Ақшаның пайда болу тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 20:47, доклад

Описание работы

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функциларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.

Работа содержит 1 файл

Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы.doc

— 55.50 Кб (Скачать)

Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы

Уикипедиядан  алынған мәлімет, ашық энциклопедия  

Мемлекеттің қаржысы  мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функциларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің  маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.

Экономикалық  мәні жағынан мемлекеттің қаржысы  мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, және кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.

 Ішкі ұлттык  өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің өзыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттін қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы - «Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне карағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:

1) экономика  дамуының нәтижесінде экономикалық  өмірдің күрделенуімен және еңбек  бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;

2) техника мен  технология дамуы капиталдың  үлкен мөлшеріне кажеттілікті  кажет етеді, бұл капитапды  майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар камтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың кызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге катысуы тиіс;

3) көрсетілетін  кызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.

 Сөйтіп, Вагнердің  заңы рыноктық шаруашылыктың  белгілі бір шектеулілігін және  экономикалық үдерістерді мемлекеттік  реттеудің қажеттігін дәлелдейді.

Мемлекет қаржысы  үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-әрекеті колайлы, сондықтан ол бөлгіштік және бақылау функцияларын орындайды. Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақтылы  өндіріспен байланысты (мемлекеттік  кәсіпорындар, ұлттық холдингтер мен компаниялар) қаржылық қатынастар әрекеті жағдайларында мемлекет каржысының ұдайыөндірістік функциясы іс-әрекет етеді. Жалпы кеңейтілген түсінікте бұл буын қоғамды құдайы өндіріске оның «адамның өсіп-өнуіне», оның материалдык,әлеуметтік, табиғи және моралдык игіліктеріне жәрдемдесу бөлігіне жұмыс істейді. Бұл мағынада қаржыда ұдайы өндірістік функцияның ғаламдық әрекеті және жарым-жартылай бөлгіштік туралы айтуға болады.

 Алайда бөлгіштік  функциядағы мемлекеттің қаржысын  неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын (10.1 парағрафтағы 3,4,5 тармақтар) құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн бұл:

1) орналастыру;

2) кайта бөлгіштік;

3) тұрактандыру  косалқы функциялары.

Орналастыру қосалқы  функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер  және қызметтер көрсету рыноктық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалык ресурстарды «жекеше» және «қоғамдық» тауарлар арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.

 Түрлі фискалдық  құралдар арасында қаііта бөлгііитік  қосалқы функцыя көбінесе тікелей  мыналар арқылы орындалады:

1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен үйлестіретін салықтық трансферттік тэсім арқылы;

2) баламалы түрде  қайта бөлу жалдаушылардан төмен  табыс болатын тұрғын үй сықылды  коғамдық шаруашылықты қаржыландыру  үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;

3) ақырында, қайта  бөлуге табысы төмен тұтынушылар  пайдаланатын басқа тауарларды  қаражаттандыруды көбінесе жоғары  табысты тұтынушылар сатып алатын  тауарларға салынатын салықтармен  үйлестіру арқылы жету мүмкін.

 Саясаттың  баламалы құралдарын таңдауда  тұтынушылардың немесе өндірушілердің  таңдауға араласуы болғанда көтерілетін  толық нәтижеленетін ысыраптар  немесе тиімділік шығындары есепке  алынуы тиіс. Салықтық-трансферттік  механизм арқылы қайта бөлудің  жеке тұтыну немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тіпті бұл механизм де «тиімділік шығындарысыз» емес, сондықтан жанжалды теңдік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы саясат мүдделердің екеуіне қолданылуы тиіс.

Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті  сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге  саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық салудағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып, мемлекет жиынтық сұранымға ыкпал жасайды. Осыған байланысты бұл косалкы функция қаржының ұдайы өндірістік функциясына барып тіреледі және мемлекет жұмылдырған қаржылық ресурстарды ұлғаймалы ұдайы өндіріске инвестициялау мақсатына бағыттау кезінде оған түрленуі мүмкін.

 Мемлекеттің  каржысы бұл буынға имманенттік  түрде тән ретінде бұрын баяндалған  түсініктердегі бақылау функциясын  орындайды (1.5 параграфты караңыз). Мемлекет қаржысының экономикалық  мазмұны бірыңғай емес: оның құрамында  жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше фукцияларды орындайды.

Мемлекеттің қаржысы  республикалык және жергілікті деңгейлерде  іс-әрекет етеді және мемлекеттік  бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік  жзне муниципалдық кәсіпорындар мен  ұйымдардың қаррК&ларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялык арналымының аркасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси үдерістердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің карж^-вы жалпы мемлекеттік (республикальщ) және жергілікті (муниципалдық) қаржылар болып бөлінеді.

 Функциялык  арналымы бойынша мұндай сан  алуан каржылык байланыстардың  арқасында мемлекет аумақтық, сондай-ақ  салалык аспектілерде көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге ықпал жасай алады.

 Егер қаржылық  қатынастарды топтастыру кезінде  мемлекеттің экономика мен әлеуметтік  үдерістерге басшылық жасау деңгейіне  сүйенетін болсақ, онда Қазақстан  Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады.

 Мемлекет  қаржысының құрамында республикалық  және жергілікті деңгейлерде  калыптасатын бюджеттік қатынастар  маңызды рөл атқарады. Бюджеттік  өзара байланыстар көмегімен  мемлекеттік құрылымдардың қара- мағына қаржылык әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері - республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органда- ры үшін тірліктің каржы базасы болып табылады.

 Қазакстан  Республикасы аумағында жалпы  функцияларды орындау үшін республикальщ  (орталъщ) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мем- лекеттік  мақсатты кешенді бағдарламаларды  каржыландыруға, республикалык функцияларды  орындауға, сондай-ақ карулы күштер мен баскару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын камтамасыз етуге арналған.

 Бюджеттік  қатынастар жүйесінде жергілікті  бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе  экономикалық үдерістерді рет-  теу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ыкпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімінің бәсекелестік кабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауга, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.

Бюджеттен тыс  қорлардың арналымы - арнаулы мақсатты аударымдар мен баска көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде қаражаттар иесізденеді, ал бюджеттен тыс қорлардың құқыктык мәртебесі каражаттарды қатаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік бе- реді. Қорлардың дербестігі (автономдығы) өкілетті және атқарушы органдардың қатысуысыз дербес баскаруды кажет етеді, мұның өзі бюджеттен тыс корлардың каражаттарын неғұрлым жедел пайдалануға мүмкіндік береді.

 Мемлекеттік  кредиттің мазмұнын құрайтын  ақшалай қатынастар мемлекет  каржысының өзгеше бөлігі болып  табылады. Мемлекеттік кредиттік  катынастар кәсіпорындардың, ұйымдар  мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және оларды мемлекеттің шығыстарын каржыландыруды камтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.

 Заңи және  жеке тұлғалардың уақытша бос  ақшаларын мемлекеттің жұмылдыруы  қаржы рыногында облигацияларды, казынашылык міндеттемелерді және мемлекеттік бағалы кағаздардың баска түрлерін сату арқылы жүзеге асады. Халықаралық кредитте қарым-қатынастарға шетелдік мемлекеттер, олардың компаниялары, фирмалар, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралык қаржы мекемелері кіріседі.

 Мемлекеттік  сектордың жұмыс істеуі мемлекеттікменшіктің  болуына негіз- делген. Меншікті  жіктеу тұрғысынан мемлекеттік  заңи ұйымдардың мүлкі және  мемлекеттік қазына болып ажыратылады.

 Мемлекеттік  заңи тұлғалардың мүлкі заңмен  бөлектелген және мемлекет- тік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жұмыс істеуінің негізін құрайды. Олардың қызметінің ерекшеліктері «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы» бөлімінде баяндалған, өйткені мемлекеттік сектор кәсіпорындарының өзіндік каржы жүйесінің бұл буынының барлық субъектілері үшін ұксас және баскарудың біртұтас кағидаттарына бағынады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде «мемлекеттік казына» ұғымы бөліп көрсетіледі.

 Мемлекеттік  қазына республикалык және жергілікті  казына болып бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды кіріктіреді:

1) республикалык  бюджеттің каражаттары;

2) мемлекеттің  алтын-валюталық қаражаттары;

3) мемлекеттік  меншіктің айрықша құкығының  мүлкі (жер, оның койнауы, өсімдік  және жану- ар әлемі, басқа табиғи  ресурстар); 4) республикалык меншікке жататын окшауландырылмаған мүлік. Мүлік иесі талап етпеген иесіз мүлік, тәркіленген, мұралану құкығы бойынша мемлекетке берілген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке - қазынаға өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар казыналык бола бастайды.

 Жергілікті  ңазына мыналарды кіріктіреді:

1) жергілікті  бюджеттің қаражаттары;

2) коммуналдык  меншікке жататын окшауландырылмаған  мүлік.

 Меншікті  пайдаланудың ұксас сан алуан  нысандары мемлекетке икемді  және атаулы экономикалык және каржылық саясатты жүргізуге, экономикалық және әлеуметтік үдерістерге, оларды керекті арнаға бағыттай отырып, ыкпал етудің каржылық механизмін белсенді колдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге үкіметтің экономикалык функцияларын орындаудың, коғамның өмір сұруінің эр кезеңінде оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың негіздері ретінде «мемлекеттің қаржысы» категориясының рөлі[1]

Информация о работе Ақшаның пайда болу тарихы