Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:03, реферат
Қазіргі кезде әлемде көптеген елдердің алдында тұратын өзекті мәселелердің бірі, ол – индустриалды-инновациялық процестер негізінде тұрақты экономикалық өсуге жету, яғни ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және еліміздің әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажетті индустриялық – инновациялық қызмет екені даусыз.
КІРІСПЕ...........................................................................
ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Индустрияландыру экономикалық өсудің негізі........................
Инновация – елдің бәсекелестілік қабілетін арттыратын басты
фактор.............................................................................................
ЭКОНОМИКАНЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ
Экономикалық дамудың құрылымдық шегі (Қ.Р. индустриялық саясаты).......................................................................................................
ҚР экономикасының ғылыми-технологиялық дамуы: аналитикалық талдау....................................................................................................
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мәселелері.............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:................................................
Негізгі әдебиеттер………………………………………………………..
Қосымша әдебиеттер……………………………………………………
Үшінші кезеңде (1996-1998 жылдары) мемлекеттік меншіктегі ірі және өте ірі кәсіпорындар басқаруға қазақстандық «Жезказганцветмет» АҚ, «Кармет» АҚ, «Соколов-Сарыбай» ТӨК, «Донской» ТӨК, «Феррохром» АҚ және т.б. кәсіпорындар беріледі. Меншік нысандары бойынша өнеркәсіптік өндірістің құрылымында 2000 жылы жекеменшік - 83 %, басқа мемлекеттердің мешігі - 14 % мемлекеттік меншік – 3 % құрады.
Жекешелендіру үдерістерін жүргізуде кешенді түрде әзірлеген бағдарламаның болмауы, кейбір субъективті факторлардың орын алуы экономикалық түбірін құрайтын өнеркәсіптің технологиялық құрылысының ыдырауына ықпалын тигізді.
Технологиялық құрылыс жөнінде А. Қанатшынова мынадай анықтама берген – «Бұл – ресуртарды өңдеудің барлық сатыларын қамтитын макроэкологиялық ұдайы өндіріс контуры және оған сәйкес өндірістік емес тұтынушылардың түрі. Әрбір келесі құрылыс алдыңғыға қарағанда тиімді болмақ. Бір құрылыстан екіншіге өту өндіріс ауқымының өсуімен, еңбек өнімділігінің артуымен, шаруашылық байланыстар мен қатынастардың күрделенілуімен ілесе жүреді және макро деңгейде экологиялық эволюция урдісін белгілейді».
Экономикалық жүйеде болған күрт өзгерістер, меншіктің жаңа нысандарының пайда болуы мен жекешелендіруге қатысты болған құрылымдық қайта құру шаралары технологиялық құрылысты қайта құруды талап етеді.
Тұтас өндіріс
бөліктерін жүйелі түрде өзгертетін
әртүрлі кезеңдердегі макро жүйені
қалыптастыратын технологиялық
құрылыс жөнінде технологиялық
кластерлер бойынша дайындамалар бар.
Экономикалық әдебиеттерде индустриалды
және басқа да дәуірлерде бес негізгі
технологиялық құрылысқа
Онда әлемдегі басым технологиялық құрылыс 1950-1960 жылдардағы тұтас ұдайы өндірістік жүйе ретінде қалыптасса, 1970 жылдары құрылымдық дағдарыстан кейінгі дамыған елдердегі экономикалық өсудің технологиялық базасын құрған. Бұл технологиялық құрылыстың анықтаушы компоненті ретінде микроэлектроника, бағдарламамен қамтамасыз ету, есептеуіш техника, ақпаратты өңдеу, өндіріс пен басқарудағы үдерістерд автоматтандыру, космостық байланыстың жаңа түрлеріне жету болып саналады. Болашақта технологиялық құрылыстың компоненттеріне биотехнология, жасанды интеллект жүйесі, ауқымды ақпараттық жүйе, жоғары жылдамдықтағы тасымалдадың кешенді түрлері және т.б. жатады. Технологиялық құрылыстағы өзгерістердің болуы әкімшілдіктің эволюциялық теориясында елеулі орын алады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмайды. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірғана жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану – Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды мәселерінің бірі.
2002 жылдың
шілде айында қабылданған “
Инновациялық
қызмет – технологиялық жаңа идеялармен
(әдетте ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің
немесе басқа ғылыми техникалық жетістіктердің
нәтижелерін) түрлендірулерге байланысты
қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген
жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер,
жаңа немесе жетілдірілген технологиялық
әдістер немесе практикалық қызметте
пайдаланылған өндіріс
Инновациялық қызмет ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар кешенін болжайды., атап айтқанда өздерінің жиынтығында олар инновацияға әкеледі.