Несие жyйесiнiн кажеттiлiгi мен манызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2011 в 19:02, курсовая работа

Описание работы

Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.

Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.

Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдық қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.

Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................3-4

1. Несиенің мәні, қызметі.................................................................................4-
Несие формалары мен түрлері………………………………..........…..7
НЕСИЕ ЗАҢДАРЫ…………………………………………………...8-11

2. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі………………………..
2.1 Несиенің экономикадағы ролі………………………………………
2.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы……
2.3 Банктердің экономикадағы ролі……………………………………..

Қорытынды.....................................................................................................

Әдебиеттер тізімі............................................................................................

Работа содержит 1 файл

несие.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

    Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезiнде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемiн қысу үшiн экономикадағы несиелiк салымның көлемiн қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезiнде экоюмиканы жандандырып, әрi өсiру үшiн несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кемiту арқылы несие тасқыны көбейiп, ақша көлемi ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтiрiледi. Қазақстанда 1993—1997 жылдары несиелердiң шектелуi, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жургiзiлдi.

    Несиелiк (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын‚ үй құрылысы, пәтерлер, автокөлiк және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашьтлықты қалыптастыру сияқты коғамдагы көптеген әлеуметтiк мәселелердi шешуге қол жетiп отыр.

    Несиенiң көмегiмен басқа мемлекеттермен байланыстар ныгайып, әлемдiк экономикага араласуга мүмкiндiктер туып келедi.

    Сонымен, жекелеген шаруашылықпен  айналысушы экономикалық субъектiлердiң  өмiр сүруi мен жалпы халықшаруашылыгының дамуына да, микроденгейiне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын  көтеруде несиенің атқаратын рөлi өте зор екен.

    Несие саласын мейлiнше тарылтудың  да керi әсерi бар, себебi төлем қаржыларының жеткiлiксiздiгiнен шаруашылық субъектiлерi ТМҚ-ны, жабдықтарды сатып ала алмайды, өзiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлей алмайды, негiзгi қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрi өндiрiсте, тауарларды сатып-таратуда өз көрiнiсiн байқатпай қоймайды.

    Несиенiң шектерiн негiздеп анықтау  мен сақтаудың сұраныс пен  ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерiнiң, өндiрiс пен тауарларды сатып-таратудың араларындағы үйлесiмдi тепе-теңдiктердi сақтай тұру үшiн маңызы зор.

    Несиенiң сандық шегi несиелiк  қаржыларды сандық жағынан шектеумен  байланысты. Шектеулердiң әдісi әр турлi, тура әдiс — Ұлттық банк мiндетті қор көздерiнiң мөлшерiн арттырып, соның нәтижесiнде несие көздерiнiң көлемiн азайтады, экономикалық әдiс — пайыздық мөлшерлеменi көтерудiң нәтижесiнде несиелеу процесiн тежейдi, Сапалық шектерi — бұл жағдайда несие тар көлемдiк деңгейде де, кең көлемдiк деңгейде де керi әсер етуi мумкiн.

    Несиенiң экономика циклiнің тиiстi кезеңiне байланысты кең көлемдi деңгейде оң немесе терiс түрде қалай әсср ететiндiгi жогарыда атап көрсетiлдi.

    Несиенiң пайдаланылуы мен оның тар көлем деңгейiнде әсер етуi көп факторларга, ең бiріншi несиелiк қатымастарға қатысушы жақтардың ықыластарғы  мен мүмкiндiктерiне  байланысты, атап айтқанда:

    — қарыз алушылардың қарыз  қаржыларына  деген мұқтаждығы мен несие және пайыздыық мөлшерлемелердi қайтаруга байланысты щығындарды  азайтуға олардың ықыласты  болуы;

    — банкiлердiң өз табыстарын  ұлғайту мақсатымен несие салымдарын  кеңейтуге ықыластылығы.

    Екi жақтың несиелiк тынымдарға ықыластары жасалған несиелiк келiсiмдерде көрсетiледi. 
 
 
 
 
 

2.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы. Ғалымдардың пiкiрiнше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында — ХIV және ХV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болган. Кейбiр галымдар банктердiң бұдан да ертерек феодализм кезiнде төлем делдалдары ретiнде пайда болды деп есептейдi.

    «Банк» сөзi «үстел» мағынасын беретiн италияндық «Ьапсо» сөзiнен шыққан. Банко — үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретiн алаңдарга қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлi монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлi айналасынанi хабары бар, айырбас багамы бойынша кеңестер берiп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерiмен нарықтарда отырады. Х ғасырда Италия әлемдiк сауданың орталыгына айналды, сол себептi де өздерiнiң ерекше банко-үстелдерi бар айырбастаушы банкирлер әйгiлi болады әрі олар Ежелгi Грецияда (трапезиттер деп аталган «трапеза» — үстел), Ежелгi Вавилонда және басқа да елдерде кеңiнен тарайды.

    Бiздiң эрамызга дейiнгi VI ғасырларда  Ежелгi Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжiрибеде кездескен. Мұдай Валюталық және несиелiк операциялар бiздiң эрамызға дейiнгi IV ғасырда Грецияда да тәжiрибеде кездескен.

    VII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегi эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және ХIХ гасырдың басында оған елдiң эмиссиялық банкiсi деген атақ (статус, мәртебе) берiлдi. Оның банкноттары төлемнiң әмбебеп, заңды құралына айналды.

    1846 жытлы Германияда жергiлiктi 33 эмиссиялық банктердi бiрiктiрген елдiң орталық банкiсi ретiнде Пруссиялық банк құрылды.

    Ресейде банк iсi мемлекеттiк тұргыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек ХIХ гасырдың соңында гана (1894 ж.) орталық эмиссиялық банк ретiнде Мемлекеттiк банк пайда болды.

    ХХ гасырдагы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктерi болған емес.

    Кеңес үкiметi тұсында Қазақстанның  өз банк жүйесi болмады, өйткенi республика аумагында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi жұмыс iстедi. Сол себептi де банк жүйесiнiң тарихы КСРО тарихымен және революцияга дейiнгi Ресейдiң тарихымен ажырагысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдiң банк жүйесiне мыналар кiрдi: Мемлекеттiк банк, акционерлiк банктер, өзара несие қогамы, қалалық банктер, ипотекалық несие банкiсi және басқа несие мекемелер.

    КСРО-ның банк жүйесiнде, оның iшiнде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шогырландыру саясаты үстемдiк еттi, несие-банктiк ықпал ету әдiстерiнде әкiмшiлiк және ұсақ реттемелеу сондай-ақ шаруашылық органдарының қызметiнде де осындай жагымсыз жагдайлар басым болды.

    Ақша-несие катынасының қалыптасқан iс-тәжiрибесi нарық қатынасы тудырган шарттармен сәйкес келмейдi.

    Социалистiк жүйе гасырлар бойы  қалыптасқан қаржы нарыгының институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық әрi идеологиялық тұжымдаманың негiзiнде КСРО Мемлекеттiк банк түрiнде орасан үлкен дара банк (монобанк) пирамидасы тұргызылды. Ол барлық несие жүйесiн өз уысынан шыгармады, шынайы бәсекелестiктi тәуекелдiктiң бүкiл элементтерiн жойды.

    1990 жылдыiң желтоқсанында Қазақстан Республикасы егемендiкке қол жеткiзгеннен кейiн бiрден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере алатын өзiнiң банк жүйесін құруға кiрiстi. 1991 жылдың қаңтар айында «Қазақ ССР-iнiң банктерi мен банк қызметi туралы» заң қабылданды. Мәнi бойынша бұл заң елдегi банк реформасының бастамасы болды.

    Республикалық Мемлекеттiк банк  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi болып қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктiң бөлiмшелерi ашылды. Республикалық өнеркәсiп құрылыс банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Тұранбанкке, Аграрлық өнеркәсiп банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсiп банкiсiне, Сыртқы сауда банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Алембанкке, Республика Жинақ банкiсi — акционерлiк-коммерциялық банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банкiсiне айналды. 1993 жылы бұл банкiстер акционерлiк банктер болып қайта құрылды, ал Жинақ банкiсi Қазақстан Республикасының Халық банкiсi атауына ие болды.

    1989 жылдан бастап алғаш рет  коммерциялық, аралас, кооперативтiк,  жәке меншiк банктерi пайда болды. Осы жылдары коммерциялық банктер — Интеринвестбанк, КРАМДС банк және т.б. ашылды.

2.3 Банктердің экономикадағы ролі. Банк жүйесi — нарықтық экономиканың ең маңызды әрi ажырагысыз құрылымы. Банктер мен ақша-тауар қатынасы тарихи тұргыда қатар (параллель) дамып, бiр-бiрiмен тыгыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейiндегi халық шаруашылыгымен күн сайын тiкелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндiрiс процесiне қатысушылардың экономикалық мүдделерi қанагаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретiнде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесiнен босаган еркiн ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларга уақытша пайдалануы үшiн бердi, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикага басқа да көптеген қызмет түрлерiн көрсеттi. Банктерге шогырландырылган қаражат өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруга және қогамдық өнімдердiң айналысқа түсуiне тiкелей ықпалын тигiздi.

   Банктер нарықтық экономикада  ең басты қаржылық делдалдар  болып табылады. Өз қызметiнiң процесiнде олар ақша нарыгында тауарга айналатын жаңа талаптар мен мiндеттемелердi тудырады. Мәселен, банктер клиенттердiң салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа мiндеттеменi — депозиттi құрады, ал жаңа талаптың ссудасын қарыз алушыга бередi.

    Жаңа мiндеттеменi және жаңа  талапты тудыратын бұл процесс  қаржылық делдалдың негiзiн құрайды. Қаржы ресурстарының несие берушiден қарыз алушыга қозгалысы, орналасуы, агылуы және осылармен байланысты болатын қаржы институттарынның қызметi қаржылық делдал деп аталады.

     Банктер ақшалай капиталды әр  түрлi көздерден шоғырландыра отырып, ақшалай қаражаттың жалпылама «пұлын» қалыптастырады әрi оларды қолданысқа түсетiн капиталга айналдырады және шарттары әр қилы несиелер талабын қанагаттандырады.

    Банктер нарықтық экономикада монополистерге айналып, барлық қаржылық капиталдарга ие болады. Олар делдалдық қызметтiң негiзiнен шыгып, ұдайы өндiрiстің барлық фазасының салаларына дендей енедi. Несие жүйесi «сыйқырлы күшке» ие және ең қатерлi жолмен нақты өндiрiске араласуы ықтимал. Басқа тұста К.Маркс «Сауда мен өнеркәсiпке үстемдiгiн жүргiзетiн агылшын банкiсi секiлдi мекеменiң орасан зор билiгiне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталыгына, барлық экономиканың ең басты жүйке торабына айналды.

    Банк жүйесінің мақсаттары мен  мiндеттерi негiзiнен тұтас экономиканы басқарудың мақсаттары мен мiндеттерiне ұқсас. Алайда, банктер басқарудың қосалқы жүйесi ретiнде экономиканы баскарудың жалпы мақсаттарына қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн өзiндiк ерекшелiгі бар жеке мiндеттердi орындайды. Банктердiң рөлi экономиканы басқарудың органы ретiнде өздерiнiң қызметтерiн орындау процесiнде және банк iсiн ұйымдастырудың жалпы принциптерi сақталғанда анықталады.

    Банктер экономиканы басқару процесiнде экономикалық қатынасты бiлдiретiн басқарудың экономикалық әдiстерiн пайдалнады, ал, әрбiр когамiның экономикалық қатынасы ең алдымен мүдде ретiнде алга шыгады, ал, экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, оның қозгаушы факторы болып табылады. Осыган қарай экономикалық әдістсрдiң көмегiмен басқару экономикалық мүдделерге ықпал етуден тұрады. Мүдденiң осындай ұгымына қарай былайша тұжырым жасауга болады: оларга кажеттiлiктердi канагаттандыру арқылы әсер етуге болады және басқарудың, экономикалық әдiстерiне жүгiну арқылы банктермен, мысалы, әр түрлi несие қаражатына мұқтаж әр қилы экономика буындарының қажеттiлiктерiн канагаттандыратын несиелеу жолымен немесе қогамдық өнімнің ұдайы қозгалысын қамтамасыз ететiн, экономиканың тоқтаусыз (үзiлiссiз) жұмыс істеуi үшiн экономиканың қажеттiлiктерiн қанагаттандыруга арналган қолма-кол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру жолымен ықпал етуге болады. Банктер уақытша қайтарылмаган несие үшiн жогары пайызды, мерзiмi кешiктiрiлген төлем үшiн өтемақыны, есеп айырысу операциясы барысында бұрмаланган ереже үшiн айыппұлды  өндiрiп алу арқылы өз мүдделерiн гана емес, сонымен қатар, осы операцияларга қатысушы басқалардың да мүдделерiн қоргайды.

    Банктер өз қызметтерiн орындау процесiнде қызметтiк (экономикалық) салалық (министрлiктер, ведомоствалар, компаниялар, фирмалар) және аумақтық (жергiлiктi органдар) басқару органдарымен өзара тығыз байланысты болады, ягни әрекеттеседі.

    Банктер экономикалық басқарудың  органдары болып табылгандықтан, өз клиенттерiнiң алдындагы олардың жауапкершiлiгi экономикалық сипатта болады.

    Банктердiң экономикалық жауапкершлiгi  ең алдымен өздерi қызмет көрсететiн  шаруашылық органдардың қай ведомствоға жататынына және қандай меншiк түрiнде кiретiнiне қарамастан олардың шаруашылық және қаржылық қызметiнiң нәтижелерiмен байланысты. Банктердiң айналысына оларга (банктерге) тәуелсiздiк болатын немесе банктердi өздерi дербес тыңдайтын құқыққа ие фирмалар мен компаниялар топтасады. Банктер бiрдей жагдайда пайданы қамтамасыз ететiн несие саясатын жүргiзеді, өзiне клиенттерiне тиiмдi операцияларды ұйымдастырады.

    Банк жүйесiне когамның барлық  ақша қорлары, атап айтқанда, мемлекеттiң қаражаты, шаруашылық буындардың қаражаты, халықтың жинақ ақшасы және т.б. жиынтықталган. Банктер осы қорларды қалыптастыруга белсендi қатысады, олардың пайдаланылуына бақылау қояды, ақша айналымын реттейдi әрі осылайша ұдайы өндiрiс процесiнiң барысына әсерiн тигiзеді. 
 
 

Информация о работе Несие жyйесiнiн кажеттiлiгi мен манызы