Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 19:00, лекция

Описание работы

Салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.

Работа содержит 1 файл

САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ.docx

— 16.17 Кб (Скачать)

САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ

 Салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.     

2. Мәжбүрлеп өндіріп алу  шаралары: 
      1) салық төлеушіде (салық агентінде) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі болған кезде - осындай берешек пайда болған күннен бастап; 
      2) салық төлеушіні сот банкрот деп таныған жағдайда - банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалған кезден бастап; 
      3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімі енгізілген жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы сот ұйғарымы күшіне енген күннен бастап қолданылмайды. 
      Бұл ретте оңалту рәсімі енгізілгеннен кейін салықтық берешек туындаған жағдайда, мұндай салық төлеушілерге қатысты осы тарауда белгіленген тәртіппен ондай берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады; 
      4) мыналарды мәжбүрлеп таратқан жағдайда: 
      банктерді, жинақтаушы зейнетақы қорларын - мәжбүрлеп тарату туралы сот іс қозғаған күннен бастап; 
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары - мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды. 
      3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:  
      1) банк шоттарындағы ақша есебінен;  
      2) дебиторлар шоттарынан;  
      3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;  
      4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргiзiледi.  
      4. Салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомаларын төлемеген кезде осы бапта көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде хабарландырусыз қолданылады. 
Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

   Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткен соң салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегiнiң сомасын салық төлеушiнің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндіріп алады .  
Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетiлген қарыздың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.  
      Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды.  
Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегi сомаларын өндiрiп алуы жүргiзiлетiн сол банк шотын көрсетуді қамтиды. 
Салық төлеушiнiң (салық агентінің) теңгемен жүргiзiлетiн банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегiн өндіріп алу салық төлеушiнiң (салық агентінің) шетел валютасымен жүргiзiлетiн банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкiмдерi негiзiнде жүргізіледі.  
     Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.  
     Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртібімен салық берешегiн өтеу шотына клиенттiң ақшасын алып қоюды жүргiзедi.  
Салық төлеушiнiң (салық агентінің) салық  берешегi сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу

    Салық төлеушiнiң (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге (салық агентіне) берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.  
      Салық берешегiн өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi (салық агенті) он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге мiндеттi. 

 


Информация о работе Салық берешегін мәжбүрлеп алу шаралары