Бизнес жоспар

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 12:23, реферат

Описание работы

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында арнайы киімдер (бұдан әрі – арнайы киімдер) өндірісі цехын ашуды қарастырады.
Цех шығаратын негізгі өнім түрлері медициналық халаттары мен ашық жұмыс комбинезондары болады.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне басқа да арнайы киімдердің түрлері қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы Алматы қаласының медицина қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, сауда және ұқсас қызметтер түрлерінің қызметкерлері болады

Содержание

Кіріспе
1. Жобаның тұжырымдамасы
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
3. Өндірістер бағдарламасы
4. Маркетингтік жоспар
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер
4.4 Маркетинг стратегиясы
5. Техникалық жоспарлау
5.1 Технологиялық процесс
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам
7. Жобаны іске асыру
7.1 Іске асыру жоспары
7.2 Жобаны іске асыру шығындары
8. Пайдалану шығыстары
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар
10. Қаржыландыру қажеттілігі
11. Жобаның тиімділігі
11.1 Cash-flow проекциясы
11.2 Пайда мен залалдардың есептері
11.3 Баланс проекциясы
11.4 Қаржы индикаторлары
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні
12.2 Қоршаған ортаға әсер
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

BiznesZhosparArnayyKiimderOndirisiTsekhynAshu.docx

— 679.94 Кб (Скачать)

 

1-сурет - ҚР  тоқыма бұйымдары, киім өндірісінің нақты көлемінің индексі, %

Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Кәсіпорынның өнімдерін тұтынушылар  Алматы қаласының қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының, сауда және ұқсас қызмет түрлерінің  қызметкерлері болатындықтан  осы  қаланың еңбек нарығын қарастырған  орынды.

Алматы қаласында кәсіпорындарға және ұйымдарға  2011 жылдың  үшінші тоқсанында  48,9 мың адам,  соның 1,1 мың адамы – жаңадан ашылған  жұмыс орындарына қабылданды.  Түрлі  себептермен  44,6 мың адам, соның  ішінде  жұмыс санының босауына (қысқартылуына) байланысты – 1,4 мың  адам, кадрлардың ауысуы себептеріне  байланысты – 39,7 мың адам жұмыстан кетті (2-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет - 2011 жылдың  үшінші тоқсанында Алматы қаласындағы нақты жұмыс күші мен оның қозғалысы, мың адам

     Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті

Ірі және орташа кәсіпорындарға 2011 жылдың үшінші тоқсанында  43,8 мың адам (жаңадан  ашылған жұмыс орындарына – 0,8 мың  адам) қабылданды, 40,9 мың адам кетті.

Есепті кезеңнің соңына бос жұмыс  орындарының саны  3,7 мың бірлікті, ірі және орташа  кәсіпорындарда - 3,2 мың бірлікті құрады. 

Экономика секторлары бойынша  Алматы қаласының  жұмыспен қамтылған халқының құрылымы  3-суретте берілген.

 

3-сурет - Экономика секторлары бойынша Алматы қаласының жұмыспен қамтылған халқының құрылымы, %

 Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті

Бұдан әрі  Алматы қаласының жұмыспен қамтылған халқының жалпы көлеміндегі  қызмет көрсету,  тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылығы саласы, сауда және  ұқсас қызметтер түрлері  қызметкерлерінің  үлесін бөліп көрсету қажет. Бұл үшін мынадай сурет жасалды:

 

4-сурет - Доля работников сферы обслуживания, жилищно – коммунального хозяйства, торговли и родственных видов деятельности в общем объеме занятого населения г. Алматы (2010 год), %

                           Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті

 

Бұдан әрі Алматы қаласындағы денсаулық  сақтаудың жай-күйін қарастырамыз, өйткені  кәсіпорын медицина қызметінің қызметкерлері үшін  арнайы киімдер шығаратын болады.

Алматы қаласындағы дәрігерлер саны  2010 жылы 11 266 адамды құрады, бұл 2009 жылғыдан 854 адамға көп (5-сурет).

 

5-сурет – Алматы қаласындағы  барлық  бағыттағы дәрігерлер саны, адам

Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті

 

Орта медицина құрамы санында да  осындай серпін байқалады (6-сурет).

 

6-сурет – Алматы қаласындағы  орта медицина құрамының саны,  адам

                               Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті

2009 жылы алдындағы жылмен салыстырғанда   орта медицина құрамы санының  16% азайғаны, 2010 жылы 10% өскені байқалады.  Мәселен,  егер 2009 жылы  орта медицина  құрамы  10 213 адамды құраса,  2010 жылы 1 023 адамға ұлғайып, 11 236 адамды  құрады.  Орта медицина құрамының  саны 2011 жылы 2006-2007 жылдардағы деңгейде  болды

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер

Кәсіпорынның негізгі  бәсекелестері  Алматы қаласындағы арнайы киімдер  өндіретін кәсіпорындар болып табылады.

 

4-кесте - Алматы қаласындағы арнайы киімдер өндіретін кәсіпорындар тізімі

Компанияның атауы

Мекенжайы

Firm Kaz Centre ЖШС

Булкышева 4е

MASSAGET KZ ПТК ЖШС

Есенова 15

КЫЗ ЖИБЕК RL

Жамбыла 111

Керимбаева Ж.  ЖКтігін цехы

Саина 14/1

Т Af fashion ЖШС

Желтоксан 111

BM-studio ЖШС

Байтурсынова 9

Defender ЖШС

Суюнбая 89б

Demeu-clothes ЖШС

Сокпакбаева 71

Ателье Dress code

Желтоксан 89

Endenvour ЖШС

Черноморская 38

Firm Kaz Centre ЖШС

Булкушева 4е

Fruitcouture

Курмангазы 69

Giftware

Шарипова 38 оф.58

  Kaz Uniform ЖШС

Райымбека 41

Kaz Спец Kuim ЖШС

Кассина 131 оф 2

Mamzel Professional Clothes

Толе би 280

Proff Odegda ЖШС

Желтоксан 140

Profi moda

Шашкина 3а

Ателье Rez&Roze

Казыбек би 172

Rig Group limited ЖШС

Тимирязева 42

Team-work ЖШС

Грибоедова 74

Toere textile ЖШС

Кунаева 21  

Unibeta

Коммунальная 39

Vip-Система ЖШС

Маметовой 76 офис 206218

White Service

Айтеке би 73

Айна ЖШС

Суюнбая 661

Алмагуль ЖАҚ

Кунаева 41

Ангельхер Е.М.ЖК

Гагарина 294 кв. 3

АРГО ПКК ЖШС

Москвина 22

АХБК-НИМЭКС

Саина 30 оф.316

Бакай АҚ

Сейфуллина 356

Вилондис ЖШС

мкр.Айнабулак-1 д.10 офис 38

Восток-Сервис Казахстан ЖШС

Туркестан 71

Грант-Ют ЖШС

Мусогорского 1б

Грин Вальд ЖК

Желтоксан 115

Джахынгир LTD ЖШС

Толе би 187

Диана стиль ЖШС

Сатпаева 88a/1 офис 210

Ателье Ерке-Нур

5микр. 45а

Имидж сила ЖШС

Р.Зорге 35

Индустриальное снабжение ЖШС

Сатпаева 90 оф.610

иФэшн ЖШС

Гоголя 253

Казспецодежда ЖШС

Тлендиева 113

КазСПО-N ЖШС

Венецианова 6/3

Коммэн ЖШС

Абая 27 оф.4

Компания СТП ЖШС

Умбетбаева 23

Компания Табыс-Сервис ЖШС

Райымбека 174 офис 18

Корпорация Комплексное обеспечение

Ауэзова 82 ком. 312

Корвет 2000 ЖШС

мкр.8 -4а оф 301

Косспецторг 1 ЖШС

Суюнбая 66 оф.9

Красовская Т.В. ЖК

Таймырская 9 офис 3

Лидер Комфорт сервис ЖШС

Сатпаева 90

Макпал республикалық үлгі орталығы

Валиханова 12

Престиж ЖШС

Рыскулова 16

Профлайн ЖШС

Спасская 74

Семирамида ЖШС

Грибоедова 103

РЭМИ ЖШС

Янушкевича 41

Спецодежда Сервис Лтд ЖШС

Рыскулбекова 4/2а

Техноавиа ЖШС

Райымбека 196а

Тумен ЖШС

Кабанбай батыра 139

Уан ЖШС

Баумана 24

Умит ЖШС

Кулымбетова 80

Центр спецодежды ЖШС

Кабанбай батыра 117 - 68/8


 

Ақпарат көзі: Info-Price LTD

Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:

- Киім тігу үшін сапалы шикізатты пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапасы;

- Орынды баға, тұрақты  клиенттер үшін жеңілдіктер;

- Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі.

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер

Елдің бәсекелестік басымдығына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша  тоқыма өнеркәсібі  барынша перспективті жеті кластердің  бірі ретінде анықталды.

Қазақстанның тоқыма өнеркәсібінің   өндіріс кезіндегі  шығындардың барынша төмендігін, шикізатқа және  шығарылатын өнімді өткізудің  әлеуетті нарықтарына  жақындықты, тартымды әлеуетті ахуалды, дамыған көлік инфрақұрылымын ескере келе  саланың жемісті дамуы үшін  үлкен әлеуеті бар. Қазақстанның  тоқыма индустриясын дамыту үшін нарықтық мүмкіндіктерінің ауқымы жоғары.

4.4 Маркетинг стратегиясы

Жоспарланған цехтың  басты мақсаты нарыққа ену және кейіннен онда орнығу болып табылады.

Жылжудың негізгі әдісі ретінде  қызығушы нысаналы топтарға  тікелей жарнаманы пайдалану қажет. Бұл үшін мынаны  қолдануға болады:

- цех туралы жарнама материалдарын және оның өнімі туралы жарнамалық-техникалық құжаттарды тарату;

- тендерлерде, атап айтқанда мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер өткізетін тендерлерге қатысу;

- тегін интернет-ресурстарда кәсіпорын туралы ақпараттар орналастыру, тегін хабарландырулар беру.

Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды  мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыру ұсынылады:

1. Бәсекеге қабілеттіліктің тұрақты мониторингі және  оны жетілдіру жұмысы;

2. Сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру, имидж қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бойынша  шаралар кешенін қолдану.

Сұранысты қалыптастыруды және өткізуге ынталандыруды мынадай сәттерді ескере келе жүргізу жоспарлануда: 

- Басқалармен салыстырғанда барынша төмен баға деңгейі;

- Білікті құрам;

- Заманауи жабдық;

- Арнайы киімді жеткізу тендерлеріне қатысу;

- Сұранысқа ынталандыру бағдарламасын іске асыру.

Штатта цехқа келетін клиенттерге қызмет көрсететін сатушы қарастырылған. Кәсіпорынның жоспарында – көтерме сатушыларды  ынтымақтаса жұмыс істеуге тарту.

 

 

 

 

 

 

5-кесте - Жобаның SWOT-талдауы

Сыртқы  орта

Мүмкіндіктер

Өндірістік қуаттылықты кеңейту.

Шығарылатын өнімнің түр-түрін  ұлғайту.

Қатерлер

Ұқсас өнім шығару бойынша  ірі өндірістер ұйымдастыру.

Импорттың үлесін ұлғайту (импорттық өнімді тұтыну үлесін ұлғайту).

Ішкі  орта

Басымдықтар

Жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды  пайдалану.

Табиғи шикізатты пайдалану.

         Кемшіліктер

Кәсіпорынның жаңаруы (жаңа жоба).

Шикізат бағасына тәуелділік.


 

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Технологиялық процесс

Медициналық халатты тігу технологиясы

Медициналық халатты өңдеудің технологиялық  дәйектілігін қарастырамыз.

1. Ұсақ бөлшектерін дайындау

1.1. 5 мм. Ш  тігіспен жағаның  асты мен үстін ортасына жіп  өткізіп біріктіріп көктеу.

1.2. Жағаның ұшын кесіп,  оны   айналдыру..

1.3. 5 мм. Ш  тігіспен  жағаның  жиегінен әдіптеу тігісін жүргізу.

1.4. Өңірдің астының ішкі   кесілген  жерін   көктеу.

1.5. Өңірлердің екі жанындағы  жырықтардың  бүктелетін  бөлігін  көктеу.

1.6. Ортасынан өткізілген жіппен  қоса жабық кесіндімен бірге  бүктей отырып  қалтаны тігістің  бойымен біріктіріп тігу.

1.7. Өңірлердің асты мен үстін  көктеу.

1.8. Қалталарды бірден қабырға  тігістерімен бірге бекіте отырып,  өңірдің төменгі қабырға бөлігін  қалтаның астыңғы бөлігінің бойымен  тігу.

1.9. Ортасынан өңдеу жібін өткізе  отырып жеңнің астыңғы жағын  жабық кесіндімен бүгіп тігу.

1.10. Белбеуді ұзын бойымен екіге  бүктеп екі жағынан тігу.

1.11. Ілгегін орнату.

2.  Бұйымды құрастыру.

2.1. Өңірлерін тігу.

2.2. Сол жағынан өңір қалтаны  тігу.

2.3. Арқа бөліктерін тігу.

2.4. Жартылай белбеуді арқа қиықтарымен   біріктіріп тігу.

2.5. Иық тігістерін тігу.

2.6. Жеңін орнату.

2.7. Жағасын тігу.

2.8. Қабырға тігістері  мен  жең қиықтарын тігу.

2.9. Өңірдің астын айналдыру.

2.10. Өңірдің бойымен өңдеу тігісін  жүргізу, сонымен бірге  ілгекті  орната отырып мойын   ойығына  жағаны қосып тігу.

2.11. Бұйымның етегін ішіне бүктеп  жабық тігіспен тігу.

2.12. Жырығын өңдей отырып өңірлері  мен арқасына жіберілген  бөлігін  тігу.

2.14. Оң жағынан ілгек орнату.

2.15. Ілгектеріне сәйкес түймелерін  тігу.

2.16. Бұйымды ылғалды жылумен  өңдеу.

 

Жұмысқа киетін ашық комбинезонды тігу технологиясы

Жұмыс костюмі (ашық комбинезон)  шалбардың  алдыңғы бөлігімен тұтас, яғни  белінен қиылмай пішіледі.

Арқасы белдің бойымен бөксеге  дейін, яғни қабырға қиықтарының  төменгі бөлігіне дейін  ұзартылған.  Шалбардың артқы бөліктері  белдің бойымен белбеу арқылы  біріккен, ол алдына келіп түймеленеді. Комбинезон үлгісінің барлық бөліктері, жағадан  басқа,  қабырға, иық, сондай-ақ  отыру  және жең тігістеріне 1 см-дан  босатыла отырып матаның көлденең жібінің  бойымен пішіледі.

Ойынды мен жеңнің құлама бөлігі тігісіне артық босатылмайды.

Жаға мен оның асты көлденең бойымен  пішіледі. Өңірлердің асты ені 7,5 см және  қиықтың бойымен ұзынынан пішіледі.

Белбеуі  ені 8 см және  ұзындығы белдің өлшеміне сәйкес 15 см, яғни 38 * 2 + 15 = 91 см. пішіледі.  Жеңнің  бүктемелері  ені 13 см, ұзындығы 27 см болып пішіледі.  Шалбарлардың манжеттері  ені 13 см, ұзындығы 36 см болып пішіледі.   Манжеттер мен олардың астыңғы  бөлігі  матаның ұзын бойымен  пішіледі.

Өңірдің пішілген бөліктерінде  бүктемелер мен қалта тігілетін орындар  белгіленеді, ал арқасы мен  шалбардың  артқы бөліктерінде бүктемелер  белгіленеді.

Өңірлердегі бүктемелер ішкі жағынан  тігіледі. Үстіңгі қалта өңірдің  сол бөлігіне тігіледі (белгіленген  орын бойынша). Белгіленген орынға екі  жанының қалталары жапсырылып,  шалбардың алдыңғы бөлігінің  үстінен,  алдыңғы  шетінен,  етек және қабырға бойымен  кертікке дейін  тігіледі. Өңірлердің асты оң жағымен  өңірлердің оң жағына жоғарғы кертіктен  төменгі кертікке дейін тігіліп, теріс жағына аударылады. Өңірлердің кесілген шеті  0,7 см бүктеліп, тігіледі.

Арқасынан  бүктемелер жасап,  арқасының  астын ені 2 - 2,5 см бүгіп тігіледі. Иық тігістері арқаның  кесіндісімен  бүктеп тігіледі.

Жағаның үсті астымен бірге  тігіліп, оң жағына айналдырылады да  шетінен  жөрмеп тігіледі.

Жағаның астыңғы жағы мойын ойындысына (оның бойымен) тігіліп қосылады. Жағаның  үстіңгі жағының кесілген шеті 0,7 см бүктеліп, астыңғы жағаның тігісі көрінбейтіндей етіп  тігіледі.  Жағаның үсті  шетінің бойымен  0,2 - 0,3 см  тігіледі.

Шалбардың артқы бөлігі қабырға  тігістері бойымен белінен бастап кертікке дейін тігіледі, содан соң  ішкі жағына айналдырып,  жөрмеледі. Артқы және алдыңғы өңірлерінің  қабырға кесінділерінің астынан  кертіктен бастап төменге дейін  ені 0,5 см болып  бүктеледі.

Информация о работе Бизнес жоспар