Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2013 в 09:18, диссертация

Описание работы

Осы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару
саясаты (бұдан әрі - саясат) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Тәуекелдерді
басқарудың корпоративтік жүйесін дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі - тұжырымдама) және
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) қызметін реттейтін
нормативтік-құқықтық ақтілерге сәйкес әзірленді.

Содержание

1. Жалпы ережелер ............................................................................................................3
2. Құлқын тәуекел саясаты.................................................................................................4
2.1. Ішкі орта .......................................................................................................................5
2.2. Мақсаттарды айқындау .............................................................................................10
2.3. Тәуекелдерді сәйкестендіру......................................................................................12
2.4. Тәуекелдерді бағалау ..............................................................................................13
2.5. Тәуекелдерді басқару................................................................................................14
2.6. Бақылау іс-қимылдары..............................................................................................17
2.7. Ақпарат және коммуникация.....................................................................................18
2.8. Мониторинг ................................................................................................................18

Работа содержит 1 файл

vnutrennie_10.pdf

— 232.35 Кб (Скачать)
Page 1
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік
қоры» АҚ Директорлар кеңесінің
2012 жылғы 29 тамыздағы
№ 65 шешіміне
№ 7 қосымша
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік
қоры» АҚ Директорлар кеңесінің
2012 жылғы 29 тамыздағы
№ 65 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ
Тәуекелдерді басқару саясаты
Астана, 2012

Page 2

Мазмұны
1. Жалпы ережелер ............................................................................................................3
2. Құлқын тәуекел саясаты.................................................................................................4
2.1. Ішкі орта .......................................................................................................................5
2.2. Мақсаттарды айқындау .............................................................................................10
2.3. Тәуекелдерді сәйкестендіру......................................................................................12
2.4. Тәуекелдерді бағалау ..............................................................................................13
2.5. Тәуекелдерді басқару................................................................................................14
2.6. Бақылау іс-қимылдары..............................................................................................17
2.7. Ақпарат және коммуникация.....................................................................................18
2.8. Мониторинг ................................................................................................................18

Page 3

1. Жалпы ережелер
1.
Осы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару
саясаты (бұдан әрі - саясат) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Тәуекелдерді
басқарудың корпоративтік жүйесін дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі - тұжырымдама) және
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) қызметін реттейтін
нормативтік-құқықтық ақтілерге сәйкес әзірленді.
2.
Осы құжат Қордағы тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің көздеуін, мақсаты
мен міндеттерін білдіреді, тәуекелдерді басқару құрылымын, тәуекелдерді басқару жүйесінің
негізгі құрауыштарын айқындайды, тәуекелдерді басқару үдерісін жүзеге асыру кезінде жүйелі
және бірізді көзқарасты қамтамасыз етеді.
3.
Тәуекелдерді басқару бойынша есептілікті беру тәртібі мен оның нысандарын қоса
алғанда, тәуекелдерді басқару үдерісінің әдістері мен рәсімдерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы,
негізгі тәуекел түрлерін басқару үдерісіне қатысушылардың міндеттері, функциялары және
жауапкершілігі, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар және тәуекелдерді басқару үдерісінің
басқа да құрауыштары әрбір органның құзыретіне сәйкес Директорлар кеңесі немесе Қор
Басқармасы бекіткен Қордың ішкі құжаттарында берілген.
4.
Қорға тән тәуекелдер бойынша әдістер мен рәсімдерді Қордың атқарушы органдары мен
басқарушы органдары айқындайды.
5.
Осы Саясат Қор қызметінің барлық түріне қолданылады. Саясат Қордың барлық
құрылымдық бөлімшелері мен барлық қызметкерлері танысып, қолдануы үшін міндетті болып
табылады. Функционалдық міндеттемелерін жүзеге асыру және алға қойылған міндеттерді іске
асыру кезінде Қордың әрбір қызметкері Саясатта баяндалған ережелерді басшылыққа алады.
6.
Қордың негізгі мақсаттарын назарға ала отыра, Қордың тәуекелдерді басқарудың
корпоративтік жүйесінің өзіндік мақсаттарының бірі – басқару жүйесін енгізу және жетілдіру болуға
тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қор тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру
үдерісін тікелей қадағалайды.
7.
Тәуекелдерді басқару үдерісінің мақсаты – пайда табу және жоғалтуды болдырмау
мақсатындағы мүмкіндіктерді мейлінше пайдалану тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады.
Бұл үдеріс басқару үдерісінің маңызды құрауышы және корпоративтік басқарудың дамыған
жүйесінің ажырамас белігі болып табылады.
8.
Қорда тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу қажетті инфрақұрылым мен
мәдениетті белгілеу мен дамытуды көздейді, сондай-ақ жоғалтуды болдырмау және пайданы
мейлінше молайту мақсатында Қордың қызметінің барлық бағыттарына, функцияларына немесе
үдерістеріне тән тәуекелдерді сәйкестендіру, талдау және бағалау, мониторингілеу, бақылау және
басқарудың логикалық және жүйелі әдістерін қолдануды қамтиды.
9.
¥йымнын
ерекшелігімен,
қызметінің негізгі
қағидаттарымен, бизнес-үдерістерімен
ықпалдастыру және әрбір қызметкердің тәуекелдерді басқару үдерісіне тартылуы Қордың
тәуекелдерді басқару үдерісінің негізгі әлементі болып табылады.
10.
Саясат шеңберінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қор жалғыз акционері
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ), Еншілес
ұйымдары мен басқа да мүдделі тараптар үшін Тәуекелдерді іске асырудағы мүдделерді және
оның салдарын ескереді.
11.
Осы құжатта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

Тәуекелдерге зауық - Қордың өз мақсаттарына қол жеткізу үшін белгілі бір тәуекелдерді
қабылдауға қабілеті мен ниеті. Қор өзінің ұстау қабілеті шегінде тәуекелдерге зауқының лайықты
шегін айқындайды (мысалы, бір жобаға салынатын инвестицияның лимиттері, қарызға алу лимиті
және т.б.).

Жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына» ҰӘК» АҚ.

Page 4


Леверидж – қарыз қапиталдың жеке қапиталға қатынасы.

Тәуекел – алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге әсер етуі мүмкін
окиғаларға немесе іс-кимылдарға байланысты екіұштылыққа ұшырағыштық.

Тәуекел менеджері – Қордың тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық
бөлімшесінің қызметкері.

Ұстау қабілеті – Қор өзінің қаржылық және бәсекелестік позициясы үшін елеулі залалсыз
қабылдай алатын (өзінің меншікті қаражаты есебінен қаржыландыра алатын) қандай да бір
окиғаның (тәуекелдердің) туындауы нәтижесінде бюджетте көзделмеген шығындар көлемі.
12.
Саясат Қордың интернет-сайтында және жылдық есебінде жалпыға жария етіледі. Саясат
және тәуекелдерді басқару саласындағы басқа да құжаттар қордың барлық қызметкерлері мен
лауазымды тұлғаларына интернет арқылы қолжетімді болады.
2. Тәуекел-менеджмент саясаты
13.
Мыналар Саясаттың негізгі мақсаттары болып табылады:

Қорды басқарудың элементі ретінде тәуекелдерді басқарудың тиімді кешенді жүйесін құру
және оның ықпалдасқан үдерісін құру, сондай-ақ тәуекелдерді басқару әдістері мен рәсімдеріне
бірыңғай стандартталған көзқарас негізінде қызметті тұрақты жетілдіру;

Қордың өз қызметінің ауқымына барабар, лайық тәуекелдерді қабылдауын қамтамасыз ету:

¥стап тұру қабілетін айқындау және қабылданған тәуекелдерді тиімді басқаруды
қамтамасыз ету.
14.
Саясат мына міндеттерді іске асыруға бағытталған:

шешім қабылдау мен жоспарлау үдерісі үшін толыққанды негіз құру;

алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, уақтылы сәйкестендіруге,
бағалауға, талдауға, мониторингке, бақылауға негізделген тәуекелдерді басқарудың
уздіксіз келісілген үдерісін қамтамасыз ету;

ықтимал кері оқиғалардың алдың алуға және мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін басқару
жүйесін енгізу және жетілдіру;

ресурстарды пайдалану мен бөлудің тиімділігін арттыру;

Қордың ақтивтері мен акционерлік қапиталын қорғауды қамтамасыз ететін Қор қызметінің
тиімділігін арттыру жолымен жоғалтулар мен шығындарды болдырмау;

бизнес үдерістердін тиімділігін, ішкі және сыртқы есептіліктің шынайылығын қамтамасыз
ету және заң нормаларын сақтауға ықпалдасу.
15.
Қордағы
тәуекелдерді
басқару
Тұжырымдамада
келтірілген
және
мына
сұлбаға
сәйкес
құрауыштардан
туратын
тұрақты,
динамикалық
және
үздіксіз
үдеріс болып табылады:
1-сурет: Тәуекелдерді басқару үдерісі

Page 5

16.
Ішкі орта Қордың тәуекелдерге жалпы көзқарасын және тәуекелдерге оның
қызметкерлері қалай қарайтынын және қалай әрекет ететінін айқындайды. Ішкі орта
тәуекелдерді басқару жүйесінің барлық басқа құрауыштары үшін негіз болып табылады
және тәуекел-менеджмент философиясын, тәуекелдерге зауықты, басқару органдары
тарапынан бақылауды, қызметкерлердің этикалық құндылықтарын, құзыреті мен
жауапкершілігін, Қордың құрылымын, оның адами, қаржылық және басқа ресурстармен
айқындалатын мүмкіндіктерін қамтиды.
17.
Қордың сыртқы ортамен (бизнес құрылымдармен, әлеуметтік, реттеуші, басқа да
мемлекеттік және қаржылық органдармен) өзара қарым-қатынастары ішкі ортада өзінің
көрінісін табады және оны құруға әсер етеді. Қордың ішкі ортасы өзінің құрылымы
бойынша күрделі болып табылады және өзара байланысқан түрлі салаларды қамтиды
және жүйелік тәуекелдердің туындауына үшін жағдай жасайды.
18.
Қордың қызметі қызметкерлердің тәуекелдерді түсінуін арттыратын ішкі ортаны
құруға бағытталған және тәуекелдерді басқарудағы олардың жауапкершілігін арттырады.
Ішкі орта Қор қызметінің мынадай қағидаттарын сақтауға тиіс:

шешім қабылдау кезінде тәуекелдердің барлық формаларын сәйкестендіру және
қарау және Қордың басшылығы тәуекелдерді кешенді көздеуін қолдау;

жалпы алғанда Қордың мақсаттарына аса сай келетін тәуекелдер бейінін құру және
Қор деңгейінде бағалау;

тәуекелдер үшін меншіктік пен жауапкершілік сезімін қолдау және басқару
сатысының тиісті деңгейлерінде (Қор, құрылымдық бөлімшелар және т.б.) тәуекелдерді
басқару. Бұл ретте тәуекел-менеджмент жауапкершілікті басқаларға жүктеуді білдірмейді;

Қордың ішкі саясаты мен рәсімдеріне сәйкестікті және корпоративтік басқару
жүйесінің жай-күйін қадағалау;

Page 6


елеулі (сыни) тәуекелдер туралы уақтылы ақпарат және тәуекелдерді басқару
жүйесінің кемшіліктері;

тәуекелдерді басқару саясаты мен рәсімдері міндетті болып табылатынын түсіну.
19.
Мыналар
Қордың
тәуекелдерін басқару
үдерісінің негізгі
қағидаттары
болып табылады:

тұтастық – тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі бөлігінде Қордың
жиынтық тәуекелдерінің әлементтерін қарастыру;

ашықтық – тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесіне бөлек не оқшау
ретінде қарауға тыйым салу;

құрылымдылық – тәуекелдерді басқарудың жиынтық жүйесінің құрылымы айқын
болады;

хабардарлық – тәуекелдерді басқару объективті, шынайы және өзекті ақпараттың
болуымен үйлеседі;

үздіксіздік – тәуекелдерді басқару үдерісі тұрақты негізде жүзеге асырылады;

циклділік – тәуекелдері басқару үдерісі оның негізгі құрауыштары тұрақты
қайталанып құрылған циклді білдіреді.
20.
Қорда тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы Қордың мынадай органдары мен
бөлімшелері тартыла отырып, Тәуекелдерді бірнеше деңгейде басқарумен келтірілген:
Директорлар кеңесі, Басқарма, Тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше,
өзге құрылымдық бөлімшелер.
21.
Бірінші деңгейде Қордың Директорлар кеңесі келтірілген. Директорлар кеңесі
Қордың қызмет мақсаттарын қоюды жүзеге асырады, сондай-ақ тәуекелдерге қабілет пен
зауықты Ұстай тұратын, тәуекелдерді басқару саласындағы құжаттарды бекітеді.
Директорлар кеңесі тұрақты түрде негізгі тәуекелдерді, осы негізгі тәуекелдерді басқаруды
бағалауды және тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған шараларды қарайды.
Директорлар кеңесі тиісті қомитеттерді құру арқылы тәуекелдерді басқару саласындағы
функциялардың бір бөлігін жүзеге асырады.
22.
Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару саласында мынадай функцияларды
жүзеге асырады:

Қордың (ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді) мақсаттарын қою;

Тұжырымдаманы бекіту;

Қордың Тәуекелдерді басқару саясатын бекіту;

Қордың тәуекелдерді басқару ережелері мен рәсімдерін бекіту;

Қордың тәуекелдеріне мониторинг жүргізу мен оларды бақылау бойынша
жауапкершілік деңгейін бекіту;

ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқаруды жақсарту бойынша сыртқы
аудиторлардың қорытындысын және Ішкі аудит қызметі өткізген тексеру нәтижелерін
талдау;

Қордың тәуекелдер тізілімін, картасын және сыни тәуекелдерді басқару бойынша
іс-шаралар жоспарын бекіту;

тәуекелдер мен бақылау матрицаларын бекіту;

негізгі тәуекелдер көрсеткіштерін бекіту;

Page 7


тәуекелдер жөніндегі есептерді бекіту;

сыртқы аудиттің және/немесе сыртқы сарапшылардың есептері негізінде
тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау үшін тиімділік көрсеткіштерін бекіту;

тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі жөніндегі есептерді қарау;

тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділік көрсеткіштерін қайта қарау;

Директорлар кеңесіне Қордың қаржылық керсеткіштерін талдау мен бағалау
мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржылық және басқарушылық есептілігін ұсыну нысаны
мен мерзімін айқындау;

Қордың тәуекелдерге қабілеті мен зауқын Ұстай тұратын деңгейін айқындау;

Қордың Директорлар кеңесі жанындағы қомитеттер арқылы қызметке мониторинг
жүргізу.
23.
Тәуекелдерді тиімді басқаруды жүзеге асыру мақсатында Қордың Директорлар
кеңесі жанындағы қомитеттерге сәйкесінше нормативтік құжаттармен айқындалатын
Директорлар кеңесін қолдау бойынша функциялар мен өкілеттіктер жуктелуі мүмкін.
24.
Екінші деңгей - Қордың Басқармасы, ол корпоративтік саясаттың орындалуын
қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру мен
тәуекелдерді бақылау құрылымын құру үшін жауапты болады. Басқарма Қордың
тәуекел-менеджмент саясаты мен философиясын білдіретін «Тәуекелдерді түсіну»
мәдениетін құру үшін жауапты болады. Басқарма сондай-ақ қызметкерлердің
тәуекел-менеджмент бойынша нақты айқындалған міндеттемелері болатындай және өз
міндеттемелерін орындау үшін жауапты болатындай тәуекелдерді басқарудың тиімді
жүйесін құру үшін жауап береді. Басқарма тәуекелдерді басқару саласындағы
функцияларының бір бөлігін сәйкесінше комитеттер құрып жүзеге асыруға құқылы.
25.
Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асыру жолымен тәуекелдерді басқару
жүйесінің тұтастығы мен функционалдығын қамтамасыз етеді:

Қордың Тәуекелдерді басқару тұжырымдамасы мен саясатын іске асыру;

ықтимал тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді
басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру;

Қордың Директорлар кеңесіне және Жалғыз акционеріне бекітілген нормативтік
құжаттарға сәйкес есептерді беру;

Қордың құрылымдық бөлімшелерінің осы Саясаттың ережелерін сақтауын
қамтамасыз ету;

Қордың қажеттіліктерге жауап беретін және тәуекелдерді дұрыс бақылау мен
азайтуды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымын бекіту;

Қордағы тәуекелдерді басқару бойынша есептерді қарау және өз құзыреті шегінде
тиісті шараларды қабылдау;

Директорлар кеңесі бекіткен нормативтік құжаттар шеңберінде Қорда тәуекелдерге
барабар әрекет ету жөніндегі іс-шараларды және тәуекелдерді басқару бойынша
әдістемелерді бекіту;

тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі рәсімдер мен тәртіптемелерді жетілдіру;

қаржы мәселелерін қадағалайтын Басқарушы директор қаржылық тәуекелдерді
басқару үшін жауапты болып табылады.

Page 8

26.
Тәуекелдерді
басқаруды
тиімді
ұйымдастыру
мақсатында
Қордың
Басқармасы жанындағы алқалы органдарға Қордың сәйкесінше ішкі құжаттарында
айқындалатын Қордың Басқармасын қолдау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер
жуктелуі мүмкін.
27.
Тәуекелдерді
басқару
үдерісіндегі
үшінші деңгей
негізгі
функциялары
мынадай (қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) Қордың тәуекелдерді басқару үшін
жауапты құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қордың және Компаниялардың сыни тәуекелдерін сәйкестендіру мен бағалау
үдерісін ұйымдастырады және үйлестіреді, сондай-ақ тәуекелдердің иелерімен сыни
тәуекелдердің тізілімі мен картасын, тәуекелдер мен бақылау матрицаларын, негізгі
тәуекелдер индикаторларын, сыни тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын
келіседі, сондай-ақ жоспардың орындалуына мониторинг жүргізеді;

Қордың Басқармасын және Қордың Директорлар кеңесін тәуекелдерді басқару
үдерісіндегі елеулі олқылықтар туралы хабардар етеді;

іске асырылған тәуекелдердің деректер базасын жүргізеді, тәуекелдерге елеулі
әсер етуі мүмкін сыртқы факторларды бақылайды;

елеулі оқиғалар пайда болған жағдайда тәуекелдерге төзімділік деңгейлерін қайта
қарайды;

Қордың Басқармасына және Қордың Директорлар кеңесіне тәуекелдер бойынша
ақпарат дайындап ұсынады (соның ішінде шоғырланған негізде);

Корпоративтік басқару деңгейін ізерлеу шеңберінде «Тәуекелдерді басқару» деген
қосалқы компонентті бағалау жөнінде ұсыныстар енгізу жолымен Қордың тәуекелдерін
басқару жүйесіне мерзімдік бағалау ұйымдастыруға қатысады;

Қордың тәуекелдерін сәйкестендіру, бағалау және басқару жөніндегі әдіснамалық
базаны, саясаттар мен ережелерді әзірлейді, енгізеді және (қажет жағдайда) жаңартады;

тәуекел-менеджментті басқа бизнес-процестерге ықпалдастыруды және Қордағы
тәуекел-менеджмент мәдениетін дамытуды қамтамасыз етеді;

Қордың қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару мәселелері жөнінде әдіснамалық
және кеңескерлік қолдауды қамтамасыз етеді;

Қордың
тәуекелдерді
басқару
саласындағы нормативтік
және жұмыс
құжаттамасына талдау және тексеру жүргізеді;

қызметкерлер үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі оқу семинарлары мен
тренингтерін жүргізу бөлігінде ұсыныстар береді;

ішкі аудит жоспарын құру, ақпаратпен алмасу, аудиторлық тексерулердің
нәтижелерін талқылау, білімдермен және әдіснамалармен алмасу бөлігінде Қордың Ішкі
аудит қызметімен өзара әрекеттестікте болады.
28. Қордың тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің
жауапкершілігі, өкілеттігі және ұсынылатын есептілікке қойылатын талаптар осы Саясатта,
тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше туралы ережелерде және
Қордың тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің
лауазымдық нұсқаулығында көзделген.
29. Қордың
тәуекелдерді
басқару
үшін
жауапты
құрылымдық
бөлімшесінің
қызметкерлері тәуекелдерді басқару жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін тиімді іске
асыру үшін басқа бөлімшелермен, сондай-ақ Қордың ішкі және сыртқы аудиторларымен
өзара әрекеттесуге тиіс.

Page 9

30. Қордың тәуекелдерді
басқару
үшін
жауапты
құрылымдық
бөлімшесінің
қызметкерлеріне осы Саясатта және осы қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында
керсетілген функционалдық міндеттемелерін орындауы үшін қажетті Қордың ақпараты,
құжаттары қолжетімді болуға тиіс.
31. Қордың Ішкі аудит қызметі тәуекелдерді басқару үдерісінде мынадай негізгі
функцияларды жүзеге асырады:

тәуекелдерді басқару рәсімдеріне және тәуекелдерді бағалау әдіснамасына аудит
жүргізу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыру жөнінде
ұсыныстар әзірлеу;

Қордың Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалау
жөніндегі есепті ұсыну, соның ішінде үш жылда бір реттен сиретпей тәуекелдерді басқару
жүйесінің тиімділігіне тәуелсіз бағалау туралы есепті ұсыну;

бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес өзге де функциялар.
32. Қордың құрылымдық бөлімшелері атынан әрекет ететін әрбір қызметкер
тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымындағы маңызды әлементтердің бірі болып
табылады. Құрылымдық бөлімшелер (тәуекелдердің иелері) өздерінің тәуекелдерді
басқару үдерісінде манызды роль атқаратынын тусінуге тиіс. Қор қызметкерлері
тәуекелдермен күнделікті жұмыс істейді, оларды басқарады және өзінің функционалдық
міндеттемелері саласына олардың ықтимал ықпал етуіне мониторинг жүргізеді.
Құрылымдық бөлімшелер тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарының
орындалуы үшін жауапты болады, өз қызметі саласында елеулі тәуекелдерді уақтылы
анықтап, олар туралы хабарлауға және іс-шаралар жоспарына енгізу үшін тәуекелдерді
басқару жөнінде ұсыныстар беруге тиіс.
33. Қордың құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару үдерісіндегі негізгі
функциялары мыналар болып табылады:

тәуекелдерді тұрақты түрде сәйкестендіру және бағалау;

құзыреті шеңберінде әдіснамалық және нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысу;

тәуекелдерге әрекет ету жөніндегі бекітілген іс-шараларды іске асыру;

тәуекел-коммуникациясын дамыту үдерісіне ықпалдасу.
34. Қорда
тәуекелдерді
басқару
құрылымы
ақпараттың
тігінен
және келденеңінен барабар ағымын қамтамасыз етеді. Бұл ретте теменнен жоғары келіп
түсетін ақпарат Директорлар кеңесі мен Қордың Басқармасын: ағымдағы қызмет
туралы; қызмет барысында қабылданған тәуекелдер туралы; оларды бағалау,
бақылау, әрекеті ету әдістері мен оларды басқару деңгейі туралы мәліметтермен
қамтамасыз етеді.
Жоғарыдан темен берілетін ақпарат ішкі
құжаттарды,
тәртіптемелер мен тапсырмаларды бекіту жолымен мақсаттарға, стратегиялар
мен
алға
қойылған
мақсаттарға
жетуді
қамтамасыз
етеді.
Ақпаратты
келденеңінен беру құрылымдық бөлімшелердің Қор ішіндегі өзара әрекеттестігін көздейді.
Мақсаттарды айқындау
35. Қор
қызметінің
мақсаттары
стратегиялық
деңгейде
айқындалады
және
операциялық мақсаттарды әзірлеу негізін белгілейді. Қор сыртқы және ішкі көздерден
келетін тәуекелдер әсеріне ұшырауы мүмкін және тәуекелдерді басқару әдістерін тиімді
сәйкестендірудің, бағалау мен әзірлеудің негізгі шарты мақсаттар қою болып табылады.
Ұйымның мақсаттары мен міндеттері Қордың тәуекелге зауқымен үйлеседі.

Page 10

36. Мақсаттар оларға
қол жеткізуге теріс
әсер
етуі
ықтимал тәуекелдер
сәйкестендірілгенге дейін айқындалды. Тәуекелдерді корпоративтік басқару Қорда
Қордың миссиясымен үйлесетін және Қордың тәуекелдерге зауқымен сәйкес келетін
мақсаттар мен міндеттерді айқындау үдерісі бар екенін растауға мүмкіндік береді.
37. Қор жыл сайын немесе қажетіне қарай, өз мақсаттарына қол жеткізудің балама
жолдарын белгілейді және мақсаттарға қол жеткізуге әсер етуі мүмкін осындай балама
жағдайларға немесе оқиғаларға байланысты тәуекелдерді айқындайды. Мұндай талдау
тәуекелдерді сәйкестендіру үшін негіз болады.
38. Қор қызметінің қаржылық болжамы негізгі керсеткіштердің пессимистік, шынайы
және оптимистік өзгеру сценарийлері ескеріліп жасалады және оны Қордың Директорлар
кеңесі бекітеді.
39. Мақсаттар
қою кезінде Қордың
тәуекелдері
бизнес-жоспарларды,
даму
жоспарларын, стратегиялық даму бағыттарын және ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеу
жолымен қызметті қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге
стратегиялық жоспарлау жүйесін пайдалану жолымен азайтылуы мүмкін, кейін оларды
Қордың уәкілетті органы бекітеді.
40. Тәуекелдердін маңыздылығының шегін, сондай-ақ тәуекелдерді көшіру женіндегі
келісімшарттардың параметрлерін айқындау мақсатында корпоративтік Ұстай тұру
деңгейі (Ұстай тұру қабілеті) есептеледі.
41. Қор тәуекелдерге қатысты өзінің токтата тұру қабілетінің деңгейін және тәуекелдерге
зауқын, яғни өз мақсаттарына қол жеткізу үшін тәуекелдерді өзіне қабылдау қабілетін
айқындайды. Қордың теңгерімді керсеткіштерінің жүйесі мен Ұстай тұру қабілетін
бағалауы тәуекелдерге зауықты айқындау үшін негіз болып табылады. Ұстай тұру қабілеті
сапалы деңгейде де, сол сияқты сандық бағалауды пайдалану арқылы да айқындалуы
мүмкін.
42. Ұстай тұру қабілеті тәуекелдердің басталуының мынадай бұзуларға әкелмейтіні
ескеріле отырып есептеледі:

табыстылық - жиынтық шығындар мыналардан аспауға тиіс:
-
Леверидж деңгейі 3-тен астам болғанда салық салынғанға дейінгі табыстың 10%-ы;
-
Леверидж деңгейі 3-ке дейін болғанда және оны қоса алғанда, салық салынғанға
дейінгі табыстың 7,5%-ы:
-
Леверидж деңгейі 2-ге дейін болғанда және оны қоса алғанда, салық салынғанға
дейінгі табыстың 5%-ы;
-
Леверидж деңгейі 1-ден кем болғанда салық салынғанға дейінгі табыстың 2,5%-ы;

ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылық - жиынтық шығындар акционерлер
капиталының (немесе өзіндік капиталдың) 2%-дан артық азаюын әкелмеуге тиіс;

өтімділік - жиынтық шығындар негізгі қызметтің ақшалай ағымының 5%-ынан
аспауға тиіс.
43. Кезең ішінде орташа есептелген керсеткіштерді есептеу үшін бірнеше жылдар
ішіндегі қаржылық көрсеткіштерді пайдаланған жөн, бұл кездейсок ауытқуларды
болдырмауға мүмкіндік береді.
44. Содан соң орташа есептелген керсеткіштер тиісті табыстылықтың, ұзақ мерзімді
қаржылық тұрақтылық пен өтімділіктің шекті көрсеткіштеріне көбейтіледі, бұл осы үш
көрсеткіш бойынша ұстай тұру қабілетін параметрінің шекті керсеткіштерін алуға мүмкіндік

Page 11

береді. Үшеуінің ең төменгі мәні ұстай тұру қабілетінің тәуекелге қатысты шекті (мейлінше)
мөлшері ретінде белгіленеді.
45. Әдеттегі ұстай тұру қабілеті мына факторларды шегергендегі ұстай тұру қабілеті
ретінде белгіленеді:

жоғары ықтималдықпен басталатын ағымдағы операциялық шығындардың жалпы
мөлшері.
Қор
өз қызметінде
оның
қызметімен
байланысты
бюджеттелмеген
шығындардың белгілі бір деңгейінен аса алмайды (мысалы, механикалық сыну
салдарынан жабдықтарды жоспардан тыс жөндеу, бағамдық айырмашылықтар, мерзімі
өтіп кеткен телемдер үшін өсімақылар, қызметкерлерге қосымша өтемақылар төлеу және
басқалар), олар тәжірибе көрсеткендей, компанияның жалпы шығыстарының жеткілікті
тұрақты пайызын құрайды;

әртүрлі тәуекелдердің ықтимал аккумуляциясы (бір кезеңде бірнеше ірі
тәуекелдердің басталуы). Ол жоспарланып отырған кезенде болуы мүмкін, басталу
мүмкіндігі 25%-дан астам ірі окиғалар саны негізінде белгіленеді.
46. Осыған сәйкес ұстай тұру қабілетінің көрсеткіші ағымдағы операциялық
шығындардың сомасына түзетіледі және қалған сомасы ықтимал тәуекелдер
аккумуляциясын керсететін окиғалар санына бөлінеді.
47. Бақылау тәуекелдерді айқындау мен бағалау үдерісін жалпы бақылау шеңберінде
жүзеге асырылады және оны Қордың ішкі аудит қызметі қамтамасыз етеді.
48. Ұстай тұру қабілетін есептеуді және тиісті ұсыныстарды тәуекелдерді басқарудың
құрылымдық бөлімшесі жасайды және Қордың Директорлар кеңесін ұсынылатын есептің
құрамдас бөлігі болып табылады.
49.
Қордың
ұстай
тұру
қабілеті
жөніндегі
барлық
нәтижелер
мен
ұсыныстар
мүдделі
құрылымдылық
бөлімшелермен,
соның
ішінде
стратегия,
жоспарлау,
қорпоративтік
қаржыландыру
және
т.б.
үшін
жауаптылармен келісілуге тиіс.
50.
Ұстай тұру қабілетінің алынған көрсеткіші тәуекелдерді басқару жөнінде бұдан әрі
шешімдерді қабылдау үшін негізге алынады.
51.
Қор мыналардың есебінен тәуекелдерді өзіндік ұстай тұруды қамтамасыз етеді:

Бюджеттелмеген шығындарды жабудың резервтік қорын құру;

өз балансына бюджеттелмеген шығындарды қабылдау (яғни ағымдағы ақшалай
ағымдардың немесе өзіндік қапиталдың есебінен шығындарды басталуына қарай
қаржыландыру).
52.
Осылайша, тиісті аударымдар немесе шығыстар қажет болған жағдайда
өзіндік
ұстай
тұру мен
қалыптастыру
құрылымын
айқындау
тәуекелдерді
басқарудың жалпы үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Тәуекелдерді сәйкестендіру
53.
Тәуекелдерді сәйкестендіру - басталуы жоспарланған мақсаттарға қол жеткізу және
қойылған міндеттерді іске асыру қабілетіне теріс ықпал етуі мүмкін тәуекелдерге Қордың
ұшырау мүмкіндігін айқындау.
54.
Қордың қорпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдердің кең ауқымын
айқындауға және оларды кешенді түрде қарастыруға бағытталған, ол бар тәуекелдердің
тұтас көрінісін көруге кемектеседі және тәуекелдерді талдаудың сапасын арттырады.

Page 12

55.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі халықаралық стандарттарына сәйкес Қор
тәуекелдердің ең көп ауқымын айқындау, айналадағы тәуекелдер туралы хабардарлықты
арттыру және ұйымнын тәуекел-мәдениетін дамытуды ынталандыру мақсатында барлық
құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен тәуекелдерді сәйкестендіруді
тұрақты негізде жүргізеді.
56.
Тәуекелдерді сәйкестендіру үшін тәуекелдерді қойылған мақсаттар мен құралдар,
салалық және халықаралық салыстырулар, семинарлар мен талқылаулар, сұхбаттасулар,
болған шығындардың дерекқорлары және т.с.с. негізінде сәйкестендіру сияқты, Қордың
тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау ережесінде неғұрлым нақты сипатталған әртүрлі
әдістемелер мен құралдардың қомбинациясы қолданылады.
57.
Сәйкестендірілген оқиғалар мен тәуекелдер тәуекелдердің тізілімі түрінде жүйеге
келтіріледі. Қордың Тәуекелдер тізілімі дегеніміз - Қор өз қызметінде ұшырауы ықтимал
тәуекелдер тізбесі, ол сондай-ақ тәуекелдердің ықтимал іске асуыының әртүрлі
сценарийлерін қамтиды. Әрбір тәуекел бойынша тәуекелдің иелері, яғни өздерінің
функционалдық міндеттерімен байланысты осы тәуекелге ұшырайтын бөлімше
белгіленеді. Тәуекелдер тізілімін жаңа тәуекелдердің анықталуына қарай Қордың
құрылымдық бөлімшелері тұрақты негізде толықтырып отырады.
58.
Сәйкестендірілген тәуекелдерді жүйеге келтіру мыналарға мүмкіндік береді:

тәуекелдерді бейіндері бойынша салыстыруды жақсартуға мүмкіндік беретін
тәуекелдерді
жіктеудегі
және сандық
бағалаудағы
дәйектілікке қол жеткізу
(бизнес-үдерістер, құрылымдық бөлімшелер, жобалар және т.б. бойынша);

тәуекелдерді
сандық
бағалаудың
неғұрлым
күрделі
құралдары
мен
технологияларын құру үшін тұғыр жасау;

Қорда тәуекелдерді келісілген басқару мен бақылау үшін мүмкіндіктер жасау.
59.
Тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалаудың нәтижелері Қордың Басқармасы мен
Директорлар кеңесіне, сондай-ақ тиісті қомитеттерге Негізгі тәуекелдер туралы есеп
түрінде ұсынылады, ол сыни тәуекелдер туралы ақпаратты, сыни тәуекелдерді басқару
жөніндегі іс-шаралардың жоспарын, қолданылатын іс-шараларды жетілдіру жөніндегі
ұсыныстарды қамтиды.
60.
Тәуекелдерді жіктеу үшін тәуекелдерді мынадай санаттар бойынша топтастыру
қолданылады:

стратегиялық тәуекел - Қордың қызметі мен даму стратегиясын айқындау және
іске асыру кезіндегі өзгерістердің немесе қателіктердің (кемшіліктердің) салдарынан
шығындардың пайда болуы, саяси ортаның, өңірлік конъюнктураның өзгеруі, салалық
төмендеу және басқа да жүйелі сипаттағы сыртқы факторлардың тәуекелі;

қаржылық тәуекел - Қордың құрылымына, табыстылықтың төмендеуіне,
валюталық
бағамдардың
ауытқуларына,
кредиттік
тәуекелдерге,
пайыздық
мөлшерлемелердің ауытқуларына және т.б. байланысты тәуекелдерді қамтиды;

құқықтық тәуекел - Қордың Қазақстан Республикасы зандарының талаптарын,
Қазақстан Республикасының резиденттері еместеріне қатысты - басқа мемлекеттердің
заңнамаларын, сондай-ақ ішкі ережелер мен рәсімдерді сақтамауы салдарынан
шығындардың пайда болу тәуекелі;

операциялық тәуекел - ішкі үдерістерді жүзеге асыру барысында қызметкерлер
тарапынан (персоналдың тәуекелдерін қоса алғанда), ақпараттық жүйелер мен
технологиялардың (технологиялық тәуекелдердің) қызметінен, сондай-ақ сыртқы окиғалар

Page 13

салдарынан жіберілген кемшіліктердің немесе қателіктердің нәтижесінде шығындардың
пайда болу тәуекелі.
Тәуекелдерді бағалау
61.
Тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау неғұрлым «әлсіз» тұстарды айқындау
үшін базалық бөлу арқылы қазіргі бар тәуекелдер мен олардың мөлшері бойынша жалпы
көрініс беруге бағытталған. Бұл процесс негізгі тәуекелдерді басқарудың қолданылатын
әдістері мен рәсімдерін бағалауға мүмкіндік береді.
62.
Тәуекелдерді іске асыру және ықтимал ықпалын бағалау тәуекелдер туралы
түсінікті дамытуға мүмкіндік береді, белгілі бір тәуекелді басқару қажеттігі туралы,
сондай-ақ оны қысқарту жөнінде неғұрлым қолайлы және экономикалық тиімді
стратегиялар туралы шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттық базаны береді.
63.
Тәуекелдерді бағалау үдерісі Қордың қызметіне және стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін неғұрлым маңызды (сыни) тәуекелдерді
белгілеу мақсатында жүргізіледі. Бұл тәуекелдер Директорлар кеңесінің қарауына
шығарылуға тиіс, ол осы тәуекелдер бойынша басқару және бақылау туралы шешім
қабылдауға тиіс.
64.
Қордағы тәуекелдерге бағалау және талдау жүргізу шеңберінде тәуекелдерді
басқару үдерісінің әдістемелік базасын жасайтын сапалы, сандық талдаулар немесе
олардың комбинациясы қолданылады.
65.
Тәуекелдерді бағалау әрбір тәуекелдің пайда болу көздері мен себептерін, оларды
іске асыру кезіндегі келеңсіз салдарды және белгілі бір окиғаның болу ықтималдығын
қарауды қамтиды.
66.
Тәуекелдерді бастапқы бағалау сапалы негізде жүргізіледі, содан соң неғұрлым
маңызды тәуекелдерге сандық бағалау жүргізілуі мүмкін. Сандық бағалауға келмейтін,
оларды модельдеу үшін сенімді статистикалық ақпарат жоқ немесе осындай модельдерді
жасау шығындар тұрғысынан орынды болмайтын тәуекелдер сапалы негізде ғана
бағаланады. Сандық бағалау неғұрлым нақты талдамалық деректер алуға мүмкіндік
береді және, әсіресе, тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлеу кезінде пайдалы болады.
67.
Барлық сәйкестендірілген және бағаланған тәуекелдер картада керсетіледі.
Тәуекелдер картасы әрбір тәуекелдің манызын салыстырмалы түрде бағалауға (басқа
тәуекелдермен салыстырғанда), сондай-ақ сыни болып табылатын және басқару жөнінде
іс-шаралар әзірлеуді талап ететін тәуекелдерді белгілеуге мүмкіндік береді.
68.
Тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау кешенді түрде Қордың тәуекелдерін
сәйкестендіру мен бағалау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
69.
Қор VAR, гэп-талдау, тарихи ынталандыру әдісі, стресс-тестілеу және т.б.
сияқты әртүрлі сандық әдістерді пайдалана отырып, жекелеген тәуекелдерге
бағалауды
жүргізеді.
Бағалау
тәртібі
пайыздық,
валюталық,
операциялық
тәуекелдерді, жою шығындары тәуекелін басқару ережелерімен және Қордың
басқа да ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.
Тәуекелдерді басқару
70.
Қор тәуекелге әрекет ету әдістерін айқындайды және Қордың ұстай тұру
қабілетімен және оның тәуекелдерге зауқымен үйлескен сыни тәуекелдерді басқару
жоспарын әзірлейді.

Page 14

71.
Тәуекелдерді басқару дегеніміз - келеңсіз әсер мен ықтимал шығындарды азайтуға
немесе Қор қызметінің тәуекелдеріне байланысты шығындардың басталуы кезінде қаржы
өтемін алуға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеу және іске асыру үдерісі. Үдерістің
тиімділігін қамтамасыз ету және оны іске асыру шығындарын азайту үшін Қор оның
қаржылық жағдайына және мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне аса елеулі әсер
етуі мүмкін тәуекелдерге мейлінше көңіл бөлуге тиіс. Тәуекелдерді басқару жөнінде
қабылданатын шешімдерді Қордың Басқармасы немесе Директорлар кеңесі жыл сайын
қарап бекітеді және олар Қордың барлық құрылымдық бөлімшелерінің орындауы үшін
міндетті болып табылады.
72.
Қалған тәуекелдердің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында тәуекелдерге
әрекет ету әдістерін тандау және сыни тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
жоспарын әзірлеу мынадай опцияларды қамтиды:

тәуекелдерді азайту және бақылау - тәуекел іске асырылған жағдайда алдын алу
іс-шараларын пайдалану және іс-қимылдарды жоспарлау арқылы тәуекелге ықпал ету,
бұл тәуекелдің іске асу ықтималының дәрежесін азайту жағына өзгертуді, ықтимал
шығындардың деңгейін темендету мақсатында тәуекелдің туындау себептерін немесе
оның іске асу салдарын өзгертуді қамтиды;

деңгейіне Қорда жол беріледі және Қор оның туындау мүмкіндігін қабылдайды деп
көзделген тәуекелдерді ұстай тұру/ қабылдау, сондай-ақ оны мейлінше азайту жөніндегі
іс-шаралар қабылданғаннан кейін қалдық тәуекелдер қабылдануы мүмкін;

тәуекелдерді қаржыландыру - жауапкершілік пен міндеттемелерді белуге мүмкіндік
беретін әртурлі механизмдерді (келісім-шарттарды, сақтандыру келісімдерін жасасу,
құрылымды белгілеу) пайдалануды қамти отырып, тәуекелді еткізуді/белуді немесе басқа
тарапқа тәуекелді ішінара еткізуді;

тәуекелдің пайда болу көзі болып табылатын іс-қимылды жалғастыруға немесе
қабылдауға қарсы шешім қабылдау жолымен тәуекелден бас тарту (жалтару)/ тәуекелді
болдырмау.
73.
Тәуекелдерді азайту мен бақылау мыналарға бағытталған іс-шараларды
көздейді:

шығындардың алдын алу - белгілі бір тәуекелдің (шығынның) басталу ықтималын
қысқарту;

шығындарды бақылау - тәуекел басталған жағдайда шығындар мелшерін азайту;

әртараптандыру – әсер ету ықтималын азайту мақсатында тәуекелді бөлу.
74.
Тәуекелдерді азайту және бақылау әдістері Қорда шығындардың басталу
ықтималын азайтуға бағытталған рәсімдер мен үдерістерді енгізуді көздейді.
75.
Қордың қаржылық тәуекелдерді азайту мен бақылау әдістері Корпоративтік
контрагенттердің
лимиттерін
белгілеу
және
оның
мониторингі
ережесіне,
Контрагент-банктердің тікелей және шартты міндеттемелері бойынша лимиттер белгілеу
ережесіне, Елдік лимиттерді белгілеу ережесіне және т.б. сәйкес қабылданған тәуекел
деңгейіне лимиттер белгілеуді қамтиды.
76.
Қордың құқықтық тәуекелдерін азайту және бақылау әдістері құрылымдық
бөлімшелермен бірлесіп Қордың қызметіне өзгерістердің әсерін бағалайтын және оларды
қабылдау үшін қажетті шараларды әзірлейтін Қордың уәкілетті заң қызметінің
заңнамасына мониторинг жүргізу болып табылады. Қордың ішкі рәсімдерін реттейтін
немесе Қорда міндеттемелер туындататын кез келген құжат әзірлейтін Қордың уәкілетті
зан қызметінде міндетті сараптамадан өтуге тиіс.

Page 15

77.
Қордың стратегиялық тәуекелін азайту және бақылау бекітілген қысқа мерзімді
және ұзақ мерзімді жоспарлар мен стратегиялардың орындалуына мониторинг жүргізу
жолымен жүзеге асырылады, осының нәтижесінде түзету, соның ішінде ішкі және сыртқы
ортадағы өзгерістерді көрсетуге арналған шаралар қабылданады.
78.
Қордағы операциялық тәуекелдерді азайту және бақылау Операциялық
тәуекелдерді басқару ережесіне сәйкес, белгіленген бизнес-үдерістерге талдау жүргізу
және оларды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу жолымен жүзеге
асырылады.
79.
Егер
тәуекелдерді
азайту
және
бақылау
жөніндегі
әдістер
компанияның шығындарына байланысты болса және осы шығындар елеулі болса,
мынадай талдау жүргізіледі:

осы іс-шаралар қаншалықты қажет және оларды тәуекелдерді ұстай тұру
және/немесе қаржыландыру (көшіру) есебінен азайту мүмкін бе;

тәуекелдерді ұстай тұру/кешіру құнымен салыстырғанда іс-шараларға жұмсалатын
шығындардың балама құны қандай.
80.
Тәуекелдерді ұстай тұру: Негізгі тәуекелдерді анықтау мен бағалау барысында
Қордың ұстай тұру қабілеті есептеледі.
81.
Өзіндік қапиталдың бөлігі болып табылатын резервтік капитал Қордың
тәуекелдерін өзіндік қаржыландырудың тікелей ақшалай ресурсы болып табылады. Ұстай
тұру қабілетінің қалған бөлігі Қордың ағымдағы кірісінің және өткен жылдардағы
бөлінбеген кірісінің есебінен құралады және жоспарланбаған шығындарға тікелей
аллокациясы болмайды (яғни шығындар тәуекелдер басталуы салдарынан қомпанияның
табысын тікелей азайтады).
82.
Қордың тәуекелдер бойынша ұстай тұру қабілетін бөлу әрбір тәуекелдің және
тәуекелдерді көшіру құнын талдауға негізделеді, яғни тәуекелдерді көшіру құны қымбат
болған сайын, ұстай тұрудың неғұрлым жоғары үлесі осындай тәуекелге бағытталады.
Бұл ретте резервтік қордың үлкен бөлігі негізінен жиілігі жоғары және әсері темен
шығындарға (әдетте операциялық шығындарға) арналатынын атап өткен жөн.
83.
Тәуекелдерді қаржыландыру (көшіру) мынадай құралдарды қамтиды:

сақтандыру («таза» тәуекелдер үшін - басталуы тек шығындар әкелетін және табыс
алуға әкелуі мүмкін емес тәуекелдер);

хеджирлеу («спекулятивтік» тәуекелдер үшін - іске асырылуы шығындар, сол
сияқты табыстар да әкелуі мүмкін тәуекелдер);

келісімшарт бойынша тәуекелді көшіру (тәуекел үшін жауапкершілікті қосымша
сыйақы үшін қонтрагентке көшіру немесе келісімшарттың құнын тиісінше көбейту);

шартты түрдегі кредиттік желі - белгілі бір окиғалар басталғанда келісілген
шарттармен банктік қаржыландыруға қол жеткізу;

тәуекелдерді қаржыландырудың басқа да балама әдістері.
84.
Бұл құралдардың басты ерекше белгісі - тәуекел үшін «ақы» болуы, бұл, тиісінше,
Қордың шығыстарын азайту мақсатында осы құралды оңтайлы қолдануды талап етеді.
85.
Тәуекелден бас тарту/тәуекелді болдырмау Қор үшін келеңсіз салдар әкелуі
ықтимал операцияларды жүзеге асыруды токтатуға немесе олардан бас тартуға
бағытталған іс-шараларды қамтиды.

Page 16

86.
Неғұрлым қолайлы опцияларды таңдау оны пайдалануға және басқа да тікелей әрі
жанама шығындарға әкелетін басымдықтары бар, белгілі бір әдіспен байланысты
шығындарды теңдестіру есебімен жүргізіледі.
87.
Тәуекелге әрекет етудің тиісті шаралары мен әдістерін қолдану сыни тәуекелдерді
басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарында сипатталады. Аталған жоспар қажетті
іс-қимылдар мен жауапты орындаушылар тізбесін қамтиды.
Бақылау іс-қимылдары
88.
Басты тәуекелдер мен тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар айқындалғаннан
кейін осы тәуекелдерге бейім негізгі бизнес-үдерістер айқындалады. Тиісті бақылау
іс-кимылдарын енгізудің қажеттігі мен орындылығын айқындау үшін бизнес-үдерістерге
қадамдық талдау жүргізіледі. Бұдан басқа, тәуекелдерді басқару жөніндегі жоспарланған
іс-шараларға талдау жүргізіледі және осындай іс-шаралардың тиімді орындалуын
қамтамасыз ету үшін қажетті бақылау іс-шаралары және (немесе) көрсеткіштері
белгіленеді. Көбіне бақылау іс-шаралары тәуекелді басқару әдісі болып табылады.
89.
Бақылау іс-қимылдары - бұл тәуекелдерді басқару жөніндегі шаралардың
орындалуын қамтамасыз ететін саясат және рәсімдер. Бақылау іс-қимылдары Қорға
кіретін ұйымдардың барлық деңгейлеріндегі бизнес-үдерістерге енгізілген. Бақылау
іс-қимылдары
операцияларды
өткізуді,
активтердің
қауіпсіздігін
мақұлдау,
авторизациялау, верификациялау, келісу және міндеттерді бөлу сиякты шаралардың
кеңейтілген аясын қамтиды.
90.
Бизнес-үдерістерге талдау жүргізу және қосымша бақылау іс-қимылдарын енгізудің
орындылығын айқындау үшін тәуекелдер иесі - Қордың тиісті құрылымдық бөлімшелерінің
басшылары жауапты болады. Тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше
бақылау іс-шараларын әзірлеу және тәуекелдерді басқару шаралары жөніндегі
керсеткіштерді әзірлеу үшін жауапты болып табылады.
91.
Қордағы тәуекелдерді басқару үдерісінің негізгі нәтижелері мен қорытындылары
тәуекелдер мен оларға әрекет ету жөніндегі іс-шаралар бойынша тұрақты есептілік
түрінде көрсетіледі.
92.
Қордағы тәуекелдер женіндегі тұрақты есептілік негізінде ағымдағы тәуекелдерге
және тәуекелдерге әрекет ету жөніндегі шаралардың орындалуына бақылау жүргізіледі.
92-1. Қордың қызметкерлері мен лауазымды тұлағалары Қордың Аудит жөніндегі
комитетіне және Қоғамның Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару немесе ішкі
бақылау рәсімдерін немесе басқа саясаттарды бұзу немесе дұрыс орындамау туралы,
сондай-ақ алаяқтық, заңнаманы бұзу жағдайлары туралы құпия мәлімдеуге құқылы.
Ақпарат және коммуникация
93.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің әрбір қомпонентін іске асыру барысында Қордың
құрылымдық бөлімшелері арасында ақпаратпен алмасу қамтамасыз етіледі. Тәуекелдерді
басқару жүйесі шенберінде дайындалған барлық материалдар мен құжаттар өз
ескертпелері мен ұсыныстарын енгізетін мүдделі бөлімшелермен келісуден етеді.
Директорлар кеңесінің қарауына жылына кемінде бір рет мыналар ұсынылады: ұстай тұру
қабілеті мен Қордың тәуекелге зауқы жөніндегі ұсыныстар, тәуекелдерді басқару жөніндегі
іс-шаралар жоспары және басты тәуекелдерді талдау.
94.
Қордағы
ақпарат
пен
коммуникация
тәуекелдерді
басқару
үдерісіне
қатысушыларды тәуекелдер туралы шынайы және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етуге

Page 17

мүмкіндік береді, тәуекелдер, тәуекелге әрекет ету жөніндегі әдістер мен құралдар туралы
хабардарлық деңгейін арттырады. Тиісті ақпарат қызметкерлерге өз функцияларын тиімді
орындауға мүмкіндік беретін нысан мен мерзімдерде айқындалады, белгіленеді және
беріледі.
95.
Қордың бөлімшелері үнемі мониторинг өткізеді және тәуекелдерді басқару үшін
жауапты бөлімшеге болған шығындар туралы ақпарат береді. Әрбір осындай жағдай
бойынша шығындардың пайда болу себептеріне талдау жүргізіледі және болашақта
осындай оқиғалардың алдын алу жөнінде шаралар қабылданады (Шығындарды тіркеу
жүйесі).
96.
«Самұрық-Қазына»
ҰӘҚ» АҚ
Басқармасын және
Директорлар
кеңесін
шоғырландыру және ақпараттандыру мақсатында Қор «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға
бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес тәуекелдер туралы ақпаратты ұсынады.
97.
Қор ашылатын ақпараттың Қор қызметінің ауқымы мен сипатына егжей-тегжейлі
сәйкес келу дәрежесін қамтамасыз ете отырып, тәуекелдерді басқару жөніндегі ақпаратты
серіктестердің, кредиторлардың, сыртқы аудиторлардың, рейтинг агенттіктері мен басқа
да мүдделі тараптардың назарына (соның ішінде жылдық есептің құрамында) жеткізеді.
Мониторинг
98.
Қорда тәуекелдерді басқару жүйесі тиімділігіне (тәуекелдерді басқару әдістері мен
бақылау құралдарын қоса алғанда) мониторинг жүрігзіледі және қажетіне қарай, оны
түрлендіру мен жетілдіру жүзеге асырылады. Мониторинг жылына кемінде бір рет тұрақты
негізде жүргізіледі.
99.
Қор Қордың Директорлар кеңесі белгілеген негізгі қағидаттарға, саясаттарға,
ережелер мен тәртіптерге сәйкес өз тәуекелдеріне мониторинг жүргізеді және оларды
бақылайды.
100. Тәуекелдерді басқарудың қорпоративтік жүйесіне мониторинг жүргізу барлық
бизнес-үдерістің маңызды бөлігі болып табылады және осындай жүйенің болуын, сол
сияқты оның қомпоненттерінің іске асырылуын бағалайды. Мониторинг тәуекелдерді
басқару жүйесі саясатының, рәсімдері мен іс-шараларының және нысаналы тексерулердің
орындалуын тұрақты бақылау жолымен жүзеге асырылады. Нысаналы тексерулердің
ауқымы мен жиілігі тұрақты мониторингтің тиімділігіне және тәуекелдерді бағалауға
байланысты болады. Тәуекелдерді басқару жүйесінің кемшіліктері Қордың Директорлар
кеңесінің және Басқармасының назарына жеткізілуі тиіс.
101. Қордың Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
жоспарларын бекіткеннен кейін тәуекелдерді басқару үшін жауапты құрылымдық бөлімше
әрбір іс-шараның орындалу мерзімдеріне сәйкес іс-шаралардың орындалуына бақылау
жүргізеді.
101-1. Қор тоқсан сайын Жалғыз акционерге Қордың Даму жоспарын әзірлеу, келісу,
бекіту, түзету, орындау және орындалуына мониторинг жүргізу ережесінде белгіленген
нысан мен мерзімдерде факторлар мен тәуекелдер кестесі бойынша есепті, сондай-ақ
басқарушылық есептілік пакеттерімен белгіленген ынсан мен мерзімдерде барлық
қаржылық тәуекелдердің жекелеген түрлері бойынша есепті ұсынады.
102. Басқарма тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші тоқсанның 5-інен
кешіктірілмейтін мерзімде, Қоғамның Директорлар кеңесіне шоғырланған негіздегі
тәуекелдер бойынша есепті ұсынады.
103. Қордың құрылымындағы Ішкі аудит қызметі мен атқарушы орган арасында
жауапкершілік пен міндеттерді жүктеу Қордың қызметімен байланысты негізгі

Page 18

тәуекелдерге мониторинг жүргізу және оларды бақылау мақсатында қорпоративтік
басқару қағидаттарына негізделген.
104. Қордың Басқармасы мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын Қордың Ішкі аудит
қызметі тексереді.
105. Қордың тәуекелдері жөніндегі есепте кем дегенде мыналар болуға тиіс:
болжалды жылға арналған тәуекелдер тізілімі, картасы және сыни тәуекелдер
басқару жоспары (жылына бір рет);
зауық тәуекел өлшемдерін және тәуекелдерге төзімділікті сақтау;
сыни тәуекелдердіә басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
ақпарат;
тәуекелдер қоржынына елеулі әсер етуі мүмкін негізгі тәуекелдер көрсеткіштері
туралы ақпарат;
болжалды жылға арналған ұстай тұру қабілеті және тәуекелге зауқы (жылына бір
рет);
бақылауларды жақсарту туралы ақпарат (жылына бір рет);
сыни тәуекелдер картасындағы өзгерістер туралы ақпарат;
іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат;
тәуекелдерді басқарудың белгіленген үдерістерінен елеулі ауытқулар туралы
ақпарат (болған жағдайда);
тәуекелдер бойынша лимиттердің сақталмауы туралы ақпарат (болған жағдайда);
тәуекелдерді басқару саласында реттеуші талаптарды орындау туралы ақпарат
(болған кезде);
Қоғамның Директорлар кеңесі бекіткен қаржылық тәуекелдердің жекелеген
түрлерін басқару ережесіне сәйкес қаржылық тәуекелдер жөніндегі есеп.
106. Тәуекелдерді басқару жүйесінің ішкі аудиті және тәуекелдерді басқару мен ішкі
бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі жоспарлардың орындалуын тексеру
Қордың Директорлар кеңесі бекіткен Ішкі аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Ішкі аудит оны жүргізу процесін реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

Информация о работе Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры