ҚР президенті жайлы деректер

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2011 в 14:04, реферат

Описание работы

Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты.

Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының Президенті Н.docx

— 72.04 Кб (Скачать)

Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғаяды. Осынау құрғақ сандардың артында біздің азаматтарымыздың аман алып қалынған мыңдаған өмірлері тұр. Бұл өте маңызды мақсат. Біз оған міндетті түрде қол жеткізуіміз керек!

Денсаулық сақтау саласында 18 медициналық мекеме жұмыс  жасайды, с.і. 1 аудандық орталық аурухана, 1 туберкулез ауруханасы, 6 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік – акушерлік  пункт, 8 медициналық пункт. Мұнда 18 дәрігер және 114 орта буындағы медициналық  қызметкер жұмыс жасайды. Қызмет көрсетілетін ауылдық округтердің  қашықтығы 140 м² құрайды. Барлық ауылдық  дәрігерлік амбулатория автокөлікпен қамтамасыз етілген. 
 Жүзеге асырылып жатырған реформаларға сай аудандық орталық аурухана ДСБҰС көшті. Ауруханаға 50 кереует және күндізгі стационарға 68 кереуеті орналастырылды. 6 айға стационарда 783, ал күндізгі стационарда 1317 адам ем алды. Ауданда тұрғындардың бір бөлек санаттары бойынша мақсатты бақылау жұмыстары аяқталды. Аудан халқы денсаулығының негізгі көрсеткіштері: дүниеге келгендер- 139 адам , қайтыс болған 80 табиғи өсім -59 адам. Ана өлімі -0. Сәби өлімі – 3 (21,5%). Трансферт бойынша бөлінген дәрі – дәрмектің игерілуі : 1 жасқа дейінгі балалар -502120 мың теңге 58,5 %, 5 жасқа дейінгі балалар -685648 мың теңге (36,4 %), балалар мен жасөспірімдер -1012938 мың теңге (38,8 %). Тұрғындардың 50% жеңілдік дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуі-493391 тенге бөлінді, 1 жасқа дейінгі балалар – 502120 теңге , 5 жасқа дейінге балалар -685648 теңгенің дәрі-дәрмегі қамтамасыз етілді. Жүкті әйілдерді дәрі – дәрмекпен 195317 мың тенге қамтамасыз етілді. Күні бүгін денсаулық сақтау саласында акушер – гинеколог, хирург , анестезиолог, рентгенолог, ауылдық дәрігерлік амбулаторияларының дәрігері (4 адам) мамандары жетіспеуде. 

Жәнібек аудандық орталық аурухана қызметкерлері 15193 халық санына қызмет көрсетеді. Соның  ішінде  ересектер 10337, жасөспірімдер - 899, балалары - 3957, босанатын жастағы  әйелдер саны  - 3810.

Жәнібек аудандық  орталық ауруханасында 50 орындық. Оның ішіне кіретін бөлімшілер:  хирургиялық, терапиялық, гинекологиялық, неврологиялық, балалар бөлімшесі, перзентхана, жұқпалы ауру бөлімшесі жұмыс жасайды. Оларда денсаулық сақтау министірлігі  бекіткен  Ережеге сәйкес ауру түрлері емделеді.

Ай сайын, жыл сайын көрсетілген статистикалық ақпараттар:

2011 жылдың 6 айына:

1. Туу саны – 9,1%

2. Жалпы өлім – 5,2%

3. Табиғи өсім – 3,8%

4. Бір жасқа дейінгі сәбилердің шетінеуі - 21,5%

5. Ауруханада емделіп шыққан кісі саны - 783, және төсек күні-5918, күндізгі стационар – 1317, үйден емделгені – 31.

6. Емханаға қаралған адам саны - 53820

Аудандық денсаулық сақтау орындарының алдында тұрған міндеттері:

1.Медицина мекемелерінің материалдық базасын нығайту оларды қажетті құрал –жабдықтармен байланыс қондырғылармен жабдықтау.

2.Халықты флюорографиядан өткізу, профилактикалық алдын алаегу жасау.

3.Ана мен бала  денсаулығын қорғауда медициналық жәрдем беру сапасын көтеру.

4.Ауданға қажетті маман дәрігерлерді тарту.

5.Туберкулез  ауруы, АҚЖҚ , нашақорлық, маскүнемдік, жүрек-қан тамырлары, сусақ, астма тағы басқа аурулардың алдын алуға назар аудару.

6.Салауатты өмір салтын насихаттау.

7.Әйелдер арасынан жатыр ісігі ауруын анықтау мақсатымен медициналық байқау жасау.

8.Әйелдер арасынан омырау безі ауруының алдын алу мақсатымен медициналық тексерілу.

9.№145 бұйрықтарына сай скрининг тексерістерді сапалы өткізу, тұрғындар арасында жүрек қан тамырлары ауруларын уақытылы анықтап, қауыпты факторлардың алдын - алуды қолға алу.  
 
 

                                                                                         
 
 
 

Елбасының Қазақстан халқына  Жолдауындағы денсаулық  сақтау саласында  бөлінетін қаржыны көбейту, тегін дәрі-дәрмектер беру, ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі міндеттерді жүзеге асырыла бастады. Осы жолдау барысына  іспен жауап ретінде орай айтатын болсақ:

1 жастан 17 жасқа дейінгі бала мен жасөспірімдердің 4783 денсаулығы тексерілу керек болса, 4112  бала денсаулығы тексеріліп 86% орындалды.

1 жасқа деінгі балаға берілетін тегін дәрі - дәрмек 857437 мың теңгеге жоспарланса, игерілгені 502120 мың теңге болып 58,5%, 1 жасқа дейінгі балаға берілетін қосымша сүт тамағы 1415130 мың теңгеге жоспарланса, 811420 мың теңгенің тағамы жіберіліп 57,3% игерілген.

5 жасқа дейінгі балаға берілетін тегін дәрі-дәрмек 1882202 мың теңге жоспарланса, игерілгені 685645мың теңге 36,4%.

Әйелдер арасынан жатыр ісігі ауруын ерте анықтау мақсатымен медициналық байқаудан 2011 ж 642 әйелдің денсаулығы тексерілуі керек болса, 6 айға 563 әйелдің саулығы тексеріліп, қольпоскопиядан 563 өткізіліп 87 % орындалды.

Әйелдер арасынан омырау безі ауруының алдын алу мақсатымен  медициналық байқаудан 2011 жылға 472 әйелдің денсаулығы тексерілуі керек болса, 6 айға 425 әйелдің саулығы тексеріліп, маммографиядан 425 өткізіліп 90% орындалды.

Жүкті әйелдер құрамында йод және темірі бар препараттармен қамтамасыз етуге 1415130 мың теңге бөлінсе,  игерілгені 195317мың теңге 23,8% болып отыр.

Ересектерге 50% жеңілдікпен берілетін тегін дәрмектер 493391 мың теңгеге игерілді. 2513 ересектер денсаулығы тексерілуге жатса, тексерілгені 1718 болып өтіп тұр.

Аудандық ауруханада 783 ауру емделіп шығып, төсек күні - 5918, Емханаға адам 53820 рет қаралып, сосын профилактикалық байқауы 29644 болып тұр.Онкалогиялық ауру саны 6 айда 7 адам тіркелді.

Флюорографиялық тексерістен өтетін адам саны 7042, соның 5929 адам өтті - 60%, Туберкулез ауруымен бірінші рет ауырған 5 адам тіркелді, 2011 жылдың 6 айында аудан бойынша 16 елді-мекен аралап, қаралған адам саны 2694, ауру 1325, ауруға емделуге жіберілген – 17.

Өткізілген  шаралар

2011 жылғы наурыз  айында орталық ауруханада медбикелер  байқауы өткізілді. Сайысқа 10 адам қатынасты. Байқаудың қорытындысы  бойынша 1 орынды Т.Есенбаева (Жасқайрат  АДА), 2 орынды С.Кенжалиева («Жедел  жәрдем» бөлімі) және 3 орынды Г.Карекеева  (Тау АДА) иеленді. Жеңімпаздар  мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Халықаралық медицина күніне орай 19 маусымда аудан орталығында  мекеме, ұйым қызметкерлері арасында веложарыс өткізілді. Осы күні аудандық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік  концерт ұйымдастырылып, сайыстың  жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2011-2015 жылдарға  арналған Салауатты өмір салтын  қалыптастыру бағдарламасына сай  аурухана ішінде науқастар үшін  профилактикалық мектептер, бейнероликтер,  ашық күндер ұйымдастырылады. 
 
 
 

                                       Қолданылған әдебиеттер

1)Егемен Қазақстан  газеті

2)www.google.kz

3)kaz inform.kz

4)zdrav.jetisu сайты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                    
 
 

Информация о работе ҚР президенті жайлы деректер