Банктін инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 05:58, реферат

Описание работы

Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ережелері бар. Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табуында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

Работа содержит 1 файл

бд.doc

— 77.50 Кб (Скачать)

                Банктің инвестициялық операциялары

Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ережелері  бар. Кең мағынада, банктік инвестиция – пайда табуында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

     Ал  тар мағынада, банктік инвестиция – табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

     Сонымен  қатар, банктік инвестициялау  деп негізгі капиталға жұмсаған  қаражаттарды да түсінуге болады.

     Сонымен  қатар, банктік инвестициялау  деп негізгі капиталға жұмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.

     Банктің  инвестициялық қызметі инвестициялық  саясат көмегімен жүзеге асырады.  Инвестициялық саясаттың негізгі  мазмұны қаражат жасау үшін  біршама тиімді бағалы қағаздың  түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфельдің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

     Банктердің инвестициялық  саясаты – банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелігін немесе пайдалығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамассыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталған шаралар жиынтығы .

     Банктің  инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:

      * инвестициялық саясаттың басты  мақсаты; 

      * баланс активі мен пассивіндегі  квазиинвестициялық операциялардың шегін (үлесін) анықтау;

      * инвестициялық операциялардың  сапасы үшін жетекшілер мен  атқарушылардың жауаптылығын;

      * инвестициялардың құрамы мен  құрылымы;

      * бағалы қағаздардың  сапасының   деңгейінің және  өтеу  мерзімінің  тиімділігі;

      * инвестициялар портфелінің   диверсифиакциялануына  қойылатын   негізгі  талаптар;

      * потрфельдің  құрамына  түзетулер   енгізу  механизмі;

      * сақтау  тәртібі  және  сақтандыру  механизмі;

      * пайдалар  мен  зияндардың  есебі;

      *компьютерлік қамсызданлыру бағдарламалары.

           

               Банктердің  инвестициялық  қызметі   жаңа  бағалы  қағаздарға  қаражат орналастыруға кепілдік  беру (андеррайтинг ), сондай-ақ  клиенттерге  қандай  бағалы  қағаз  түрін , қай уақытта  шығаруға  және  ұсынысты  қалай  жасауға  болатыны  жайлы  кеңес  беруді  сипаттайды.

              Бағалы  қағаздар  бизнесіндегі  андеррайтинг – бұл  бағалы  қағаздарды  сатудан  ешқандай  да  төменгі  ақшалай  қаржаттың   келіп  түспейтіндігі  туралы  эмитентке кепілдік беруді  білдіреді.  Мұндай  жағдайда  эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын  құрады.

              Банктердің  инвестициялық  операциясы  бағалы  қағаздар  жасалатын   операцияларды  сипаттайды.  Банктің   инвестициялық  операция  жүргізетін  бағалы  қағаздары  екі топқа  бөлінеді: қор ( акция, обликация) және  коммерциялық  бағалы  қағаздар  ( коммерциялық  вексель, чек қоймалық , кепілдік  куәліктер ).

              Қор  бағалы  қағаздарының  өзін  екі  негізгі   топқа   бөледі:

              1/ мемлекеттің бағалы  қағаздары:

              2/ мемлекеттік  емес ( корпоративтік  ) бағалы  қағаздар.  Қазақстан   Республикасындағы  мемлекеттің   бағалы  қағаздарын  өзіндік   сипатына  қарай  төмендегідей  кестемен  беруге  болады.

       

                                                                                                

                ҚР –дағы  мемлекеттің  бағалы  қағаздарының    сипаты 

  Түрі Шығару  мақсаты Орналастыру  тәсілі Айналыс  мерзімі Номинал  құны
          1.            2.             3.            4.           5.
Ұлттық  банктің  қысқа мерзімді  нотасы Айналыстағы ақша массасын реттеу Аукцион / сату 7 күннен 90 күнге  дейін 100 теңге
 
 

      Кестенің жалғасы. 

             1.              2.           3.            4.             5.
Ұлттық  банктің арнайы валюталық нотасы Еркін өзгермелі  валюта бағамына өтуге байланысты жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау Ноталар портфелін жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау 35 күн 100  АҚШ доллары
Арнайы  валюталық мемлекеттік облигациялар (АВМЕКАМ) Жинақтаушы  зейнет ақы қорларының активтерін қорғау Мемлекеттік облигациялар портфелін жинақтаушы зейнет ақы  қорларымен айырбастау 5 жыл 100  АҚШ доллары
Мемлекеттің арнайы қазыналық міндеттемесі (МЕАКАМ ) Ұлттық банкке Үкіметтің қарызын Қайта рәсімдеу   10 жыл 1000 теңге 
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық валюталық  міндеттемесі (МЕАКАМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру Аукцион 3, 6, 9 және 12 ай 100 АҚШ доллары
Мемлекеттің индексацияланатын қазыналық міндеттемесі (МЕИКАМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшыдығын қаржыландыру Аукцион 3 ай және  одан жоғары  1000 теңге
Мемлекеттің орта мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕОКАМ) Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру  Аукцион 2 және 3 жыл 1000 теңге
 
              1.             2.              3.             4.             5.
Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі

(МЕККАМ)

Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру  Аукцион 3, 6, 9,  және  12  ай 100 теңге
Мемлекттік  ішкі займдық ұлттық жинақ облигациялары ( ҰЖО)  Республикалық  бюджеттің ағымдағы тапшылығын  қаржыландыру Жазылу жолымен 364 күн 1000 теңге
 
 

         Мемлекеттің бағалы қағаздары  табыстылығына  қарай үш  түрге   бөлінеді:

      - Дисконттық , мұндай бағалы  қағаздар  алғашқы  нарықта инвесторларға жеңілдікпен ( номиналдық құнымен төменгі бағамен )  сатылып, номиналдық  құны бойынша  өтіледі.

    Мысалы, 91 күнге  шығарылған , номиналдық  құны 100 теңге  тұратын  дисконттық  бағалы  қағазды 75 теңгеге сатып  алсаңыз, онда  одан  мынадай табыс  аласыз:

          

                                                  100 – 75 = 25 теңге немесе 

                                           25  теңге : 75 теңге  ( бастапқы салынған инвестиция) х 100%=33,3%                            

                                                  

               Сонымен  қатар,  егер  91  күнге салсаңыз,  онда  бір   күндік  табыс: 33,3 % : 91 күн = 0,3659  құрайды. Демек, бір жылдық  табыс: 0,3659  % х 364 күн = 133,19  % тең.

  •         - Купондық, яғни номиналдық  құнына  пайызбен  бейнеленген  табыс  әкелетін  бағалы  қағаздар . Купон  мерзіміне  қарай жылына  2 не 4  ретке  дейін  төленеді.
  •        -  Аралас, яғни  купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін  бағалы  қағаз.  Бұл жағдайда  инвестор – банктің  табысы  екі  көзден : дисконт  түріндегі  табыстар  құралады.
  •           Бүгінгі таңда ҚР – дағы  екінші  деңгейдегі  банктердің  инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің  басым бөлігі  мемлекеттің бағалы  қағаздарға  жұмсалып  отырғаны  жасырын  емес.  Себебі , мұндай бағалы  қағаздарға  салған  активтер:  біріншіден, өтімді,  яғни  банк  ондағы  қаражатты  тез  арада  кқолма – қол  ақшаға  айналдыра  алады ,  екіншіден,  олардан  алатын  табыс  төмен  болғанымен  тәуекел  төмен   немесе  жоқ  десе  де  болады.  Сонымен  қатар  активтерінің  бір  бөлігін  өтімді  коропоративтік  бағалы  қағаздарға  да  орналыстыруда.  Корпоративтік  бағалы  қағаздарға  мыналар  жатады:

               * акциялар;

               * облигациялар;

               * депозиттік және  жинақ сертификаттары;

               * ипотекалық  куәліктер;

               * депозитарлық  қолхаттар.

             Осылардың  ішінде  инвестициялау   операциялар  мен  облигацияларға  байланысты  көп  болады. Ал  қалғандарының  нарығы  әлі өз  деңгейінде   дами  қойған  жоқ.

            Акция – бұл акционерлік қоғамның  жарғылық  капиталына  үлес  қосқандығын куәландыратын және  басқару ісіне қатысуға  құқық беретін , сондай – ақ  иесіне  табыс әкелетін  бағалы  қағаз.

             Дивиденд  төлеу тәсінің айырмашылығына  байланысты  жай және  артықшылықты  акцияларға  бөледі . Жай акция, оның  иесіне  акционерлік қоғамның  табысына  байланысты  табыс әкеледі және  қоғамды басқару ісіне немесе  жалпы жиналысқа қатысуға  құқық  береді.  Ао артықшылықты  акция  иесіне  қоғамның тбысына  байланыссыз  тұрақты  табыс  алуға  құқық  береді ,  бірақ  басқару  ісіне  араласуға  немесе  акционерлер  жиналысына  қатысуға  құқық  бермейді.  Артышылықты  акцияның  келесі  бір  артықшлығы – қоғам  борыштық  тұрақсыздыққа  ұшыраған  жағдайда  мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

               Акциялар  шығару  формасына   қарай  да  ажыратылады : құжатты  ( номиналдық  құны ) мен  пайызды   қайтарып  беру  туралы  міндеттемесін  растайтын  бағалы  қағаз.

              Қазақстандағы  айналыста   жүрген  облигациялар  табыстылығына   қарай  екі  түрге  бөлінеді:

           -  Купондық  облигация -  инвестор – банкке пайызмөлшерлемесі  формасында , яғни  алты айда  немесе  жылына  бір рет табыс әкелетін  түрі.

          -  Дисконттық  облигация – инвестор – ьанктің облигацияны шығарушыдан номиналдық  құнынан төменгі бағада  сатып алып,  оны өзінің  құнымен қайта сату  арасындағы  айырма  түрнде  банкке  табыс  әкелетін  түрі.

           Мысалға ,  облигацияның  ағымдағы  бағасы – 100 теңге , купон   мөлшерлемесі – 10 % , онда  облигацияның  ағымдағы  табысын  былай   есептеуге  болады: 

    

                                                     Купон / баға х 100 = 10 / 100 = 10 % 

                       Егер  облигация  бағасы  өсіп,   150 теңгені  құраса, онда  ағымдағы  табыс: 

                                                     10 / 150 х 100 = 6,66 % 

                       Бүгінгі  таңда  ҚР – дағы  екінші  деңгейдегі  банктердің  инвестициялық  операцияларға  бағытталған  активтерінің  басым  бөлігі  мемлекттің  бағалы  қағаздарына  жұссалып  отыиғаны  жасырын  емес.  Себебі,  мұндай  бағалы  қағаздарға  салған  активтер:  біріншіден,  өтімді,  яғни  банк  ондағы   қаражатты  тез  арада  қолма – қол  ақшаға  айналдыра  алады,  екіншіден ,  олардан  алатын  табыс  төмен болғанымен  тәуекел  төмен  немесе  жоқ  десе  де  болады.  Ал  мемлекеттік  емес  бағалы  қағаздардың  өз  деңгейінде  дамымауына  және  олардан алатын  табыстардың қаншалықты  жоғары  болғанымен  тәуекелдің  соғұрлым  жоғары  болып келетініне  байланысты  банктер оларға  қаражат салуда  әлі де  болса пассивтік танытуда. 
 

                                            Қолданылған  әдебиеттер:

  1. Ұлттық  банк  Басқармасының  2002 жылы  16  қарашадағы  № 465  қаулысымен  бекітілген « Активтердің , шартты  міндеттемелердің  жіктелуі  және  оларды  күмәнді  және  үмітсіз  санаттарға  жатқыза  отырып,  оларға  қарсы  провизиялық  құру» туралы  ережесі.
  2. Банковское  дело/ Под  ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы – Қаражат, 1998.
  3. Банковское  дело / Под  ред.  Лаврушина О.И. – М.: Финансы и  статистика , 1998.
  4. Банки и  банковские  операции в  России  / Под ред. Лапидуса  М.Х. – М., 1996.
  5. Банковское  дело  / Под  ред. Колемникова В.И. – М., 1995.
  6. Банковское  дело: стратегическое  руководство / Под  ред. Платонова В., Хиггниса М. – М.: Консалтбанкир, 1998.
  7. Банки и  банковские  операции / Под ред. Жукова Е.Ф. – М., 1997.
  8. Брокеры и регистраторы  на  рынке  ценных  бумаг. Учебное  пособие. – Алматы: ИРБИС, 2000.

   

.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            Қолданылған  әдебиеттер:

  1. Ұлттық  банк  Басқармасының  2002 жылы  16  қарашадағ

Информация о работе Банктін инвестициялық саясаты