оңтайландыру үшін еркін  индустриялық-өндірістік аймақтар, қосылған құн тізбегі бойынша белсенді кооперация  құру  қажет.

Импорттық өнімнің өсе  түскен бәсекелестігіне қарамастан, мемлекет қолдау көрсеткен және мамандардың  барлық ұсыныстарын іске асырған  кезде  Қазақстанда саланың дамуы  және өндірістің өсуі нақты мүмкін. Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кластер ретінде дамуы мүмкін және өсу бәрінен бұрын өндіру саласында ірі инвестициялық  жобаларды іске асырудан туындайтын болады.

4.4 Маркетинг стратегиясы

Клиенттерді кеңселік жиһаз  салондары үшін тартудың дәстүрлі әдістері – бұл баспа басылымдарындағы жарнама,  телемаркетинг, ұсыныстары бар буклеттерді тікелей тарату, көрмелерге қатысу, сондай-ақ жинақтамаларды өздерінің интернет-сайттарында  орналастыру.

Ресейдің жиһаз нарығына қатысушыларының пікірлері бойынша  тікелей тарату  барынша тиімді болып табылады. Алайда, бұл егер ол өзінің мақсаты бойынша – компанияда кеңсенің жайғастырылуына жауапты адамның қолына тікелей тиген жағдайда тиімді болады.

Телефон маркетингіне қатысты, ол бастапқы байланыстарды орнату үшін пайдалы болуы мүмкін. Бұл арада  прайс-парақтарды тарату маңызды емес, клиентті мүмкіндіктер туралы ақпараттандыру маңызды болып табылады.

Көрмелерге қатысу барынша  тиімді әдіс болып саналады.  Көрмеде  клиенттің көптеген өндірушілер  мен сатушылардың жинақтамаларын өз көзімен көру, оларды салыстыру, бағасын  қарау және оның талғамымен қаржылық мүмкіндіктеріне және қажеттіліктеріне сәйкес келетін жиһаздарды таңдау мүмкіндігі болады.  

Кәсіпорында өнімді сатуды ұйымдастыру  мынадай қағидаттарды  ескере отырып жүзеге асыруды көздейді:

1. Бәсекеге қабілеттілікке  тұрақты мониторинг және оны  жетілдіру үшін жұмыс жүргізу;

2. Сұранысты қалыптастыру  және өткізуді ынталандыру, имиджді  қалыптастыру және тұрақты клиенттерді  бекіту бойынша шаралар кешенін  пайдалану. 

Өнімді сатуды өзінің сауда  нүктелерін ашпай, көтерме сауда  делдалдары арқылы жүзеге асыру жоспарланып  отыр. 

Сұранысты қалыптастыру және өткізуді ынталандыру келесі сәттерге сүйене отырып жүргізу жоспарланып  отыр: 

- басқа өндірушілер шығаратын  ұқсас бұйымдарға қарағанда бағалардың  салыстырмалы төмен деңгейі. Мысалы, Қостанай қаласының нарығында  стандартты жазба үстелінің орташа  құны  6 500 – 7 500 теңгені,  қағаздарға  арналған шкафтың орташа құны  – 11 000 – 12 000 теңгені құрайды,  ал сату  бағдарламасында негізге  алынған сату бағасы 5 700 және тиісінше 10 500 теңгені құраған; 

- білікті қызметкер;

- осы заманғы жабдық;

- кеңселік жиһаздарды  жеткізуге арналған мемлекеттік  сатып алуға қатысу;

- сұранысты ынталандыру  жөніндегі бағдарламаларды іске  асыру.

 

8-кесте – SWOT-талдау

Сыртқы  орта

Мүмкіндіктер 

Өндірістік қуаттарды кеңейту.

Шығарылатын өнімдердің жиынтүрін  ұлғайту.

Қатерлер 

Осыған ұқсас өнімдер шығаратын  ірі өндірістерді ұйымдастыру.

Импорт үлесін ұлғайту  (импорт өнімдерін тұтыну үлесін ұлғайту).

Ішкі  орта

Артықшылықтар

Жоғары технологиялық және осы  заманғы жабдықтарды пайдалану.

Табиғи шикізатты пайдалану.

      Кемшіліктер

Кәсіпорынның  танымал еместігі (жаңа жоба).

Шикізат бағаларына тәуелділігі.


 

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Технологиялық үдеріс

Кеңсеге арналған жиһаз жиынын жасаудың үлгі технологиясы

1. Дайындамаларға арналған  толық пішімді тақталарды пішімдеп  кесу


Шпонмен қапталған немесе  шекілуге жол берілмей ламинатталған  АЖТ  табақтарын тік сызықты пішімдеп кесу.


 

Шпонмен қапталған немесе  шекілуге жол берілмей ламинатталған  АЖТ  табақтарын қисық сызықты  пішімдеп кесу.

2. Дайындамалардың жиектерін қаптау

 

Дайындаманы механикалық  жолмен беру кезінде жиектерін бір  мезгілде өңдей отырып, тік сызықты  жиекке жиекті қаптау материалдарын  салу.


 Дайындаманы қолмен беру кезінде материалдарды кесе отырып, қисық сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын  салу.

 

 

 Жиектік материалдың биіктігі және ұзындығы бойынша артығын алып тастау.


 

 

3. Дайындамаларда тесіктер  бұрғылау 

Шкантқа және шеттерінің фурнитуралары  мен пластикті дайындамаларға тесіктерді көп шпиндельді бұрғылау.

 


4. Бұйымдарды құрастыру

Электрлендірілген аспапты  қолдана отырып қолмен құрастыру.

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар

Көзделіп отырған цехты  алаңы 100 шаршы метрге жуық тұрғын үй емес жалға алынған үй-жайда орналастыру  жоспарланып отыр. Өндірістік үдерістің  ерекшелігіне байланысты үй-жай өртке  қарсы қауіпсіздік жүйесімен  жабдықталған. Үй-жай 2 бөлінген кеңселік жиһаз өндіретін цехтан тұрады, оның бірінде материалдарды пішімдеп кесу, ал екіншісінде – жиһазды  құрастыру жүзеге асырылады.

5.3 Жабдық және мүкәммал (техника)

Жабдықтардың тізбесі  және оларды сатып алуға арналған шығындар  төмендегі кестеде көрсетілген.

 

9-кесте - Цехқа арналған жабдықтар тізбесі

Атауы

Саны

Баға, мың теңге

Сома

Форматты-пішімді САС-2500

1

607

607

Бұрғылау-шегендеу П700

1

531

531

Жиекті қаптамалы EB30 Virutex

1

873

873

Тозаң ұстайтын агрегат ПУА-3000

1

57

57

Кесетін аспап жиынтығы

2

94

187

Тозаң ұстайтын агрегаттарға арналған ауа шығарғыштар (20 м)

1

15

15

Ағаш шебері аспабының жиыны

6

30

178

Көмекші аспап

2

30

59


 

Кеңселік жиһазды жасауға  арналған өнеркәсіптік жабдықтардың бірқатар артықшылықтары болады   - олар  функционалды, сенімді және бірегей. Оларда керек емес қосымша функциялар болмайды, бұл тапсырыс беруші мәлімдеген талаптарға сәйкес жеке жасалған жабдықтардың өзіндік құнын елеулі төмендетеді.

Өнеркәсіптік жабдық меншік иесіне жаңа өнімді шығаруға арналған өз қуаттарын жаңғыртуға, қайта жаңартуға  және қажет болған кезде қайта  бейімдеуге, жұмыс істеп тұрған технологияларды  қосымша жиынтықтауға мүмкіндік  береді.

Жабдықтар «КАМИ» компаниясының (РФ, Мәскеу қаласы) бағалық ұсыныстары негізінде таңдалды, ол  Virutex (Испания) өндіруші компанияның өкілі болып  табылады.

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым

Жобада қажетті коммуникациялық  инфрақұрылым, атап айтқанда, электр, жылу және сумен жабдықтау, сондай-ақ телефон  байланысы қазірдің өзінде болатын  үй-жайды жалдау көзделген. Қажет  болған кезде цех жағдайында жұмыс  істеуге қажетті бейімдеу жүргізілетін болады. 

6. Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер

Кәсіпорынға жалпы басшылықты директор жүзеге асырады.

Кәсіпорынның ұйымдастыру  құрылымының түрі төменде көрсетілген (13-сурет).

 

13-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

         

 

Қызметкерлерді басқарудың келтірілген құрылымын желілік  құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмыс жедел басқаруға  және барлық оқиғаларды біліп отыруға  мүмкіндік береді.

 

7. Жобаны іске асыру

7.1 Сату жоспары

Осы жобаны іске асыру 2012 жылдың қаңтарынан бастап 2012 жылдың сәуірі кезеңін  қамтиды деп көзделген.

 

10-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Іс-шара/ай

2 012

1

2

3

4

Маркетингілік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу

       

Қаржыландыру мәселесін шешу

       

Кредит алу

       

Орын-жайларды таңдау

       

Қызметкерлерді іздеу

       

Жабдықтарды жеткізу, монтаждау

       

Жарнамаларды орналастыру

       

Жұмыстың басталуы

       

7.2 Жобаны іске асыруға арналған шығындар

Информация о работе Кеңселік жиһазды жасау цехын құру