Каспий банк

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 22:44, реферат

Описание работы

kaspi bank-і қашанда қызмет сапасы мен бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойып, өзінің консерваторлығымен ерекшеленетін. kaspi bank-тің командасы көрші нарықтарды бағындырмаса да ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық бизнеске ерекше мән береді.

Работа содержит 1 файл

каспий банк.docx

— 146.89 Кб (Скачать)

Каспий банк жайлы

Қазақстандық  банктердің бірінен-бірін ажырата алмайтын кез өтті. Әрқайсының өз стратегиясы, философиясы мен мақсаты бар.  
  
kaspi bank-і қашанда қызмет сапасы мен бірқалыпты жүйелі түрде дамуға ден қойып, өзінің консерваторлығымен ерекшеленетін. kaspi bank-тің командасы көрші нарықтарды  бағындырмаса да ел ішінде қазақстандықтар мен қазақстандық бизнеске ерекше мән береді. Мұндай шешімнің себебі де қарапайым. Біз, тұрғындардың жақсы банк қызметі мен сенімді қаржы серіктесіне мұқтаж екенін көріп отырмыз. Сондайлардың 1 миллионнан астамы бүгінде kaspi bank-інің клиенті, соның ішінде 8 мыңнан астамы орта және шағын компаниялар. Банк ең ірі филиалдар желісінің бірін құрды және  адамдар көптеп сауда жасайтын үлкен дүкендердің кез келгенінен біздің қызметкерлерді кездестіре аласыз. Біз солардың біраз бөлігі, дәлірек айтқанда 1,5 миллионы (берілген жедел несие көлемі) біздің қатысуымызбен іске асқанына қуаныштымыз.

Қазақстандықтардың  өмір сапасын жақсарта отырып, kaspi bank-і ең жақсы бөлшекті банк болуға ұмтылуда. Бұл талпыныстың астарында шын мәнінде сапалы өзгерістерге деген ниет бар.

Клиенттеріміз өз ақшалары мен банктің қаражатына емін-еркін қол жеткізу мүмкіндігі мен мобильді болғанды бағалайтындықтан, біз үнемі ақпараттық технологияларды инвестициялаймыз. Банк бұл бағытқа 2 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Қазір сіз жедел несие, ал кейін банктің өзге де өнімдерін орналасқан және тұрғылықты жеріңізге қарамастан ел ішінде, кез келген бөлімшеден ала аласыз. 

Банк корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қалыптастыруда. Олай болса,kaspi bank-інің директорлар кеңесінде ірі компанияларда басқару тәжірибесін жинаған адамдар жұмыс істейді деген сөз («Банк жайлы» айдарды қараңыз). Батыс нарығының мінсіз іскерлік беделі бар кәсіпқойлары өздерімен бірге жақсы бизнес-тәжірибелерінkaspi bank-іне әкеліп енгізуде. kaspi bank-інің меншік құрылымының түсінікті, қарапайым әрі ашықтығы – мықты бәсекелі артықшылық. Бізге сенім артатындықтан, ірі халықаралық инвесторлардан қаржы аламыз. Алайда біз салымшыларымыз болып келетін қазақстандықтардың консервативтік стратегиямызды түсініп, қолдайтындығын бәрінен де ерекше бағалаймыз. Бұл сенімнің ең жоғарғы деңгейі. kaspi bank-і осы жауапкершілікті сезіне отырып өзінің консервативтік даму стратегиясын жалғастырады.  

АЛМАТЫ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТОБЫ

«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы» сақтандыру компаниясы (АХСТ):

  • Қазақстанның сақтандыру нарығында бұрыннан келе жатқан ойыншылардың бірі. АХСТ 1994-жылы Лондондық «City Commercial Services» компаниясымен құрылып, Қазақстанның сақтандыру саласындағы бірінші халықаралық бірлескен кәсіпорын болып орнықты.
  • SGS компаниясының швейцариялық кеңсесінің жетекшілігімен сыртқы аудит жүргізіп, ISO 9001:2000 халықаралық стандарттар сапасының сертификаттауынан өткен Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш сақтандырушы.
  • Қазақстан, сондай-ақ шетел нарығындағы Халықаралық брокерлік компаниялардың сенімді клиенті.

МЕНШІК  ҚҰРЫЛЫМЫ

«Kaspi Bank» АҚ 2001-жылдың желтоқсанында сақтандыру компаниясының 100% акциясын сатып алды да жалғыз акционері болды. 

АХСТ  директорлар кеңесінің төрағасы  
Михаил Ломтадзе  
 

«Компанияны дамыту үшін жасалатын басты қадам – жаңа сақтандыру өнімдерін жасау және енгізу арқылы сақтандыру қызметі нарығындағы үлесін көбейту. Басымдылықта – бөлшекті сатылымдардың есебінен өсу».
 

 АХСТ  басқарма төрағасы 
Евгений Цхай
 
 

«Компанияның  қаржылық тұрақтылығы «үш алып» – тұрақты өсетін меншікті капиталы, қолданыстағы заңның қатаң сақталуы, сондай-ақ шетел нарығындағы қайта сақтандырудың тиімді жүйесі арқылы жасалады. Біздің есептік деректеріміздің шынайылығы «Ernst & Young» (2002-2003) және «Deloitte & Touche» (2004-2006) халықаралық аудиторлық компанияларымен расталған.

 

БІЗДІҢ  СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

Қазақстандағы мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ аккредиттелген шетелдік ұйымдар мен компаниялар бізге өзінің сақтандыру қорғанысын сеніп тапсырады, олар:

  • «Kaspi Bank» АҚ
  • Азиялық қайта құру және даму банкі
  • Kazakhmys
  • Saipem
  • UNESCO
  • Республикалық ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімдік орталығы
  • Buzachi Operating
  • Торғай-Петролеум
  • «Turkish Petroleum International Company» филиалы
  • «Ферст Интернешионал Ойл Корпорейшн Лимитед» филиалы
  • «Сазанқұрақ»
  • «Адай Петролеум Компани»
  • «Сағыз Петролеум Компани»
  • «Прикаспиан Петролеум Компани»
  • ҚР шет мемлекеттердің елшіліктері және т.б.
 
 
НЕСИЕ КАРТАСЫ – 15 МИНУТТА 
 
 
 

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Жылдам 

  • Картаны 15 минутта алуға болады
  • Санаулы ғана құжаттар

Тиімді

  • Несиені пайдаланғаны үшін 55 күнге пайызсыз әрі тегін*
  • Халықаралық VISA картасы тегін ресімделеді
  • Тауар мен қызмет ақысын төлегенде ешқандай комиссия төлемейсіз
  • Тек қана жұмсалған ақшаға карта бойынша пайыз есептеледі
  • Комиссиясыз әрі артық төлемсіз мерзімінен бұрын өтеуге болады

Ыңғайлы

  • Карта бүкіл әлем бойынша жұмыс істейді**
  • Әрбір төлеген сайын ақша картаға түседі, оны қайтадан пайдалануға болады

НЕГІЗГІ ШАРТТАР

Несиенің  шарттары

  • Несие сомасы - 350 000 теңгеге дейін
  • Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін
  • Ең аз төлем – не бары несие лимитінің 7%

Картаны оңай алуға болады

  • Банктің кез келген бөлімшесіндегі менеджерге жолығыңыз
  • Сауалнаманы толтырыңыз
  • Картаны алыңыз да, әрқашан ақшаңыз болсын!

Оңай  төлеуге болады

  • Банктің Қазақстан бойынша кез келген бөлімшесінде немесе «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінде төлеуге болады
 

 Қажетті құжаттар ***

  • Жеке куәлік
  • СТН
  • ӘЖК

*     Бас шарттардағы жеңілдікті кезеңнің қолданылу талаптарына сәйкес ССК-да (сауда және сервис кәсіпорындары) сатып алынған тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге электрондық терминалдың көмегімен және карточканы пайдаланып ақы төлеген кезде жеңілдікті кезең қолданылады. Тарифтік жоспарда көзделген шығыс операцияларына қатысты қолданылатын несиелеудің жеңілдікті кезеңінің қолданылуы тиісті шығыс операциялары жасалған Есеп айырысу кезеңі басталған күннен бастап 55 (елу бес) күнтізбелік күн өткеннен кейін, атап айтқанда, тиісті Есеп айырысу кезеңінің қорытындысы бойынша берілген Шот-көшірмеде көрсетілген несиелеудің жеңілдікті кезеңі аяқталған күннен кейінгі келесі күні тоқтатылады. 
 
**    VISA қызмет көрсетілетін барлық сауда кәсіпорындары мен банктерде 
 
**** Банк қажет болған кезде қосымша құжаттарды сұрату құқығын өзіне қалдырады

 
 
 
 
КАССАЛЫҚ  ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚЫЗМЕТІ

Заңды тұлғаларға кассалық есеп айырысу қызметін көрсету – клиентке (заңды тұлғаны құрмастан қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға (бұдан кейін – «ЖК») немесе заңды тұлғаға) аудармалы және кассалық операциялар бойынша көрсетілетін қызмет кешені.  
 
«Kaspi Bank» АҚ (бұдан кейін – «Банк) өзінің клиенттеріне теңгемен және шетелдік валютамен есеп айырысу саласындағы қызметтерінің тізбесі қазақстандық және халықаралық банк нарығындағы барлық салаларды дерлік қамтиды.  
 
Біздің Банк теңге және шетелдік валютамен жүргізілетін мынадай кассалық есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады:

  • Клиенттердің ағымдағы банктік шоттарын ашу/жабу;
  • Ұлттық және шетелдік валютада жүргізілетін аудармалы операциялар;
  • Кассалық операциялар;
  • Валюталық бақылау;
  • Айырбастау операциялары;
  • Қосымша қызмет.

Жалпы ережелер 
 
Ағымдағы банктік шоттарды ашу: 
Ағымдағы банктік шоттар теңгемен немесе шетел валютасымен ашылуы немесе жүргізілуі мүмкін. 
 
Ағымдағы банктік шоттар Клиенттерге Банк пен Клиент арасында жасалған ағымдағы банктік шот шартының негізінде ашылады. Ағымдағы банктік шот ашу рәсімі Клиенттің шот ашу туралы өтінішін және қажетті құжаттардың пакетін (№2 қосымша) беруінен басталады. 

Ұлттық  және шетелдік валютамен жүргізілетін аудармалы операциялар: 
Ақша аударымдары ақша жіберушінің Банкке берген нұсқауының негізінде, теңгемен жүргізілетін төлемдік талап-тапсырманың негізінде және Қазақстан Республикасының заңдары аясында шетелдік валютада жүргізілетін аударымға өтініштер негізінде жүргізіледі.  
 
Кассалық операциялар 
Банк қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, қолма-қол валютаны сату/сатып алу, қолма-қол ақшаны айырбастау және алмастыру, банкноталардың түпнұсқалылығын тексеру бойынша қызмет көрсетеді.  
 
Валюталық бақылау 
Валюталық операциялар бойынша халықаралық есеп айырысулар өткізгенде, Банк Қазақстан Республикасының валюта заңдарын басшылыққа ала отырып, валюталық бақылау агентінің қызметтерін жүзеге асырады, оның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • өзінің, сондай-ақ клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды өткізгенде, ҚР валюта заңдарын сақтауды бақылауды жүзеге асыру;
  • өткізілетін валюталық операцияның ҚР заңдарына сәйкестігін айқындау;
  • төлемдердің негізделуін және оларды жүзеге асыруға қажетті құжаттардың болуын тексеру (тіркеу куәлігі, хабарлау туралы куәлігі қажет болғанда);  
    валюталық операциялардың есебін жүргізу және есеп берудің объективтілігі мен толықтығын тексеру;
  • он мың АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық-импорттық келісімшарттар бойынша репатриация талабының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.

Банк мәміле паспортын ресімдеу, келісімшарт бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтамаларды беру бойынша ақылы қызмет көрсетеді, сондай-ақ валюталық бақылау мәселелері бойынша ақысыз кеңес береді, алдын ала клиенттің өтініші бойынша шарттар мен оның қосымша келісімдерін тексереді.  
 
Конверсиялық операциялар 
Банк оңтайлы мерзімдерде мынадай операцияларды жүргізеді: сатып алу/сату, қолма-қол жасалмайтын шетелдік валютаның кросс-операциялары. Клиенттерге Банкпен алдын ала келісілгенде, қолайлы бағам бойынша көп көлемде конверсиялық операцияларды жүргізуге мүмкіндік беріледі. 
 
Валюталарды айырбастау операциялары «күнбе-күн» немесе келесі күні жүргізіледі. Банк-корреспондент арқылы кросс-операцияларды өткізгенде, айырбастау банк-корреспонденттің бағамы бойынша жүргізіледі.  
 
Қосымша қызметтер: 
Банк жалпы операциялармен қатар мынадай қосымша қызметтерді жүзеге асырады:

  • Көшірмелердің апта сайынғы жеткізілімі;
  • Ағымдағы банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы төлем құжаттарының ақысын төлеу;
  • Клиенттің өтініші бойынша төлемдік талап-тапсырмаларды жіберу;
  • Факсимильдік байланыс қызметі;
  • Клиенттің өтініші бойынша төлемдік талап-тапсырмаларды даярлау және қағазға шығару және т.б.

Қосымша қызметтер  клиентке қызмет көрсетуді жылдамдатуға, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын көтеруге мүмкіндік береді. 
 
Біз клиенттерге Бас банктің операциялық бөлімшелерінде және Банк филиалдарында сол аймақтағы ақшаны аккумуляциялау мақсатында және бұдан былай ақшаны Клиенттің көрсетілген ағымдағы банктік шотына Банктің ішкі төлем жүйесі бойынша аудару арқылы ашылған транзиттік режимдегі ағымдағы банктік шоттарды (бұдан әрі – «транзиттік шоттар») ұсынамыз.  
 
Сондай-ақ Банк жеке тұлғаларға – клиенттің – тізімге сәйкес заңды тұлға қызметкерлеріне ақша төлеу бойыншаі қызметті ұсынады. 
 
Қызметтің бұл түрі клиентке (заңды тұлғаға) клиенттің (заңды тұлғаның) өзі жоқ аймақтарда және ақшалай чек бойынша қолма-қол ақша шығаруға мүмкіндік болмағанда, жеке тұлғаларға бір реттік төлемдер (жалақы, сақтандыру төлемдері, бонустар, материалдық көмек және т.б.) жүргізуге қажет болғанда пайдаланылады. 
 
Қызметті көрсетуге берілетін көлем: бір тізімдегі 1-ден 20-ға дейінгі жеке тұлғалар саны. Бұл қызметтің артықшылығы: Клиент үшін төлемді даярлау мерзімі біршама қысқарады, сондықтан жеке тұлғаға банктік шот ашудың қажеті жоқ. 
 
Клиентке берілетін артықшылықтар мен пайдалар

  • Бас банктің операциялық күнінің  Клиент үшін қолайлы жұмыс уақыты: 08:30-дан 16:00 дейін.
  • Қызметтерді уақыт пен сомасына қарай бөлу, осыған орай шығындарды, кассалық есеп айырысу қызметтерін азайту.
  • Әр клиенттің ыңғайын табу.
  • Банктің тармақталған филиалдар желісі.
  • Клиенттерге тез және сапалы қызмет көрсету.

Ағымдағы  банктік шот шартын мерзімінен бұрын бұзу талаптары 
Клиенттің бастамасымен ағымдағы банк шотын жапқан жағдайда, Клиент шотты жабудың себебін көрсетіп, өтініш жазуы тиіс. Шот Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сай жабылады. Бұл кезде Клиент банктің тарифтеріне сай комиссиялық сыйақы төлейді.

 
 
 
 
«KASPI BANK» АҚ-ТЫҢ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ДЕПОЗИТТЕРІ  
 
 
 
ШАРТТЫ  САЛЫМДАР

Шартты салымдардың  ең төменгі сомасын Салымшы өзі айқындайды.

Салымшының  жұмыс күші ретінде тартатын жұмысшылары/шетел мамандарын тұрғылықты тұратын жеріне кепілдікті қайтаруды қамтамасыз ету үшін заңды тұлғамен шартты банктік салым 

Қайтару талаптары: Салымшы лицензия берген органның салымды беруге рұқсат қағазын бергенде

Бейрезидент – заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 216,217 бабының талаптарына сәйкес шартты салымы

Қайтару талаптары:  Салымшы лицензия берген органның  (Салық органының) салымды беруге рұқсат қағазын бергенде

«Ликвидационный фонд недропользователей» шартты салымы 
Бұл салым жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын заңды тұлғалар мен ЖК арналған және заңдардың талабы бойынша жаңа кен орындарын әзірлеуде өз қызметінің салдарын тарату үшін қор қалыптастыру қажет.

Негізгі талаптар:

  • Клиент банкке келісімшарттың нотариатта куәландырған көшірмесін беруі қажет.
  • Шарттың барлық қоданыста болу мерзімі ішінде салымшы өзінің банктік салымын ақшаны қосымша салу арқылы толтыруына болады.
  • Негізгі сома және есептелген сыйақы салымшыға төленеді немесе, құзіретті орган тиісті шешім қабылдағаннан кейін, салымшының көрсеткен деректемелері бойынша аударылады.

Қайтару талаптары: уәкілетті органның тиісті шешімі болғанда 

   
 
 
 

Информация о работе Каспий банк