Бизнес жоспарлаудың басқа жоспарлы құжаттардан айырмашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 17:40, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикасы дамыған шетелдерде кәсіпорында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.
Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерлікке стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдарымен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.

Содержание

І. КІРІСПЕ................................................................................................................3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік....................................................4
Бизнес жоспарлауды құру ерекшеліктері....................................................6
Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасындағы ерекшеліктер......8
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................10
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................11

Работа содержит 1 файл

бизнес-жоспар реф.doc

— 122.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым мигистрлігі.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ  Экономикалық Университеті.

 

 

 

«Менеджмент» кафедрасы

 

 

Реферат

 

“ Бизнес жоспарлаудың басқа жоспарлы құжаттардан айырмашылығы.”

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  Орындаған: Нурмаханов Е.

                                                                           Әлемдік Экономика 341 топ

                                                                     Тексерген: Мукушева С.

 

 

 

 

Алматы 2013

 

 

Жоспар:

 

І. КІРІСПЕ................................................................................................................3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

  1. Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік....................................................4
  2. Бизнес жоспарлауды құру ерекшеліктері....................................................6
  3. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасындағы ерекшеліктер......8

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................10

ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ...........................................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Нарықтық экономикасы  дамыған шетелдерде кәсіпорында бизнес-жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды қарастыруда тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен ұйымдардың жеке формалары танытуда.

Бизнес жоспар қазақстандық кәсіпкерлікке стратегиялық жоспарлау құралы ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік басқару органдарымен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып табылады.

Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар айырмашылықтар бар.

Стратегиялық жоспарды жалпы  кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.

Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең  ауқымды болып келеді.

Осыдан бизнес-жоспар бұл  стратегиялық жоспардың нақты бір  мәселесінің қарастырылуын көрсетеді.

Еркін кәспкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі, тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.

Бизнес-жоба ойға алынған  негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік  операциясын іске асырудың ортақ  идеясын білдіреді. Жобада белгіленген  операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті. 
Жобалар негізнде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді. Кәсіпкерлік жобаларды, ойларды іске асыру жоспары шетелдік тәжірибеде бизнес-жоспар деген атауға ие. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына бизнестің ену шамсына қарай бізде де мұндай жоспарлар етек алуда.

Бірқатар жағдайларда  бизнес-жоспарда іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба біріктірілген. Операцияның бизнес-жоспарын дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер бизнес-жоспар құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға дейін бизнес-жоспар құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек.

 

 

 

 

  1. Бизнес жоспарлау туралы жалпы түсінік

 

Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.

Кәсіпорынның бизнес-жоспары – кәсіпорын қызметінің сапасын айқындаушы және оны басқарудағы негізгі құралдарының бірі болып табылады.Бизнес-жоспарды құру кәсіпорынды басқару сапасын жоғарылатып, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жол береді. 

Нарық шарттарында және қатаң бәсекелік күресте кәсіпорын ішкі және сыртқы өзгерістерді есепке алып, тез арада керекті амалдарды қолдануы тиіс. Бұл бірнеше шарттарды орындағанда ғана жүзеге асады:

    • басқарма және оның инвесторлары қазіргі кездегі қаржылық жағдайды дұрыс бағалап, нарықтағы орнын анықтауы керек;
    • кәсіпорын жетістікке жетуі үшін өзінің нақты және актуалды мақсаттарына ие болуы тиіс;
    • мақсат қою барысында менеджмент қарқынды түрде жоспарлауды қолданады және ол қатаң қадағаланып, жоспардың әр пунктінің орындалғанына көзін жеткізуі қажет;
    • кәсіпорын басқармасы және инвесторлар нарықтағы жағдайды толық түсініп, ішкі және сыртқы процестерді толық зерттеуге алады.

Бизнес-жоспар ішкі және сыртқы мақсаттарға байлансыты құрылады. Көбінесе, бұл жағдайды біздің елдің компаниялары инвестиция тартар алдында жасайды. Алайда, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана, себебі ол тек қана сыртқы мақсатта ғана емес, ішкі мақсатқа орай да құрылады.

Бизнес-жоспарлаудың ішінде қызығушылық танытып отырған жақтар, яғни салымдарының қарқындылығын бағалау үшін салым жасаған инвестор және кеңес беруші және атқарушы кәсіпорын арасында бизнес-жоспарлау жасалады. 

Бірінші кезекте, бизнес-жоспарлау инвесторға қажет болып табылады, себебі, олардың кәсіпорындарының жағдайы жоспарға тікелей байланысты болады. Осы себептен, бұл бизнес жоспарлау инвестордың қатысуынсыз жасалынбайды. Егер бизнес-жоспарлау дұрыс жолмен жүріп, өз мақсатына жетсе, онда инвестордың табысы молая түседі. 

Бизнес-жоспардың кәсіпкерге беретін мүмкіндіктері:

    • өз идеяларын жасап, оның қағаз жүзінде есептеулер жүргізіп, өмір сүру ұзақтылығын тексере алады;
    • мұндай қағаздағы (виртуалды) вариант ішіндегі идеялар көптеген қателіктерден және керегі жоқ шығындардан құтқарып, өз қаражатын және уақытын үнемдеуге көмектеседі;
    • кәсіпкерге кәсіпорынның жұмыс істеу механизмін жақсырақ түсіндіріп, нарықтық ортада қателіксіз жұмыс істуіне көмегін тигізеді;
    • бизнес-жоспарды жасап, бітірген кезде ол кәсіпкерге көздеген мақсатына жетуге көмектесетін нақты зерттелген карта немесе схема ретінде қызметін атқарады.

 

 Бизнес-жоспарды басқа біреу жасағаны үшін құнын төлеп, жай ғана  инвестициялық проектіні алам деп ойласаңыз – бұл қателік болады. Себебі  инвестор жай ғана «шикі» вариантты алып, оның сұраныстарын қанағаттандырмауы мүмкін. Бұл кәсіпкер үшін тағы да шығындарға әкеледі. 

Бизнес-жоспарды жасау барысында көптеген ақпаратты  жинау мен өңдеу үшін көп күшті  қажет етеді. Ал кейінгі қаржылық жоспарлау оңайырақ түседі, себебі ол уақытылы салымдар, жоспарға өзгертулер мен толықтырулар және нарық жағдайына  тез арада әсер етуді ғана талап етеді. 

Жоғарыда айтып  кеткен мәселе бойынша қорыта айтқанда, бизнес-жоспарды жасау үшін өз уақытыңыз  бен қаржыны дұрыс жұмсасаңыз - өзіңіздің қалаған жетістігіңізге тез жетесіз.

Ең алдымен, жоспар кәсіпкерлік операцияның  мақсаты мен міндетін суреттеуден құралады. Жоспар құра отырып, ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін, күтілетін пайданы ойластыру қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп қалмауы тиіс. Кәсіпкерлік іс-әрекеттер бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да қарастыруы тиіс. Атап айтсақ, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, табиғатты аялау, әлеуметтік сілкіністерді сейілту, іскерлік байланыстарды кеңейте түсу т.б. кәсіпкердің мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау мен сақтау, экономикалық әлеуетін ұлғайту – маңызды міндеттердің бірі.

Бизнес-жоспар міндетті түрде кәсіпкерлік өнім сипаттамасынан, яғни тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар және қызмет сипаттамаларынан құрылуы тиіс. Жоспарда кәсіпкерлік операцияның түпкілікті өнімі толық суреттелуі қажет. Жоспар тауар тұтынушылары шеңбері мен өзі қанағаттандыратын қажеттіліктер туралы мәселеге жауап беруге арналған. 
Бизнес-жоспарды құру кезінде есептеу жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша операцияның нәтижелігі мен қажетті ресурстық қамтылу айқындалады. Тұтыну ресурстарын анықтау кезінде кәсіпкерлік қызметке қажеттібарлық құралдар ескеріледі, бұл қажетті құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы бизнес-операцияның схемаларын суреттеуде көрсетілген.

Бизнес-жоспарды жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асырудың ұзақ мерзімді салдарларына талдау жасалады. Мұнда кәсіпкер мен қоғам үшін қолайлы және қолайсыз жағдайлар, оларға байланысты кірістер мен шығыстар ескеріледі.

 

2. Бизнес жоспарлауды құру ерекшеліктері

 

Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:

    • жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
    • тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
    • бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
    • маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
    • өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
    • ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
    • жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
    • жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
    • жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
    • қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді. 

 

Инвестициялық проектілердің типтік құрылымында мына бөлімдер көзделеді:   

1.    Көрсетімділік бет– мұнда компания аты, заңды және нақты мекен-жайы, телефоны, e-mail және сайтының аты (егер ол бар болса), компания иеленушілерінің толық реквизиттері, проектінің аты және оған қысқаша нұсқаулары және проектінің орындалған күні  жазылады.  

2.    Проект резюмесі– ол проектінің негізгі бағытын және қорытындыларын қамтиды. Резюменің мақсаты – инвесторды қызықтырып және оны проектімен таныстыру. Резюме көлемі 2-3 бетті құрап, терминсіз жай сөздерді қамтуы тиіс. Ол инвесторға бұл проектінің пайдасын және салымының перспективасын көрсетеді. 

3.    Компания туралы мәлмет– ол компания туралы мәліметтерді қамтып, инвестициялық проектіні ұсынады. Онда компания иеленушілері туралы ақпарат, компания мақсаты, негізгі өнімдері мен компанияның нарықтағы орны көрсетіледі.  

4.    Өнімі немесе қызметі туралы мәлімет– кәсіпорынның тауарлары мен қызметтрі және олардың характеристикасы, олардың тұтынушылары, тауар мен қызметтің құрамы және оның нарықтағы басқа тауарлар мен қызметтен айырмашылығы, патенттер мен лицензиялары туралы мәліметтер көрсетіледі;  

5.    Маркетингтік анализ – нарықтағы тауарлар туралы ақпараттар, бәсекелестердің өнімі, бәсекелестердің тауарынан артықшылығы мен эксклюзитілігі, бәсекелестердің аты, реквизиттері, тауар немесе қызмет бағасы және олардың таңдаған стратегиясы жазылады. 

Маркетингтік  анализ – бизнес-жоспарды жасаудағы ең бірінші және маңызды этапы болып табылады. Маректингтік анализдегі маңызды бөлігі тауар немесе қызмет көрсетудегі негізгі көлемі, бәсекелестердің нарықтағы бөлігі, сатып алушылардың мотивациясы көрсетіледі. 

Осы бөліктің негізгі  қызметі – нарық қандай тауарды  қажет етеді, қай бағамен және неге дәл осы тауарды сатып  алады деген сұраққа жауап  беруі. Бұдан басқа, сол нарықтың даму тенденциясы және оның қазіргі  күйінің анализі, орташа таыбыстығы, кәсіпорынның өнім өндіруінің көлемі мен масштабы бейнеленеді. 

6.    Тауардың жылжыту стратегиясы – мұнда тауар немесе қызметі нарықтың қандай сегментіне жатады, тұтынушылардың қандай категорясына негізделген, тауар не қызмет сапасы, берілген тауарды қандай жолмен жылжытады, қандай стратегияны қолданады, маркетингке кететін шығындар көрсетіледі. Бұл көптеген кәсіпкерлердің бизнес-жоспарының әлсіз жері, себебі осы факторларды ескермей келесі бөлімге көшеді. Ал бұл инвесторларды ең қызықтыратын бөлімі. 

7.    Өндіріс – бұл пункт кәсіпорынның өнім өндірудегі қолданатын технологиясын, бұл технологияны қолднану себебі, технологияның негізгі процестері, оның жұмыс істеу схемасы және орналасу орны көрсетіледі. Егер кәсіпорында реконструкция көзделген болса, онда осы пункте барлығы көрсетілуі тиіс. Бұл бетте материалдар мен шикізаттарға кететін шығындар, сатып алуға, жеткізуге, кәсіпорынға қосымша қызмет көрсетуге және жабдықтарды жөндеуге кететін шығындар есептелінеді. Егер жаңа құралдар, аппаратуралар пайдалану керек болса, онда бұл технологияны қолдануға жаңа лицензияның рұқсаты көрсетіледі.  

Информация о работе Бизнес жоспарлаудың басқа жоспарлы құжаттардан айырмашылығы