Қазақстан Республикасының Салық

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 18:16, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық режимі болып бөлінеді. Салық режимі дегеніміз салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңнамасы нормаларының жиынтығы. Ал жалпы салық режимі деп салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгіленетін және салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің түрлерін есептеу мен төлеудің,сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды айтамыз.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық режимі болып бөлінеді.docx

— 20.32 Кб (Скачать)

          Қазақстан Республикасының Салық  кодексіне сәйкес салық режимі  болып бөлінеді. Салық режимі  дегеніміз салықтар мен басқа  да міндетті төлемдерді төлеу  жөніндегі барлық салық міндеттемелерін  есептеу кезінде салық төлеуші  қолданатын салық заңнамасы   нормаларының жиынтығы. Ал жалпы  салық режимі деп салық төлеушілердің  барлық санаттары үшін белгіленетін  және салықтар мен  бюджетке  төленетін басқа міндетті төлемдердің  түрлерін есептеу мен төлеудің,сондай-ақ  олар бойынша салық есептілігін  берудің жалпы тәртібін қолдануды  айтамыз. Арнаулы салық режимі  –салық төлеушілердің  жекелеген  санаттары үшін белгіленетін  және жекелеген салық түрлерін  есептеу мен төлеудің(жер учаскелерін  пайдаланғаны үшін ақы төлеудің),сондай-ақ  олар бойынша салық есептілігін  берудің оңайлатылған тәртібін  қолдануды көздейтін бюджетпен  есеп айырысудың ерекше тәртібі.

       Арнаулы салық режимін шағын бизнес субъектілері, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері қолдана алады.

      Арнаулы салық режимі шағын  бизнес субъектілері үшін әлеуметтік  салықты,корпоративті немесе жеке  табыс салығын есептеу мен  төлеудің оңайлатылған тәртібін  белгілейді.Ал қалған барлық салықтар  мен бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер бойынша  есептеу,төлеу және салық есептілігін  тапсыру жалпыға бірдей белгіленген  тәртіппен жүргіділеді. Арнаулы  салық режимін қолданатын шағын  бизнес субъектілері кәсіпкерлік  қызметтің бірнеше түрін жүзеге  асырған жағдайда табыс қызметтің  барлық түрлерін жүзеге асырудың  жиынтығымен анықталады.

     Шағын  бизнес субъектілері салықтарды  есептеу мен төлеудің,сондай-ақ  бойынша салық есептілігін тапсырудың  төменде аталған тәртіптерінің  біреуін ғана дербес таңдауға  құқылы:

  1. жалпыға бірдей белгіленген тәртіп
  2. біржолғы талон (01.01.2011 жылға дейін)
  3. патент негізіндегі арнаулы салық режимі
  4. оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

   Салық  төлеуші салықтарды есептеу мен  төлеудің жалпыға бірдей белгіленген  тәртібіне ауысқан кезде осы  режимді(тәртіпті) 2 жыл  қолдағаннан  кейін ғана арнаулы салық режиміне  қайта ауысуға болады.

Филиалдары, өкілдіктері  бар заңды  тұлғалардың, филиалдар  мен өкілдіктердің, әр түрлі елді-мекендерде өзге де оқшауланған құрымдылық бөлімшелері  және салық салу обьектілері бар  салық төлеушілердің ,басқа заңды  тұлғалардың қатысу үлесі 25%-дан  асатын заңды тұлғалардың,құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды  тұлғалардың (арнаулы салық режимін  қолданатын бір немесе одан да көп  кәсіпорындар бар заңды тұлғалардың ) арнаулы салық режимін қолдануға  құқығы жоқ.

           1)акцизделетін өнімді өндіру;

           2)кеңес беру,қаржы,бухгалтерлік  қызмет көрсету; 

           3)мұнай өнімдерін өткізу;

           4)шыны ыдыстарды жинау және  қабылдау;

           5) жер қойнауын пайдалану қызметтері.

            Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимі

            Біржолғы талон-арнаулы салық  режимін қолдану құқығын куәландыратын  және жеке табыс салығы бойынша  бюджетпен есеп айырысу фактісін  растайтын құжат.

             Біржолға талон негізіндегі арнаулы  салық режимін қызметі ара-тұра  (эпизодтық)сипатта болатын жеке  тұлғалар, сондай-ақ базарларда тауарлар  сату,жұмыс орындау,қызмет көрсетуді  (жалдау шарттары бойынша базарлар  аумағындағы тұрақты  үй-жайларда  өткізудә қоспағанда ) жүзеге асыратын  тұлғалар қолдана алады. Бұл  тұлғалар жолдамалы жұмыскерлер  еңбегін пайдаланбауы қажет. Олар  дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік  тіркеуден босатылады және әлеуметтік  салықты төлемейді.

              Ара-тұра (эпизодтық) сипаттағы кәсіпкерлік  қызмет дегеніміз жылына бәрін  жинақтағанда 90күннен аспайтын қызмет.

             Салық төлеушіге біржолға талон  қызметті жүзеге асырғанға дейін  беріледі. Біржолғы талон талонда  көрсетілген қызметті жүзеге  асыру орны бойынша ғана жарамды  болып есептеледі. Біржолғы талонды  бір күнге немесе одан да  ұзақ мерзімге (бірақ бір айдан  аспайтын) алуға болады.Біржолғы  талонның құны кіріс алынатын  обьектінің орналасқан жерін,  түрін, қызметті жүзеге асыру  жағдайларын,сапасы мен көлемін,  сондай-ақ қызметпен шұғылдану  тиімділігін ықпал ететін басқа  да факторларды ескере отырып, салық органы жүргізген қадағалау  мен зерттеу деректері негізінде  жергілікті өкілді органдардың  шешімімен белгіленеді.

             Қызмет түрлерінің тізбесін, біржолғы  талондардың нысаны мен белгілеу  тәртібін уәкілетті мемлекеттік  орган белгілейді.

             Кәсіпкерлік қызметтің келесі  түрлерімен айналысқан кезде  біржолғы талон негізінде есеп  айырысуға болады :

           -газеттер мен журналдарды;

           -көшеттерді , бақша дақылдарын, саяжайлар  мен үй маңындағы учаскелерді  өсірілген тірі гүлдерді, саяжайдың,  бау-бақшаның қосалқы ауыл шаруашылық  өнімдерін  сату;

           -малдар мен құстарға арналған  жемдерді сату ;

           -жеке трактор иелерінің жер  учаскелерін өңдеу бойынша қызметтері;

           -базарларда тауарлар сату, жұмыс  орындау және қызмет көрсету  ;

           -лицензияланатын тасымалдауды қоспағанда, жеке жеңіл автомобильдер иелерінің  жолаушылар тасымалдау қызметтері.

            2007жылдың  1қаңтарынан  бастап ТМД елдерінен  және алыс шетелдерден  автомобиль көлігін  алып келу қызметтері, жеке жүк автомобильдері  иелерінің жүктерді  тасымалдау  қызметтері  біржолғы талон  бойынша жүзеге  асыру құқығынан  айырылды. Мұндай  өызметтер 2007 жылға  дейін біржолғы  талон негізінде  есеп айырысып  келген болатын.

            Патент негізіндегі салық режимі

            Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

            Патент негізіндегі арнаулы салық  режимін мынадай талаптарға сай  келетін дара кәсіпкерлер қолданады:

    1. жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
    2. өзіндік кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын ;
    3. жыл ішіндегі табысы ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын.

    Патент алу  үшін салық органына келесі құжаттар тапсырылады:

    • патент алуға арналған өтініш пен есеп-қисап;
    • дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
    • егер қажет болған жағдайда жүзеге асырылатын қызметке алынған лицензия.      

        Кәсіпкер лицензиялауға жататын  қызметті жүзеге асырса патент  лицензияның қолданылу мерзімінен  аспайтын уақытқа берілді.

        Салық  органы өтініш берілгеннен   және бюджетке патенттің құны,жинақтаушы  зейнетақы  қорларына  міндетті  зейнетақы  жарналары  және  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру  қорына әлеуметтік аударымдардың  төлегені растайтын құжаттары   өткізілгеннен кейін  бір жұмыс  күні ішінде патент  береді  немесе патент беруден бас  тарту туралы шешім шығарады. Патент кемінде 1 айға, бірақ 1жылдан  аспайтын мерзімге беріледі. Кезекті  патент алу үшін өтінішті алдыңғы  патенттің қолданылу мерзімі  аяқталғанға дейін ұсыну қажет.  Салық төлеушінің кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын орны  бойынша салық органына патент  алуға өтінішін бермеуі оның  салықты жалпыға бірдей белгіленген  тәртіппен есептеуге және төлеуге  келісімі деп есептеледі. Дара  кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу  туралы куәлік көрсетілмейінше,  патент жарамсыз болып табылады.

       Патент құны немесе патент  бойынша салық сомасы мәлімделген  табыстың 2%  құрайды және бюджетке  жеке табыс салығы мен әлеуметтік  салықтар түрінде тең үлестермен  төленеді.

       Мысалы, Сіздің мәлімделген табысыңыз  300 000тг. 2% ставква жағдайында патент құны 6000 тг болады, соның ішінде жеке табыс салығы-3000тг. әлеуметтік  салық -3000тг.

        Патенттің күші жойылған мерзімге  дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған  кезде салықтың енгізілген сомасы  қайтарылмайды және қайта есептелмейді.Нақты  табыс патент алған кезде мәлімделген  табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші 5 кун ішінде  артық соманы мәлімдейді және  осы сомадан салық төлейді.     
 
 
 
 

                 

   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының Салық