Паскаль тілінің негізі элементтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 16:25, доклад

Описание работы

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.

Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 82.50 Кб (Скачать)

Паскаль тілінің негізі элементтері.

     Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есеп шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады. Паскаль тілінде программа жеке - жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар атқарылады. Программа алдындағы азат жол немесе бос орын саны өз қалауымызша алынады. Бір қатарда бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір - бірімен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылып жазылады, бірақ бір жолда бір ғана оператор тұрғаны дұрыс, ол түзету жеңіл, әрі оқуға ыңғайлы.

     Паскаль тілінде программа үш бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.

     Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипаттау бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап алуға көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеші бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін.

     Программаның  соңғы және негізгі бөлімі операторлар  бөлімі – болып табылады. Орындалатын  іс - әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады. Ол begin түйінді сөзінен басталып, бірақ атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке - жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады. Олардың кейбірі шартқа байланысты атқарылса, ал кейбір қайталанатын цикл немесе қосымша программа түрінде орындалады. Операторлар бөлімінде орнатылатын негізгі әрекеттерді қарастырайық.

     Деректер - сан мәндері мен мәтін түріндегі сөз тіркесін мән ретінде қабылдай алатын тұрақтылар, айнымалылар т.б. осы тәрізді құрылымдар немесе солардың адрестері.

     Дерек енгізу - бастапқы деректерді пернетақтадан, дискіден немесе еңгізу - шығару порттарынан еңгізу арқылы жүзеге асады.

     Операциялар немесе амалдар - берілген және есептелген мәндердің меншіктеу, соларды өңдеу, салыстыру операцияларын орындайды.

     Шартты түрде атқарьшу белгілі бір көрсетілген шарттың орындалуына байланысты, командалар жиыны атқарылады, әйтпесе олар аттап өтіледі немесе басқа командалар жиыны орындалады.

     Цикл - белгілі бір шарттар орындалған жағдайда көрсетілген командалар жиынын бірнеше рет қайталанып атқарылады. Қайталау саны бүтін санмен беріледі.

     Көмекші программа - алдын ала қандай да бір атаумен атымен атымен аталған командалар тобы. Олар программаның кез келген жерінен оның атауын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.

     Түсініктеме - программа жолдары соңында немесе оның түйінді сөздері арасында қазақша (орысша) түсінік беретін пішінді жақшаға алынып жазылған сөз тіркесітері. Олар программа операторларының орындалуына ешқандай әсер етпейді.  

Мәлімет типтері. 

     Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.

     Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиының анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз - шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

     Мәліметтердің әр типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге болады.АJI, «ІВМ» және «РС» мәндері сөз тіркесі типіне жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады («ІВМ РС»). Қосуға, азайтуға, көбейтуге, бөлуге болмайды. Кез келген тұрақты, айнымалы функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілінде шамалардың типін көрсету міндетті болып табылады. Сондықтан программа алдына оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шама атаулары және оның типтері көрсетілуі қажет.

     Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық (қарапайым) типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:

• Бүтін - INTEGER;

• Нақты - REAL;

• Логикалық - BOOLEAN;

• Тіркестік - (STRING);

• Мәтіндік (ТЕХТ) тәрізді типтер жатады.

     Құрылымдық типтері жиымдар - ARRAҮ, жазбалар - RECORD, жиындар - SET және файлдар - FILE түрлеріне бөлінеді.

Бұлардан өзге типтер программаның типтері сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап - ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялар типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

Ол үшін type түйінді сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге

болады:

Туре <тип атауы> =<тип мәндері>;

Логикалық шамалар екілік сандар жүйесіне сәйкес «1» және «О» деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы «1» тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни ақиқат екенін, ал «О» сол шарттың орындалмайтынын - тұжырымның жалғанекенін көрсетеді. Бұл екі мән программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес true (1) және false (О) болып жазылады. 

     Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады, мысалы, 'R','Л','%'тағы басқа. Бірақ әрбір таңбаны оның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.

Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелгендеп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып өсуі не кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.

     Стандартты  типтер. Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер пайдаланылады:

• Бүтін типтер - SHORTINT, INTEGER, LONGINT, ВУТЕ, WORD;

• Нақты тип - REAL, SINGLE, DOUВLE, EXTENDED, СОМР;

• Логикалық - BOOLEAN;

• Симводық - CНAR;

• Ауқымды (диапозонды) тип;

• Саналатын тип. 

     Паскаль тілінде нақты тұрақтылылар екі түрде жазылады: -сандардың үтірлері өзгермейтін түрі - m, мысалы, 25.3 ,5.0,-16.25, т.с.с.; -сандардың үтірлері өзгеретін түрде жазылуы mЕ Р, мұндағы m-шартты мантисса (сан), Р-10-ның дәреже көрсеткіші (бүтін сан). Мысалдар. Математикада берілуі Паскаль тілінде жазылуы 03 4Е 3 0,62*104 0.62Е +4 2 .15Е+12 Нақты айнымалы. Нақты мәнді қабылдайтын айнымалыны бейнелеу үшін REAL қызмет сөзі пайдаланады. Бүтін және нақты тектерді арифметикалық тек дейді. Нақты тектегі шамаларға div және mod амалдарынан басқа барлық арифметикалық амалдарды орындауа болады. Нақты сандарды диапазоны –1Е38-ден 1Е38-ге дейін. Мантиссасын 11 мәнді цифрға дейін алуға болады. Нақты сандардың бейнелеу түрі: атау, атау,…,атау: real. Нақты айнымалылардың мәндерін ЭЕМ жадында орналастыру үшін 6 байт орын қажет. Логика тек. Логикалық айнымалы (BOOLEAN) –TRUE (ақиқат) немесе FALSE (жалған) мәндерінің бірін қабылдайды. Логикалық берілгендер шартты тексеруге жиі пайдаланылады, логикалық шарттарды жазу үшін <, <= , = , <> (тең емес) , > белгілері пайдаланылады. Мысалы, 5>3 нәтиже –TRUE; 5=3-нәтиже FALSE. Логикалық шамаларға мына амалдарды қолдануға болады: OR -логикалық қосу (или- немесе); AND -логикалық көбейту (и-және); NOT -жоққа шығару (не-жоқ). Логикалық текті шамалар былай бейнеленеді: атау, атау,…,атау, boolean; Мұнда айнымалы мәніне ЭЕМ жадына 1 байт орын беріледі. Символдық тектер. Символдық тұрақтылылар екі апостраф ішіне алынып жазылады.Мысалы, ‘A ‘, ‘ +‘, ‘9 ‘, қосынды s= ‘ , ‘ x= ‘ және т.с.с. Символдық айнымалылар. Символдық айнымалылардың тегін көрсету үшін Паскаль тілінде CHAR қызмет сөзі пайдаланады. Символдық шамалар былай бейнеленеді: атау, атау,...,атау: char; 

     Мәліметтер  типтері:

  • мәтіндік (текстовый);
  • сандық (числовой);
  • ақшалық (денежный);
  • санауыш (счетчик);
  • дата/уақыт (дата/время);
  • логикалық (TRUE немесе FALSE);
  • MEMO өрісі;
  • OLE объектісі өрісі (бұл өрістің мәні – МБ-ға енгізілген OLE объектісі; мұндай өріс мультимедиялық мәлімет сақтай алады)
  • Гиперсілтеме (Гиперссылка)
  • Алмастыру шеберлері (Мастер подстановок)
 

     Мәтіндік  өрістер. Өріс аты енгізілгенде, келісім бойынша (по умолча-нию) MS Access мәліметке бірден мәтіндік тип тағайындап, өріс енін 50 символ сиятын етіп алады.

     Өріс  енін өзгерту үшін, «Өріс қасиеттері»  бөліміндегі Өріс мөлшері жолына оның жаңа еніне сәйкес бүтін сан (1-ден 255-ке дейін) енгізу керек. Мыс., егер өріс ені 25 болса, онда бұл өріске ұзындығы 25 символдан аспайтын сөз тіркесін енгізуге болады.                                                                     Төменде мәтіндік типі бар өрістерге енгізілетін сөз тіркестерінен мысалдар келтірліген:

     Музыкальный центр 

     ЦКБ "ЦИКЛОН"

     123-34-78 (үй)

     Дәулетұлы Серік 

     Сандық  өрістер. Сандық мәндер енгізілетін өріс типтерін пайдалану ережелері мынадай:                                                     

     1. Сандық типтегі мәлімет енгізілісімен автоматты түрде ол тексеріледі. Егер мәлімет ішінде мәтіндік немесе арнайы символдар болса, MS Access қате болғанын хабарлайды және мәлімет енгізілмейді.

     2. Тек сандық өрістер мәліметтерімен математикалық операциялар орындалады.                                               

     Ақшалық типтегі өрістер. Ақшалық өріс сандық өріске ұқсайды. Одан айырмасы - ақшалық өріс үшін Формат поля өрісі автоматты түрде Денежный мәнін қабылдайды. Ал Число десятичных знаков жолы үтірден кейін екі таңба қабылдайды, бірақ оны өзгертуге де болады. Ақшалық типтегі сандармен - бүтін сандар үшін 15 таңбамен, бөлшек үшін 4 таңбамен арифметикалық операциялар орындай беруге болады. Бұл өріс ені 8 байт болып тағайындалған. 

     Санауыш (счетчик) типіндегі  өрістер. Санауыш типіндегі өрістер мәні автоматты түрде жаңа жазба енгізілген сайын бірге өзгеріп отыратын реттік нөмір болып табыла-ды. Олар қайталанбайды және өзгертілмейді, көбінесе кестелерді бір-бірімен байланыс-тыру үшін қажетті өріс  болып табылады.    

     Дата/уақыт өрістері. Дата немесе уақыт, әйтпесе осы екеуі қатар енгізілетін өріс. Оның арнайы форматын алдын ала таңдап алу керек. Бұл өрістің ерекшеліктері:

     1. MS Access датаны енгізіп көрсетуді бірнеше форматта орындай алады. Оның нақты нұсқасы Кесте конструкторы-ның Формат поля қасиеттерінде көрсетіледі. Мәліметтерді сақтау кезінде бұлар автоматты түрде ішкі бейнелеу форматтарына айналып кетеді.

     2. Датаны енгізу кезінде MS Access оның форматын тексеріп, тек дұрыс форматтағы даталарды енгізеді.

     Бұл өрісте кез келген дата мен уақыт  1 қаңтар 100 ж. бастап 31 желтоқсан 9999 ж. дейін енгізіле береді Бұлар сақталу кезінде 8 байт орын алады. 

     Логикалық өрістер (Yes No) - мүмкін екі мәннің бірін қабылдайды (ақиқат/жалған; иә/жоқ; қосылған/қосылмаған, ұл/қыз). Формат поля жолы арқылы логикалық өріс арнайы форматты немесе ішкі үш мәндердің бірін қабылдайды: Истина/Ложь, Да/Нет немесе Вкл/Выкл. Мұндағы Истина, Да және Вкл логикалық True мәніне, ал Ложь, Нет және Выкл мәндері логикалық False мәніне сәйкес келеді.

     Егер  ішкі формат таңдалып, сонан соң  логикалық мәннің бірін енгізсек, енгізілген мән ішкі форматқа сәйкес өзгереді. Мыс., егер біз True (немесе Вкл) мәнін енгізсек, ал Формат поля жолында оның ішкі форматында Да/Нет көрсетілсе, онда енгізілген мән бірден Да мәніне ауысып кетеді.

     Арнайы  логикалық формат нүктелі үтірмен (;) бөлінген үш компонентке дейін мән қабылдай алады. 

     Ұзындығы  айнымалы мәтіндік өріс (MEMO өрісі) жай мәтіндік өріс сияқты мәндер қабылдайды. Олардың айырмашылығы -MEMO өрісінің көлемі 255 символ емес,   65 535 символға дейін мәтін сақтай алады. 

     OLE  объектісі өрісі. MS Access кестелеріне суреттер және де басқа екілік форматтағы мәліметтер  (мыс., MS Excel электрондық кестесі, MS Word құжаты, графика, дыбыстық жазба) жазыла береді. Осындай мәліметтер үшін OLE объектісі өрісі қолданылады. Мұндай өріске енгізілетін мәлімет көлемі компью-тердің қатты диск көлеміне (1 Гигабайтқа дейін) ғана байланысты болады.  

Информация о работе Паскаль тілінің негізі элементтер