Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 05:03, реферат

Описание работы

Біз осы жұмысты толықтай қарамастан бұрын, яғни Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық ахуалына тоқталмас бұрын, елбасымыздың осы жылғы халыққа жолдауына тоқтала кетсек деп отырмыз:
«Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Работа содержит 1 файл

орг статья.docx

— 32.07 Кб (Скачать)

           Әлемдік экономика  басынан жақсы емес уақыттарды өткізуде, дағдарыстан енді шыққанда әлемде дағдарыстың  екінші толқыны жайлы айтылып  жүр, біз 2008-2009 жылдары көрген дағдарыс ағаштың «гүлі» десек ал «жемісі» алда деседі...[9]

       Қазақстан Республикасының келесі  алдыға қойған мақсаттарды атқару  керек:

  1. экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу;
  2. жедел индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың

тұрақты өсуіне қол жеткізу;

  1. адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашақты белсенді

инвестициялау; 

  1. қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық

қызметтермен  қамтамасыз ету;

  1. ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.[10]

    Тағы  бір айтып кетер жайт экономиканы  жақсарту үшін, экономикамызды

тұрақтандыру  стратегиясын қолдану керек. Инфлияцияны жеңудің экономикалық стратегиясын қарастырған дұрыс. Негізгі көңіл бөлетін жайт инфляцияның көрсеткіш деңгейі. Ол Ұлттық банктің мәліметінше 6% төмен көрсеткішті қамтыған. Сонымен қатар, кейбір тұтынушылық тауарлары мен қызмет түрлеріне қатысты бағаның біршама өскендігі байқалады. Оларға көкөніс пен жеміс, нан өнімдері мен күріш тұқымдастар, дизель жағармайы және денсаулық сақтау мен көлік тасымалы секілді мекемелердің қызметтерін жатқызамыз. Бағаның өсуі сыртқы сауда саласында да байқалады. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 52,14млрд. америка долларын құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 40% жоғары көрсеткіш байқатқан. Бұның ішінде, экспорт, яғни, ұлттық экономикаға шетел валютасының түсімі 50%артып, 35млрд. АҚШ долларын құраған. Және осы сауда айналымын арттырған сайын ел экономикасы да арта түсетіні белгілі.[11]

      Ендігі  мәселе шетел инвестицияларын тартудың экономикамызға тигізетін пайдасын қарастырайық. Егер шетелден елдегі кәсіпорындарға инвестиция құйылатын болса, кәсіпорындар көбейіп, бәсеке жағдайында дамып пайда  әкеледі. Инвесторлар банктер, я  болмаса ірі компаниялар бола алады.

      Еуропа  Қайта құру және Даму Банкі –  мұнай өңдеуді қоспағанда, Қазақстан  экономикасының барлық салаларында  ірі инвестор болып табылады. ЕҚДБ ынтымақтасудың негізгі бағыттары  мыналар болып табылады:

  • Жеке секторды дамыту және нарықтық экономикаға көшу;
  • Жергілікті жерлерде инвестициялық климатты жақсарту;
  • Жобаларды тиісінше корпорациялық басқаруды енгізу;
  • Экологиялық тұрақты дамыту. 
    1. жылдан бастап 2011 жылға дейін Қазақстанның экономикасында ЕҚДБ 3

милиардтан  астам АҚШ долларын салды және шамамен 60 жобаны қаржыландырды. Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қатысуымен ЕҚДБ жобалары іске асырылды және 6 млрд. асатын сомада іске асыруға жоспарланып  отыр. Жобалардың негізгі үлесі екінші деңгейдегі банктерге кредит беруге(27%), энергетикаға (20%), көлікке (13%), агроөнеркәсіп кешеніне және табиғи ресурстарға(14%) келеді.  Осы секілді инвесторларды тартуды көптеп жүргізу керек.[12]

    Ендігі  қарастырылатын мәселе Қазақстанның сыртқы экономикалық стратегиясы.

Қазқстанда  негізінде ашық экономика дамыған. Сол себепті шетелмен байланыс күрделі  түрде дамуы тиіс. Қазіргі таңда  Батыс Еуропа мен Батыс Қытайды  жалғастыратын тас жол салынып  жатыр. Оның келешекте ел экономикасына тигізетін пайдасы зор болмақ. Және экспортты дамыту керек, және тек шикізатты ғана шығармай, дайын өнім ретінде өндіріп шығару керек.

      Қорыта  келе айтатынымыз, Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық ахуалының көрсеткішін жақсы деп айтуға болады, бірақ жоғарыда айтылған проблемаларды шешу жолдарын дұрыс қолданатын болсақ одан да дұрыс болар еді. Экономикалық тұрақтандыру саясаты, салықты тұрақтандыру саясаты, табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану саясаты және аймақтық даму мәселелері, тұрақты даму мәселелері, шетел инвестициялар тартудағы мәселелерді дұрыс шешу арқылы, ел экономикасын шешуге болады. Және де инновациялық проэктерді жүзеге асырудың да маңызы зор. Тек шикізат өнімдерін өндіре бермей, оларды дайын өнім ретінде шетелге экспорттау керек, ол үшін жоғарыда айтылғандай жаңа технология қолдану керек.

     РЕЗЮМЕ 

     Информация, представленная здесь о том, по каким  направлениям развивается экономика  РК, какое место занимает на мировой  арене наша страна по экономическим  критериям. Также рассматривается  переход экономики с сырьевого  сектора на обрабатывающую.  

     ТҮЙІН 

     Мақалада  ҚР қазіргі экономикалық жағдайы, әлемдік  аренада алатын орны, жалпы экономикалық даму бағыттары жайлы ой қозғалады. Мемлекеттің шикізаттық даму бағытынан  өңдеуші экономикаға тез қарқынмен  ауысу керектігі, инновациялық даму қажеттілігі, отандық өнім мәселесі аталып көрсетіледі. 

     SUMMARY 

     The information presented here about what areas of the economy develops in the Kazakhstan, which place takes our country in the world by economic criteria. We also consider the transition from the primary sector of the economy on the manufacturing. 
 
 

      ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына

Жолдауы 28.01.2011ж.

  1. САЯСАТ-POLICY №12: ЭКОНОМИКА, 2011-19 бет.
  2. АльПари,3: Теория и методология,2011-54бет.
  3. Смирнова Т.П. Институциональный подход к исследованию социальной

инфраструктуры. Алма-ата: Экономика,2004-252с.\

      5.   Газет «Панорама» №31, 2011- 3бет. 

      6.   Газет «Экономика» №38(210), 2011-4бет.

      7.   Азоев Г.А., Челенков А.П. Конкурентные преимущества фирмы. –М.:Экономика, 2000.-355с.

      8.   «Преодолеть крзис – прирастать интеллектом» Вечерный Алматы, №122-123, 15 октября 2009г.

      9.   Газет «Республика.KZ» №VІІ-ІХ, 2011-32бет.

      10. АльПари,2,: Экономика и политика, 2011-49,50 беттер.

     11. Журнал «Саясат» №12, 2009-29бет.

     12. www.inform.kz бойынша интернет материалдары. 


Информация о работе Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайы