Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:37, реферат
Валюталық операциялар – бұл ақша нарығында белгілі шетел валютада шығарылған, шетел валюталарымен және төлем құжаттарымен операциялар. ҚР территориясында валюталық операциялар уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер, сол сияқты олардың айырбас пунктері арқылы резидент және резидент еместер де жүргізе алады. ҚР жоғарыда көрсетілген мекемелер шетел валюталарын айырбастау, сату және сатып алу тыйым салынады.
5. 2 Валюталық операциялар мен олардың сипаттамасы
Валюталық операциялар – бұл ақша нарығында белгілі шетел валютада шығарылған, шетел валюталарымен және төлем құжаттарымен операциялар. ҚР территориясында валюталық операциялар уәкілетті банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер, сол сияқты олардың айырбас пунктері арқылы резидент және резидент еместер де жүргізе алады. ҚР жоғарыда көрсетілген мекемелер шетел валюталарын айырбастау, сату және сатып алу тыйым салынады.
Валюталық операцияларды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:
1. объект бойынша:
· ұлттық және шетел валюталармен операциялар;
· шетел валютада бағалы қағаздармен;
· бағалы металлдар мен тастармен;
2. субъект бойынша:
· жеке және заңды тұлғалар операциялары;
· мемлекеттік, әкімшілік-аймақтық және муниципалды құрылғылар операциялары,
· шетел мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар операциялары;
3. жүзеге асыру тәртібінің саны бойынша:
· резиденттік мәртебеден тәуелсіз құқықтық тәртіппен жүзеге асырылатын универсалды операциялар;
· резиденттік мәртебеге тәуелді құқықтық тәртіппен жүзеге асырылатын индивидуалды операциялар;
4. территория бойынша жүзеге асыру:
· ішкі;
· шетелдік.
5. валюталық операция жүргізілетін шегінде құқықтық қатынастар түрлері бойынша:
· қаржылық-құқықтық – салық төлемдерін өтеу аударымдары.
· әкімшілік-құқықтық – шетел валютада айыппұлды төлеу.
· азаматтық-құқықтық – резидент-импортердің валюталық төлемі транспорттық ұйым-резиденттің пайдасына аударымдар келісім негізінде жүргізіледі.
· халықаралық жеке-құқықтық – резиденттердің валюталық төлемдері экспорттық-импорттық сыртқы саудалық келісімдер бойынша резидент еместердің пайдасына түседі.
· халықаралық жариялылық-құқықтық – валюталық аударымдар халықаралық ұйымдар пайдасына түседі.
Біздің еліміздің заңына сәйкес валюталық операциялары болып келесілер табылады:
1. валюталық құндылыққа жеке меншік құқығынан және басқа құқығына ауысумен байланысты операциялар.
2. ҚР –на шеттен әкелу мен жіберу, сол сияқты ҚР-нан валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен шеттен әкелу мен жіберу.
Валюталық құндылықтар – бұл шетелдік валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттар номиналы шетел валютада көрсетілген; аффинирлік алтын кесегі, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттарының номиналы егер резиденттер мен резидент еместер операцияларды жүргізсе, онда ұлттық валютада көрсетіледі.
ҚР “Валюталық реттеу” заңына сәйкес валюталық операциялар екі категорияға бөлінеді:
· ағымдық операциялар;
· капитал қозғалысымен байланысты операциялар.
Ағымдық операцияларға жататындар:
· экспорттық-импорттық келісімдер бойынша есептеулерді жүргізу үшін аударымдар, олар алдын ала төлемнің немесе тауарларға аванстық төлемдерді кейінге қалдыру, жұмысты және қызметтің мерзімі 180 күннен аспайтын болу керек.
· несиелерді беру және алу мерзімі 180 күннен аспайды.
· дивиденттерді аудару мен алу, басқа салымдар табыстары мен сыйақылары, инвестиция, заемдық және басқа операциялар.
· гранттарды, мұра сомаларының аударымдарын, еңбекақы, зейнетақы, алименттерді және басқа да саудалық емес сипаттағы аударымдар.
Капитал қозғалысымен байланысты операциялар:
· инвестицияларды жүзеге асыру;
· парасат меншігіндегі объектілерге жалпы ерекше құқық беруін алдын алатын келісім бойынша аударым үшін есеп айырысу;
· жылжымайтын мүліктік құқықты төлемге аудару, жылжымайтын заттарға тең мүлікті қоспағанда;
· төлем мерзімін ұзартуды немесе тауарларға, жұмыстарға және қызметтеріне мерзімі 180 күннен асатын аванстық төлемдерді алдын алу, экспорттық-импорттық келісімдер бойынша есептеулерді іске асыру үшін аударым;
· несиелерді беру және алу мерзімі 180 күннен аспайды;
· жинақталған зейнетақы активтерінің және жинақтық сипаттағы сақтандырудың келісімдері бойынша халықаралық аударымдар;
· валюталық құндылықтарды сенімді басқаруға беру.
Валюталық операциялардың көбі келесідей типтерге бөлу келісім шегінде жүргізіледі:
1. мерзіміне тәуелді келісімдерді жүзеге асыру:
· жедел –“форвард” келісімі;
· кассалық – “спот” операциясы;
· айырбас – “своп” операциялары;
· арбитраждық келісім.
2. келісім - шартты жүзеге асыру орнына байланысты:
· биржалық;
· биржалық емес;
Жедел – бұл келісім жасайтын уақыты және мезгілі қатар келмейді. Онда шарттары мен бағасы бүгін ескертілсе, ал келешекте анықталған уақыт кезеңі арқылы келісімнің өзі жүзеге асырылады. Форвардтық келісім алдын ала ескертілген валюта санын ескертілген белгілі мерзімі арқылы ескертілген бағада сату мен сатып алуды болжайды.
Кассалық – 3 жұмыс күніне дейін іске асатын келісімдер. Оларға “спот” келісімі жатады.
“Спот” келісімі – анықталған бағам бойынша ескертілген валюта санын ауыстыру, ол келісілген кезеңінен 2 жұмыс күнінен аспай жүзеге асырылады.
“Своп” келісімі – ауыстыру операциясы, ол валютаны “спот” шартымен сатып алуымен және оның “форвард” шартында бір уақытта сату. Сонда “ұзақ” та емес, “қысқа” да емес позиция пайда болады, ол бір уақытта сату мен сатып алуды жүргізеді.
Арбитраждық келісім – бұл операциялар әр түрлі валюталық нарықта пайда алу мақсатында валюталық бағамда қатысушылар қолданады. Арбитраждық келісімдер кеңістіктегі және уақытта валюталық арбитраждар, жай және күрделі, проценттік болып бөлінеді.
ҚР-да валюталық заңнамасының негізі “Валюталық реттеу туралы”, “Лицензиялау туралы”, ҚР Ұлттық Банкі туралы”, “Банк және банктік қызмет туралы” заңдары және валюталық қатынастар жүйесінің басқа заңдық актілері.
Қазақстанда шектеулерді қоса валюталық операцияларды жүзеге асыруын бақылау, сол сияқты ескертулер мен осы тәртіпте қиылысты Ұлттық Банк, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР қаржылық нарықты және қаржылық ұйымдарды, валюталық бақылау ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігі.
Қоғамдық қатынастарды
валюталық құндылықтарды
Валюталық рынок – ол бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастауды іске асырады. Екі елдің валютасын айырбастау күні – есепті күн немесе валютирлеу күні деп аталады. Валюталық нарық басқа нарықтарға қарағанда ірі болып табылады, онда орта мөлшер шамамен 14 триллион долларға дейін ақша айналыста болады. Валюталық нарық келесі мақсаттарға қолданылады:
1) Инвестицияны және сауданы қамтамасыз ету.
2) Спекуляция.
3) Хеджерлеу (сақтандыру).
Валюталық курсын айырбастауға келісідей факторлар әсер етеді: 1) экономикалық (пайыздық ставка, сұраныс және ұсыныс); 2) саяси; 3) антропогендік факторлар.
Валюталық ресурстар өз алдына биржадан тыс болып келеді, өйткені ол әлемнің барлық елдерінде толық күн бойы іс атқарады. Сонымен қатар биржада сатылатын валюталық деривативтер бар. Әлемде ең ірі валютамен сатушы орталық банк – Лондон болып табылады. Одан кейін Нью-Йорк, Сингапур. Валюталық келісімінің негізгі элементтері болып келісім күні, төлем инструкциялары. Валюталық рынокта сауда келесілер арқылы іске асырылады:
1) Сауда жүйесі арқылы тікелей банктер арасында.
2) Дауысты брокерлер арқылы.
3) Электронды брокерлік жүйе арқылы.
Курсты айырбастау – ол бір валютаның екінші валютада көрсетілген бағасы.
Валюталық котировкалау олар өз алдына базалық және кездесуінің валютаны қосады. Оларды Еуропалық және американдық вариантқа бөледі.
Американдық вариант – шетел валютаның фиксерленген саны шетел валюталық өзгермелі санына кері котировкаланады (1 фунтстерлинг £ = 1,6870 $).
Еуропалық вариант – шетел валютаның фиксерленген ұлттық валютаның өзгермелі санына кері котировкаланады, яғни 1$ = 128 тг.
Валюталық келісімшарттарды іске асыру орындары – фронтофис, мидлофис, бэкофис.
Фронтофис – қаржылық рынокта биржадан тыс сауда жүргізілетін орын.
Мидлофис – техникалық талдаушылар, заң кеңесшілері, тәуекелдермен басқару бойынша мамандардың кеңестік қызмет етуі көрсетілетін орын.
Бэк офис – ақша құралдарының қолма-қол түсуі мен басқару, сұрақтардың талқылануы, есеп айырысу, келісім – шарттарды нақтылау, ақпараттарды талқылау жүргізілетін орын.
Валюталық рыноктың 2 инструменті бар:
1. Валюталық келісім;
2. Деривативтер.
«Спот» келісімі – ол келісім - шартты жүргізгеннен кейін екі жұмыс күннен кейін есеп айырысу немесе қамтамасыз етумен байланысты валюта айырбасы.
Кросс-курс – америка долларының қатыспауынсыз 2 валютаның айырбас курсы.
Форвард-аутрайд – келісімшартты жасау моментінде бекітілген курс бойынша болашақта қамтамасыз етумен бір елдің валютасын екінші ел валютасымен сатып алуды іске асыратын екі жақты қатысушылардық валюталық келісімі. Форвард-аутрайд келесі ерекшеліктермен сипатталады:
1) Айналмайтын биржадан тыс келісімді көрсетеді;
2) Валютаны спот күнге айырбастауды іске асырмайды;
3) Котировка стандартты аралықтар үшін (1,2,3,6,12 ай) форвардтық пунктерде іске асырылады.
4) Форвардттық курстар форвардтық пунктер және спот курс негізінде есептелінеді:
- котировкалар төмендейді = (спот-курс) – (форвардттық пунктер) (дисконтпен);
- котировка көтеріледі = (спот-курс) + (форвардтық пунктер) (премиямен).
Информация о работе Валюталық операциялар мен олардың сипаттамасы